Телефон байланысы және оның құрамдас элементтері. Байланыс сызықтары мен олардың негізгі сипаттамалары.
Телефон байланысы – сым арқылы немесе радиосигналдар көмегімен дыбысты ақпараттарды қашықтыққа жеткізуді жүзеге асыратын электрлік байланыс түрі. Телефон байланысы кез келген қашықтықтағы абоненттердің тікелей сөйлеуін қамтамасыз етеді.
Телефон байланысы 1876 жылы америкалық өнертапқыш А.Белл (1847 – 1922) ойлап тапқан телефон аппараты мен алғашқы телефон стансасының пайда болуынан (1878, АҚШ) басталды. Телефон байланысын жергілікті (қалалық және ауылдық), қалааралық, халықаралық, сондай-ақ мекемелік және жылжымалы (ұялы байланыс, радиотелефондық байланыс) деп бөледі. Телефон байланысы жолы күрделі техникалық құрылыстан (мысалы, кейбір қалааралық кабелдік байланыс жолдарында аралық регенераторлар мен күшейткіштер саны бірнеше мыңға жетеді) тұрады. 20 ғасырдың 80-жылдарының басынан талшықты оптикалық байланыс кабелінің негізінде байланыс жүйелері кең дамыды, абоненттердің радиотелефон арқылы байланысуын қамтамасыз ететін қабылдап-таратқыштардың (ұялы желілер) ұжымдық желісі пайда болды. Өте алыс қашықтықтағы байланыс үшін Жердің жасанды серіктері (ЖЖС) қолданылады.
Жалпы, байланыс сызықтары сымды және сыссыз болып бөлінеді.
Өз бағытында, сымды байланыс сызықтары былай жіктеледі:
1. әуелік;
2. кабельді;
3. толқындық;
4. жарықтық (оптикалы талшық).
Өз бағытында, сымсыз байланыс сызықтары былай бөліне алады:
1. радиосызықтық;
2. радиорелелік;
3. спутниктік сызық.
Келтірілген жіктелу шартты болады, және бақылаушының көзқарасына байланысты өзгеріп отырады.
Әр байланыс сызығының өз тарихы, артықшылықтары мен кемшіліктері болады, оларды осы оқулық құрамында мазұмындау қиын болады, сондықтан олармен қысқаша түрде танысайық.
Әуе сымды байланыс сызықтарының тарихы ең көне болып табылады. Артықшылықтары– өз құны мен эксплуатация шықындарының төмендігі.
Кемшіліктеріне қазіргі заманға сай техникалық сипаттамасының төменгілігі, оларды бастысы –өтімділігінің қысқа ені мен ақпарат тасымалдау жылдамдығының төмендігі. Қазіргі кезде бұл байланыс сызығының түрі өз ғұмырын бітіріп отыр.
Мыс өткізгіштердің негізіндегі кабельді сызықтар өткен ғасырда негізгі тасымалдаушы болды. Олар қазіргі кезде де қолданылуда. Құрылысынабайланысты олар өте жоғары қасиеттерге ие бола алады. Алайда ол бұндай сызықтарды өндіру мен күтуде үлкен қаржылық қамтамасыз етуді талап етті. Қазіргі кезде көпжелілі мыс кабельді сызықтар болашағы қарастырылмайды.
Толқындық байланыс сызықтары жоғарғы жиілікті байланыс сызығы болып табылып (оларға коаксиялды байланыс түрлері де жатады), өндірістікпроцестерді автоматтандыруда шектелген қолданыс тапты. Қарастырылып жатқан тақырыпқа байланысты бұл байланыс сызығы спутниктік технологиялыбайланыс жүйесіне интегралданған.
Жарықтық және оптикалық талшықтың байланыс сызықтары қазіргі кезде келешегі бар өткізгіштік сызық болып табылады. Бірлік ақпараттыңменшікті құны бойынша жоғары қарастырылған байланыс түрлерінен арзан болып табылады. Олар мыс сымдардан әлдеқайда жеңіл және олардыңтехникалық сипаттамалары ең жоғары талаптарды қанағаттандыра алады.
Оптикалық талшық екі концентрлік қабаттан тұрады: өзек (ядро) мен сәйкес оптикалық мөлдірлік коэффициенті бар оптикалық қабықша. Сызыққауыпсіздігі мақсатында оптикалық қабық бірнеше қорғау қабаттарымен орамдалған.1.1-суретінде жеке алынған оптикалық талшықтың конструкциясы көрсетілген.
Осы каналға сәуле белгілі бір шекті шамадан үлкен бұрышпен енгізілсе жарық ішінде толықтай шағылып, оптикалық талшықтың өзегі бойымензигзаг траекториясымен қозғалып, сәуленің энергиясы шағылдыратын ортада толық қалады (идеалды жағдайда). Бұл құбылыс аты – толық іштей шағылу. 1.2 - суретте толық ішкі шағылысу әсері суреттеліп көрсетілген. Толықтай іштей шағылу құбылысының негізінде оптикалық талшықтар құрылған.
Талшықтың екі негізгі түрі болады: көп және жалғыз сәулелік (көпмодтық және жалғызмодтық талшық). Көп сәулелік өзекшелі талшықтар сатылықжәне қадамдық болып бөлінеді. Қадамдық көп сәулелік талшық өзінің атын өзекше мен оптикалы қабықшаның арасындағы шағылу көрсеткішінің күртөзгеретіндігінен алған. Қадамдыққа қарағанда сатылы көп сәулелік канал өзекшесі шағылу коэффициенті сатылай төмендейтін бірнеше қабат оптикалықталшықтан тұрады.
|
1.1- сурет - Оптикалық талшық құрылысы
|
1.2 – сурет – Толықтай іштей шағылу әсері |
Жалғыс сәулелік типті канал тек дара сәулелерді өткізу мүмкіндігі бар. Бұл дағдай жарық импульстар саласынан болатын бұрмалауларды болдыртпайды. Жалғыз сәулелік оптикалық талшық өзекшесінің өлшемдері өте аз болып келеді (5-10 микрон). Бұл канал түрі көп сәулелік каналмен салыстырғанда өткізу мен қуаттық параметрлері жоғары болып келеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Телефон байланысы және құрамдас элементтері

шағым қалдыра аласыз