ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАРДЫ
ЖӨНДЕУ
Жабдықты пайдаланудың бүкіл
мерзімінде оның сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін
техникалық іс-шаралар комплексін жұмысқа пайдалануды ұйымдастыру
деп атаймыз. Бұл іс-шаралар техникалық қызмет көрсетудің барлық
кезеңдерінде орындалады: тасымалдау мен қоймаларда сақталуынан оның
тағайындалуы бойынша қолдануына дейін. Жабдықтың жарамдылығын
қамтамасыз ету бойынша орындалатын жұмыстар профилатикалық жұмыстар
және жөндеулер деп бөлінеді. Профилактикалық жұмыстар дегеніміз:
техникалық күтім (қызмет) көрсету және бақылау жүргізу.Жабдық
күйіне жасалатын бақылау машинаның жұмыс параметрлерінің төл құжат
деңгейіне сәйкестігін анықтаудан тұрады. Әдетте, жабдықтың
өнімділігі мен өнім сапасы, ондағы діріл деңгейі мен бөгде шудың
болмауын, температуралық параметрлерді, тұтынатын энергиянын
шығынын және т.б. тексеріледі. Осы параметрлер бойынша
диагностикалау әдісімен машинаның және аппараттың техникалық күйі
жайында жеткілікті дәл мәлімет алуға болады. Бақылау мерзімділігін
конструкторлар анықтайды да, бұл туралы мәліметтер жабдықтың
техникалық құжаттарында келтіреді.Техникалық қызмет көрсету бойынша
орындалатын жұмыс көлемі және мерзімділігі техникалық құжаттармен
анықталады. Егерде техникалық құжаттар жоқ болса, онда құрылымы
ұқсас және бірдей жағдайда, жұмыс істейтін машинаның нормативті
құжаттары жетекшілікке алынады. Техникалық күтім көрсету бойынша
жұмыс құрамына мыналар кіреді: машинаны майлау; түйіндер мен
бөлшектерін ретке келтіру; бекітпелерді қысып бекіту және басқада
осыларға ұқсас операциялардан тұрады.Жабдықты жұмыс қабілеттіліг мен техникалық ресурсын
қалпына келтіру бойынша орындалатын операциялар комплексін жөндеу
деп атаймыз.
Егерде тек қана жабдықтың
жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша жұмыстар орындалатын
болса, онда бұл жұмыстарды техникалық қызмет көрсету деп атайды.
Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жабдықты жұмыс
қабілетті жағдайда ұстау үшін қажетті өзара байланысты шаралар
комплексі ретінде қарастырады. Бұл екі ұғым іс-тәжрибеде қолданылып
жүрген «Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі»
негізінде қолданылған. Бұл жүйенің көрсеткіштері өзін іс-тәжрибеде
жақсы көрсете алды, сондықтан бұл бір тұтас мәселелер комплексін
шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ техникалық қызмет көрсету және
жөндеуге кететін еңбек және уақыт шығынын анықтауға мүмкіндік
береді. Және де көптеген жабдық түрі үшін шұғыл шығындарды
(жабдықтың нақты күйін көрсетуші техникалық қызмет көрсету мен
жөндеуге жұмсалған қосымша шығындар, материалдың қосымша шығындары,
жөндеу технологиясын қолдану ерекшелігі және т.б.) анықтайды.
Көптеген анықтамаларда жөндеуаралық циклдің, жөндеудің еңбек
сыйымдылығының және жөндеуде тұру уақытының шамасы бойынша
мәліметтер, сондай-ақ жөндеуді жоспарлауға қажетті басқа да
нормативтер келтіріледі. Техникалық күтім көрсету мен бақылаудың,
техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жүргізумен үйлестіре отырып
сапалы орындау жабдықтың ұзақ мерзімді және сенімді жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді.
Жабдықты сақтау
және пайдалануға тапсыру
Тозған жабдықты ауыстыруға немесе технологиялық
жүйені монтаждауға қажетті жабдықтар, пайдалану орнына түрлі
тасымалдағыштардың (су, теміржол және автомобиль) көмегімен
тасымалданады.
