Материалдар / Технология пәнінен сабақ жоспарлары."Таңғы асқа дастархан жасау","ҚТЕ және кабинеттегі тәртіп ережесі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Технология пәнінен сабақ жоспарлары."Таңғы асқа дастархан жасау","ҚТЕ және кабинеттегі тәртіп ережесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Технолог мұғалімдеріне арналған сабақ жоспарын жасақтадым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қырқүйек 2018
589
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Таңғы асқа дастархан жасау

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға таңғы ас жастарханыны жасау тәртібімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен тағам түрлері дайындап үйрету арқылы аспаздық қаблеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға ас мәзірін ережеге сай құрып, жеңіл тағам түрлерінің дайындау үлгерін үйрете отырып, ұқыпты әзірлеуге, әсемдікке, өз бетінше еңбектенуге және топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, машықтық
Қажетті құрал жабдықтар: слайд, бутерброд түрлері, тақтай, пышақ, тарелкелер, сулық, сүлгі, бутербродқа қажетті азық түрлері т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
‒ Оқушыларды түгендеу
‒ Сынып тазалығы
‒ Оқушылар құралын тексеру
‒ Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Сергіту сәті.
ІIІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Сиқырлы тастар» ойыны арқылы тексеру.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру
Балалар сабағымызды бастамас бұрын балалар күнделікті тағам ретінде пайдаланатын тағамымыз? Дастарханымыздың сәні? Ол «нан», иә балалар біз нан туралы қандай
мақал - мәтелдер білеміз?
Бүгінгі сабағымыз осы ауқаттылықтың, жетістіктің және бейбіт өмір тұрақтылығының белгісі - нан мен тікелей байланысты. Бутербродтың негізгі тағамы нан болып саналады. Бутерброд неміс сөзінен шыққан «май жағылған нан» деген мағынаны білдіреді. Бутербродтар салқын тағамдарға жатады. Оларды таңғы ас, түскі ас, кешкі асқа тез дайындауға болады. Олар қала сыртына саяхат жасағанда өте ыңғайлы. Бутерброд дайындауға көптеген азық - түліктер қолдануға болады. Бутербродты шикі көкөністер – қызанақ, жас және тұздалған қияр, шалға, салат жапырақтары, аскөк, петрушка, балдыркөк қосып әзірлейді. Бутербродттағы нан тілімдерінің қалыңдығы – 10 - 15 мм болу керек. Нан тілімдері бірдей қалыңдықта болуы тиіс. Қара наннан майлы қазы, жая бутерброд дайындалады. Бутербродтарды ортақ тәрелкеден күрекше қасықпен алады. Сэндвичтерді шанышқының және пышақтың көмегімен, канепені кішкене семсер - таяқшалармен алып жейді.

   Үстел үстіне алдымен дастархан жайылады. Қазір сауда орындарында дастархандардың түр-түрі бар. Жаялықтардың әдемі безендірілген әр түрлі матадан болғаны дұрыс. Дастарханның негізгі маталары — зығыр (лен) мен мақта-мата болып табылады. Ең дұрыс шешім – ақ матадан тігілген дастархан. Ақ түс дастарханның сәнін ашып тұрады және үстел үсті әлдеқайда кең болып көрінеді. Дастархан үтіктелген, түзу жайылған, әрі шеттері бүгілмеген болуы шарт. Әдетте, дастархан жайғанда, екі адам екі жағынан ұстап тұрып, жоғары қарай сілкіп барып жаяды. Сонда ортада әуе шары секілді төмпешік пайда болады. Төмпешік басылып, үстелге тегіс тигенде барып, дастархан түзу әрі біртегіс жайылады. Тағы да, маңызды жайт, дастархан барлық жағынан 25 см жерге түсіп тұруы керек. Егер тым қысқа болса, үстелдің аяқтары сырт көзге оттай басылып,  дөрекі көрінеді, тым ұзын болса да, қонақтарға жайсыздық тудырады.

 Жабдықтау       Жалпы дастарханды жабдықтау дегеніміз не? Қазір өркениет кең етек жайған заманда қонақ күту рәсімі де барынша мәдениетті. Қонақ алдына ұсынылатын тәрелке, шанышқы, қасық пен пышақ рет-ретімен, белгіленген тәртібімен орналастырылады.   Дастархан жабдықталуына арнайы тәртіп белгіленген:—    Алдымен фаянс ыдыс пен фарфор ыдыстар қойылады;—    Келесі ретте ас ішу аспаптары қойылады;—    Соңынан барып сусын ішетін шыны стақандар қойылады;—    Майлық төселеді.

Есте сақтау керек: Ешқашан аяғы бар шыны ыдыстарды бел ортасынан ұстамайды, міндетті түрде аяғынан ұстайды.

Дастарханды жабдықтау әр түрлі болады. Ол күн мезгілі мен астың құрамына байланысты.

—    Таңғы ас

—    Түскі ас

—    Кешкі ас.

 Дастархан жабдықтаудың жалпы тәртібі

1-сурет

 Ү.Сабақ бекіту

Сұрақтарға жауап

ҮІ Бағалау

ҮІІ Үйге тапсырам

 












Тақырыбы : Қауіпсіздік техникасы ережесі және кабинеттегі тәртіп ережесі

Мақсаты:

Оқушыларды ұқыптылыққа үйрету.

Эстетикалық талғамдарын дамыту

Оқыту методикасы:түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақта пайдаланған әдебиеттер:

Оқулық,технологиялық әдістемелік құралдар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру:Оқушыларды түгелдеу,сәлемдесу.Сынып тазалғын тексеру.оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.Оқушы назарын сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын сұрау,тексеру.Оқушылардың үй тапсырмасының сапалы түрде,дұрыс орындалғанын тексеру,тексеру барысында байқалған кемшіліктерді түзету,білім,білік дағдыларын одан әрі жалғастыру,жетілдіру

3.Жаңа тақырып.



Аспаздық жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік техникасы жөніндегіережені қайталау.

Тігін машинасымен жұмыс ережесі, қауіпсіздігі

Инемен, желіммен жұмыс ережесі мен қауіпсіздігі

Кабинеттегі ереже

Оқушыларға қауіпсізідк дәптерге қол қойғызу



Кесу құралдарын қолданғанда

Өткір кесу құралдарына өте сақ болыңыз.

Пышақпен шанышқыны берер кезде ұшын өзіңе қаратып ұсын.

Нан, көкөністер, гастрономиялық тағамдарды тураған кезде тақтайшаны қолданып, дұрыс кесу ережелерін сақтаңыз: сол қолдың саусақтары бүгіліп пышақтардың өткір жүзінен арақашықтығы алшақ болу керек.

Үккішпен жұмыс жасағанда қауіпсіздікті сақтаңыз.

Электр плитасын қолданғанда.

Электр плитасын қолданар алдында ток көздерінің дұрыстығын тексеріп алыңыз.

Плитаны қосқан кезде вилканың ток ұяшығына толық кіруін тексеріңіз.

Тоқ бауының оралып қалмауын қадағалаңыз.

Электр плитада тағам дайындау үшін эмальді ыдыс қолданыңыз.

Ыстық сұйықтармен жұмыс жасағанда (су,май т.б)

Қайнаған тағам ыдыстың сыртына тасып кетпеуін қадағалаңыз.

Ыдыстың қақпағын өзіңізден әрі қарай орамалмен ұстаңыз.

Табаны ағаш табаұстағышпен ұстау керек.

Экономикалық бөлім :Нарықтық тепе-теңдік

Мақсаты: Микродәрежедегі нарықтық тепе-теңдіктің осы замандағы үлгілерімен таныстыру.

Тақырыпты баяндау

Микродәрежедегі нарықтық тепе-теңдіктің осы замандағы үлгілері

Жоғарыда аралған макродәрежедегі жалпы тепе-теңдік экономикалық жүйенің идеалдық болмасын сипаттайды. Ақиқат өмірде нарықтық тепе-теңдік бұзылып отырады.

Өрмек түрлес үлгі. Бұл көпке белгілі үлгі. Мәні : баға тепе-теңдік болмыстан ауытқығанда, нарықта сатылатын тауарлардың саны мен бағасы тербеледі. Тербелу нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс арасында тепе-теңдік орнайтын жағдай пайда болады.

Қатаң бағалы Вальрастікі емес үлгі

Өрмек түрлес үлгіні графикалық талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

 егер ұсыныс қисық сызығының еңкею бұрышы сұраныс қисық сызығынын еңкею бұрышынан шұғыл болса, тепе-теңдік тұрақты болады:

 егер сұраныс қисық сызығының еңкею бұрышы ұсыныс қисық сызығынын еңкею бұрышынан шұғыл болса, тепе-теңдік тұрақсыз болады, бағаның өте қатты тербелуі орын алады;

 егер сұраныс қисық сызығы мен ұсыныстың еңкею бұрыштары тең болса, баға тепе-теңдік болмысы маңайында ұдайы тербелуде болады.

Вальрастікі емес қатаң бағалар болатын үлгі. Бағаның құрылу үлгісі ол икемді болады деген жорамалдауға негізделеді. Нарықтық тепе-теңдіктің бұзылуы бағаны өзгерту арқылы, немесе, өткізуге ұсынылған тауарлардың санын өзгерту арқылы жойылады деп жорамалдауға болады. Бірінші жорамал Вальрастық бағытқа тән, екінші — кейнстікке тән.

Бұл үлгі тепе-теңдік болмысты орнату тек бағаны өзгерту арқылы ғана емес, өндіріс көлеміне бағаны сұранысқа үйлестіру мақсатпен, бақылау еңгізу арқылы да қамтамасыз етіледі деп тұжырымдайды.

Мемлекеттің кірісу жағдайындағы нарықтық тепе-теңдік үлгісі (кезекші үлгісіне косымша). Егер нарықтық жағдайда мемлекет тауарлардың бағасын тепе-теңдік дәрежеде белгілемесе, онда артықшылық, немесе, тапшылық болуы күмәнсіз.

Егер баға тепе-теңдік дәрежесінен жоғары белгіленсе, артықшылық пайда болып, тауарлар қоймаларда қалып қояды. Осы мәселені шешудің ең жабайы жолы: артық тауарларды мемлекет өзі сатып алады. Осылай экономикалық тепе-теңдік орнайды. Керісінше жағдайда баға тепе-теңдік дәрежеден төмен белгіленеді. Нәтижесінде тапшылық туып өтелмеген сұраныс көбейе түседі. Мұндай ұнамсыз жағдайды жою мақсатымен мемлекет өзінің қаражаттарын пайдаланып тапшылықты болдырмау үшін, мысалы, импортты көбейтеді. Мемлекет өзіне қосымша тауарды жеткізуші қызметін жүктейді. Осылайша тапшылық, жойылады, экономикалық тепе-теңдік орнайды.

Осы замандағы батыс экономикалық әдебиеттері өзін-өзі реттейтін жүйе болып нарықтың қызмет етуін, нарықтық қатынастар субъектілерінің экономикалық іс-әрекеттерінің рационалдылығымен дәлелдейді. Олардың әрекеттерінің рационалды түрде жүруі, ынталар мен қажеттіктерді қамтамасыз етудің оптималдық әдістері арқылы жүзеге асырылуынан көрінеді. Фирмалар өздерінің табыстарын көбейтуді көздей отыра сонымен бірге, «көрінбейтін қолдың» қатысуымен, қоғамдық ынталарды да қанағаттандырады. Фирмалар өнімдердің осы көлемін өндіру үшін алдыңғы қатарлы технологііяны, өндірісті ұйымдастырудың қолайлы әдістерін қолданады. Олардың осындай әрекеттері жеке бастарының табысқа жетуіне, шығындарын үнемдеуіне жол аша отырып, сонымен қатар, жалпы коғамның байлығының молаюына ат салысады. Осылайша, нарықтық жүйе мүмкіндік тудырған жеке адамдардың өз басының табысты көздейтін әрекеттері түбінде бүкіл қоғамның қажеттерін толығырак қамтамасыз етуге жол ашады.

«Көрінбейтін қол» түрінде әрекет ететін өзін-өзі реттейтін экономикалық жүйе, бір жағынан, экономикалық жүйені ұйымдастырудың формасы болып, екіншіден, шаруашылық жүргізу әдісі болып табылады. Өзін-өзі реттеуді ұйымдастыру формасы. Бұның негізін нарықтық жүйе құранды. Осы форма меншіктің сан алуан формаларына, шаруашылық жүргізудің көп түрлі ұйымдастыру-құқықтық формаларына, көп салалы нарықтық инфрақұрылым жүйесіне негізделеді.

Өзін-өзі реттейтін нарықтық жүйе әлеуметтік-экономикалық еркіндігі бар шаруашылық субъектілерінің құрылуын талап етеді. Нарықтық экономиканың субъектілерінің осындай жағдайы, объективтік түрде қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі болып табылады — бұл бір жақтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерді еңбек етудің түрлеріне сәйкес бір-бірінен алшақтатып бөледі, экономикалық әрекеттер жағынан оңашаланған өндірушілерді қалыптастырады. Екінші жақтан, еңбек бөлінісі өндірушілер арасында тұрақты функционалдық өзара байланыстар тудырады, сатып алу - сату түріндегі эквиваленттікке негізделген айырбас процестерін келістіреді.

Осы методологиялық болмыс нарықтық экономиканың дамуымен байланысты болатын, бұданда терең процестің теориялық негізін құрайды. Осының табиғи дамуы екі қарама-қарсы тенденцияға: орталықтан тепкіш және орталықа тартқыш тенденцияларға негізделеді. Бірінші, орталықтан тепкіш тенденция қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде пайда болған, жабайы оңашаланған өндірушілерді ұсақ тауарлық өндірісінің монополистік бірлестіктер түрін алған ірі шаруашылық субъектілеріне айналдырады. Бұлар өндіргіш күштердің дамуының және олардың бір-бірімен бәсекелесуінің нәтижесінде пайда болады. Екінші, орталықа тартқыш тенденция қоғамдық еңбек бөлінісі арқасында күшейген функционалдық өзара байланыстара негізделе отырып, интеграциялық сипаттамалары бар, әр түрлі процестерден түрадыБәсекелестік және интеграциялық, қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңының көрініс формасы ретінде, нарықтық экономиканың өзін-өзі жылжытуының, өзін-өзі реттеуінің ішкі көзі болып табылады.

Нарықтық қатынастардың дамуы барысында интеграциялық процестерде қолданатын шаралар:

 өндірісті ұйымдастыру саласында жекелеген фирмалар өндірістің, ғылыми-техникалық, жөне әлеуметтік даму мүмкіндікгерін молайтуды көздеп, ассоциация болып бірлеседі. Акцияландыру жүйесі меншік иелерінің арасындағы бәсекеге байланысты пайда болды. Бірақ, ол демократиялық негізде нарықтық экономиканың тәуелсіз субъектілерінің интеграциясын тудырды;

 мемлекеттік реттеу саласында бәсеке және өндірісті монополияландыру процесінде, өндірушілердің әрекет терін шектеуді көздейтін шарттар жасалып қолданылады. Мемлекетгік реттеу жүйесі тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде пайда болып отырған кәсіпкерлік іс-қимылды заңды түрде реттеудің негізін құрды. Осы жағдай тауар өндірушілерді «еркіндік аумақпен» қамтамасыз етеді, осы аумақ ішінде олар өздерінің бәсекелестеріне ықпал жасай алмайды;

 айырбас саласында маркетинг концепциясы қалыптасты. Ол бәсекелестік күрес әдістерінің даму нәтижесінде пайда болды және бірте-бірте өндіріс пен тұтыну сфераларының интеграциясына әсер ету механизіміне айналды. Осы жағдай тәуелсіз өндірушілер мен тұтынушылардың ынталарының келісімді болуына негізделеді;

 еңбек ресурстарын пайдалану саласында халықты жұмыспен қамту жүйесі жасалады. Бұл кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмыскерлер арасындағы бәсекенің нәтижесінде пайда болады. Осылайша, халықты жұмыспен қамту жүйесі әлеуметтік бағытталған нарықтық экономканың құрамды бөлігіне айналады.

Қорытынды ретіне мына мәселені айта кетейік: даму процесінде нарықтық экономика өзі іс-әрекетіне тән негативтік жағдайлардан құтыла алмайды. Осыған ұдайы өндірілмейтін ресурстарды пайдаланумен, қоршаған ортаны қорғаумен, бүкілхалықтық байлықты (ормандарды, балықты, тағы жануарларды) пайдалануды реттеумен байланысты мәселелер жатады. Интеграциялық процестер бәсекелік сайыс болып тұрған жағдайда әсер ететін тенденция болып қана табылады. Осы процестер өзін-өзі реттейтін жүйе болып табылатын нарықтық экономиканың тұрақтылығын нығайтуға көмектеседі

Үйге берілген тапсырма.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!