ТЕМЕКІ ДЕНСАУЛЫҚ ДҰШПАНЫ

Тақырып бойынша 12 материал табылды

ТЕМЕКІ ДЕНСАУЛЫҚ ДҰШПАНЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ТЕМЕКІ ДЕНСАУЛЫҚ ДҰШПАНЫ
Материалдың қысқаша нұсқасы

САЛАУАТТЫ ӨМІР - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ. ТЕМЕКІ ДЕНСАУЛЫҚ ДҰШПАНЫ

Бакытжанкызы Бейбіт

Ғылыми жетекшісі - Убайдуллаев Шавкат Исражиддинович

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДСБ «ТҮРКІСТАН ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК

Қазақстан Республикасы

Аннотация. Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы.Бұл індетпен күллі әлем күресуде.Бұл індет адамзат баласының жауы.Жастар арасында темекі шегу кең таралғаны барлығына мәлім. Тіпті мектеп оқушылар арасында темекі тарту әдетке айналды. Тәтті түтінге ерген жастар улы заттың құрамын да, салдарын да аңғармайды. Темекінің денсаулыққа әсері өте нашар, қазіргі таңда бұл психологиялық аурудың бір түрі болып келеді.Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін түсіндіру отырып басты байлық денсаулық екенін көздерін жеткізу.

Аннотация. Здоровье - самое священное и ценное, уникальное, незаменимое драгоценное сокровище человека. Весь мир борется с этой эпидемией. Эта эпидемия - враг рода человеческого. Всем известно, что курение широко распространено среди молодежи. Даже среди школьников курение вошло в привычку. Молодые люди, пристрастившиеся к сладкому дыму, не понимают состава и последствий токсичных веществ. Влияние табака на здоровье очень плохое, в наше время это своего рода психологическое заболевание.Разъясняя, что будущее нашей страны в руках молодежи, важно донести до них, что главное богатство – это здоровье.

Abstract. Health is the most sacred and valuable, unique, irreplaceable precious treasure of a person. The whole world is fighting this epidemic. This epidemic is the enemy of the human race. Everyone knows that smoking is widespread among young people. Even among schoolchildren, smoking has become a habit. Young people addicted to sweet smoke do not understand the composition and consequences of toxic substances. The effect of tobacco on health is very bad, in our time it is a kind of psychological disease. Explaining that the future of our country is in the hands of young people, it is important to convey to them that the main wealth is health.

Темекі шегу сән емес – жақсы денсаулыққа тән емес!



31 мамыр жыл сайын Дүниежүзілік темекісіз күні ретінде аталып өтеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын әлемде 5 миллионнан астам адам темекі шегуден мезгілсіз қайтыс болады. Қазақстанда 3 миллионға жуық адам темекіні шегеді деп хабарлайды. Әрбір оныншы темекі шегетін ердің жасы 14 пен 24 жас аралығында. Елімізде жыл сайын 18 мыңға жуық адам темекі тартудың салдарынан көз жұмады. Қазіргі таңда 23% әйелдер темекі шексе, еркектерде бұл көрсеткіш 77% пайызға жетеді. Бүгінгі таңда Түркістан облысында өкпе ісігі бойынша 8 мыңнан астам науқас есепте тұрса, оның 5 мыңы кеңес алды, 800 адам стационарлық емделуден өтті.





Халықтың денсаулығын сақтау тек денсаулық сақтау жүйесінің ғана емес, жалпы мемлекеттің міндеті. Адамның денсаулығы оның өмір сүру жағдайлары мен қоршаған ортаның көптеген факторларына байланысты. Бірақ ең бастысы, бұл сіздің өмір салтыңызға байланысты. Темекі шегу сияқты жаман әдеттердің болмауы әлеуметтік денсаулық проблемаларының маңызды элементі болып табылады.Бұл ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Темекі шегудің басты себебі, менің ойымша, денсаулық пен салауатты өмір салты туралы білімнің аздығы.

Темекі шегудің басты себептері:

1 Әлеуметтік қысым. Егер адам, әсіресе жасөспірім шылым шегушілердің ортасында болса, темекіге тәуелділіктің даму қаупі артады. Негізінен бұл жерге өз-өзіне сенімсіз жасөспірімдер де кіреді, олар үшін «басқалар сияқты» болу маңызды;

2 Темекі шегетін адамның оң бейнесі. Олар темекі тартымды деген бейнені жасайды.

3 Ересек адамның мысалы. Егер бала ересектердің темекі шегуін көрсе, жаман әдеттің пайда болу қаупі жоғарылайды. Жасыратыны жоқ, балалар ата-анасының және басқа жақын адамдарының мінез-құлқын көшіреді.

4 Қоғамға қарсы болу. Ең жиі кездесетін себептердің бірі – қоғамға, отбасына және ұжымға қарсылық.

Біз өзіміздің оқу орнымызда темекі шегудің зияны және адамдар неліктен темекі тартады деген сауалнама жүргіздік, нәтижесі төмендегідей болды.

1) Темекі құрамын білесіздерме?

2) Темекі шегуді тастауға боладыма?

3) Темекі арқылы стресс немесе күйзеліс пен күресуге боладыма?

4) Темекі арқылы артық салмақтан арылуға боладыма?

5) "Жеңіл темекі" зияндыма?

6) Темекі шегу бұл психологиялық тәуелділікпе?

7) Темекіні күніне неше мәрте шегесіз?

8) Темекі шегуден өкпе ауруына шалдыққасызба?

9) Темекі шегетіңізді жасырасызба?

Жалпы сауалнамаға қатысқан адам саны : 36

Сауалнама нәтижесі бойынша :

1) Темекі құрамын білмейтін адам саны : 9

2) Темекі арқылы стресс немесе күйзеліспен күресуге болады деп ойлайтын адам саны : 10

3) Темекі шегуден өкпе ауруына шалдыққан адам саны : 4

4) Темекі шегетінін жасыратын адам саны : 7

5) Темекі шегу бұл психологиялық ауру деп ойлайтын адам саны : 26

Шыныменде не үшін және неліктен?

Темекі рахатының мәні мынада: оны шегу арқылы біз аз уақытқа ғана өзімізді жеңіл сезінеміз. Алан Карр барлығын темекі шегу кезінде өз сезімдерін өте мұқият сезінуге шақырады және шын жүректен: «Мен қазір өзімді жақсы сезінемін бе, қазір істеп жатқаныма ризамын ба?» Көп жағдайда жауап «Жоқ» болады! Сондай-ақ кітаптың авторы Карр адам темекі шегуге деген құштарлықты сезінген сайын оны қазірдің өзінде жасап жатқанын елестетуді ұсынады. Темекі тартудың ләззаты – бұл ғажайып, фантастика және бұл сана темекі шегетін адамға неғұрлым тезірек келсе, оның темекіні тастауы соғұрлым оңай болады


Адамдар энергия ағынын ынталандыру үшін темекі шегеді. Темекі шегу, энергия ағынына кезіккен сайын, көліктегі газды да, тежегішті де бір уақытта басумен бірдей. Біз қозғалмаймыз және ешқайда кетпейміз, газ тез таусылады, ал машинаның өзі тез арада бұзыла бастайды. Сондықтан, келесі жолы қолыңыз темекіге жеткенде немесе сіз темекі шегу керек деп ойласаңыз, өзіңізге мына сұрақты қойыңыз: «Мен неге бұлай істеп жатырмын темекі маған рахат сыйлай ма? Ол қазір менің өмірлік қиын мәселелерімді шешуге көмектесе ме?

Темекінің зияндығын теледидардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан, ғаламтордан көріп біліп отырса да, оларға толықтай көңіл бөлмей темекі шегуді жалғастырады, не темекі шегуді бастайды. Қазіргі таңда темекі шегу бұл психологиялық тәуелділік. Тәуелділіктің негізгі психологиялық себебі әдет және ол автоматты түрде жұмыс істейді. Темекі шегу өмірлік жағдайларға жауап беру әдісі, адамдар темекі шегуге жиі үйренеді.

Қазіргі таңда елімізде тәтті түтін яғни Вейп, Эйкос жасөспірімдер арасында кең таралған. Тіпті қазіргі мектеп оқушылардың қолдарынан осы электрондық темекі көруге болады, қазіргі сәнге айналған десекте болады. Бұл жерде қате ойдың бірі ол электрондық темекі денсаулыққа зиян емес деп ойлау. Осы орайда көптеген адамдар қатерлі ісік әсерінен өмірден өтуде.Электрондық темекі никотин мөлшері өте көп зат,ол өкпе зақымдануына әкеледі. Оның темекіге қарағанда хош иісіне қызығып жастар оның құрамында не бар екенін анық аңғармайды. Никотинды улы зат негізгі қауіп көзі болып келеді. Тәтті түтүнмен дем алған соң, ол қан арқылы улы токсиндер тарап , өкпеге, жүркекке және жүйке жүйесіне әсер етеді. Егер адам ұзақ уақыт шекпей жүрсе ол ашушаң, агрессивті болады. Тәтті түтінге еліктеген жастар бұл заңмен қаралғанын білмейді. Елімізде никотин бар өнімдерге қатысты «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 110-бабына сәйкес Алкоголь өнімдерін, темекі және темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылған темекі бар өнімдерді, кальяндық темекіні, кальян қоспасын, темекіні жылыту жүйелерін тұтыну сондай-ақ электронды тұтыну жүйелері мен оларға, кәмелетке толмағандарға арналған сұйықтықтарды сату тыйым салынады.Құны 2 мың теңгеден басталатын арзан «у» кәмелетке толмаған жеткіншіктерге емін-еркін сатылуда. Дүкен былай тұрсын, әлеуметтік желіні ашсаңыз, никотинді тауарды тәулік бойы үйіңізге тегін жеткізіп беретін пабликтерде, анонимді телеграм каналдарда жүздеген жарнама самсып тұр. Тапсырыс берушінің жасын сұрап, бас қатырып жатқан ешкім жоқ. Осының салдарынан оқу жылының басынан оқушылар арасында түтіні будақтаған зиянды шылымға сұраныс еселеп артқан. Тіпті кейбір мектептерде жоғарғы сынып оқушылары бастауыш сыныптарға бір реттік темекінің құнына ақша қосып сатып, әуестендіріп жүр», – деді мәжілісмен. Жалпы заңға сүйенсек, темекі 21 жасқа толмағандарға сатылмауы тиіс. Бүгінде оны дүкенде еркін сатып алуға немесе әлеуметтік желілерде тапсырыс беруге болады, қолжетімді және қиындықсыз ала аламыз. Көріп тұрғанымыздай, заңмен қаралған мәселе өз күшін жойған.


Қорытынды. Бүгінде біз айтып отырған осы электронды шылымның ағзаға қауіпті болуы ескеріліп , әлемнің 27 мемлекеті бұл темекі қолданысына тыйым салынған. Түтіні тәтті темекіге тым үйір келетіндердің көп бөлігі мектеп оқушылары екен. Мұндай оқушылар саны ер арасында 3 есе, қыздар арасында 2 есе өскен. Никотинді тауардың түтініне түрлі жағымды иістер қосқан дықтан жасөспірімдер ағзаға зияны жоқ деп есептейді. Алайда қарапайым темекінің өзі адам денсаулығына ауыр зиян келтірсе , электрондық темекі шаш еткен дейді дәрігерлер.

Кәдімгі темекі- жану өнімдерінің қалдықтары. Ал электрондық темекінің құрамында еріткіштер бар , бұл өте қауіпті. Олар өкпе мембранасына өкпе жасушаларына әсер етеді. Сонымен қатар ғалымдар адамның жүрегі мен миына әсер ететінін анықтаған.Темекі шегу жүрек пен қан айналымына зиян келтіреді, жүректің ишемиялық ауруы, инсульт, перифериялық қан тамырлары аурулары (зақымдалған қан тамырлары) және цереброваскулярлық аурулар (миды қанмен қамтамасыз ететін зақымдалған артериялар) қаупін арттырады. Күніне 5 немесе одан да аз темекі шегетін темекі шегушілерде жүрек тамыр ауруларының ерте белгілері болуы мүмкін.Онда глицерин қоспалары да бар. Олар өте қауіпті өкпеде ұйығыштарын тудырады. Тіпті, электрондық темекінің зияны туралы көп айтылып, көп жазылып жатсада , Қазақстанда электронды темекі сататын дүкендер сан алуан. Қышқыл дәмдісі, тәттісі, барлығы да бар.

Әдетте темекіні адамдар үйде немесе кеңседе отырып шекпейді. Ал электронды темекіні үйде, кеңседе, мейрамханаларда отырып та шеге аламыз. Оның себебі сол – иісі жағымды деген желеу ғана. Жастар « мода» үшін шексе , үлкен кісілер темекіні тастау үшін шегеді. Мамандардың айтуынша электронды темекі шынайы темекіні тастауға көмектеспейді. Өйткені оның құрамында никотин мөлшері өте көп.

Жастар көп жағдайда мұны әуестілікпен тартып үйренеді. Уақыт өте келе бұл тәуелділікке әкеледі. Тәтті дәмі мен хош иісіне елітудің ақыры – шылымқұмарлықпен аяқталмады, денсаулықты құртып тынады. Электронды темекі Қытайда пайда болып, өзге елдерден келген, қазақ жастарына шетелден келіп сіңген.

Ғалымдар электронды темекіні егеуқұйрыққа қолданып көріпті. Эксперименттің нәтижесі өте қорқынышты шыққан. Электронды темекінің құрамындағы сұйықтықты егеуқұйрықтың өкпесін 40 күннен кейін іріп кеткен.

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,

Үшеуімен бақытты болады өмір» дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан. Дені сау халық - бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер!

«Денсаулық – зор байлық» демекші денсаулығымыздың өзіміздің қолымызда екенін әрдайым есте сақтайық.

Ұлттың болашағы көк түтінге тұншықпасын десек, ұл – қыздарымызды электронды темекіден аулақ ұстайқ!


Пайдаланған әдебиеттер мен сайттар:

  1. bilim-al. kz

  2. life09. kz

  3. top news. kz

  4. tengri. news

  5. Қазақстан Республикасының конституциясы .













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2024
195
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі