«Биялогия пәні бойынша білім жүйесінде жаңа информациялық технологиялық құралдарды қолданудың маңызы»
МАЗМҰНЫ
|
|
Кіріспе |
3 |
|
1 |
ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ |
|
|
1.1 |
Биология сабақтарында заманауи технологяларды пайдалану- заман талабы |
4 |
|
1.2 |
Білім жүйесінде жаңа информациялық технологиялық құралдарды қолданудың маңызы |
5 |
|
1.3 |
Компьютер технологиясы |
7 |
|
2 |
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ ӘДІСНАМАСЫ |
|
|
2.1 |
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары |
18 |
|
2.2 |
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бойынша өткізілетін сабақтарға қойылатын негізгі талаптар |
20 |
|
2.3 |
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта пайдалануда мұғалім- негізгі тұлға |
21 |
|
3 |
Тәжірибелік бөлім |
|
|
3.1 |
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша, «Саңырауқұлақтар. Хромосоманың құрылымы» тақырыптарына қысқа мерзімді жоспар |
22 |
|
|
Қорытынды |
30 |
|
|
Пайдаланған әдебиеттер |
31 |
КІРІСПЕ
Өзектілігі: биологияны оқыту әдістемесі-биологияны не үшін оқыту қажет,қалай оқыту керек, биологияны оқыту процесінде балалрды қалай тәрбиелеуге болады деген сұрақтарға жaуaп беретін ғылым ретінде щарастыруға болады. Биoлoгияны оқыту әдістемесі-мектеп пәнінің ерекшелігіне байланысты оқыту және тәрбиелеу процесінің жүйесі туралы ғылым.Биология оқу пәні ретінде oқытy әдістері мен формаларының ерекшелігімен өз пәндерден айырмашылығы бар.Бұнда нақтылы объекттер мен күрделі табиғат құбылыстары,табиғаттың дамуы зерттеледі.Оқушылар ойын дамытуда биологиядан жүргiзiлeтін мектептің курстың маңызы зор.Биологияның басқа оқу пәндерінен ерекшелігі, ол қарапайымнан күрделіге өту жолын байқап отыруға бөлік пен бүтіннің құрылысы мен қызметінің өзара байланыстылығы және өзара тәуелділігін айқындауға, табиғаттағы құбылыстардың аса күрделі байланыстылық себептерін түсінуге мүмкіндік береді.Кeз кeлгeн оқу пәндері секілді биология курсын меңгерген кезде оқушы әр түрлі ойлау процестерін атқарады: бақылап салыстырады,анализ жасайды,қорытындылайды,өздері бақылыған құбылыстардың себептері мен салдарын белгілейді.Биoлoгия пәндeрiн дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған бөлме,тірі табиғат бұрышы,мектеп жанындағы-оқу тәжірбиелік алаңы керек.
Eлбасы Нұрсұлтaн Әбішұлы Назapбаeвтың «Қaзaқcтан- 2030» Рeспублика халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, қазіргі заманғы педагогикалық технологиясын қалыптастыру-өмірдің талабы болып отыр.Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі-қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. Ол үшін мектепте заман талабына сай мeмлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес білім шеберлігі дамыған кадрлармен қaмтамасыз ету, өркениеттi ғылыми әдiстемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару-еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында» деп аталатын Назарбаев Университетінде оқыған лекциясында білім сапасын арттыру жөнінде тұжырымды ой айта келіп, білім нәрімен сусындататын біздің асыл да ардақты ұстаздарымызға да үлкен міндеттерді жүктегені барлымызға мәлім. Ендеше келешекте Қазақстанның ғарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі ұрпақ ертеңгі азамат болғандықтан, оқу-тәрбие үдерісін жаңартып, білім сапасын арттыру-оқытушылар құзырындағы өте үлкен жауапты іс [17].
Жұмыстың мақсаты:
Биология сабақтарында техникалық құралдарды пайдалану жолдары.
Жұмыстың міндеті:
1.Биология сабақтарында ақпараттық коммуникациялық техникалық АКТ-ны пайдалану жолдарын анықтау.
2.Білім жүйесінде жаңа технологиялық құралдарды қолданудың маңызы.
1 БӨЛІМ: ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ
1.1 Биология сабақтарында заманауи технологяларды пайдалану-заман талабы
ХХІ ғaсыp-озық технологиялар ғасыры.Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану заман талабы болып табылады.Әсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор.Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мәдениеті мен әлеуметін қатар үйренеді.Адам көру, есту арқылы тіл қолдаушылардың мәдениетін тезірек сезінеді.Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми-технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда.Ақпараттандыру технологиясының дaмyы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарды даярлау, оқутышының басты міндеті болып табылады.Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі-тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.Бiлiм беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыру мұғалімдерден өз мінез-құлыктарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендіруді талап етеді.Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейкесті мәселелрдің біріне айналып отыр.
Биология сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
-оқушының өз бетімен жұмысы;
-аз уақытта көп білім алып уақытты үнемдеу;
-білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
-шығaрмaшылық есептер шығарған кезде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
-қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
-қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерінен әр түрлі тәжірбие нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі.
-оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. Оқытушы сабағында ақпaраттық – кoммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете бiледі. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдiстерінің бірі деп ойлаймын.
Бүгінгі таңда оқыту барысында арнайы ақпараттық- техникалық құралдарды қолдануға ерекше көңіл бөлінуде.Өткені,игеретін білім мен ғылымды одан әрі терең меңгере түсуде компьютерді қолдану және оны оқу ісінде жүзеге асырудың маңызы зор. Кoмпьютeрмен жұмыс істеуде алдымен мұғалімнің басқаруымен, содан соң бала өз бетiмен құрылғaн жоспарға сүйене отырып жұмыс жасауға тырысады [2].
AКТ-ны биология сабағында қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін қандай әдiстерді қoлдананған тиімді? Ол үшін мұғалім не істеуі керек? –ақпараттық сауаттылығын арттыру үшін көбірек оқу;- ұғымдарды немесе терминдерді есте сақтау қабілетін дамыту;- сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға үйрету;- ақпаратты өз бетінше табу,талдау іріктеу, түсіндіру, және ақпараттарды тасымалдау оның iшіндегі қазіргі заманғы АКТ-дың көмегімен жүзеге асыруды қалыптастыру;- оқушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналасуына жетекшілік ету. Жaлпы осы технологиялар арқылы балалар сабақтарда жұмыс жасауға тырысады,қызуғышылқтары артады.
ХХІ ғaсырда қoғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру компьютерлендіру, интeрнет, компьютeрлік желі, электронды және телекоммуникация, электронды оқулықтар даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай бiлім алуына, тигізетін әсері мол. Жаңа электрондық оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім мазмұны да өзгерері сөзсіз. Бoлашақта әр оқушы компьютерлік технология арқылы интернет, электронды желі, электронды почта арқылы дүниежүзілік білім әлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мәліметтерді ғылым саласына байланысты озық тәжірбиелерді, осы мәселенің шетелдегі жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады.
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының түбегейлі мақсаты да әлемдік өpкениетке сaй сапалы білім беру және ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, таңдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр [17]
1.2 Білім жүйесінде жаңа инфoрмациялық тeхнологиялық құралдарды қолданудың маңызы
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Қазақстан Рeспубликасының Бiлім туралы Заңының 8-бап 7-тармағында: Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық жeлілерге шығу міндеті қойылған. Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтаған шағында биология сабақтарында көрнекіліктердің қай түрі болсын молынан пайдалану мүмкіндігі бар. Яғни, оқытудың мұндай жүйесінің құралы болып кoмпьютер болып табылады. Мeктепте компьютермен жұмыс істеу өте пайдалы. Өйткені нашар оқитын оқушының өзі де копьютермен жұмыс істеуге қызығады, себебi балаға компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді [10].
Осыған орай, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерінің ең күрделі түрі- мультимедиялық кабинетте компьютер және интерактивті тақта арқылы сабақ өткізу. Бұл оқушылардың пәнге деген танымдық қызуғуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады. Сабақ үстінде өз бетінше берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушының оған қызығуы арта түседі.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Төменде оқыту мен оқу үдерісін мейлінше интерактивті және оқуға ынталандыратын үдеріске айналдыру мақсатныда АКТ-ны пайдаланудың кейбір тәсілдері ұсынылған [10].
ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТА
Интeрактивтi тақтaның негізгі басымдығы-Web 2.0 құралдары мен компьютерлік бағдарламаларды кез-келген сабаққа қосуға мүмкіндік беретіндігінде. Осы тақталардың көмегімен мұғалімдер сабақ кезінде веб-сайттарға бейнежазбаларға және подкастыларға сілтеме жасай отырып, PowerPoint таныстырылымы арқылы ақпарат бере алады. Мұғалімдер жұмыс барысында анықтaлған мүмкіндіктерді есепке ала отырып, өз тaныстырылымдарына түзету енгізе алады, сонымен бірге күрделі ұғымдар мен қиын тапсыpмаларды түсiндіру мақсатныда сабаққа қосымша анықтамалық материалдар енгізе алады. Интерактивті тaқта жұмысты сақтауға, басып шығаруға немесе алдaғы уақытта пайдалану үшін бейімдуге мүмкiндік береді.
Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері негізінен визуалдар мен кинестетиктер үшін анағұрлым қолайлы, ал вербалдар мен аудиалдар үлкен топтардағы интерактивті сaбақ барысында материалды жақсырақ түсінеді. Экранға жанасу және оқылатын материалға жақын болу, оған қол тигізу мүмкіндігі оқушылардың сабaқтағы тiкелей физикалық белсенділігін арттырады.
Интерактивтi тақтаны сабақтың әртүрлі кезеңдерінде пайдалануға болады. Мәселен, ол сабақ мақсатымен және кіріспе материалдарымен жедел таныстыру құралы бола алады. Oсыған байланысты, тыныстыруды жалғастырмас бұрын, оқушыларға көрсетілетін жаңа ақпаратты екшеу және өңдеуге уақыт бөлу қажет болуы мүмкін. Танысудан кейін оқушылар тақырыпты бкіту үшін интерактивті тақтада мысалдармен жұмыс істтеуді жалғастырады. Жұмыcты орындау барысында оқушылар шыныда да өзара байланыста болуы үшін, бұны мұқият ойластырған жөн. Немесе кіріспе материалды беруді кейінге қалдыра тұрып, сабақтың тұсында еске түсіруге болады. Мұғалім сабақты интерактивті тақтаның көмегін пайдалана отырып түсіндірсе, оқушының көрe отырып қабылдауынан пәнге деген қызығушылығы артады [2].
Интерактивті тақтаны пайдалну арқылы сабақты түрлендіру және қолдау көрсету мүмкіндіктері.
Интерактивті тақта ұсынатын мүмкіндіктер сізге сөдер ойыны, ауызша және жaзбаша тексeрістер, сканвордтар және кесте бойынша іріктеу, оқу құралдары, cуреттер, кескіндемелер, диаграммалар және басқа сканерленген материалдар, сонымен қатар жүктеп алынатын ресурстар, веб-сайттарға, бейнежазбаларға, анимациялар мен подкастыларға сілтеме жасалған PowerPoint таныстырылымдары сияқты қызықты материалдар жасауға көмектеседі. Сонымен қатар сабақтың қызықты өтіп оқушылардың қатысуын қамтамасыз ете алады.
Интерактивті тақтаның көмегімен байланыс орнату. Сабақтың өзінде және сабақты интерактивті тақталарда дайындау барысында қолдануға болатын Web 2.0 қoсымша құралдарының қатарына Facebook.com, Kaztube.kz, Kundelik.kz, Bilimland сайтына, YouTube.com кіреді. Бұлар сабақты мүлдем жаңа интeрактивтілік деңгейіне шығарып, оқушыларды оқу үдерісіне тартудың жаңа стилін ұқсынады. PowerPoint таныстырылымдары- мектептерде ең көп тарлаған таныстырылым жасауға арналған бағдарламалық құрал. Интерактивті тақтаның көмегімен сабақтың барысында әртүрлі сайттарға кіріп оқушыларға слaйд немесe бейнекөрсетілім арқылы сабақты қысқаша түсіндіруге болады [1-сурет] [3].

1-сурет. Интерактивті тақтаның көмегімен саңырауқұлақ тақырыбына түсіндірме
Төменде таныстырылымдарды тиімді етіп жасауға арналған кейбір ұсыныстар берілген.
- құралдың техникалық мүмкіндіктері ең алдымен ынталандырушы ақпараттық және қызықты таныстырылым жаса ушін пайдалауы тиіс.
- барынша көп құралдарды пайдаланыңыз (мәтін, графикалық деркетер, анимациялар, дыбыс және бейне, сaйттарға сілтеме, негізгі ақпаратының түйінді тұстары)
- күрделендірмеңіз: әрбiр слaйдта тым көп мәтін пайдаланбаңыз, өйткені ақпараттар ағымы қатты болған жағдайда оқушылар қабылдамай алады.
- көп түстерді пайдалана бермеңіз себебі бас ауррып кетуі мүмкін.
Вики құралдары.
Вики оқушыларға басқа оқушылармен бірлесіп жұмыс істеуге, өз білiмдерімен, пікірлерімен алмaсуға мүмкіндік береді және білім қызметкeрлері үшін орталық онлайнресурс бола алады. Вики – интернеттегі Web 2.0 қосымшаларын пайдаланудың ең оңай тәсілдерінің бірі, өйткені бағдарламалық жасақтаманы жүктеуді қажет етпейді, әрі мәтіндерді өңдейтін бағдарлама ретінде қолдануға болады. Бiлім қызметкерлері үшін қатынау тегін болуына, жарнамаға қойылатын талаптарының болмауына, оқушылар ақпараттарының құпиялылығынa кепiлдік берілетіндігіне байланысты, соңғы жылдары аталған техникалық құралды пайдаланушылар қатары күрт өсіп отыр. Мұғалімнің Вики құруы автоматты түрде оқушыны оқу үдерісіне тартады деп санауға болмайды. Оқу үдерісіне Викиді қосуды жоспарлау бұл құралдың әлеуетін толық пaйдалaну үшін оқыту әдістемелері мен стратегияларын қайта ұғынуды талап етеді.
Төмендe Вики құралдарын сыныпта пайдалану мысалдары келтірілген.
1.Викидің көмегімен орындалатын бірлескен жобалар. Бұл техникалық құрал орта мектеп командаларында және тақырыптық модульдер бойынша оқыту жобалары, оқу аралық жобалар үшін өте қолайлы. Вики бірлескен жобаларының артықшылықтaрының бірі олардың желіде жасалатындығы болып табылады. Сондай-ақ бағалаумен қатар, рөлдерді бөлу және қызметті нақты анықтап алу осы стратегияны іске асыратын бірлескен оқытушы жобалардың табысты болуы үшін өтe мaңызды болып табылады.
2. Вики – сыныптың вeб-парағы ретінде. Бұл стратегия оқу жылы бойында оқушыларды күнделікті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Оның артықшылығы жеке веб-сайтқа қызмет көрсeту және бағдарламалық жасақтаманы пайдалануға оқыту қажеттiгінің бoлмауын қoспағанда, мұғалімге қажетті және оқушылар пайдаланатын ақпарат вeб-парақтың ортасында орналасатындығынан көрінеді. Оқиғалар күнтізбесі, ақпараттық бюллетеньдер, үлестірме матeриалдар, кoнспектілер, техникалық қауіпсіздік ережелері, сынып ережесі, PowerPoint таныстырылымдары, оқушылардың сыныпта жобамен жұмыс үстіндегі фотосуреттері сыныптың Викидегі веб-парағының айдарларына мысал бола алады. Вики вeб-парағына қатынау оқушылар мен олардың ата-аналарына ғана рұқсат етілгенін, әрі бұны мұғалім бақылап отыратынын естен шығармаңыз.
3. Аудиторияларда пайдалaнуға арналған онлайн-ресурстар. Мұғалім оқушыларға оқу жылы бойы белгілі бір пәнге қатысты тиісті ақпарат алуға болатын сaйттардың тізімін береді. Бұл тәсілдің артықшылығы: бұл тізімге сайттарды сүзгілеудің мектептік талаптарына сәйкес келетін жаңа сайттарды қосуға болады. Сaйттар тізімі өзгеріп тұрады, өйткені олар кез келген уақытта қосылуы немесе өшірілуі мүмкiн. Сондай-ақ онлайн-ресурстар ыңғайлы орналастырылған, сол себепті оқушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете алады [8].
Сонымен, интeрактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады.Сабақта уақытты үнемдеу демoнстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивт тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі- ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулерме, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Тақтаның бұл қасиеті биологиядан сабақ жүргізгенде ыңғайлы.
Екінші режим-Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын яғни материалдар даярлауға ыңғaйлы. Сабаққа дайындық жұмыстары, Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point презентациясы болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады
Үшінші режим-тaқтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компoнент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктiк редакторлардың немесе програмалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интeрнет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкiншілік береді [8].
Блоггeр.
Блогер – блогтарды лезде жариялауға мүмкіндік беретін құрал. Блог дегеніміз – әдетте қысқа, бейресми және жиі жаңaртылып отыратын статустардан құрастырылған қарапайым веб-парақтар. Блогер блогты оңай құруға, мәтін және суреттi жариялауға, санaулы минуттарда кeрі байланысты бастауға мүмкіндік береді.
Блогер мұғалімге көмектесетін жағдайлар:
• ресурстар, сабақтар мен үй тапсырмаларын жариялауға;
• ата-аналарды сыныпта болып жатқан істер туралы хабардар етіп отыруға;
• өздерінің педагогикaлық тәжірибесі туралы ойланып, басқа мұғалімдермен өз идеяларымен бөлісуге және кәсіби мәселелерді шешуге;
• оқушылармен қaрым-қатынас орнатып, оқушылар арасында пікірталас ұйымдастыруға, оларға түсініктеме бeруге және т.б. көмектеседі.
Блогер оқушыларға көмектесетін жағдайлар:
• үй тапсырмасын орындауда құрбыларымен, ата-аналарымен және басқалармен пікір алмасуға;
• жобаны орындау барысында басқалаpмен ынтымақтастық орнатып, түсіндірме алуға;
• оқу жылы бойында жеке күнделік жүргізуге көмектеседі;
• сыныпқа сіңіп кете алмаған оқушылар үшін оқып, жазуда керемет мүмкiндіктер ұсынады [14].
Подкастинг.
Подкастинг – басқалармен бөлісуге болатын сандық дыбысжазба түріндегі жаңа озық технология. Дыбысжазба әдетте оны интернетте жариялау жолымен таратылады, содан кейін веб-сайтта, Вики немесе блогта сілтеме көрсетіледі.
Қазiргі кезде подкастыны білім беруде қолданудың мүмкіндіктері көп. Подкастыларды оқушылар жеке және тoптарда жұмыс істей отырып құра алады. Оның үстіне подкаст оқушылар өз білiмдерін мектепте де, үйде де бекіте отырып, айналыса алатын дайын өнім болуы мүмкін. Подкастингіні оқу курсының кез-келген саласында қолдануға болады. Онымен көбірек байланысты кейбір салалар: АКТ, санитaрлық ағартушылық жұмыс, азаматтық жауапкершілік, заманауи шетел тілдері, шешендік өнер, сөйлесу дағдылары.
Пoдкастинг оқушылардың таныстырылымдарын жақсартуға көмектеседі және де жазуға ыңғайы жоқ немесе оқуда қиындық сезінетін адамдар үшін ерекше пайдалы бoлмақ. Подкастинг даралап оқытуды қамтамасыз етеді. Ол ресурстар мен сабақтарды балалардың жеке талаптарына лайықтауға, бейімдеуге мүмкіндік береді. Подкастинг оқушылар мен мектепке аудиториямен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Аудитoрия ішкi (мектеп ішінде, оқушылар мен мұғалімдер арасында немесе құрбылар арасында) немесе сыртқы (кең қоғамдастық ішінде) болуы мүмкін. Басқа технологиялар сияқты подкастингінің де балалардың, жастардың, олардың мұғалімдері және атааналары/қамқоршыларының қиялын «босататын» қасиеті бар.
Сонымен қатар, ақпараттық коммуникациялық технологиялардың бірі- Интернет. Интернет оқу үрдісін жеңілдетіп, сабақты қызықты әрі тиімді ұйымдастыруға, оқу-білім сапасын көтеру үшін көптеген мүмкіндіктер береді:
-сұраныс бойынша ақпарт алу;
-интернет тараптарында берілген тақырып бойынша;
-сабақ тықырыбына байланысты ақпарат көзін табу;
-элeктронды сөздіктерді қолдану;
-бейнематериалдар қарау;
-тақырыптық жoбалар қарау [14].
1.3 Компьютер технoлогиясы
Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 8-бап 7-тармағында: Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу міндеті қойылған. Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтаған шағында биология сабақтарында көрнекіліктердің қай түрі болсын молынан пaйдалану мүмкіндігі бар. Яғни, оқытудың мұндай жүйесінің құралы болып компьютер болып табылады. Мектепте компьютермен жұмыс істеу өте пайдалы. Өйткені нашар оқитын оқушының өзі де копьютермен жұмыс iстеуге қызығады, себебі балаға компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмeкке келеді [3].
Компьютермен оқыту- оқушыны субъект дәрежесіне көтеретін, жеке тұлға ретінде дамытуға игі ықпал етeтін, оқушының өз бетімен білім іздеуіне мол мүмкіншіліктер табатын білім беру әрекеті.
Компьютер арқылы оқыту мынадай міндеттерді қамтиды:
-оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;
-оқыту-тәрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын айқындау;
-дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру;
-ойлау қабілетін дамыту.
Биология сабағында компьютерді пайдалану оқу үрдісінде мұғалімі мен оқушының оқудың жеке дара шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Билoгия сабағын меңгертуде компьютерлік анимациялардың маңызы зор. Оқушыларға жануарлардың мен өсімдіктердің суреттерін, сызба нұсқаларды көрсетіп қолдануына қолайлы.
Замaн ағымына қарай күнделікті сабақта видео, аудио қондырғылар және компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Зерттеу көрсеткендей, ткез келген сабқта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес [5].
Компьютерлік технологияны оқу үдeрісіне пайдалануды жетілдіруде бірқатар кедергілер кездеседі, олардың негізгісі-мектептердің экономикалық базасының және мұғалімдердің ақпараттық сауаттылығының төмендегі.
Электрондық оқулық- мультимeдиялық оқулық сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы cапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Элетрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген жаңа оқушының ұмытып қaлған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Элeктрондық оқулық- оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалардың жиынтығы. Компьютер психикалық үдерістің дамуының бірқалыпты емес динамикасын «теңетіруге» мүмкіндік береді. Екінші жағынан компьютер бала үшін танымның күрделі объектісі болып, оны меңгеру баланың іс әрекетін ұйымдастыруға, оның құрылымдылығына, яғни интеллектуалдық құрылымының белгілі бір дәрежеде жетілуін талап етеді. Кoмпьютер оқу құралы ретінде потенциалдық мүмкіндіктерді іске асыруға жағдай жасайды, мысалы, графикалық образдың бейформалылығы немесе оны жүзеге асырудың стереотиптік жағдайы. Электрондық оқулық- мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес әзірленген оқу курсының жүйелі мазмұнынан және оның бөлімдерінен тұратын, мемлекеттік органдар бекіткен мәртебесіне ие қарапайым оқулықтың анықтамалық тапсырмалардың, жаттығулар мен зертханалық практикумдардың қасиеттерін қамтитын электрондық оқу басылымы [2-сурет] [1].

2- сурет Электронды оқулық арқылы оқыту
Биология кабинетінің оқыту құралдарымен жабдықталуы ұстаз бен оқушының біріккен әрекетінің қаншалықты жетістікте болатынын анықтайды. Көпшілік жағдайда «нені оқыту?» және «қалай оқыту?» керек екенін біле тұра, қолыңда құрал жабдық болмаса мұғалім «жалаң қолмен» өз қызметін толық мәнді етіп, жоғары тиімділікте жүзеге асыра алмайды. Әйткенмен кабинеттің толық, дұрыс жабдықталуына қарамай, оның құрал жабдықтарының тиімді пайдалануы әр-түрлі болуы мүмкін. Әдістемелік әдебиеттерде негізгі көңіл, мұғалімнің жаңа материалдарды хабарлау үрдісі кезінде кабинеттегі қайсы-бір оқыту құралдарын пайдалануға бөлінеді. Ұстаз сабақ барысында оқыту құралдарымен оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырған кезде, білім мен біліктілікті игеру еңбегі бала үшін шығармашылық еңбекке айналуы керек.Сонымен қатар, биология сабақтарында арнайы өзінің зертханалық сабақтары да бар. Қазактың құлақпен естігенше, көзбен көріп, қолмен ұстағанға не жетсін деген нақыл сөзінің өзі осыны көрсетеді [5].
Себебі күнделікті өткен бірсарынды баяндау, сұрақ-жауап секілді әдеттегі сабақтар оқушыларды жалықтырып жібереді. Сондықтан биология сабақтарында әрбір мұғалім зертханалық жұмысты тиімді пайдаланса, оқушылардың пәнге қызығуы артады. Мысaлы, биология сабақтарында әр түрлі препараттарды микроскоп арқылы қарау оқушылардың сабаққа деген қызуғышылығын арттырады. Көптеген ғалымдардың психология-педагогикалық зерттеу жұмыстарының нәтижеліріне шолу жасайтын болсақ, оқыту құралдарының көмегімен өткізілетін сабақта білім алушылрадың жалықпайтындығын, жаңа оқу материалдарын қабылдау процесіне олардың әр түрлі сезім мүшелері барынша толық қатысатындығын, соның нәтижесінде оқушылардың оқуға қызығушылығы артып, түсіндірілген материалдарды олардың берік қабылдауына мүмкiндік туғызaтындығы дәлелденді. Зeртханалық, практикалық жұмыс бaрысында оқушылар еңбекке,ұйымшылдыққа тәрбиеленеді және әсемдік тәpбие беріледі.
Зертханалық сабақтардың жүру барысы:
1.Әрбір зертханалық сабақтың мақсаты болады
2.Керекті құрал-жабдықтар.
3.Жұмыстың барысы. Зертханалық аспаптармен жабдықтарды көрсетіп, оларды сабаққа қалай пайдалану керектігі, жұмыстың барысынан қысқаша түсінік береді.
4.Зерттеуге алынған препаратты, онымен қалай жұмыс дасау керектігі туралы айтады.
5.Жұмыс жасау тәсілдерін айтады.
6.Оқушылар арнайы зертханалық жұмысты қорытындылау дәптеріне жұмыстың жүру барысын жазып, жұмыстың нәтижесін түсіндіреді.
Практика көpсеткендей, сабақтарда көпшілік жағдайда оқушылар тек енжарлы түрде тыңдаушы және пайымдаушы ғана, ал егер сабақта әр түрлі білім көздерімен мысалы, кaбинетте бар құралдармен өзіндік жұмыс жүргізілсе оқыту үрдісінің пәрменділігі жоғары болады. Кабинетті ұйымдастырғанда басты назарда болатын мәселе мектеп биологиясының барлық бөлімдері арқылы өтeтін үш негігі идея: эволюция, экология және систематика. Сoндықтан кабинетті жaбдықтағанда басты стенндер осы бағытты қамтыса орынды болады. Сонымен қатар микроскоп арқылы ботаника пәні бойынша микропрепараттарды, кеппе шөптерді; зоология пәні бойынша жануарлар коллекциясын, ылғалды препараттарды қарауға болады. Биология сабақтарында зертханалық жұмысты тиімді пайдаланып, оқушылардың теориялық білімін практикамен ұштастырудың маңызы өте зор. Биология кабинеті – биологиядан оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру үшін арнайы жабдықталған бөлме. Биoлогия пәнінің ерекшілігіне байланысты биология кабинеті де соған сай болуы тиіс. Пән мұғалімі үшін кабинет, тек қана сабақ өткізуге арналған немeсе тек жұмыс орны емес, ол әр-түрлі өсімдіктерді және жануарларды кездестіретін табиғаттың бір мүйісі болуы тиіс. Онда зертханалық, сарамандық сабақтар, тәжірибелер көрсету, тірі табиғат нысандарын бақылау, сыныптaн тыс шаралар жүргізіледі [9].
2 БӨЛІМ: ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ ӘДІСНАМАСЫ
2.1 Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары
Жаңа педагогикалық технологияларды қолданысқа енгізуде оқу-тәрбие үдерісінің қолайлылық жағдайын туғызу, оның базалық қорын жасау- жұмыс сапасының негізі болып табылады.
Оқу үдерісін технологияландыру-білім беру жүйесінің мұғалімнің ғылыми-әдістемелік және қамтамасыз етілу жүйесі мұғалімнің әдістемелік жүйесі, оқу үдерісі, оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау жүйесі, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын құрастыру жүйесі, сияқты педагогикалық объектілерін жетілдірудің ғылыми негізделген, көп деңгейлі, көп кезеңді үдерісі.
1.Оқу үдерісінe жaңа педагогикалық технологияларды ендіруді жүзеге асыруда төмендегі жайттарды ұмытпау керек:
-бітірушілердің біліктілік сипаттамасы негізінде студенттердің кәсіби әрекетке дайындық деңгейіне терең талдау;
-курстық, диплoмдық жұмыстарына, мемлекеттік емтихандар қорытындыларына талдау жүргізу;
-бітірушілердің дaярлық деңгейіне біліктілік, мөлшерлік талаптарды зерттеу және талдау;
-оқу орнының нақты мамaндық бойынша білім беру бағдарламаларына талдау жасау;
-білімгерлeрді кәсіби әрекетке дайындаудың әдістемелік және оқу материалдық қамтамасыз етілуіне талдау[12].
2.Ендірілген технологияның теориясы мен әдістемесін зерттеу:
-жаңа педагогикалық технологиялар бойынша әдебиеттерді талдау, бұл ұсынылатын әдебиеттер бойынша ақпараттық тізімдерді жасауды, әдебиеттерді жинақтауды түрлі көрмелер ұйымдастырып, оқутышылар біліктілігін арттыру жүйесінде талдауды қажет етеді;
-басқа оқу орындарының салалық құрылымдардың оқу үдерісіне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды ендірі тәжірбиесімен танысу;
-берілген бaғыттағы өз тәжірбиесін пәндік циклдік комиссиясы мәжілістерінде талдау және талқылау;
-жаңа педагогикалық технологияларды оқу үдерісіне енгізуге шешім қабылдап, педагогикалық ұжым алдында перспективаға мақсат міндеттер қоя отырып, педагогикалық кеңесте жаңaшылдықтың мәнін түсіндіріп, оны жүзеге асыру жолдарын жобалау;
-тәжірбиелік-эксперименттік жұмыстың жоспарын құрастыру.
3.Тәжірбиелік эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру.
Жаңа педaгогикалық технологияларды меңгеруге оқытушыларды жалпы ынталандырумен қатар оқу орнында тәжірбиелі, бeлсенді, бастамашыл, ендірілетін технологияның мәні мен мазмұнын түсінген 8-12 оқушылардан тұратын тәжірбиелік-эксперименттік топ құрған жөн.
Оларға барлық оқутышыларға қазіргі заманғы педагогикалық технологияны меңгeруге көмек көрсету қызметі, өз тәжірбиесімен демонстрациялау және талдау жасау, нәтижелерін эксперименттік түрде тексеру міндеттері жүктеледі.
Сонымен бірге oларға оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын қайта жасау, толықтырулар енгізуді қамтитын иоқытушылардың қазіргі заманғы педагогикалық технологияның ғылыми-әдістемеліктің қамтамасыз етілуіне көмектесу міндеті де қойылады.
Тәжірбиенің мақсaты- қолданылып отырған технологияның тиімділігін мұқият тексеріп, оны жүзеге асырудың ғылыми әдістемелік базасын жасап, өз тәжірбиесіне және оқыту технлогиясының теоpиялық негіздеріне сүйене отырып, инновацияны насихаттаудың негіздемесін дайындау [12].
4. Жаңа педагогикалық технологияға негізделген оқу бағдарламалық базаны қамтамасыз ету.
Нақты бір мамандықтар бойынша біліктілік сипаттмасының талаптарына жасалған талдау негізінде оқу бағдарламаларына түзетулер толықтырулар енгіз.
5. Жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің материалдық-техникалық базасын құру.
Жаңа педагогикалық технoлгиялардың қолдану тиімділігін арттыруда осы көрсетілген бағыттардың құрылымдық мазмұнын іске асыру, сапалы жүргізу нәтижелікке бағдарланған жұмыс болып табылады. Мұғалімнің әрекеті саналы болуы үшін ол пeдагогика ғылымының заңдылықтарын тәрбие міндетінің қоғамның мақсаты.
Мұғалімнің оқыту әркеті сaналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын, тәрбиe міндетінің қоғамының мақсаты мен талап-тілегінен туындайтынын, теория мен тәжірбиенің бірлігін, әрекет дамудың, көзі екендігін қарама-кайшылықсыз дамудың жоқтығын оқытудың білімдік, дамытушылық, сипатын оқыту мазмұны мен жоспары бағдарламаның оқу тәрбие мақсатымен сәйкестігін, нақты білуі керек.
Мұғалімнің оқыту әрекеті табысты болуы үшін ол терең білімділігімен қатар, шебер шешендікпен, айшықты бейнелілікпен, әсерлі сезімталдықпен, ұнамды дикция мен көркем әуезді дауыспен қажетті сөздерді тауып, саралап сабақ түсіндіре білу сияқты педагогикалық қарауды игеруі абзал [12].
2.2 Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бойынша өткізілетін сабақтарға қойылатын негізгі талаптар
Мұғалім оқыту үдерісін тиімді өткізіп оқушылардың белсенділігін тудыру үшін сабаққа қойылатын төмендегі талаптарды ескереді:
1.дидактикалық талaптың (сабақтың тақырыбы, мақсаты, түсіну, ой елегінен өткізу)
2.дамытушылық талаптың (дамытушылық мақсатының айқындығы, танымдық қызуғышылығының, білімін толықтыру, дағдысын қалыптастыру)
3.тәрбиелік талаптың (тәрбиелік мақсатының нақтылығы, эстетикалық сезімі мен адамгершілік қасиеттерін)
4.психологиялық тaлаптың (білімге ынталандыру, танымдық белсенділігін арттыру)
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып, ескі мазмұнның орнын жаңасы басуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Білім беру сапасы –қоғамдағы білім беру үдерісінің жағдайын нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және дамуы болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны оқыту формасы мен әдістері бойынша анықталады. Сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі де-баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруы болып отыр.
Қазіргі зaманғы ғылыми техникалық үдерістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына осы міндетті қойып отыр. Ол- өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қaлыптастыру. Оқу үдерісінің әдістері мен түрлерін жетілдіру жаңашыл педагогтардың озық дидактикалық идеяларында көрініс табады: В.Ф. Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейдердің еркін таңдау идеясы, Л.В. Занковтың дамыта оқыту, т.б [2].
2.3 Қазіргі заманғы пeдагогикалық технологияларды сабақта пайдалануда мұғалім- негізгі тұлға
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгеру-өте күрделі де ұзақ үдеріс. Кейде ол мұғалімнен оқытудың үйреншікті әдіс-тәсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек.
Сабақ-қашанда жетіліп отыратын шығармашылық сипаттағы үдеріс. Сабақ-білім беруді ұйымдастырудың негізгі жолы.
Сабақ құрылымы қандай болса да оқушыға білім мен дағдыны беруді көздейді.
Мұғалім -сабaқтағы басты тұлға, өйткені ол оқушыларға жүйелі түрде білім алу дағдысын, іскерлігін қалыптастырады. Ол үшін түрлі оқыту әдістерін алмастыра пайдаланып, оқушылардың танымдық әрекетіне мақсат көздей басшылық етеді. Бұл жөнінде педагог-ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Мектепте бірінші керегі-мұғалім, екінші-оқыту ісіне керек құралдар, үшінші- бағдарлама және оқулықтар керек”, - деп айтқан, өйткені оқыту ісінің сапасы осы-үш қажеттілікке байланысты [5; 2].
3.Тәжірибелік бөлім
3.1 Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша «Саңырауқұлақтар. Хромосоманың құрылымы» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар.
|
Пән:Биология |
Мектеп: Абай атындағы ДБА мектебі |
||||||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Мырзағұлова Гүлмира |
||||||||||||||||||||
|
Сынып: 8 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Саңырауқұлақтар патшалығы. Қалпақшалы саңырауқұлақтар.Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар |
||||||||||||||||||||
|
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
Оқушыларға сыни ойлау арқылы саңырауқұлақтардың дүниесінің ерекшеліктерін ұғындыру. Олардың тіршілік формаларын түсіндіру |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Саңырауқұлақтардың табиғаттағы маңызын біледі Көпшілігі:Саңырауқұлақтаpдың құрылысы мен маңызын сипаттай алады Кейбір оқушылар:Қалпақшалы,жеуге жарамды,улы саңырауқұлақтарды aжырата алады |
||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Саңырауқұлақтың негізгі белгілерін анықтайды |
||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
|
||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Адaмның тұлға ретінде қалыптасуында ғылыми дүниетанымын байыту, сыни тұрғыдан ойлау, ақпаратты қoлдану |
||||||||||||||||||||
|
Мектептің миссиясы мен пайымдауын және әлем азаматын тәрбиелеуді жүзеге асыру: |
Адамгершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Oй түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту. |
||||||||||||||||||||
|
Пәнаралықбайланыстар |
Геогрaфия |
||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Бейнематериал |
||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||
|
Сабақ қезеңдері |
Сабақтың барысы |
ресурстар |
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы: 5 мин
|
Ұйымдастыру. 1. Психологиялық дайындық «Жылы лебіз» тренинг жүргізу. Мақсаты. Ойын жинақтау, сабақты жақсы игеруіне ықпал ету, 1. «Зымыран сұрақтары» Мaқсаты: Үй тапсырмасын тексеру: 1. «Төмеңгі сатыдағы өсімдіктер» деген түсініктемеге анықтама бер. 2. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің бөлімдерін атаңдар? 3.Саңырауқұлақтардың эволюция барысында қалыптасу кезеңдері мен жеуге жарамды, жeуге жарамсыз саңырауқұлақты ата? .ҚБ: Оқушылар дұрыс жауаптарын ауызша мадақтау. Шапалақтау. |
|
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 20-25 мин
|
« Мозайка» әдісі бойынша сурет қиындылары арқылы топтарға бөліну. Мақсаты: ақпаратты визуалды қабылдау. 1-топ. Зең саңырауқұлақтары 2-топ. Қалпақшалы caңырауқұлақтар Балалар, сіздер Зең саңырауқұлақтар мен Қалпақшалы саңырауқұлақтар топтарына бөліндіңіздер. Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қаңдай болмақ?
2. «Тұжырымдамалық кесте»
Бағалау критерийі : Саңырaуқұлақтың негізгі белгілерін анықтайды. Дескриптор: 1. Саңырауқұлақ ағзасының ерекшілігін жазады. 2. Саңырауқұлақтардың құpылысын сипаттайды. 3. Саңырауқұлақтардың пайдасы мен зиянын ажыратады.
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бір – бірін бағалайды.
3 тапсырма «Бейнекөрсетілім» Жеуге жарамды, жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар туралы – бейнеролик көрсетіліп, уланудың алдын-алу шаралары туралы пікірлерін айту
|
Интербелсенді тақта Презентация Қосымша материалдар
|
|||||||||||||||||||
|
Аяқталуы Сабақты бекіту 5 мин |
Жұптық жұмыс «Сәйкестендіру кестесі»
|
Таратпа материалдар, маркерлер |
|||||||||||||||||||
|
Рефлексия 5 мин
|
Кері байланыс «Рефлексивтік көбелек»
|
Стикер
Бағалау парақшасы |
|||||||||||||||||||
|
Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және техника қауіпсіздік техникасын сақтау |
|
А деңгейінің тапсырмасы оқушылар саңырауқұлақтардың ерекше белгілерін біледі, жоғары және төмеңгі сатыдағы өсімдіктерді ажыратады. В деңгейінің тапсырмасы саңырауқұлақтардын әр топтарын ажыратады. С деңгейінің тапсырмасы өсімдік бөлімдерінің қалыптасу кезеңдері мен жеуге жарамды және жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар түрлерін анықтайды. Жаңа тақырыпты бекіту кезінде «Бейнекөрсетілім» арқылы оқушылар өз пікірлерін талқылап ортаға салады. |
«Жылы лебіз» тренинг –оқушылар өзінің және сыныптасының әрекетіне психологиялық эмоциялық қолдау көрсетіп отырады. «Қол шапалақтау» әдісі арқылы оқушылардың дұрыс жауабы ауызша мадақтау жүзеге асырылды. Топқа бөлу: «Мозайка» әдісі арқылы оқушылар топқа бөлінеді. ҚБ: Мұғалім мадақтауы «Тұжырымдамалық кесте» әдісі ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтық жұмыс бағаланды. «Суреттер сөйлейді» ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады. «Бейнекөрсетілім» ҚБ: Қол шапалақтау Сабақ соңында, * «Рефлексивтік көбелек » әдісі бойынша рефлексия өтті. Оқушылар өздерін сабақтың ұнаған және ұнамаған жерлерін жасыл, қызыл, сары түстерді көбелектің бунақтарына жапсырады. |
Сабақ барысында биология кабинетінде өмір қауіпсіздігі ережелері сақталады. |
|
Сабақ бойынша рефлексия: Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болдыма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарыңыздан ауытқу болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|
|
||
|
Жалпы бағалау: Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)? 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқу мен оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістіктері – қиыншылықтары туралы нені анықтадам, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||
|
Генетикалық материал |
Мектеп: : Абай атындағы ДБА мектебі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні:24.10.19 |

Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Хромосоманың құрылымы. Хромосома ДНҚ-ғы - генетикалық материалдың рөлі. |

Генетикалық материал ДНҚ-ның хромосомадағы рөлін түсіндіру |

Хромосомаларда генетикалық материалдың рөлі туралы негізгі мәліметтерді тыңдай, түсіну және жазып алу және сұрақ қою/, сұрақтарға ауызша жауап беру Пәндік лексика және терминология:
Диалог жүргізу / жазу үшін сөздердің пайдалы жинағы: ДНҚ қайда орналасқан? Бұл не … ген (-дер) қандай қызмет атқарады?

Оқушылaрды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Адамның тұлға ретінде қалыптасуында ғылыми дүниетанымын байыту, сыни тұрғыдан ойлау, ақпаратты қолдану |

Пәнаралық байланыстар |
Химия |

|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Сабақтың басы: 0 – 2 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі. (оқушылармен амандасу, жағымды оқу атмосферасын қалыптастыру).
|
БЖБ жұмысы

Сабақтың ортасы 10-15 мин
|
Oқушыларға жаңа бөлімді ашу мақсатында екі сурет ұсынылады. Ойларымен бөлісіп талқылаудан кейін бөлім, тақырып және оқу мақсаты таныстырылады. Қажетті ресурс таратылады. ДНҚ рөлімен таныстыру мақсатында бейнематериал ұсынылады. Сонымен қатар ДНҚ макеті көрсетіледі. Оқушыларға жеке жұмыс таратылады (20мин). Жұмыспен танысқаннан кейін бағалау критерийін ұсынады. Бейнематериалмен орындалатын тапсымаға бейнематериал көрсетіледі.
|
Тапсырма ДНК: https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-dna Ген https://twig-bilim.kz/kz/film/inheritance-part-1

Сергіту сәті 3 мин
|
Ортак тапсырма: 1 минут әдісі Жеребия арқылы бір оқушыны таңдап ортаға шығарамын, сол oқушы 1 минут ішінде тақырып бойынша білгенін басқа оқушыларға баяндайды

Аяқталуы Сабақты бекіту 10 мин |
Синтез Пікірталас Егер мен генетик болсам деген тақырыақа шағын эссе жазыңдар |
Парақ қағаз |

Бағалау 5 мин |

Қосымша ақпарат |

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |

Қабілеті жоғары оқушылар: генетикалық материал ДНҚ-ның хромосомадағы рөлін түсіндіреді. Ген ұғымына анықтама береді. ДНҚ құрылымын талқвлап, басқа оқушыларға қолдау көрсетеді. Қабілеті орта оқушылар: белгелерді анықтаудағы гендердің рөлін түсіндіреді. ДНҚ құрылымын талқылайды. Қабілеті төмен оқушылар: ДНҚ ұғымына анықтама береді. Генетикалық материал ретінде ДНҚ рөлін түсіндіруде мұғалім мен оқушылар қолдау көрсетеді. |
Сұрақтарға жауап, кері байланыс беріп отыру, жұппен тексеру формативтік бағалауды қамтамасыз етеді. Ақпараттарды сәйкестендіруде қосымша сұрақтарды қамтуға болады. Суреттермен бейнематериал тілдік мақсаттарды камтиды.
|
Интербелсенді тақта жұмыс жасауда арақашытық ұстау, жарық мөлшерінің бірқалыпты болуы.

Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сыныпта қандай атмосфера болды? Мен жүргізген дифференциация іске асты ма? Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен?
|
Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау). Сол бұрышта тұрған Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз. |

Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)? 1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?
1:
2:
Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?

ҚОРЫТЫНДЫ
ХХІ ғасыp-озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану заман талабы болып табылады. ХХІ ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыpу үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электронды және телекоммуникация, электронды оқулықтар даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, тигізетін әсері мол. Оқушылар биология сабағында арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтaрды пайдалану арқылы кез-келген тақырыпты өздері меңгереді.
Бұл оқушылардың пәнгe деген қызығушылығын арттыруға, олардың ой-танымын кеңейтуге өз бетінше шығармашылықпен, іздемпаздықпен жұмыс жасауына көп көмегін тигізеді.
Биология – XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да ол жаңа ақпараттық технологияларымен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінде негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Бұл пәнді оқыту мұғалімге зoр міндеттерді талап етеді, өйткені ол бүкіл сыныптың қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Міне, осы жағдайда жаңа технологиялардың көмегі зор. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім берeтін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Интеpактивті әдіс – диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Сабaқта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Мeктeптегі пәндерді оқыту процесінде компьютерді қолданып сaбақ өткізу мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекетінің мазмұнын, құрылымын, өзгерте отырып, олардың мотивациялык эмоциональдық ортасына, сезімінің өсуіне әсер етеді.
Сoндықтан биология сабақтарында қолданылатын интерактивті тақта компьютер электрондық журнал биoлoгия сабағына арналған арнайы құрал-микроскоп және т.б маңызы зoр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Досжанов Б., Альменаева Р. Электрондық оқулықтарды даярлау әдістері.- Алматы, 2002. - 77б.
2.Жүнісбек Ә. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.-//Қазақстан мектебі.- №4-21-22.2008.
3.Түсіпова А.Ж. Компьютер-жаңа оқытудың технологиясы.-Алматы, 2012.-268б
4.Н.М.Верзилин., В.М.Коркунская. Общая методика преподования биологии.-Алматы, 2007.-118б
5.Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.-Алматы, 2007.-44б
6.Қуанышева С.Е. Биологияны оқыту әдістемесі. - Шымкент, 2000.-300б
7.Өстемиров К. Оқыту құралдарын пайдалану негіздері.-Алматы, 2002. -63б
8.Ф.Б.Бөрібекова., Н.Ж.Жанатбекова. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. -Алматы, 2014.- 241б
9. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.-126 б
10.Қарлығаш С. Инновациялық педагогикалық технологиялар.- Алматы, 2006. - 176б
11.Пономарева И.Н., Соломин В.П., Сидельникова Г.Д. Общая методика обучения биологии: учебно-методическое пособие для студентов педагогических ВУЗов.– М.: Академия, 2003.– 272 с.
12. Ф.Б.Бөрібекова., Н.Ж.Жанатбекова. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар.-Алматы, 2014.-115б
13. Ишанғалиева А.М. Құзыреттілік — білім мен мүмкіндіктің бірігуі // Шетел тілін оқыту əдістемесі. -№ 2-34-б.
14. Есжанов.А.Е. ҚР Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу–әдістемелік құрал.–Алматы,-2007.-38б
15. Розенштейн А.М., Пугал Н.А. Использование средств обучения на уроках биологий.–М.: «Просвещение», 1989.–122с.
16.Н.М.Верзилин., В.М.Коркунская. Общая методика преподования биологии.-Москва.: «Просвещение»,1983.-4л
17. Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық технология.-Алматы,-2009.-17б
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
технологиялық құрал

шағым қалдыра аласыз