Материалдар / Темірдің табиғатта таралуы, алынуы, физикалық, химиялық қасиеттері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Темірдің табиғатта таралуы, алынуы, физикалық, химиялық қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
1662
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ОҚО, Түркістан қаласы

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі

Химия пәнінің оқытушысы: Кембабаева Бибайша Бердалықызы



Ашық сабақтың тақырыбы: Темірдің табиғатта таралуы, алынуы, физикалық, химиялық қасиеттері



Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге темір және оның қосылыстары жайлы мағлұмат беріп, білімдерін толықтыру.Студенттерін білімдерін жүйелендіру, пәнге біртұтас көзқарасын қалыптастыру.

Дамытушылық:Студенттердің тақырып бойынша ғылыми көзқарасын қалыптастыра отырып ой – өрісін дамыту,қорытындылау, жүйлу қабілеттерін дамыту

Тәрбиелілік: Студенттердің шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, сұрақ – жауап.

Сабақтың типі:Аралас сабақ

Көрнекі-құралдар: слайд, мини плакат, Д. И. Менделеевтің периодтық таблицасы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

4. Жаңа сабақты бекіту.

5.Үйге тапсырма.

6.Бағалау.

Жаңа тақырыптың жоспары:

1. Темірдің периодтық жүйедегі орыны;

2. Атом құрлысы

3. Табиғатта таралуы және маңызы,ашылу тарихы

4. Физикалық қасиеттері

5. Темірдің химиялық қасиеттері

6. Темірдің биологиялық маңызы

7. Темірдің қосылыстары

8.Темірдің қолданылуы

9. Бекіту:(Деңгейлік тапсырмалар,бекіту сұрақтары,тәжірибе,тест)

10.ҚорытындылауТемір туралы мақал – мәтелдер











Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі Психогимнастикалық жаттығу

2.Үй тапсырмасын тексеру:

  • Хром периодтық жүйедегі орны,атом құрылысы

  • Алынуы және табиғатта таралуы

  • Физикалық ,химиялық қасиеттері

  • Қолданылуы

  • Айналымды жүзеге асыру:

  1. Сr → CrCI3 → Cr(OH)3 → Cr(NO3)3

K [Cr(OH)4]

ә) Cr2(SO4)3 → Cr(OH)3 → Cr2O3 → Cr → Cr2S3

б) Cr2(SO4)3 → K2Cr2O7 → K2CrO4 → BaCrO4




Жаңа сабақ:

Сыныптағы оқушылар3 топқа бөлінеді

s-элементтер

р-элементтер

d-элементтер

Данышпан Абайдың бір үзік жұмбағын келтірелік:

Қара жер адамзатқа болған мекен,

Қазына іші толған әр түрлі кен.

Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,

Солардың ең артығы немене екен? Шешуі: темір



Темір

Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді «Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс, темір жол да, поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған , өсімдіктер семіп ,өле бастаған.Адам денесіндегі 3г темір жойылса, тіршілігін тоқтатып , өліп қалар еді.»

бұл көріністі суреттеген , темірдің маңыздылығын айтқан атақты минеролог, академик А.Е.Ферсман.









Темірдің ашылу тарихы:

  • Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген, олар б.з.д. ІІІ мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару-жарақ, әсемдік бұйымдар жасаған. Египет фараоны ІІ Рамзес хеттер патшасына (б.з.д. 2500 жыл) жазған хатында кендерді тотықсыздандыру арқылы темір алу туралы мәліметтер бар. Жер бетінде темір алтыннан да бағалы болған уақыттар болды. “Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі Дамаск болаты Шығыста тіпті Аристотель (б.з.д. ІҮғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді.

1.ХҮІ-ХҮІІ ғ темірден жасалған бұйымдар(шкатулка,есік өрнегі)музей,Санкт-Петербург.

2. Меккедегі қара тастың өзі де таза темірден жасалғаны белгілі,

оның тіреусіз қалқып тұруы магниттік қасиетіне негізделген .

3. Делидегі темір бағана (б.э.д. ІҮ-Ү ғасыр)

    • (Дели) Индияда б.э.д. ІҮ-Ү ғасырда 415 жылы тұрғызылған темір бағана биіктігі

    • 7 метр, салмағы 6,5 тонна 99,72% таза темірден тұрады, осынша уақыт таттанбауының себебін ғалымдар анықтай алмай отыр.

4. Эйфель мұнарасы

1889 жылы Парижде француз инженері Гюстов Эйфель

алып мұнара құрылысын аяқтады.

Париж эмблемасына

айналған мұнара биіктігі 300 метр, таза темір металынан тұрады.

3топтағыоқушыларға тапсырма беру өз бетінше жұмысы

s-элементтер Темірдің атом құрылысы, табиғатта таралуы, алынуы

р-элементтер Темірдің физикалық,химиялық қасиеттері,биологиялық маңызы

d-элементтер Темірдің маңыздық қосылыстары,қолданылуы

ХЭПЖ орны: 4 период, 8топ,қосымша топша , 26 протон, 30 нейтрон, 26 электрон.

Табиғатта кездесуі : гематит - триоксид дитемір – қызыл теміртас; магнетит – магнитті теміртас – тетраоксид тритемір; лимонит, пирит, сидерит.

Соколов-Сарбай кен орны .

Алынуы: алюмотермия, сутекпен немесе көміртек (2) оксидімен тотықсыздандыру











Физикалық қасиет

Shape2

Shape3



Темірдің химиялық қасиеттері:

Неге темір көптеген қосылыстармен әрекеттеседі? (активтілігі жоғары)

2, +Н2О, +С12, +С, +күкірт, +қышқыл, +солтұз: Тотықсыздандырғыш бола алады. Дәлелдеңдер. Электрондық баланс.

4Fe + 3О2 ---------2Fe2О3 4Fe + 2 Н2О+3О2 ------4FeO(OH)

2Fe +3С12 ------2FeС13 3Fe + С-------Fe3С

Fe +S -----FeS

-------------------------------------

3Fe +4Н2О ------2Fe3О4 +4Н2 Fe + 4НNО3 (p)-------Fe(NO3)3 +NO+2H2O

Fe + H2SO4--------FeSO4 +H2 Fe +2HCl ----------FeCl2 + H2

Fe +CuSO4--------- FeSO4 + Fe





















FeO

Қара түсті ұнтақ, суда ерімейді. Негіздік қасиет көрсетеді

Fe(OH)2 жасыл тұнба


Fe2O3

Күрең, қоңыр ұнтақ, суда ерімейді. Бұл оксидке де негіздік қасиет тән.Бірақ жоғары температурада ол екідайлы оксидтер сияқты негіздік оксидтермен және балқытқанда сілтімен қосылады.

Fe(OH)3

қызыл қоңыр тұнба


магнетит

гематит

лимонит

пирит

Fe3O4 (FeO Fe2O3)

магнитті теміртас қатты зат

Құрамындағы темірдің мөлшері – 72%


Fe2O3

қызыл теміртас қатты зат

Құрамындағы темірдің мөлшері – 65%

Fe2O3 nH2O

Құрамындағы темірдің мөлшері – 60%


FeS2

Құрамындағы темірдің мөлшері – 47%



Лабораториялық тәжірибе «Мыс,темір, мырыш иондарын сапалық анықтау»

Мыс,мырыш хлориттері + сілті ==көкілдір және ақ түсті қоймалжың тұнбалар

Үш валентті темір иондарын анықтау үшін калий тиоцианатын да реактив ретінде қолданады:

FeCl3 + 3KSCN = Fe(SCN)3 + 3KCl калий тиоцианаты темір тиоцианаты(қан қызыл түсті)

Fe3+ катиондарын анықтау үшін сары қан тұзы калий (ll) гексацианоферратын K4[Fe(CN)6] қолданады. 4FeCl3 + K4[Fe(CN)6] ↔ Fe4[Fe(CN)6]3↓ + KCl