Тасымалдау процессі
тасымалдану жабдықтарының сақталуының осал жері болып келеді,
себебі бұл кезде жеке түйіндердің деформациясы, сыртқы және
қорғалмаған беттердің коррозиялық тозуға ұшырау
мүмкін.
Дайындаушы-зауыты жабдықты
жөнелту кезінде оын орамдарға орауы тиіс және де жүкке берілген
тізімде жұмысқа пайдалану құжаттары: 1) техникалық сипаттамасы; 2)
жұмысқа пайдалану нұсқаулары; 3) техникалық қызмет көрсету,
монтаждау, ретке келтіру және жұмысқа қосуға қажетті нұсқаулар; 4)
төл құжат; 5) қосалқы бөлшектер мен құралдар тізімі келтіріледі.Ірі
салмақты жабдықтар үшін, бөлшектелген түрде жеткізілетін жанасушы
орындарын белгілеудің шартты белгісін және де жабдықтың
бөлшектелген монтаждық біліктері тізімін көрсете отырып қосымша
таңбалаушы сұлбасы беріледі.Жүк тұтынушыға келіп түскен кезден
бастап, жүктің сақталуын тұтынушы толық жауапкершілігіне алады.
Сонымен қатар келіп түскен жабдықтың сақталуы тапсырма берушінің
міндетіне кіреді.Сақтау орны мен тәсілін таңдап қабылдауға қойлатын
негізгі талаптар: бүтінділігін қамтамасыз ету; коррозиялық тозудан
және ортаның басқада әсерінен қорғау; жүк көтергіш жабдықтардың
болуы. Осыған орай жабдықты шаңның шоғырлануы үлкен орындарда,
агрессивті қышқылдық және сілтілік ортасы бар орында сақтауға қатаң
тиым салынады.
Қоймада 9 айдан артық
мерзімде сақталған жабдықтардың ескі майлары жаңа майлармен
алмастырылып, қайтадан сақтауға дайындалады. Негізінен жабдықтар
қоймада сақталады және де бұл қоймалар келесі төрт типке бөлінеді:
1) ірі салмақты жабдықтар сақталатын ашық алаңдар; 2) тек қана
атмосфера әсерінен қорғайтын жартылай жабылған алаңдар мен
қалқалар; 3) жабық, бірақ жылытылмайтын қоймалар; 4) жабық және
жылытылатын қоймалар. Сақтау тәсілін таңдап қабылдау жабдық түріне
және мекеменің мүмкіндігіне байланысты
болады.
Жабдықты монтаждауға берер
алдында, ол тиісті дәрежеде дайндықтан – монтаждау алдында
тексеруден өтуі тиіс. Бұл кезде орындалатын жұмыс тізімі шамамен
төмендегідей болады:
· жабдықты
оралған орамдардан аршу;
· ашық
және механикалық өңделген беттерді қорғаушы құрылымдар мен
сақтандырғыш май қабатынан тазарту;
· жабдықты
шаң мен ластардан тазарту;
· техникалық
шартпен талап етілген жағдайда, майлау майын
ауыстыру;
· сырт
көзбен тексере отырып жинақ біліктер жинақтылығыш комплектілігін
және олардың техникалық күйін
тексеру.
Қажет
болған жағдайда жабдықты «бос» жүрісте байқап көреді. Монтаждаудан
соң жабдықты жұмысқа пайдалануға
тапсырады.
Жабдықты
жұмысқа пайдаланудан бұрын келесі дайындау жұмыс тарын орындау
қажет: коммуникациялық құбырларға және электр торабына жалғау;
машинаны ретке келтіріп міндетін орындауға дайындау қажет; «бос»
жүріс тәртібінде және де жұмыс жағдайында байқап көру. Іске қосар
алдындағы жұмыстар мазмұны мен орындалу тәртібі пайдалану
құжаттарымен тәртіптелінеді.