технологиялық картасы Жыл құстары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

технологиялық картасы Жыл құстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні:

Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Сабақтың тақырыбы: « Жыл құстары»

Сабақтың мақсаты: Құстардың пайдасы жайлы мағлұмат беру, барлық  тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, баланың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту.

Сабақтың міндеті:

  • « Шешуін тап»

  • « Құстар»

Көрнекілік құралдары: суреттер.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, сергіту, ойын.

Сабақтың құрылымы:


Қезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Баланың іс-әрекеттері


Мотивация















Негізгі кезең



























Тәжірибені қолдану













Қорытынды

Сәлеметсіндер ме, балалар. Кәнекей, шеңберге тұрайық.

Қуан шаттан алақай.

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шықсын күн бүгін.

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Көктемде қандай өзгерістер болады?








Балалар, біз бүгін жыл құстары туралы әңгімелейтін боламыз. Жыл құстары және қыстап қалатын құстар туралы не білесіңдер?

Кім маған айтып береді?

Дұрыс айтасыңдар, балалар. Күннің суытып, жәндіктердің көпшілігі қырылып қалады, кейбір жәндіктер ағаштардың қуыстарына тығылады. Осылайша құстардың жемі азаяды. Осыған байланысты құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ол құстарды жыл құстары деп атаймыз. Құстардың бір бөлігі күзде ұшып кетпей, сол жерде қыстап қалады. Оларды қыстап қалатын немесе отырықшы құстар деп айтады.

Балалар, енді тақтаға назар аударайықшы. Қандай суреттер ілінген? Бұл қандай құстар?

Жақсы.

Балалар, ендеше қазір ойын ойнайық.

«Шешуін тап» ойынын ойнайық.

Мен сендерге жұмбақтар жасырамын. Ал сендер шешуін табу керексіңдер.

Ал енді орнымыздан тұрып, сергіту сәтін орындайық.

Күнде аспанға қараймыз.

Қайтқан құсты санаймыз.

Үшбұрыш болып тырналар.

Көк жүзінде сырғанар.

Өте жақсы.

Шаршағанымыз басылды.

Тағы бір ойын ойнап көрейік. «Құстар» ойынын ойнайық. Мен қандай құстың суретін көрсетемін, сол құсты қимылмен көрсетіп, дауыстарын шығару керексіңдер.

Жарайсыңдар, балалар.

Ойындарымыз қызықты болды ма сендерге?

Бүгін сабақта не істедік?

Не туралы әңгімелестік?

Қандай ойындар ойнадық?

Қай ойын көбірек ұнады?

Тамаша, ендеше бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!

Шеңберге тұрып, амандасады.





Сұрақтарға жауап береді.

-Көктем

Күн жылынады, қар ериді, құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарып, жапырақ шығады, гүлдер шығады, жәндіктер, аңдар, оянады. (маса, шыбын, аю, кірпі)


Жыл құстары туралы әңгімелейді. Өз ойларын толық жеткізеді.













Сұрақтарға толық жауап береді. Өз ойларымен бөліседі.



«Шешуін тап» ойынын ойнайды. Жұмбақтар шешуін табады.



Сергіту сәтін орындайды.





«Құстар» ойынын ойнайды. Құстарды қимылмен көрсетіп, дауыстайды.




Сұрақтарға жауап беріп отырады. Сабақты қорытындылайды. Өз ойларымен бөліседі.

Қоштасады.




Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек:

Балалар жыл құстары туралы біледі

Нені игереді:

Ойын шартын дұрыс түсінуді

Нені біледі:

Ұқыптылыққа, тазалыққа, табиғатты қорғауға үйренеді, сөйлеу мәдениеті дамиды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2020
730
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі