Материалдар / Темекінің адам ағзасына зияны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Темекінің адам ағзасына зияны

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сабағы, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстану, спортты насихаттау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2022
547
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТЕМЕКІНІҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ЗИЯНЫ

(ашық тәрбие сағаты)

Сабақтың тақырыбы: "Темекінің адам ағзасына зияны".

Сабақгың мақсаты:

1. Оқытып үйрету: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру.

2 Тәрбиелік мақсаты: маскүнемдіктің, нашақорлықтың зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру.

3. Дамыта оқыту: темекінің зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілер мен түрлі түсті диафильмдер арқылы көз жеткізу.

Сабақтың көрнекілігі: 1. Жасөспірімдерге арналған ереже.

2.    Темекіден болатын аурулар.

3.    "Темекінің адам ағзасына зияны" тақырыпта түсірілген диапозитивтер.

4.    Темекі тартуға қарсы ұйымдастырылған сурет көрмесі.

5.    Ұлы адамдар сөзінен цитаттар.

6.    Тақырыптарға байланысты суреттер.

7.    1974 жылы Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі тартумен күрестің тұтас жүйесін жасаған, соның шарттары.

Сабақтың түрі: пресс-конференция.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру. Кіріспе.

II. Пресс - конференцияға қатысушылармен таныстыру.

III. Темекінің шығу тарихы

ҮІ. Жас өспірімдердің, адамдардың темекі тартуының себептері.

Ү. Көрініс. Әке мен бала.

ҮІ. Темекіден болатын аурулар.

ҮІІ. Диапозитив.

ҮІІІ. Темекімен күрес.

IX. Темекіні тастауға бола ма? (дискуссия)

X. Темекі тартудың спортқа қандай әсері бар? (спорт маманы).

XI. Қорытынды.

XII. Ү-ҮІІ сынып окушыларының міндеттеме қабылдауы.

Пресс-конференцияға қатысушы мамандар:

1.   Медицина ғылымынын докторы, академик.

2.   Жас өспірімдер ісімен айналысатын милиция инспекторы.

3.   Гимнастика мен аэробика маманы, еліміздің жастарьш эстетикалық, этикалық түрғыдан тәрбиелеуде көп жылдан бері қажымай-талмай еңбек етіп келе жаткан спорт маманы.

І-жүргізуші. Кіріспе.

- Қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналды. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің арасында қатты етек алып отыр.

П-жүргізуші. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған " Қазақстан -2030" бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:

1   - бағыт. "Темекі шегуді тоқтату";

2   - бағыт. "Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес";

3   -бағыт. "Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес".
Бағдарламада былай делінген:

"Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді". Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық салудан бастап, бірнеше сабағын ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек".

Тілшілер:

1.    "Дидар" газетінің қызметкері:

2.    "Ақ Ертіс" журналының тілшісі.

3.    Спорт маманы.

Пресс - конференция негізінен маман иелері мен тілшілер арасында сұрақ-жауап ретінде өтеді.

Сұрақтар:

1.    Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?

2.    Темекі тарту туралы кітап көп дегенмен, темекі туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз?

3.    Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде?

4.    Көрініске байланысты сұрақтар.

5.    Дәрігер никотин деген сөз туралы айтты, никотин деген сөз қайдан шыққан?

6.    Темекіден болатын ауруларды атап көрсетіңіздер!

Зиянды әдеттерге, алкаголь ішімдіктеріне үйір болу, нашақорлық, темекі тарту жатады.

Әділін айтсақ, бұлардың қайсысы болса да қайғылы жағдайға соқтыратын құмарлық кесел. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келеді. Ішімдік, нашақорлық, темекі адам организміне өте қауіпті. Бірақ біз бүгінгі шағын уақытымызда бүл мәселелерді бірден қамти алмаймыз. Сондықтан бүгінгі күніміздің тақырыбын "Темекінің адам ағзасына зияны" деген тақырыпқа арнасақ.

Құрметті балалар, темекіге байланысты сұрауларыңызды әр түрлі маман иелеріне ауызша, жазбаша тапсыруларыңызға болады. Оған дейін мен темекінің шығу тарихына тоқталайын.

Сұрақ. Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?

