Материалдар / Театрланған қойылым. Мектепке дейінгі кіші топ

Театрланған қойылым. Мектепке дейінгі кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды заттарды және олардың әрекеттерін дұрыс атауға үйрету (матрешка тығылды, жүгіріп келді, бір орында тұр), киімдердің түр-түсінің, матрешкалардың көлемінің айырмашылығын қадағалау және атау, балалардың көз қаперін, ерікті есте сақтауын, байқағыштық, сөйлеу қабілетін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
717
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Каримбаева Дианна Махмудовна,

Музыка пәнінің мұғалімі

27 бөбекжай- балабақшасы

Тараз қаласы. Жамбыл облысы

Театрланған қойылым: «Матрешкалар»

Сахналық міндет. Балаларды заттарды және олардың әрекеттерін дұрыс атауға үйрету (матрешка тығылды, жүгіріп келді, бір орында тұр), киімдердің түр-түсінің, матрешкалардың көлемінің айырмашылығын қадағалау және атау, балалардың көз қаперін, ерікті есте сақтауын, байқағыштық, сөйлеу қабілетін дамыту.

Сахна ережесі. Кімді матрешка-ана (ең үлкен матрешка) атаса, сол ғана жауап береді.

Сахна әрекеті. Матрешкалардың орналасуындағы өзгерісті табу.

Сахна барысы. Тәрбиеші балаларға кезекпенен көлемі бойынша әр басқа түрлі-түсті бес матрешканы көрсетеді. Балалар оларға назарын аударады. Барлық матрешканың көлемі әр басқа және киген сарафандары мен орамалдары да әр түрлі. Балалармен бірге тәрбиеші де киімдердің түсін атап, матрешкалардың көлемі бойынша әр түрлі екендігін ескетеді.

Балалар үстелді жарты шеңбер бойынша жағалай отырады; үстел барлық балаға тәрбиешінің үстеліндегі матрешкалар көрінетіндей етіп орналастырылған.

Оқытушы сұрақ қояды:

  • Балалар, менің үстелімде не көріп тұрсыңдар?

  • Матрешкаларды, - деп жауап береді балалар хормен.

  • Қараңдаршы, бойы бойынша матрешкалар қандай. (Алдымен екі, кейін үш, содан соң төрт матрешканы бір-бірінің жанына қояды.) Бойы бойынша біркелкі ме, әлде әр түрлі ме? («Әр түрлі».) Ал олардың несі әр түрлі? Анықтап қараңдар!

Алғашқыда балалар дұрыс жауап беруде мүдіреді, тәрбиеші оларға сұрақ қоя отырып көмектеседі:

- Орамалдарына көңіл аударыңдаршы. Олар қандай? (матрешкаларға кезекпенен қол тигізеді.) Дұрыс. Бір матрешканың орамалы қызыл болса, енді бірінікі – жасыл, ал мынанікі – көк. Біз матрешкалардың орамалдары жайлы бір сөзбен не дейміз? («Матрешкалардың орамалдары әр трүлі».) Ал сарафандары ше? Қалай деуге болады? Дұрыс. Олардың сарафандары да әр түрлі. (Балалармен бірге әр матрешканың сарафанының түсін айтады: қызыл, жасыл көк.) Оларға қарап қалай киінгендерін естеріңе сақтаңдар.

Ал енді былай ойнаймыз: мен матрешкаларды шымылдықтың артына тығамын, сендер қай матрешка тығылып тұрғанын атайсыңдар. Бірақ бір-бірден жауап беру керек. Сол себепті кім байқайды, сол маған жақындап келіп, ешкім естімес үшін құлағыма сыбырлап айтады.

Ары қарай тәрбиеші балалардың назарын матрешкалардың көлеміне аударады: шымылдықтың артына бірінен соң бірін кезекпен, кейде екеуін қатар тығып отырады.

Ойынды қайталап ойнату барысында матрешка кімді нұсқаса, сол жауап береді.

Ойынға қандай міндет шешілетіндігіне байланысты өзге де заттарды қолдануға болады.



«Сиқырлы қапшық»

Сахналық міндет. Балаларды заттарды ерекше белгілеріне сәйкес танып-білуге үйрету.

Сахна ережесі. Сипау арқылы затты танып атау. Қапшықтағы зат жайында атағаннан кейін ғана оны қапшықтан шығарып көрсетуге болады; егер зат дұрыс сипатталмаса немесе дұрыс аталмаса қапшық ашылмайды.

Сахна әрекеттері. Затты сипалау; зат туралы жұмбақты шешу.

Сахна барысы. Ойынды ұйымдастыру барысында тәрбиеші балаларға таныс ойыншықтарды таңдап алады. Барлық заттар көрінетіндей етіп балаларды жарты шеңбер бойымен отырғызып шағын әңгіме жүргізуге болады. Кейін кейбір балаларға заттардың атауын қайталатып, не үшін қажеттігін сұрау керек.

Тәрбиеші:

- Қазір ойын ойнаймыз. Кімді шақырсам, сол қапшыққа салған затты табуы қажет.

Арман, үстел үстінде жатқан барлық заттарға мұқият қарап ал. Есіңе сақтадың ба? Ал енді теріс бұрыл! Мен қапшыққа бір ойыншықты салам, ал сен нені салғанымды табуың керек. (Қапшыққа бір затты салады.) Арман, қапшық ішіне қолыңды сала ғой. Ішінде не жатыр екен? Сен дұрыс таптың. Ал енді Арман келесі ойыншыны өзің анықтап бер.

Барлық заттар анықталғанша ойын жалғаса береді.

Бұл ойын балалардың есте сақтау (қандай ойыншықтар үстелде жатты), шыдамдылық қабілетін дамытады. Ойыншы баладан басқа балалардың барлығы тәрбиешінің қапшық ішіне қай ойыншықты салғанын көреді, әрқайсысы айтқысы келеді, бірақ болмайды.

Ойынды күрделету мақсатында өзге ереже ұсынуға болады: қапшыққа бірнеше ойыншық салынады. Балалардың ешқайсысы оларды білмейді. Шақырылған бала қапшық ішіне қолын салып және ойыншықтардың бірін сипалау арқылы ол жайында сипаттайды. Егер балалар сипаттама бойынша ойыншықты таныған жағдайда ғана қапшықтың ауызы ашылады.



Дәмін сезе біл

Дидактикалық міндет. Балаларды көкөніс пен жемістің дәмін айыра білуге жаттықтыру (тәтті, қышқыл, тұзды, ащы); балалардың сөйлеу, есте сақтау, жинақталу, төзімділік қабілетін дамыту.

Ойын ережесі. Көкөністі көрместен дәмін анықтау және дәмін дұрыс атау қажет. Дәмін татуға көкөніс берілгенге дейін сабырмен күтуі керек.

Ойын әрекеттері. Көзді жұмып, қарамау және шайнап дәмін сезгенше жауап беруге асықпау. Кім қателессе, оған басқа көкөінстің дәмін татуға мүмкіндік беріледі. Тәрбиеші үстелінің үстіндегі барлық көкөністердің дәмін анықтау керек.

Ойын барысы. Тәрбиешінің үстелінің үстінде арнайы ыдысқа балаларға бұрыннан таныс көкөністер мен жемістер салынған: қияр (жаңа піскен және тұздалған), сәбіз, орамжапырақ, қызылша, шалғам (редис); алма, алмұрт, өрік. Келесі ыдыста осы жеміс-жидектер әр балаға жеткілікті етіп туралған және майлықтар қойылған. Тәрбиеші жеміс-жидек салынған ыдысты қолына алып ойыншыларды аралап жүреді. Өзі жақындаған балаға көзін жұмуды өтініп, майлықтың үстіне көкөніс немесе жемістің бір түйірін салып, балаға дәмін татуға ұсынады. Ол көзін ашпастан дәмі не болмаса иісіне қарап жеміс-жидектің атауын табады. Содан соң бұл жеміс-жидекті үстел үстінен көрсетуге тиіс. Осылайша тәрбиеші барлық бала ойынға қатысқанша ойынды жүргізеді.

Ойын әкелінген жеміс-жидектердің барлығы аталып, дәмі анықталған соң мәресіне жетеді.

Ойынды ұйымдастыру барысында гигиеналық талаптарды ұмытпаған жөн: барлық балаға жеміс-жидектің дәмін көру үшін бір шанышқыны қолдануға болмайды және қолданылған майлықтарды басқа ыдысқа салып отыру керек.

Ойынға барлық балалар қатыса алады, бірақ шағын топшамен де аталмыш ойынды ұйымдастыруға әбден болады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