Тақырып бойынша 11 материал табылды

Технологиялық карта "Ызғарлы қыс келді" (табиғатқа саяхат жасау).

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал шағын орталық тәрбиешілеріне көмегі бар деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:28.12.2017ж

Білім беру саласы:Әлеумет

Үйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Ызғарлы қыс келді (табиғатқа саяхат жасау).

Мақсаты: Қысқы табиғатты бақылап, қарапайым өзгерістерді атай білуге үйрету. Қысқы табиғат құбылыстары (қардың жауғаны, аяз) туралы түсініктерін кеңейту.

Қажетті құрал-жабдықтар: бала санына жететіндей жіңішке таяқшалар.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, практикалық

Билингвалды компонент:ызғарлы-холодный,қыс-зима.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

-Балалар, айналаға көз салыңдаршы, не байқап тұрсыңдар?

-Қар жылдың қай мезгілінде жауатын еді?

Ойын:«Қыс туралы кім көп біледі?»

-Айналаның бәрі аппақ қар.


-Қыс мезгілінде.

Балалар шеңбер бойына тұрып бір-біріне ойыншықты бере отырып, қыс мезгілі туралы айтады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

-Балалар, ағаштарға қараңдаршы, қандай өзгеріс байқап тұрсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар, ағаштар да қар жамылған. Кәне, енді бәріміз сол ағаштарға барайық.

-Біз жүріп келе жатқанда қандай дыбыс естіледі?

-Ал қардың неліктен сықырлайтындығын білесіңдер ме?

Бүгін ауа райы қандай болып тұр?

-Қар қүн суық, аяз болғандықтан сықырлайды екен. Ал күн сәл жылынса болды, қар сықырламайды. Көне, тағы да аяқтарыңмен қарды басып жүріп көріңдерші.

Міне, балалар, ағаштарға да жеттік. Ағаштардық бұтақтары майысып түр, себебі: олардың бұтақтарына қар жабысып қалған. Демек, балалар, қар қандай екен?

-Дұрыс айтасыңдар, қар жабысқақ екен. Оны дөлелдеу үшін қолдарыңмен қарды ұстап көріңдерші.

Бірақ та қарды қолғапсыз ұстасақ қар жабыспайды.

Қарды қолғапсыз ұстасақ тез ери бастайды екен. Демек, қар ериді. Қар ерігенде не пайда болады?

-Дұрыс айтасыңдар, енді өздерін жүріп келген жолға қараңдаршы, не байқалады?

-Ол кімдердің ізі?

Яғни, балалар, қардың үстімен адам немесе жануар жүрсе де із қалады екен. Міне, мына із ненің ізі деп ойлайсыңдар?

Демек, қардың үстіне сурет салуға да болады екен. Біз қазір қардың бетіне құстың ізінің суретін саламыз.

Қардан тағы да не жасауға болады?

Оларды балалар бір сөзбен қар мүсіндері деп атаймыз. Міне, қардың жабысатындығын тағы да дөлелдедік. Егер де қар бір- біріне жабыспаса, онда біз мүсін жасай алмайтын едік. Алайда қардың барлығынан мүсін жасай алмаймыз. Себебі: кейбір жауған қарлар жабыспайды. Мысалы, алғашқы жауған қарды қанша домалатсақ та оларды жабыстыра алмаймыз. Олар ақша қар деп аталады.

Енді қарды бақылайық. Қар неге ұқсайды?

Сол жұлдызшалар бір- бірімен ұйыса біріккен кезде жапалақтап жауады екен. Жалпы қар түйіршіктері жұлдызша түрінде ғана емес әртүрлі болады екен. Ол туралы біз кейінірек әңгімелесеміз.

Қыс несімен сендерге қызықты?

Қыста қандай ойындар ойнаймыз?

Сендер атаған ойындарды не үшін жазда ойнауға болмайды?

Демек, қыстың көркі қар екен.

Ал қысты күнгі суықты аяз деп айтамыз. Кәне, бөріміз қайталайықшы.

Сонымен қатар қыс мезгілінің, қардың адамдар, өсімдіктер үшін пайдасы мен зиянын айтып түсіндіреді. Мысалы, қыстың пайдасы, балалар сырғанақ тебеді, қар көп жауса ауылшаруашылығына пайдалы т.б. Зияны, адамдар далада көп тұрып қалса тоңады, өсімдіктер суықтан үсіп кетеді.