Жауап. Темекі тарту ХҮ ғасырда 1496 жылы басталды. Алғаш темекі дәрі ретінде Испанияда бастады.

Сұрақ. Темекі тарту туралы кітап көп дегенімен, темекі туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз.

-Темекі тарту әдеті жайлы ең алғашқы кітапты Эрпандесу де Овьеда жазды. Ол Америка тұрғындарының адамгершілігі мен әдет ғұрыптары деп аталады. Онда қысқаша былай делінген. "Расанолла" аралында тұратын халықтың тым зиянды әдет-ғұрыптары, олар қасиеті жағынан меңдіуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танаулары арқылы ішіне тартып мас болады. Онысы "тобоко" деп аталады.

Жүргізуші. Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде.

-Адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің темекі тартуының себептері мыналарға байланысты:

а) топқа еліктеу, яғни, темекі тартпайтын жас қыз немесе бала топқа қосылу үшін солардың ыңғайына көніп, жаман өдетін бойына сіңіргісі келеді;

б) жеке ұнатқан адамына еліктеу бұл жерде темекі тартпайтын жас қыз немесе бала ұнатқан адамының жаман қасиеттерін бағаламауынан темекі тартуды өзі де бастауы мүмкін;

в) ересек болуға тырысу;

г) өмірдегінін бәрін байқап көруге тырысу;

д) ата-аналардың дұрыс тәрбие бермеуі мектеп жасындағы жасөспірімдердің көпшілігі темекінің зиянын білмегендігінен тартады.

Көрініс (Бала столда сабақ оқып отырады, әкесі келеді).

Әкесі: Ә-ә-ә, балам қалай сабақ оқып отырсың ба?

Дұр-ы-ы-ы-с Қалай сабағың жақсы ма?

Бала: Жақсы ғой папа, бірақ сені мұгалім мектепке келсін деді.

Әкесі: Немене? Тағы бір нәрсе бүлдірдің бе? Кәне әкелші күнделігіңді (күнделікті алып оқиды) балаңыздың тәртібі нашар, мектепке келіп кетіңіз. Сынып жетекшісі

- Әй, сенде бір жағымсыз иіс бар ғой, темекінің иісі шығады ғой.

Бала: Жо-қ папа, өзіңнен шығып тұрған шығар. Өзің тартқан шығарсың.

Әкесі: Көп сөзді қой, кәне тұр былай, (қалтасын ақтарып темекі, сіріңке шығарады).

Міне кере-е-е-мет. Сен енді темекі тарта бастағансың ба?

Бала: Жо-о-оқ папа, мамам салып қойған шығар.

Әкесі: Мен саған салғанды, тартқанды көрсетейін (белбеумен ұра бастайды).

Бала: Ұрмашы папа, ұрмашы ой-ой!

Мамасы: жүгіріп келеді. Әй-әй не болып қалды (баласын арашалап қорғап қушақтай бастайды).

Әкесі: Андағы ақмақтан сұра, не істеп жүргенін, енді темекі тартуды бастаған.

Шешесі: Балам-ау не дейді. Қашан тарттың, кім үйретіп жүр?

Бала: Көршінің баласы тартып жүр ғой, сол жақсы деген соң, сендер жұмысқа кеткенде тартып көргем.

Шешесі: Ә-ә-ә күнім сол, тартып көрген екен ғой (басынан сипайды).

Бала: Мама, алғаш аузым мен танауымды ашытты, түтінін будақтата шығардым.

Шешесі: Күнім сол, будақтата шығарады.

Бала: сөйтіп тағы сордым, сол кезде басым айналып кетті, түрімді көрейін деп айнаға қарай бергенімде, аяғым тәлтіректей бөлме іші шыр көбелек айналып кетті.

Шешесі: Әбден қиналған екен ғой шырағым.

Бала: Аяғымды әбден басып айнаға қарасам өзімді өзім танымай қалдым. Мама, көзім қасқырдың көзіндей алайып кетіпті.

Әкесі (балаға тағы ұмтылып): Сонда неге өле қалмаган екенсің.

Шешесі: Қой, қой деймін (Баласын қорғайды).

Бала: Мама, сосын әрең дегенде диванғ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!