Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Технология пәнін жаңаша оқыту әдісі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Технология пәнін жаңаша оқыту әдісі
Омарова асель Серикбаевна
технология пәнінің мұғалімі
Хромтау ауданы, «Дөң орта мектебі» КММ
«Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген бойында
ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі
парасаты бар ұрпақты тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда
отбасының, балабақшаның барша елдің халықтың міндеті»
Н.Ә.Назарбаев
ХХІ ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы ғылым-техникалық әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі.Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Барлық дамыған елдер өзінің бірегей жоғары сапалы білім беру жүйесіне ие. Негізгі мектеп үшін, барлық мектептердегі оқыту стандарттарын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің деңгейіне дейін жақсарту қажет. Жоғарғы мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығулары тиіс. Оқытудың нәтижесі сын тұрғысынан ойлау, өздігінен зерттеу және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруге тиіс. Қазіргі мемлекеттік бағдарламаларда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім берудегі озық іс-тәжірибелерінің ең үздік үлгілерін еліміздің барлық білім беру мекемелерінде кіріктіру көзделген.
Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі, білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты. «Бала оқытудың жұмысы ширақ, жігерлі, қызу болғаны дұрыс» деген Ж.Аймауытов сөзінің бүгінгі күні мәні зор. Ел болашағының жарқын болашағын ескеріп отырған жаңа міндеттердің орындалуы үшін ерен еңбек, зеректік, отанға деген сүйіспеншілік керек. Ал сүйіспеншілікті жас буынға дарытатын тұлға – жаңа технологиямен қаруланған білім мен ғылымдағы соңғы жетістіктерді серік еткен шығармашыл мұғалімдер оқушы бойындағы қайрат – жігерді, білім мен табысты, туған ел мен жер мүддесі жолында жұмсауға тәрбиелеу – мұғалім қызметінің түпкі мұраты. Еңбек тәрбиесі- өмір кілті, бақыттың тұтқасы. «Еңбексіз адам өзінің бар адамдық қасиетінен және барлық құнынан айырылады. Адам өзінің жеке еңбегінсіз бір адымда алға ілгерілей алмайды; бір жерге тұрақтап тұрып қалуға да тиісті емес; ол адам қайта кері кетеді», -дейді К.Д.Ушинский.
Мектепте еңбекке тәрбиелеу- тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке адамның адамгершілікке және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер барысында еңбек тәрбиесі мәселесі ең негізгі көкейкесті проблемаға айналып отыр. Оған себеп-адам, қоғам, табиғат заңдылығымен санаспау салдарынан туған келіспеушілік.
Еңбек тәрбиесі - барлық
тәрбиенің қайнар көзі. Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу
қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында
тәрбиелей аламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде
қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра
білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы
арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп,
қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз: «Сөзден - іске
көшу». Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп тігу, көркемдеу қол өнер
шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында
тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр
түрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек
кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т. б.
бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады. Еңбек сабағында
оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке
деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз. Оқушылар
отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың
бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты
қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім
беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі -
мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары,
қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар
жасалып, білім беріледі.
Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта
тәрбиелеуге ерекше мән беру керек. Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу
үрдісінің негізгі формасы . Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің
шеберлігіне байланысты. Инновация –оны жеке түсініп, оқу үрдісіне
енгізу - оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір
шарты. Инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің
бірден бір шарты деп айттық. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен
ақыл-ой қабілетінің жеке дамуын жан-жақтылығына негізделген білім
беру жүйесі.
- оқытудың дәстүрлі емес сабақ
түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану
- сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне,
ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу,
ойын элементтерін пайдалану.
Технология сабағында жобалау
әдісін қолдану. Жоба - әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан,
суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы
мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе
экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады. Жобаның
бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының
өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын
күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың
көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы
бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол
оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын
оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды . Жобаны қорғау
барысында қолданатын бұйымның ішінен қандай затты таңдап алу, ол
бұйым қоғамға, өзіне достарына және ата-анасына қандай пайда
келтіретіне ескеріледі.
Жобалау әдістемесінің
талабы:
1. Міндетті түрде шешілетін мәселенің зерттемелік, ақпараттық,
тәжірибелік болуы.
2. Жобаны орындау іс-әрекетті жобалаудан басталады
3. Әр жоба оқушыдан зерттеушілік жұмысы талап етеді. Сонымен,
жобалау іс-әрекетінің ерекшелігі - ақпаратты іздеу болып
табылады.
4. Жобаның шығуының ең соңғы сатысы - нәтиже:
5. Дайындалған жоба тапсырыс берушіге немесе қоғамдық өкілдікке көз
жеткізуі керек.
Жобаның түрлері:
Шығармашылық жоба
Ақпараттық жоба
Рөлдік жоба
Тәжірибелі бағдарланған жоба
Зерттеу жобасы
Жобаның негізгі бөліктері:
1. Міндеттің қысқаша анықтамасы
а)берілген бұйым кімге арналған
б)арналған бұйымның қажеттілігі
2. Бұйымды дайындауға кіріспес бұрын
- нені міндетті түрде жобалау керек
- кімге арналған киім жобалау керек
3) Бұйымның дайындалуы. Кез-келген жағдайда жұмыстың мақсат,
міндеттері оның басты бағытымен анықталады.
4) Бұйымды байқау және бағалау
Жобаның орындалу
бірізділігі
1. Іздену кезеңі
2. Жобаның тақырыбын таңдау және жаңашылдыққа бет бұру
3. Жоба тақырыбы туралы ақпарат жинау
4. Жоба идеясы мен тақырыбы туралы сыныптастарымен және
мұғалімдермен бірге талқылау
5. Жобаның тақырыбы мен идеясын бекіту. Сызбаны және технологиялық
картаны дайындау
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл сайын мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілген шығармашылық жұмыс. Шығармашылық жобаның технология пәнінде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы оқушының ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды. Оқушылар санасына жас кезінен бастап еңбек етуінің қажеттілігін, маңыздылығын сіңіру, пайдалы іс жасауға, қандай іс болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға дағдыландырады.
Көптеген жаңа технологиялармен
қатар соңғы кездері технология сабақтарында ақпараттық
технологиялар жиі қолданылуда.
Осыған байланысты күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды,
электрондық оқулықтарды);
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар,
интерактивті тақта
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай
нәтиже береді.
Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып
тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ
өткізу тәсіліне де байланысты.
Ақпараттық технология негіздері тұлғаның технология пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.
Жаңа ақпараттық технологияның
негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен
түрде шығармашылық
жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп,
өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға
мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс
таңдай білуі қажет. Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат
-оқушының сабаққа
деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім
беру.Сабақтың сәтті өтуі біріншіден,мұғалімнің
біліміне,іскерлігіне, тәжірибесіне
байланысты болса, екіншіден, сабақ материалына, ал
үшіншіден,сынып типіне, төртіншіден мұғалім мен оқушының көңіл –
күйіне де байланысты. Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы
тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық -
бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны
қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту
оқытушының оқушымен жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық
оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық
әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.
Қазіргі заман мұғалімнен тек
өз пәнінің
терең білгірі болу ғана
емес,тарихи танымдық,
педагогикалық-психологиялық сауаттылық,саяси экономикалық
білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етуде. Білім
саласындағы кез келген пәннің жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік
үлес қосары анық.Мектептегі технология
пәні-басқа пәндерге
ұқсамайтын,өзіндік атқаратын қызметі мен
тәлім-тәрбиелік мүмкіндігі зор пән.Технология пәнінің базалық
мазмұны оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтау қабілеттерін
дамытады,өздерін танып білулеріне,технология
әлемін
зерделеуіне,әр түрлі кәсіби салалар
бойынша қабілеттіліктерін,біліктіліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік
жасайды.Қазіргі кезде әлемде ақпарат және ақпараттық технологияның
маңызы ерекше.Электрондық анықтамалардан сән журналындағы немесе
кітаптағы ақпаратқа қарағанда әлдеқайда көп мағлұмат алуға болады.
Электрондық анықтамалықтар керек ақпаратты тез тауып алуға
көмектеседі. Осыған сәйкес қазіргі білім беру жүйесінің
ерекшеліктеріне-оның іргелілігі,алдын алу сипаты және осыларға қол
жеткізу мүмкіндіктері жатады.
Технология сабақтарында
электрондық оқулықты пайдаланудың тиімділігі:
• Оқушының өз бетімен жұмысы;
• Аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы
тексеру;
• Оқушының дүниетанымын, ой-өрісін кеңейтуге ықпалы
зор.
Қазіргі таңда технология
пәнінен элетрондық оқулықты пайдалану өте тиімді деп
ойлаймын.Онда
әр тарауда тақырыптың
мазмұны, заңдары мен анықтамалары,
түсініктеме сөздігі мен қазақша-орысша
сөздік,кестелер,
ғалымдардың
өмірбаяндары, жаттығулар мен
есептер,бақылау жұмыстары қамтылған.
Интерактивті тақта –сыныптағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды
құрал.Бұл мұғалімдерге жаңа материалды өте қызықты және қарқынды
етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін ресурс.Оның ақпаратты
түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндігі
зор.Оқытушылар мен оқушылар материалды барынша жетік түсініп оқи
алады.Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп,қиын мәселелерді шешуге
көмектесе алады.Біздің заманымыз
компьютерлендірілген.
Технология - пәні география, бейнелеу өнері, тарих, музыка пәндерімен тығыз байланысты. Электронды кәсіптік бағдарлау жүйесі - қазіргі заманға сай ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде жасалып, оқушының өзіне қажетті мамандықты таңдап, оның ерекшеліктері жөнінде тұтас ақпаратты ұсына отырып, өз мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын анықтауға көмектеседі. Оқушыларды кәсіптік бағдарлау ақпараттық үрдісі, ұдайы кәсіптік білім жөніндегі ақпараттарды талдауды және қорытындылауды қажет етеді.
Бүгінгі еңбектің сипаты, мазмұны өзгеріп, жаңа талап пен міндеттерді қажет еткенімен, еңбекті құрмет тұту – халықтар дәстүрінде ежелден қалыптасқан. Балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре-көре, жүре-жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен әсер етеді. Баланың еңбек тәрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет. Еңбекке сүйетін адамның өмірінде реніш болмайды. Олар үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді. Отбасына еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы белгілі бір мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жөн. Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепке іскерлікке үйрену оңайға түседі. Өйткені, отбасында алған еңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде жәрдемдесіп, оны игеруді оңайлатып отырады.
Мұғалім оқушылардың бойында еңбек сүйгіштік қасиетін және еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады. Мұғалім оқушыларды еңбектенуге, алға қойған мақсатына қол жеткізуге және өз еңбегінің нәтижелерін көре білуге үйретуі тиіс. Мұнсыз қандай еңбек болмасын өз мағынасынан айырылады. Мұғалім оқушыларды ептілікке, аспаптармен жұмыс істей білуге, бірлесіп жасаған еңбекті бағалауға үйретеді. Жұмыс кезінде бір – біріне көмектесу керектігін түсіндіреді. Технология сабағында оқушылардың эстетикалық талғамдарын арттыру басты орын алады. Неге десеңіз, әрбір жасалған бұйым сапасы жағымен қоса эстетикасы жағынан да тартымды болуы тиіс. Оқушылар бұйымды дайындауға үлкен құлшыныспен кірісуі тиіс. Мұғалімнің басты міндеті – оқушыларды шығармашылық жұмысқа дайындау және оларды қызықтыру. Жалпы білім беретін саладағы технология пәнінің бір міндеті – оқушылардың табиғатқа және табиғи байлыққа күтіммен қарай білуін, яғни, оқу – еңбек қызметінде белсенді экологиялық бағыт ұстануын тәрбиелеу. Осыған байланысты еңбек сабағында құс ұясының және құстарға жем беретін аспалы жем салғыштарды жасатудың үлкен тәрбиелік маңызы бар.
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
Пайдалынған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2011ж.
-
«Мектептегі технология» №5, 2015ж
-
«Мектептегі технология» №8, 2013ж
-
ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. 2016ж.