«Қар атыспақ»ойыны.

-Ағаштарды қар басып жатыр.


Балалар балабақша ауласындағы ағаштарға аяңдап барады.



-Қар сықырлайды.


-Жоқ білмейміз.


-Суық болып түр.

Балалар әрі-бері жүріп қардық сықырлағанына мәз болып қуанады.


-Жабысқақ.

Балалар қолғап киген қолдарымен қарды үстап, жерге қайта тастайды да, қолғаптарына жабысқан қарды көреді.

Қар еріп кетеді

-Су пайда болады.


-Іздер байқалады.


-Біздің ізіміз.

-Құстың, қарғаның ізі.


Балалар тәрбиеші алдын ала дайындап қойған жіңішке таяқшаларды алып сурет салады.


-Аққала, қолтырауын, тасбақа жасауға болады.


















Жұлдызшаларға ұқсайды.








Ойынымен қызықты.


Сырғанақ тебеміз, шаңғы тебеміз,коньки тебеміз. Өйткені жазда қар жаумайды.






Балалар бір-біріне қар лақтырысып ойнайды.

Рефлексиялық – түзетушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Балалар сұрақтарға жауап беріп,өз ойларын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қысқы табиғатты, қарапайым өзгерістерді бақылап суық, аяз, қардың жаууы туралы айта біледі.

Игереді: қыс мезгілінде ауа райының суытып аяз бола- тындығын, қардың аязды күндері сықырлайтындарын, қардың ерігенінен судың пайда болатындығын.

Меңгереді: қыс мезгілі мен қардың адамдар мен өсімдіктер үшін пайдасы, аяз туралы, қардың қасиеті туралы білімді

игереді.




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні:30.11.2017ж

Тәрбиеші: Н.Алматқызы

Тақырыбы: «Гүлзардағы раушангүл»

Білім беру саласы: «Таным» «Әлеуметтік орта»

Бөлімі: Экология

Мақсаты: гүлзардағы раушангүлімен таныстыру.Раушангүлін танып, басқа гүлдерден айырмашылығын айтып беруге үйрету.Олардың тұрмыста қолданылуы, пайдасы туралы түсіндіру.Қамқорлық сезіміне тәрбиелеу.

Қостілділік кампонент: гүлзар-цветник, өседі-растет, гүлдер-цветы.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Бүгінгі күнімізді сүйіспеншілікпен қарсы алайық.Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебізімізді, бір-бірімізге әдемі күлкімізді сыйлайық

Балалар өздерінің жылы лебіздері мен тілектерін айтады

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Жұмбақ шешеміз

Су құйсаң болды

Кетеді бойлап

Әдемі жұпар.

Не? Көрші ойлап?!

(Гүл)

Балалар біз қандай гүлдің түрлерін білеміз?

Бір гүл бар оның түрлері әр түрлі , тікенекті болып келеді.Мен қандай гүл туралы айтып тұрмын?Олай болса біз бүгін раушан гүлімен танысамыз.Раушангүлінің түрі көп болғанымен олардың өзара ерекшеліктері болады.Басқа гүлдерден қандай айырмашылығы бар?

Дұрыс айтасыңдар балалар басқа гүлдер сияқты раушангүлі де топырақта өседі.Раушангүл – гүлдердің патшайымы.Оның да басқа гүлдер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және әдемі гүлі болады.Раушангүлінің көпшілігі гүлзарда өседі.Бөлмеде өсіретін раушангүлі де болады.Раушангүлінің күлтелерінде әртүрлі дәрумендер бар.Раушангүлінен алынған майды адамдар тісі ауырғанда пайдаланады және суға шомылғанда қолданады.Міне, балалар көрдіңдерме раушангүлінің пайдасы өте көп екен.

Гүл









Раушан гүлі





Басқа гүлдер сияқты топырақта өседі.

Рефлексиялық ізденушілік

Сұрақтар қойып, тақырыпты қорыту:

-Балалар, бүгін қандай сабақ оқыдық?

-Гүлзарда не өседі?


Сұрақтарға жауап береді.




Рефлексиялық- түзетушілік

Күтілетін нәтиже:

Біледі: гүлзарда өсетін раушангүлі өсімдігін танып, айтып беруді.

Игереді: Гүлзарларда түрлі гүлдердің өсуін.

Меңгереді: өсімдіктерді бей-берекет жұлмау керек екендігін,оларды күтіп-баптауды;


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2018
3000
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі