Материалдар / «Театр үйірмесі жұмысы арқылы қазақ тілін меңгерту» Әдістемелік ұсыным
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Театр үйірмесі жұмысы арқылы қазақ тілін меңгерту» Әдістемелік ұсыным

Материал туралы қысқаша түсінік
Театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Шілде 2018
2416
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Түсініктеме хат

Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш, ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов «Театр-адамдарды туыстастыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері-тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес»-деген болатын.

Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал, театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды. Театрландырылған ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Сүйікті ертегілері арқылы балалар қазақ тілін меңгруге үлкен қызығушылық танытады.

Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.

Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқыда жекелеген элементтерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып,өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.

Театрландырылған ойындар ойын - қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қоймаларға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан – жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.


Әдістемелік ұсынымның негізгі мақсаты - мектеп жасына дейінгі баланың қатынас құзіреттілігін театр арқылы дамытып, қазақ тілін меңгеру қабілеттерін жетілдіру.

Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Әдістемелік ұсынымның өзектілігі - бағдарлама балаларды өз сезімдерін қимыл, мимика, пластика, интонация арқылы еркін білдіруге, бір-бірімен және де ересектермен жайлы қарым-қатынас жасауға, көптеген қымсынушылықтардан арылуына, топта жағымды климат құруға, баланың физикалық және рухани жан дүниесінің бекуіне негіз болады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға театр қойылымдары арқылы қазақ тіліне тән төл дыбыстарды, қазақша ауызекі сөйлеуге үйретеді.

Негізгі міндеттері

  1. Балалардың тілін, қызығушылығын дамыта отырып адамгершілікке баулу, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу.Эстетикалық тәрбие берудің әдістерін анықтау және оларды үрдісті ұйымдастыру әрекетіне еңгізу.

  2. Балаларды театр түрлерімен кеңінен таныстыру (қуыршақ, драматизациялық, музыкалық және т.б.).

  3. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлығын ояту Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап,әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

  4. Ертегіні сахналау арқылы қазақ тілін меңгерту.

















Негізгі бағыты

Театрландырылған ойындар Кез келген өмірлік мән-жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі ойын 3-ке бөлінеді:

-дамытушылық

-әсемділік

-театрлық.

Ырғақты иілгішті (ритмопластика)– бұған кешенді (комплекст) ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының нақтылығымен еркіндігін дамытуда, өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым-қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық, психологиялық қабілетін дамытады.

Сөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрылымын еркін айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен айтылатын ойындар кіргізілген. Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту, шығармашылық фантазиясын дамыту, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білуге үйретеді. Жаттығулар 3-ке бөлінеді:тынысалу және артикуляциялық,дикциялық және интонациялық сөздер мен шығармашылық ойындар.

Театр мәдениеті:Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі.

Қойылыммен жұмыс– жанама бөлім, авторлық саханалауға негізделген. Оған кіретін тақырыптар.

-Қойылыммен таныстыру

-Қойылымды мазмұндап, талдау, кейіпкерлендіру.

-Қойылымға қажетті құралдар дайындау. Көріністі безендіру.

-Дайындық. Қойылымды саханалау.

Театрландырылған ойынның жіктелуі:

  1. Драматизация

  2. Режиссерлық

Драматизациялық ойында бала – артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала ойын – драматизациясында қандай бір сюжетте ойнайды. Ойын драматизациясы көрерменсіз музыкалық сипаттағы орындау болады.

Драматизация түрлері:

жануарлар, адамдар, ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны;

мәтін бойынша негізделген диалог, маналог, рөлдік ойындар;

шығармашылық көрсетілім;

бір немесе бірнеше шығарма арқылы қойлым қою.

Ал , драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады.

Саусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.

Қуыршақ бибабомен ойын – драматизациясы. Бұл ойында саусақтарға қуыршақ бибабаоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі қуыршақтардан жасауға болады.

Режиссерлық ойында балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер және сахна қоюшы рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орынында болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет етеді, сондықтан ойында интонация мен мимика ерекше орын алады.

Балалар театрының бірнеше түрлері бар:

Ең көп тараған түрі :ойыншықтар театры-Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.

Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды – маринеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады. Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолмен қуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігігіндей болады. Бала өзіне кастюм, үлкен бетперде. Үлкен алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздері қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болып үш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екі бұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақ пен жүргізушінің мойынына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылы шығармашылықтарын дамытады. Бұл балалрдың өздерін еркін сезінуіне, өз күшіне сене білуге көмектеседі.

Саусақ театрында– саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.

Үстел үстіндегі театры-Сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; «киндер- театр»; магнит театры; «мачалка театр»; үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады ( олар өздерінің формасын ұстағандай пластмас бутылкаларға кигізіп қойады); ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар (дымковски ойыншықтар).

Суреттер (картиналар) театры-Декорация мен кейіпкердің – суреттері. Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы (интонация) арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет барысында пайда болады, балалардың қызығушылығын арттырады.

Стенд-кітапша театры- Бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғалар көрсетіледі. Стенд-кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттерді көрсеттеді (оқиғалар, кездесулер ).

Фланелеграф театры - Суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.

Трафарет театры -Трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға болады. Балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзіне берілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл- қозғалысын өзгерте алады.

Көлеңкелі театры - Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке таетрдың қойлымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсеттеді. Көлеңке театрдың сақанасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, ою- өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жуқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрістері дамытады.

Театрландырылған іскерлік арқылы шешілетін өзімнің педагогикалық жұмысымнан мысал келтірейін.

Ертегіден «сиқырлы заттар» арқылы «ертегіге ену». Балалардың елестетулерін қалыптастыру. Балаларға көздерін жұмғызып, демдерін ішке тартып оны қайта шығару арқылы көздерін ашу. Одан кейін балалардың көңілін қандайда бір затқа аудару, мысалы; үстелге (одан жұмыртқа жерге құлап түсті ме?), тегешке (осы тегешке бауырсақ пісірді ме? т.б.) балалардан сұраймын бұлар қай ертегідегі заттар.

Ертегілерді оқу және оны бірігіп талдау. Бастапқыда мен ертегіге әңгіме өткіземін. Ондағы кейіпкерлердің эмоциясымен және сезімдерімен таныстырамын, одан кейін әр түрлі мінез- құлықтары бар бейнелерді бөліп алуға және олардың біреуінің орынына өздерін қоюы туралы айтамын. Өздерін көрү үшін айна қолданылады.Ертегіден үзіндіні ойнау- әр түрлі мінез- құлықтармен.Режиссерлық ойын (құрлыс және дидактикалық материалдармен). Ертегі балаларға ерекше айқын эмоционалді оқиғаны әңгімелейді. Ертегідегі кейіпкерлердің суреттін салуға бояуға үйрету.Үстел үстіндегі қозғалмалы ойындарды ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттінен кейін ойнатуға болады. Онда балалардың өздерінің шығармашылықтары артады.Театрландырылған ойынды басқару негізіне әдеби шығармашылық мәтінмен жұмыс істеу жатады. Мәтінді оқығанда әдеби тілмен анық, мәнерлеп оқу керек.

Әр түрлі жастағы бала бақша топтарында жүргізілетін театр – ойын іскерліктерін дамыту жұмыстарының мазмұнының ерекшеліктері.Балаларға арналған қөркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінге балалардан эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады.

Педогогтер дайындық топтарының балалары сәбилерге кішігірім спектакльдер көрсетеді, бұған әр түрлі театр түрлері қолданылады: бәрімізге таныс картиналар театры (фланелограф), саусақ театры. Сәбилердің ынталарын, әр түрлі түстерді ажырата алуына көмектеcеді. Сәбилер тобындағы балалар ертегінің мәтінін өздері қайталамау үшін, олар берілген іс-әректті орындайды. Мәтінді өзім 2-3 рет оқимын. Рөлмен ойнау балалардың елестету белсенділігін арттырады, өз бетімен шығармашылық ойынға дайындалуға көмектеседі.

Театрландырылған ойынға қызығушылықтарын қалыптастыруға қуыршақ татрының қойылымын көру көмектеседі. Оны өзім көрсетемін немесе дайындық топ балалары көрсетеді. Қуыршақ театры күнделікті ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде балаларды мадақтау, мақтау үшін, олармен амандасып, қоштасу үшін қолданылады.

Адамдар, жануарлар және құстардың әрекеттерін ойын арқылы келтіру. Адамның негізгі эмоциясы (күн көрінді – балалар қуанады, күледі, алақандарын соғады, орындарында секіреді).Кейіпкердің эмоциясын біреу арқылы іс- әрекеттің бірізділікпен байланысындағы ойын- әрекеті.Жақсы таныс ертегілер кейіпкерлерінің бейнесіндегі ойын - әрекеті.Музыкалық ойын- әрекеті.Тәрбиешінің оқуы арқылы бір кейіпкермен мәтіндегі өлең арқылы ойын - әрекеті.Қысқа ертегі, әңгіме, өлеңдердің мәтінін тәрбиешінің айтылуымен қойылатын ойын - әрекеті.Ертегі кейіпкерлерімен рөлдік диалог.Жануарлар ертегілерінің бөліктерін саханалау.Халық ертегілеріндегі бірнеше кейіпкерлерді драматизациялық ойындармен әрекеттеу.Ойнау дағдыларын дамыту жағдайында ойнау тәжірбиесін толықтыру.

Бірінші топ. «Көрермен» позициясын меңгеруге үйрену.(жақсылықпен қарайтын, аяғына дейін тыңдайтын, қолдарын соғатын, артистерге рахмет айтатын).

Екінші топ. «Артист» болуға 1-ші қадамын жасауға үйрену. (мимикасын, қозғалысын, күшін, дауыс ырғағын, сөз ырғағы) арқылы кейіпкерге ену.

Үшінші топ. Ойынның басқа қатысушыларымен қарым-қатынас жасай білу, дауласпай, кезекпен тартымды рөлдер ойнау.Ортаңғы топтағы балалар «өз үшін» ойынан бала біртіндеп көрермендер үшін жасалған қойылымға ауысады. Бұл жастағы балалардың театрландырылған ойынға қызығушылықтары тереңдей түседі.

Ортаңғы мен ересектер тобының балалары саханалық өнерді үйреніп, сезіне бастағанда олардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы арттады. Қандайда да саханалық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргізіледі.

1.Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылады.

2.Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінеді. Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады.

3.Сұрақ – жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отыру.

4.Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау.

Дайындық топтарындағы балалардың театрландырылған ойындары қиындай түседі. Балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл сөздерімен сусындата отырып, әрбір сахналық қойылымның алдында қазақ әндерін, қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән- күйлер мен билерді кіріктіріп отырылды. Мысалы, «Үйшік» ертегісінде әр кейіпкерлердің сахнаға шығуын «Қонақ келсе құт» деген мақалмен бастадық. Театрлық ойынға қатысушы даярлық тобының балалары кейіпкерлердің мінезін, жүріс- тұрысын, әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнауы үшін, талмай жаттығулар жасалады.

Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйренеді. Соның нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянды. Бейнелеу, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарын байланыстырып өткізгенде, әр сабақтың соңы әрқашанда дерлік ертегі сюжетімен байланысты қойылымдармен аяқталып отырды. Сонымен қатар, балалардың сөздік қоры толықтырылды, сөйтіп олардың белсенділігі артты, сабақтар мен сауық кештері еркін де қызықты түрде өтетін болды. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, сабаққа ынталана, құштарланып қатысып отырды. Осы жұмыстарды өткізген кезеңде әрбір ұлттық халық ертегілерінен көріністер қойылды.

Балалар өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының түрлерін жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен туындап тәрбие жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті көріністер де жиі қолданылып, тіпті кейде ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп отырылды. Топ ішінде емін- еркін жүріп, өздеріне сабақ уақытында керекті ойын құралдарын өздері таңдап алып отырды.

Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде театр ойындар түрі тиімді нәтиже береді.


2-кіші топ балаларымен өткізілген театр үйірмесінің

міндеттері

  1. Балалардың театрға деген қызығушылықтарын ояту, жұмыстың сапалы жүргізілуіне жағдай жасау.

  1. Театр терминдерімен таныстыру.

  1. Балаларды өзін-өзі дұрыс, әдемі ұстауға үйрету.

  2. Сөздік қорын толықтыру және белсендіру. Жеткізу мәнерлілігін қалыптастыру. Диалогтік тілді дамыту.

  3. Көру, есту, зейін, есте сақтау, ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту.

  4. Адамгершілік –этикалық қасиеттерге баулу.


2-кіші топ балаларымен өткізілген театр үйірмесінің

тақырыптық жоспары


р/с

Тақырыбы

Қолданылатын көрнекіліктер


Театр түрі

1.

Кіріспе

Балаларғат театр жайлы түсінік беру. Театр түрлерімен таныстыру.



2.

«Бауырсақ» ертегісі

Балаларды «Бауырсақ» ертегісімен таныстыру. Ертегідегі қоянның әнін балалармен бірге қайталап, тілдерін жаттықтыру. Достыққа тәрбиелеу.


Саусақ театры

3.