Гексацианоферрат (ll) иондары [Fe(CN)6]4- темір Fe3+ катиондарымен әрекеттескенде қара көк тұнба – темір (lll) гексацианоферраты(ll) (берлин көгілдірі) түзіледі:

3[Fe(CN)6]4- + 4Fe3+ ↔ Fe4[Fe(CN)6]3

Fe2+ иондарын анықтау үшін калий гексацианоферрат (lll) - [Fe(CN)]3- иондары Fe2+ катиондарымен әрекеттескенде де, қара көк тұнба – темір (ll) гексацианоферраты (lll) (турнбуль көгі) түзіледі:

2[Fe(CN)6]3- + 3Fe2+ = Fe3[Fe(CN)6]2










Темірдің биологиялық маңызы:

  • Адам ағзасы құрамында 4-7 г темір бар.

  • -Хемосинтездеуші бактериялар темір,марганец қосылыстарын тотықтырып,осы металдар рудаларын түзеді.

  • -Темір латын тіліне аударғанда ферро-қылыш деген сөз.

  • -Адам денесіндегі темірдің атом сандары 4,5*1022, ал 1жасушада 4,5*108.

  • -100 мл адам қанында 13-16г гемоглобин болады.

  • -Гемоглобин молекуласын жинақтау үшін адам ағзасына 90с уақыт керек.

  • -Көптеген тірі ағзаларға биомагнит тән.

  • -Адам ағзасында темір көбейіп кететін болса ,онда ерте жастан атеросклероз

  • ауруы,ишемиялық ауру білінеді.

  • -Темір ионы ғана қанға қызыл түс береді.


Темірдің қолданылуы:

Темір купоросы (FeSO4 ∙ 7H2O) – ағаш сүрлеуде;

Fe3C – цементит шойында қолданылады.

(NH4)2SO4 ∙ FeSO4 ∙ 6H2O – Мор тұзы, тотықсыздандырғыш ретінде пайдаланылады.

Fe(NH4)2 ∙ (SO4)2 ∙ 12H2O – темір-аммонийлі ашудас, тері илеуде қолданылады.

Fe2O3 – темір сүрегі (бояу) шатырларды бояуда, болат пен шыны беттерін тегістеуде, термиялық пісіруде қолданылады.


Shape4




















Деңгейлік тапсырмалар:

Толықтыру тестісі.

  1. Темір ------- түстес ------- металл.

  2. Темір иілімді,------- қасиеті бар,тығыздығы-------,балқу температурасы--------.

  3. Темір қосылыстарында -------тотығу дәрежелерін көрсетеді.

  4. Темір құймалары -------және-----түрінде қолданылады.

Керекті сөздер: күміс,ақ,магниттелетін,3,87г/см , 1539,+2,+3,шойын,болат.


Мақал-мәтелді жалғастыр:

  • «Темірші –....................................»

  • «Темірді қызған ...................................»

  • «Темірдің бір басы-ыстық, бір басы-.......................»

  • «Темір кессең ..........................,Ұзартуың оңай.

Ағаш кессең ұзын кес,.........................................».

  • «Болат бүгілмес-.......................................».


Сәйкестендіру кестесі:


N

Формуласы

Аттары

1.

Fe2O3

А) сидерит

2.

AL2O3

Ә) ғаныш

3.

CaSO4* 2H2O

Б)корунд

4.

CuSO4 *5H2O

В) гематит

5.

Fe2O3 ∙ nH2O

Г) тотияйын














Үйге тапсырма.


1. Темірдің табиғатта таралуы және маңызы,ашылу тарихы

2. Физикалық қасиеттері

3. Темірдің химиялық қасиеттері

4. Темірдің биологиялық маңызы

5. Темірдің қосылыстары

6. Темірдің қолданылуы


Бағалау.


Пайдаланылған әдебиеттер;

  1. Н. Нұрахметов,Қ.Бекішов,Н.Заграничная

  2. Химия 10-11 сынып

  3. ( Жалпы химия) Н.Бірімжанов

  4. (Химия) Аханбаев




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!