«Түлкі мен қоян» ертегісі

Балаларды ертегінің мазмұнымен таныстыру. Бір-бірін сыйлауға, татулыққа тәрбиелеу. Қимылды ойындар арқылы кейіпкерлердің рөлін айтып, белсенді балаларды таңдай отырып, қызығушылығын арттыру. Ертегідегі қоян мен түлкінің сөздерін балаларға үйрету.


Конус театры

4.

«Үш аю» ертегісі

Ертегіні балаларға таныстыру арқылы балалардың тілдерін дамыту. Ойын арқылы кейіпкерлердің рөлін таңдай отырып, балалардың қызығушылықтарын арттыру. Тілдерін жаттықтыру. Достыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Магнит театры

5.

«Үйшікей» ертегісі

Балаларға ертегінің мазмұнымен таныстыру. Көлеңке театры арқылы балаларға ертегі кейіпкерлерінің қимыл-қозғалысын көрсету. Сөздерін қайталап, тілдерін жаттықтыру. Қазақ тіліне тән төл дыбыстарды дұрыс айтып, дұрыс қайталауға тәрбиелеу.


Көлеңке театры

6.

«Қасқыр мен қоян» ертегісі

Ертегіні еске түсіру арқылы балалардың тілдерін дамыту. Балалардың тілдерін байыту және білімдерін кеңейту. Белсенді балаларды кейіпкерлердің рөлдерін эмоция арқылы көрсете білуге үйрету. Кейіпкерлердің рөлін атқара білуге дағдыландыру.


Фланеграф театры


7.

«Шалқан» ертегісі


Шалқанды отырғызу кезінде айтылатын өлең шумағы арқылы балалардың тілдерін байыту және білімдерін кеңейту. Белсенді балаларды кейіпкерлердің рөлдерін эмоция арқылы көрсете білуге үйрету. Кейіпкерлердің рөлін атқара білуге дағдыландыру.


Үстел үсті театры

8.

«Қоян мен түлкінің үйшігі» ертегісі

Ертегі мазмұнымен таныстырып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру.Ойын арқылы балаларды рөлдерге бөлу, кейіпкерлердің сөздерін дұрыс айтуға үйрету.Кейікерлердің сөздерін дұрыс айтуларын қадағалау және рөлдерін ретімен орындауға үйрету.Ертегінің мазмұны бойынша кейіпкерлердің іс – әрекетіне қарап, әсерлі көңіл- күйін білдіре отырып сезіне білуге үйрету.


Қасық театры



2-кіші топ балаларының жылдың аяғында

білім деңгейін болжау


  • Балалар театрландырылған қойылымдардың кейбір түрлерін білу керек, және оны айта білуі керек.

  • Балалар театр қойылымдарына арналған қажетті заттардың қазақша атауларын білуі керек.

  • Балалар музыка залында, топта, қазақ тілі бөлмесінде арнайы бағытта өз еріктерімен қозғала алады.

  • Үйірмеге қатысушылар театрлық қойылымдар кезінде бір-бірімен диалогты қалай жүргізсе, күнделікті өмірде де солай диалогты еркін жүргізулері керек.


Ортаңғы топ балаларымен өткізілген

театр түрлерінің міндеттері


  1. Балалардың театрға деген қызығушылықтарын ары қарай дамыту.

  1. Театр түрлерімен ары қарай кеңінен таныстыру, білімдерін ары қарай дамыту.

  1. Сөздік қорын толықтыру және белсендіру. Жеткізу мәнерлілігін қалыптастыру. Диалогтік тілді дамыту.

  2. .Қазақ тіліне тән төл дыбыстарды дұрыс айтып, дұрыс қайталауға дағдыландыру.

  3. Театрлық қойылымдарға байланысты терминдерді дұрыс айтуға дағдыландыру.

  4. Көру, есту, зейін, есте сақтау, ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту.

  5. Өзінің және қатарластарының жетістіктерін дұрыс бағалауға үйрету.

  6. Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу.



Ортаңғы топ балаларымен өткізілген театр түрлерінің

тақырыптық жоспары


р/с

Тақырыбы

Қолданылатын көрнекіліктер


Театр түрі

1.

Кіріспе

Балаларға театр түрлерін еске түсіру. Таныс емес театр түрлерімен кеңінен таныстыру.




2.

«Бауырсақ» ертегісі

Балаларды «Бауырсақ» ертегісімен таныстыру. Ертегідегі қоянның әнін балалармен бірге қайталап, тілдерін жаттықтыру.


Қораптар театры

3.

«Қу түлкі мен қорқақ қояндар» ертегісі


Балаларды ертегінің мазмұнымен таныстыру.Қимылды ойындар арқылы кейіпкерлердің рөлін айтып, белсенді балаларды таңдай отырып, қызығушылығын арттыру. Ертегідегі қоян мен түлкінің сөздерін балаларға үйрету.


Саусақ театры

4.

«Үш аю» ертегісі

Ертегіні балаларға таныстыру арқылы балалардың тілдерін дамыту.Ойын арқылы кейіпкерлердің рөлін таңдай отырып, балалардың қызығушылықтарын арттыру.Тілдерін жаттықтыру. Татулыққы тәрбиелеу.


Магнит театры

5.

«Шалқан» ертегісі

Балаларды «Шалқан» ертегісімен таныстыру. Ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру, ертегін тыңдай отырып, сөздік қорын молайту. Қазақ тіліне тән төл дыбыстарды дұрыс айтуға тәрбиелеу


Көлеңке театры

6.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі


Балаларға ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру, ертегіні тыңдай отырып сөздік қорын молайту. Балаларды адамгершілікке, адалдыққа, бірін - бірі сыйлауға үйрету. өзіне берілген рөлді дұрыс дауыс ырғағымен ойнауға тәрбиелеу.


Қасық театры

7.

«Түлкі мен тырна» ертегісі


Ертегіні балаларға таныстыру арқылы балалардың тілдерін дамыту. Ойын арқылы кейіпкерлердің рөлін таңдай отырып, балалардың қызығушылықтарын арттыру. Тілдерін жаттықтыру. Достыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Фланеграф театры

8.

«Үйшікей» ертегісі

Балаларды ертегінің мазмұнымен таныстыру. Қимылды ойындар арқылы кейіпкерлердің рөлін балаларға бөліп ойнату. Ертегідегі кейіпкерлердің айтылатын сөздерін қайталатып, тілдерін жаттықтыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Үстел үсті театры



Ортаңғы топ балаларының жылдың аяғында

білім деңгейін болжау


  • Балалар театрлардың кейбір түрлерін біледі.

  • Монологтар мен әндерді, қимыл-қозғалыстарды жақсы орындай алады.

  • Үлкендермен және қатарлас балалармен өзара диалог жүргізе алады.

  • Мәтінді, қимыл-қозғалыстарды өз еріктерімен түсініп, орындай алады.

  • Ертегілердегі кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын, мимикасын, дауыс ырғағын, сөз ырғағын үлкендердің көмегімен жасай алады.

  • Театрдың кейбір түрлерін еркін қолдана алады.

  • Балалар театр қойылымдары кезінде өздерін еркін сезінеді.

  • Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту.



Ересек топ балаларымен өткізілген

театр түрлерінің міндеттері


  1. Балалардың театрға деген қызығушылықтарын ары қарай дамыту.

  1. Театр түрлерімен ары қарай кеңінен таныстыру, білімдерін ары қарай дамыту.

  1. Қазақ тіліне тән төл дыбыстарды дұрыс айтып, дұрыс қайталауға дағдыландыру.

  2. Театрлық қойылымдарға байланысты терминдерді дұрыс айтуға дағдыландыру.

  3. Балаларға үлкендердің көмегінсіз театрлық қойылымдарды өз еріктерімен жасауға дағдыландыру.

  4. Сөздік қорын толықтыру және белсендіру. Жеткізу мәнерлілігін қалыптастыру. Диалогтік тілді дамыту.

  5. Адамгершілік-эстетикалық қасиеттерін тәрбиелеуді жалғастыру.

  6. Көру, есту, зейін, есте сақтау, ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту.

  7. Өзінің және қатарластарының жетістіктерін дұрыс бағалауға үйрету.

  8. Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру.


Ересек топ балаларымен өткізілген театр түрлерінің

тақырыптық жоспары

р/с

Тақырыбы

Қолданылатын көрнекіліктер

Театр түрі


1.

Кіріспе

Балаларға театр түрлерін еске түсіру. Таныс емес театр түрлерімен кеңінен таныстыру.




2.

«Тазша баланың ақылы» ертегісі


«Бір үзім нан» ертегісі

Балаларды «Тазша бала» ертегісімен таныстыру. Ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру, ертегін тыңдай отырып, сөздік қорын молайту. Қазақ тіліне тән төл дыбыстарды дұрыс айтуға тәрбиелеу.


Магнит театры


Үстел үсті театры

3.

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісі


«Достық» ертегісі

Балаларды ертегінің мазмұнымен  таныстыру. Қимылды ойындар арқылы кейіпкерлердің рөлін айтып, белсенді балаларды таңдай отырып, қызығушылығын арттыру. Ертегідегі қоян мен түлкінің сөздерін балаларға үйрету. Ұқыптылыққа, өзіне берілген рөлді дұрыс дауыс ырғағымен ойнауға тәрбиелеу.


Қораптар театры



Диск театры

4.

«Екі дос» ертегісі


«Алдар көсенің сиқырлы тоны» ертегісі

Ертегіні балаларға таныстыру арқылы балалардың тілдерін дамыту.Ойын арқылы кейіпкерлердің рөлін таңдай отырып, балалардың қызығушылықтарын арттыру.Тілдерін жаттықтыру. Достыққа, бірін-бірі сатпауға тәрбиелеу.


Қасық театры


Фланеграф театры

5.

«Ер Төстік» ертегісі


«Түлкі, қараторғай және қарға» ертегісі

Балаларды ертегінің мазмұнымен таныстыру. Қимылды ойындар арқылы кейіпкерлердің рөлін айтып, белсенді балаларды таңдай отырып, қызығушылығын арттыру. Ертегідегі қоян мен түлкінің сөздерін балаларға үйрету.


Көлеңке театры

Диск театры

6.

«Алдар көсе – Атасының тақиясы» ертегісінен


«Етікші» ертегісі


Балаларды ертегімен таныстырып қана қоймай, сөздерін, қимылын қайталатып, тілдерін жаттықтыру. Алдардың қулықты жайжан-жай жасама тынын түсіндіру.

Фланеграф театры


Саусақ театры

7.

«Жеті лақ» ертегісі


«Қожанасырдың олжасы» ертегісі


Балаларға ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру, ертегіні тыңдай отырып сөздік қорын молайту. Адалдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Қысқыштар

театры

Үстел үсті театры

8.

«Шық бермес Шығайбай» ертегісі


«Алтын мүйізді киік» ертегісі


Балаларға ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру, ертегіні тыңдай отырып сөздік қорын молайту. Балаларды адамгершілікке, адалдыққа, бірін - бірі сыйлауға үйрету. өзіне берілген рөлді дұрыс дауыс ырғағымен ойнауға тәрбиелеу.

Үстел үсті театры


Конус театры



Ересек топ балаларының жылдың аяғында

білім деңгейін болжау


  • Балалар театр түрлерін біледі.

  • Балалар театрға қажетті терминдерді, театрға қажетті құрал-жабдықтардың атауын біледі.

  • Балалар ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлқын, мимикасын, қимылын салып, оны көрсете алады.

  • .Балалар берілген тақырыпта өзара бір-бірімен және үлкендермен диолог жүргізе алады.

  • Балалар театр қойылымдары кезінде өздерін еркін сезінеді.

  • Монологтар мен әндерді, қимыл-қозғалыстарды жақсы орындай алады.

  • Мәтінді, қимыл-қозғалыстарды өз еріктерімен түсініп, орындай алады, және бір-бірінің қателерін түзетуге тырысады.


























2-кіші топ балаларына арналған

үйірме жұмысы


Тақырыбы: «Үш аю»

Театр түрі: Үстел үсті театры

Мақсаты: Балаларға ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру, ертегіні тыңдай отырып сөздік қорын молайту. Қазақ тіліне тән төл дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру.Балаларды адамгершілікке, адалдыққа, бірін - бірі сыйлауға үйрету. өзіне берілген рөлді дұрыс дауыс ырғағымен ойнауға тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, үйрету, сұрақ - жауап.

Көрнекілік құралдар: Үйшік, орман, орындық, ботқа, ыдыстар. Ертегі кейіпкерлері.

Рөлде ойнайтындар:

Ата – Никита

Әже – Альбина

Маша қыз – Кәусар

Үш аю:

Папасы – Андрей

Мамасы – Арина

Қызы Мишутка – Ксения

Жүргізуші: Сәлем балғын балалар!

Барлығың бермен қараңдар!

Аюлар жайлы ертегі,

Сендерге сыр шертеді.

Ертегіні ең қызық,

Сахнаға енгіздік.

Баяндайын көріңдер,

Өз бағасын беріңдер.

Ертекші: Баяғы бір заманда Маша деген қыз болыпты. Бір күні Маша орманнан бүрлер теріп қайтайын деп әжесінен сұранады.

Әжесі: Жақсы бара ғой, бірақ маған тақпақ айтып берші сосын жіберемін

Маша: Әже деген көп шығар

Менің әжемдей жоқ шығар,

Мейірімді ол кісі

Қандай ғажап күлкісі.

Ертегі қандай көп еді

Күнде айтып береді.


Әжем менің әлі де

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Біздің үйдің бәріне.

Әжесі: Жақсы бара ғой. Қызым алысқа ұзама, тез қайтып кел.

Қызы Кәусар: Жарайды.

Баянсұлу орманда бүр теріп өлең айтып жүріп, адасып кетеді.

Қайтар жолды таба алмай, жылайды. Қарны ашады, шөлдейді, шаршайды, ұйқысы келеді.

А - у - у - у ата, А - у - у - у ата

А - у - у – у әже, А - у - у - у әже қайдасыңдар, маған көмектесіңдер!

Ертекші: Жолды іздеп таба алмай, орманда тұрған бір үйге кезігеді. Үйшік - үйшік үйшікте кім тұрады?- деп айқайлайды, еш дыбыс естілмеді. Үйге кірсе ешкім жоқ. Бұл үйде аюлар мекендейтін. Аюдың әкесі, шешесі, баласын еркелетіп Мишутка деп атайтын.

Кәуса: Ашық тұрған есікке кірген Кәусар дастарқанда тұрған үш табақ ботқаны көреді. Үлкен табақ – әкесінікі, ортаншы табақ шешесінікі, ал кішкентай табақ – Мишутканыкі еді. Кәусар үлкен табақтағы одан кейін ортаншы табақтағы бөкпенді жеп еді дәмі ұнамады. Ал кішкентай табақтағыны жеп көріп еді ұнап қалды. Бөкпенді Кәусар түгел жеп қояды. Шаршаған Кәусар отырғысы келіп ең үлкен орындыққа отырып еді, құлап қалды, ортаншысы ұнамады. Ең кішкентай орындық өзіне тұп – тура екен. Кәусар тербеліп еді, орындық сынып қалды. Кәусар арғы бөлмеге кіріп еді онда төсектер бар екен. Кәусар у үлкен төсекке жатып еді, тым биік болды. Ортаншы төсек кең болды. Ал кішкентай төсек Кәусар ға дәп дәл келді. Сол төсекке жатқан Кәусар ұйықтап қалады. Бір мезгілде аюлар үйлеріне оралады. Шаршап келген аюлар асын ішпек болады.

Аюлар: Біздің үйге біреу кірген сияқты, адамның исі шығады.

Осылайша аюлар байқап қалады. Өз тамағын көрген аюдың әкесі

Андрей: «Менің тамағыма кім тиіскен?» деді гүр етіп.

Арина: «Менің бөкпенімді де татып көріпті»,- деп айғай салды.

Ксения: «Менің бөкпенімді түгелдей жеп қойыпты», деп шәңк - шәңк етті.

Ұйықтайтын бөлмеге кірсе:

Андрей: «Менің төсегіме кім жатпақ болды?» деді гүр етіп.

Арина: «Менің төсегімді де умаждап тастапты»,- деп айғай салды.

Ксения: «Менің төсегімде жатқан Баянсұлуды көріп міне жатыр ұстаңдар», деп шәңк - шәңк етті.

Аюлардың даусынан шошып оянған Кәусар қорқып кетті.

Кәусар: Мені жемеңдерші мен сендерге тақпақ айтып беремін.

Аюлар: Жарайды.

Кәусар: Аю отыр партада

Екі қолы қалтада

Апай сабақ сұраса

Дым білмейді масқара

Мен сендерге жұмбақ жасырайын шешесіңдер ме?

Аюлар: Иә шешеміз.

Кәусар: Тәті көрсе бас салар

Айнымайды баладан

Үп - үлкен боп жасқанар

Кіп-кішкентай арадан (аю)

Менімен ойнайсыңдар ма?

Аюлар: Иә ойнаймыз.

Кәусар: Аю, аю тұршы

Беті қолын жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Әй - әй көйлек киші

Қане мені қушы - деп Кәусар қаша жөнеледі.

Аюлар қорбаңдап Кәусар ға жете алмай қалады. Осылайша Кәусар аюлардан құтылып, аман есен атасы мен әжесіне келеді.

Қортынды: Сендерге ертегі ұнады ма? Кімнің үйі екен? Кәусар кімнің тамағын жеп қойды? Кәусар аюлардан қалай құтылды?

Ертегі не жайында?

Балалар: Ертегі біздерге ұнады. Ертегі үш аю туралы.

Осылайша ертегіміз аяқталды.

Тыңдағандарыңызға рахмет!

Сау болыңдар балалар!


2-кіші топ балаларына арналған

үйірме жұмысы

Тақырыбы: «Түлкі мен қоян»

Театр түрі: Конус театры

Мақсаты: Балалардың көркем шығармалар арқалы тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін дамыту. Ертегілермен таныстыру, сұраққа толық жауап бере білу жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажырату. Ертегіні мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіре отырып сөйлеу, рольге бөліп ойнау, баланың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Қазақ тіліне тән төл дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру.Балаларды ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, үйрету, сұрақ - жауап.

Көрнекілік құралдар: Ағаштар, түлкі, қоян.

Рөлде ойнайтындар:

Түлкі – Саша

Қоян – Диана

Бір күні болдырап келе жатқан түлкі жортып жүрген қоянды көріп, өтірік ауырған болып оның жанына сұлап құлай кетеді де, қоянды шақыртады.

Түлкі Саша:

  • Қоянжан-ау, қоянжан, неге сонша жортасың? Менен неге қорқасың? Бала жастан бірге өскен, тоғайдың дәмін біржескен көрші емес пе едік. Мен ауырып жатырмын. Жақынырақ келсеңші, қоштасайық.

Қоян Диана:

  • Екі құлағым сөзіңде тұр, екі көзім өзіңде тұр. Сіз етті жақсы көреді дейді жұрьт. Сол рас па?

Түлкі Саша:

  • Рас болғанда қандай, тіпті ет жемесем басым ауырады.

Қоян Диана:

  • Міне, осыңыз жаман ғой.

Түлкі Саша:

  • Ия, соған өзім қынжылып жатырмын. Кеше бір тауық жеп едім, оған жаным ашып, жылап та жібердім, өйткені, ол да тірі жүргісі келеді ғой. О, шіркін, тіршілік!

Қоян Диана:

  • Сіз оны өлтірмей тұрып, ойланып көрдіңіз бе

Түлкі Саша:

  • Мен дәл сол жерде ойлануды ұмытып кетіппін. Жаныма батып,ауырып жатқаным да соның өкініші.

Қоян Диана:

  • Ұмытшақ болған жаман ғой. Мен де содан қорқамын, сондықтан да жортамын.

Автор:

  • деп тұра жөнеліпті қоян. Осылайша қоян түлкіден құтылып кеткен екен.


Ортаңғы топ балаларына арналған

үйірме жұмысы

Тақырыбы: «Үйшік»

Театр түрі: Қораптар театры

Мақсаты: Балаларға ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру, ертегіні тыңдай отырып сөздік қорын молайту. Қазақ тіліне тән төл дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру. Балаларды адамгершілікке, адалдыққа, бірін - бірі сыйлауға үйрету. өзіне берілген рөлді дұрыс дауыс ырғағымен ойнауға тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, үйрету, сұрақ - жауап.

Көрнекілік құралдар: Үйшік, ағаштар, тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр, аю.

Рөлде ойнайтындар:

Тышқан – Илья

Бақа – Настя

Қоян – Милана

Түлкі - Амина

Қасқыр – Максим

Аю - Егор

Автор: Ертеде жазық бір далада үйшік тұрады. Серуендеп келе жатқан тышқан үйшікті көре салып тоқтай қалады да сұрайды:

Тышқан:Үйшік, үйшік! Кім үйшікте тұрады

Ешкім үн қатпайды. Тышқан болса үйшікке кіріп өмір сүре береді. Сонан соң бақылдап бақа келеді:

Бақа: Үйшік, үйшік! Кім үйшікте тұрады

Тышқан: Мен, шиқылдауық тышқанмын.

Бақа: Ал, мен бақылдауық бақамын

Тышқан: Кел, бірге тұрайық

Автор: - деп бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір сүре береді.

Секеңдеп қоян келеді. Үйшікті көрген қоян тоқтай қалып сұрайды:

Қоян: Үйшік, үйшік! Кім үйшікте тұрады

Тышқан: Мен, шиқылдауық тышқанмын.

Бақа: Ал, мен бақылдауық бақамын

Тышқан: Ал, сен кімсің

Қоян: Мен, секеңдеген қоянмын.

Барлығы: Олай болса кел, бізбен бірге тұр.

Қоян: Ал, сен кімсің

Түлкі: Мен, түлкішек-әпкеңмін.

Барлығы: Олай болса кел, бізбен бірге тұр.

Қоян: Ал, сен кімсің

Қасқыр: Мен, сұр қасқырмын.

Барлығы: Олай болса кел, бізбен бірге тұр.

Автор: Осылайша олар бесеу болады. Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән айтыпты. Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққа дауыстарды естіп, тоқтай қалып айқай салады:

Аю: Үйшік, үйшік! Кім үйшікте тұрады

Тышқан: Мен, шиқылдауық тышқанмын.

Бақа: Мен, бақылдауық бақамын

Қоян: Мен, секеңдеген қоянмын.

Түлкі: Мен, түлкішек-әпкемін.

Қасқыр: ен, сұр қасқырмын.

Барлығы: Ал, сен кімсің

Аю:Мен, қорбаңдаған аюмын.

Барлығы: Кел, бізге!

Автор: Осылайша аюды да өздерімен бірге өмір сүруге шақырады. Аю үйшікейге кірейін десе кіре алмайды, кірейін десе кіре алмайды.

Аю. Мен шатырда тұрайын.

Тышқан: Бізді басып қаласың.

Аю: Жоқ, қорықпаңдар.

Тышқан: Жарайды, шатырға шықсаң шық.

Автор: Аю шатырға шығып отыра бергенде «тарс» етіп құлайды. Үйшік болса күл-талқан болып шашылып қалады. Үйшіктен тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр аман-есен шығады. Барлығы бірігіп бөрене тасып, ағаштар жинап үлкен үй салуға кірісті. Осылайша барлығы үлкен үй тұрғызып тату-тәтті өмір сүріпті.


Ортаңғы топ балаларына арналған

үйірме жұмысы

Тақырыбы: «Бауырсақ»

Театр түрі: Қораптар театры

Мақсаты: Балаларға ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру, ертегіні тыңдай отырып сөздік қорын молайту. Қазақ тіліне тән төл дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру.Балаларды адамгершілікке, адалдыққа, бірін - бірі сыйлауға үйрету. өзіне берілген рөлді дұрыс дауыс ырғағымен ойнауға тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, үйрету, сұрақ - жауап.

Көрнекілік құралдар: Үй, ағаштар, ата, әже, бауырсақ, қоян, түлкі, қасқыр, аю.

Рөлде ойнайтындар:

Ата– Давид

Әже – Яна

Бауырсақ - Александр

Қоян – Даниэла

Түлкі - Жани

Қасқыр – Матвей

Автор:Ерте ерте ертеде

Ешкі жүні бөртеде

Шал мен кемпір өмір сүріпті. Бір күні шал кемпіріне:

Қария: - Бүгін маған дәмді бауырсақ пісіріп берші.

Кемпір: - Ұнның біткені қашан, бауырсақты неден жасаймын?

Қария: - Әй кемпірім-ай! Сен қамбаны сыпырып, қалған – құтқан ұн да жиналып қалар.

Автор: Кемпір қарияның айтқанын істейді: қамбаны сыпырып, қалған-құтқан ұнды жинап алады. Ұнды қаймаққа илеп, бауырсақ жасайды.

Пешін жағын, табасына майын құйып, бауырсақты пісіруге қояды. Көп, аз уақыт өткені белгісіз, үй ішін тәтті нан иісі алып кетеді.

Бауырсақ – тегіс, домалақ, сырты қызарыңқырап әдемі болып піседі. Шал оны бірден жегісі келеді, бірақ бауырсақ өте ыстық еді. Кемпір бауырсақты суытуға терезе алдына қояды. Бір өзі жатып-жатып жалыққан бауырсақ жерге түсіп, жерден шөпке, шөптен жолға түсіп әрі қарай домалай жөнеледі.

Бауырсақ домалап отырып, көк майсалы жерлерден, кең далалы егістіктерден өтеді. Осылай домалаған күйі қалың қаранғы орманға келіп тіреледі. Орманда оған қоян кездеседі.

Қоян: - Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ: - Мені жеме, қоян. Мен саған өлең айтып беремін:

Мен бауырсақ, бауырсақ,

Қаптың түбін қағып ап,

Апам екі уыс ұн жинап,

Қаймақ қосып шылап,

Ыстық майға қуырып,

Терезеге қойып суытқан.

Мен атамнан қаштым,

Апамнан да қаштым,

Ал сенен, қашу, қоян,

Қиын емес маған.

Автор: - бауырсақ домалай жөнеледі. Қоян аң-таң болып жолда қалады. Қояннан құтылған бауырсақ жалғыз аяқ жолмен домалап келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келеді.

Қасқыр: - Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ: - Жемеші мені, қасқыр. Мен саған өлең айтып берейін.

Мен бауырсақ, бауырсақ,

Қаптың түбін қағып ап,

Апам екі уыс ұн жинап,

Қаймақ қосып шылап,

Ыстық майға қуырып,

Терезеге қойып суытқан.

Мен атамнан қаштым,

Апамнан да қаштым,

Қояннан да қаштым,

Босқа тұрсам ұтылармын,

Қасқыр, сенен де құтылармын.

Автор: Бауырсақ қасқырда алдап, домалап кете барады. Қасқыр аңтарылып артта қалады. Сол домалаған қалпы ол қорбаңаған аюға жетіп тіреледі.

Аю: - Бауырсақ, бауырсақ, мені сені жеймін!

Бауырсақ: - Тоқтар тұр, аю аға, одан да менің өлеңімді тыңда.

Мен бауырсақ, бауырсақ,

Қаптың түбін қағып ап,

Апам екі уыс ұн жинап,

Қаймақ қосып шылап,

Ыстық майға қуырып,

Терезеге қойып суытқан.

Мен атамнан қаштым,

Апамнан да қаштым,

Қояннан да қаштым,

Қасқырдан да қашты,

Аюға келді кезек,

Одан да қашу керек.

Автор: бауырсақ жолын жалғастырады.

Осылайша, бауырсақ аюдан да құтылады. Аңқау аю ауызын ашып, қала береді.

Алансыз домалап келе жатқан бауырсақ енді түлкіні кезіктіреді.

Бауырсақты көріп, қуанып кеткен түлкі.

Түлкі: - Амансың ба, бауырсақ! Өзің қызарып әдемі болып кетіпсің.

Автор: бауырсақ мақтаныштан әнін бастап жібереді:

Мен бауырсақ, бауырсақ,

Қаптың түбін қағып ап,

Апам екі уыс ұн жинап,

Қаймақ қосып шылап,

Ыстық майға қуырып,

Терезеге қойып суытқан.

Мен атамнан қаштым,

Апамнан да қаштым,

Қояннан да қаштым,

Қасқырдан да қашты,

Аюдан да қаштым,

Түлкі, қазір сенен

Оңай қашып кетем.

Түлкі: - Әнің жақсы екен. Бірақ мен қартайдым, құлағым дұрыс естімейді. Тұмсығыма шығып өлеңінді қайта айтшы, жақсылап тыңдап алайын.

Автор: Мақтау сөзге елпілдеп кеткен бауырсақ ойланбастан түлкінің тұмсығына домалап мініп әндете жөнеледі.

(Бауырсақ әнін бастайды.)

Автор: Сол кезде Түлкі оны ұстап алады.

Түлкі: - Енді бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ: - Түлкі, сен мені жеп қайтесің! Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады. Жолдан қоян, қасқыр мен аюды ертіп алайық.






Ересек тобы балаларына арналған

үйірме жұмысы

Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ»

Театр түрі: Қысқыштар театры

Мақсаты: Балалардың көркем шығармалар арқалы тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін дамыту. Ертегілермен таныстыру, сұраққа толық жауап бере білу жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажырату. Ертегіні мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіре отырып сөйлеу, рольге бөліп ойнау, баланың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Қазақ тіліне тән төл дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, үйрету, сұрақ - жауап.

Көрнекілік құралдар: Атрибуттар, үй, ағаш, жеті лақ, ешкі, қасқыр.

Рөлде ойнайтындар:

Қасқыр – Костя

Ешкі – Варвара

Лақтар - Айару

Автор: Ерте ерте заманда бір ешкі және жеті лағы болыпты. Олар орманда өмір сүріпті. Ешкі орманнан азығын тауып, жинап әкеледі екен. Ешкі орманға кетерінде былай дейді:

Ешкі-Варвара: Лақтарым, шырақтарым, шұнақтарым есікті ешкімге ашпаңдар, мен сендерге шөп, сүт әкелемін.

Лақтар-Айару: Жарайды, есікті ешкімге ашпаймыз.

Автор: Лақтар үйде ойнап, секіріп қала береді. Ешкінің үйде жоғын білген қасқыр, ешкінің үйіне келіп есігін қағып былай дейді.

Қасқыр-Контя: Лақтарым шырақтарым, шұнақтарым анаң орманнан келді, есікті ашыңдар.

Лақтар-Айару: Мә - мә есікті ашпаймыз сен біздің анамыз емессің! сенің дауысың -жуан, ал анамыздың дауысы- жіңішке.

Автор: Сөйтіп қасқырға есікті ашпайды орманнан анасы оралады.

Ешкі-Варвара: Лақтарым, шырақтарым, қутыңдаған шұнақтарым. Есікті ашыңдар, аналарың шөп, сүт әкелді.

Автор: Лақтар есікті ашады аналары үйге кіреді. Лақтар қасқыр келіп есікті қаққанын айтады.

Ешкі-Варвара: Жарайсыңдар лақтарым! мен орманға тағы кетемін, ал сендер есікті ешкімге ашпаңдар деп орманға кетеді. Ал қасқыр үйдің жанында ешкінің кеткенін көріп, тағы да келеді, даусын жіңішкелендіріп әндетеді.

Қасқыр-Костя: Лақтарым шырақтарым, мен сендерге сүт, шөп әкелдім есікті ашыңдар.

Автор: Лақтар қуанып есікті ашып жіберсе ол қасқыр болады.

Қасқыр-Костя: А – а мен сендерді ұстап үйіме алып кетемін.

Автор: Алты лақты қасқыр алып кетеді ал бір лақ тығылып қалады. Орманнан ешкі оралады, үйіне келсе есік ашық лақтарын іздейді.

Ешкі-Варвара: Лақтарым шырақтарым қайдасыңдар?

Автор: Тығылып қалған лақты тауып алады. Ол болған жайды баяндап береді.

Ешкі-Варвара: Жүр ендеше орман ішін аралап қасқырдан сұрайық.

Автор: Ешкі мен лақ орман ішін аралап келе жатса алдынан қасқыр шығады.

Ешкі-Варвара: Қасқыр сен, менің лақтарымды көрдің бе?

Қасқыр-Костя: Жоқ, олар орманда ойнап жүрген болар.

Автор: Сөйтіп қасқырмен ешкі келе жатса алдарынан үлкен шұңқыр кездеседі.

Қасқыр-Костя: Ешкі секір,

Ешкі-Варвара: Жоқ, бірінші сен секір.

Автор: Сөйтіп қасқыр шұңқырдан секірем деп түсіп кетеді. Ал ешкі лағымен

шұңқырды айналып өтіп, қасқырдың тығып қойған лақтарын тауып алып өз

үйлеріне оралады.

Осылайша ешкі лақтарына өлең айтады:

Өлең айтады.

Шөре, шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секеңдемей деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.


Ересек тобы балаларына арналған

үйірме жұмысы

Тақырыбы: «Алдар көсе мен шықбермес Шығайбай»

Театр түрі: Фланеграф театры

Мақсаты: Балалардың көркем шығармалар арқалы тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін дамыту. Ертегілермен таныстыру, сұраққа толық жауап бере білу жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажырату. Ертегіні мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіре отырып сөйлеу, рольге бөліп ойнау, баланың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Қазақ тіліне тән төл дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру.Балаларды достыққа, татулыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, үйрету, сұрақ - жауап.

Көрнекілік құралдар: Атрибуттар, фланеграф театры,

Рөлде ойнайтындар:

Алдар көсе – Ян

Шық бермес шығайбай– Владислав

Ерте заманда, Шықбермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Шықбермес Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса тамақ бермейді екен. Үйіне кісі келсе оның жауабы:

-Шық, әй! – екен. Осыдан жұрт оны «Шығайбай» атап кеткен екен. Шықбермес Шығайбайдың атын естімеген ел болмапты. Оның «Шық, әй-ін»естімеген жан болмайды екен. Шықбермес Шығайбай туралы Алдар да естиді.

-Шықбермес Шығайбайды мырза бай етпесем, Алдар деген атым құрысын,-деп Алдар Шығайбайдың үйіне келеді.

-Не істеп отыр екен бұл қу?,-деп, атын алысқа тұсап, өзі білдірмей келіп, жабықтан сығалайды.

Сығаласа Шығайбай қазы тіліп, бәйбішесі нан илеп, біреуі бас үйтіп, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен.

-«Осыдан татпасам, Алдар атым құрысын» дегенді айтып:

-Кеш жарық! – деп кіріп барады.

Алдар «кеш!» дегенді айтқанша қолдарындағыларын жасыра қалды. Алдар ішінін «Әй, әбден әккіленіп алған қу екенсіңдер» - дейді. Әбден амандасып болған соң байдың жанына сүйене отырып алады.

-«Қу болсаң да, сұм болсаң да менен дәм тата алмассың», - дейді бай ішінен.

-Қайдан жүрген адамсың, не істеп жүрсің, - дейді бай Алдарға.

-Көрген білгенім көп, келе жатқанымда сенің астыңдағы қазыдай дәу шоқ жылан көрдім, - дейді.

-Шоқ түссің тіліңе, - деп астындағы қазысын лақтырып жібереді.

-Қазаныңды аса бер бәйбіше, - дейді амалы құрыған бай.

Үй іші ұйықтаған кезде Алдар қазандағы етті сүзіп алып, орнына тулақты турап салып қояды. Бір уақытта бай тұрып бәйбішесін оятады.

-Мына ит ұйықтап жатқанда тезірек етті түсіріп алайық бәйбіше, - деп бай сыбыр етеді де аузына етті салып жібереді де олай шайнайды, бұлай шайнайды.

-Етің не болып кеткен, өңкей шандыр, - деп бәйбішесіне ұрысады да ақыры аштан-аш жатады.

Алдар көседен құтыла алмаған бай Көсенің атын сойып алмай болады. Мұны естіп қойған Алдар өз атының қасындағы байдың атынмен орындарын ауыстырып қояды. Бай Алдар ұйықтады-ау дегенде атты жарып тастайды. Таңертең бай орнынан тұрып жатып Алдарға:

-Мына кемпір қасқа ат өліп жатыр дейді. Жарылып қалған сенің атың болуы керек, - дейді. Алдар тұрып:

-Қандай қасқа. Боқ қасқа болса менікі, бор қасқа болса сіздікі болар, - дейді. Бай сыртқа шығып қараса шынымен де өзінің атын жарып тастаған болады.

Осылайша байды алдап үйіне қайтпақ болып жатқан Алдар байдан:

-Етігім жыртылып қалған еді, біз берші, - деп сұрайды. Бай болса:

-Мына итті жөнелт үйіне бәйбіше , - деп далаға шығып кетеді.

-Ал, бәйбіше, қызыңыз Бізбикені киіндіріңіз. Баймен келісіп, мен қызыңызды алып кететін болдым, - дейді.

-Кет әрі, саған қыз беретін бе еді бай, - дейді.

-Сенбесең өз құлағыңмен естіп ал, - деп Алдар байға айқайды.

-Әй, бай! Бізбикені бермей жатыр мына бәйбішең , - дейді «біз» сөзін қатты айтып.

-Әй, қатын! Бер бізді! Жоғалт сол кәпірдің көзін, - деп айғайлайды бай.

-Әне, естідің бе ?– дейді Алдар қасында тұрған әйелге.

-Мынау алжыған ба өзі! Қуаяққа қыз беріп құтырған ба? – деп таңқалады әйел. Анау-мынау дегенге көнбестен жасауын буып, қызды атқа мінгізеді.




Қорытынды

Ертегілердің бәрі де жақсылықпен аяқталады. Кедергілермен алысып - жұлысқан кейіпкерлер ең ақырында барша мұратына жетеді. Жетім жетіледі, жарлы байиды. Кеткенің келеді, кемісің толады. Ертегі аяқталған кезде жеңіске жеткен кейіпкерлермен бірге қуанасың. «Ізгі ниетіңнен айналайын, қазақ ертегісі!» — деп сүйсінесің. Ертегі – халқымыздың ертеден келе жатқан мәдени мұраларының бірі. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс - әрекетін, барлық мұң - мұқтажын, күрес - тартысын, талап - тілегін шыншыл ертегілерде бейнелеп, суреттеген.

Педагогикалық ұжымның талмай ізденуі, аянбай еткен еңбегінің бір өтеуі болғандай балалармен өткізген шығармашылық жұмыстары қазір көзге көрінбесе де, түбінде кім біледі, бәлки жылдар жылжып өткеннен кейін, үлкен өмір төрінде төбе көрсетіп қалар, еліміздің өнерлі азаматтарының бірі болады деп сенеміз, өйткені балабақшада шығармашылық негізі салынған.

Қорыта келгенде, театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте театр- балалар үшін мереке,демалыс орны.Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, педагогтер үшін үлкен табыс.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Бала мен балабақша журналы.

2. Щеткин А.В. «Балабақшадағы театрлық қойылымдар».

3. Рябцева И.Ю., Жданова Л.Ф. «Бізге мерекеге келіңдер».

4.Ветлугина Н.А. «Самостоятельная художественная деятельность дошкольников».





























МАЗМҰНЫ

1.Түсініктеме хат.

2.Әдістемелік ұсыным «Театр үйірмесі жұмысы арқылы қазақ тілін меңгерту».

3.Қорытынды.

4.Пайдаланған әдебиеттер.

5.Қосымшалар.




















































Әдістемелік ұсыным


«Театр үйірмесі жұмысы арқылы

қазақ тілін меңгерту»






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!