Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалаларын анықтаудың тәсілдерін түсіндіремін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау обласы Мұнайлы ауданы жалпы білім беретін № 1 кешкі мектептің физика пәні мұғалімі Серикбаева Мухаббат Мақсетбаевнаның «Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары» тақырыбына жасалған қысқа мерзімді жоспары

Пән: Физика

Сынып: 8

Тоқсан: I

Сабақ 2

Сабақтың тақырыбы

Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары

Бөлім

Жылу құбылыстары

Ресурстар

https://www.youtube.com/watch?v=4nMany6tePI

Сабақтың мақсаты

Температураны өрнектеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттап, термометрдің түрлерін атайды;

Температура шкалаларын түрлендіреді;

Жылулық ұлғаюға әсер ететін факторларды анықтайды.

Қысқаша тірек конспект

Температура -макроскопиялық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама

Термометр – температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын құрал.

Температураны термометрдегі термометрлік заттың көлемі бойынша анықтайды.

Атмосфералық қысымдағы таза судың қайнау және қату температуралары айырымының жүзден бір бөлігі градус деп аталады.

Табиғаттағы ең төменгі шектік температура -273,15 С-қа тең. Ол температураның абсолют нөлі деп аталады. ХБЖ-де температураның өлшем бірлігі КЕЛЬВИН

T=(t+273) К

Барлық термометрлерде негізгі екі нүкте мұздың еру және судың қайнау температураларын белгілеу қажет

0 мен 100 нүктелері арасындағы шкаланы бірдей 100 бөлікке бөледі, оларды градустар деп атайды

Мұндай температуралық шкалалар швед астрономы А.Цельсий есімімен Цельсий шкаласы деп аталады

1724 жылы Ұлыбританияда және Голландияда жұмыс істеген неміс физигі Фаренгейт ұсынған. Реперлік нүктелер:0 F - 1709 жылы ерекше суық қыстың температурасы (бұл температураны мұз, су ерітіндісі мен мүсәтірдің қосындысы арқылы алды), 32 F- мұздыңеру температурасы, адам денесінің қалыпты температурасы - 98 F .Бұл шкала бойынша судың қайнау температурасы - 212 F .Фаренгейт шкаласын АҚШ - да пайдаланады.

1730 жылы француз жаратылыстанушысы Реомюр жасаған. Реперлік нүктелері: 0 Р - мұздың еру температурасы , 80 Р - судың қайнау температурасы .1742 жылы швед астрономы және физигі Цельсий жасаған. Реперлік нүктелері: 0 С - мұздың еру температурасы, 100 С - судың қайнау температурасы .Цельсий шкаласы бойынша алынған температура мен Фаренгейт шкаласы бойынша алынған температураны былай байланыстырады: t С =5/9 (t F - 32), мұндағы 1 F= 5/9 C.

Тапсырма

Есептер:

-20 0С; 1250С температура мәндерін кельвинге ауыстырыңдар.

50К;673К температура мәндерін цельсий бойынша градусқа айналдыр.

Арктиканы зерттеушілер неліктен сынапты термометрді емес спиртті термометрді пайдаланған ?

960С; -370С температура мәндерін кельвинге ауыстырыңдар.

300К; 273К температура мәндерін цельсий бойынша градусқа түрлендіріңдер.

Абсолют температураның шкаласы бойынша дені сау адам денесінің температурасы неге тең?

-10 0С; 1210С температураға сәйкес келетін абсолюттік температураны анықтаңдар.

4К; 250К температура мәндерін цельсий бойынша градусқа түрлендіріңдер.

Дене температурасы 250С-тан 750С-қа дейін артса,онда оның бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясы қанша есеге өзгереді?

-73 0С; 800С температураға сәйкес келетін абсолюттік температураны анықтаңдар.

347К; 250К температура мәндерін цельсий бойынша градусқа түрлендіріңдер.

Неліктен бөлме температурасында медициналық термометрдің құтысы сынаппен толық толтырылмағанын түсіндіріңдер

Кері байланыс

(whatsapp мобильді қосымшасы арқылы немесе электронды почтаға):

Мен не білдім?

Мен үшін бұл жаңалық болды.

Бұл менің білгендеріме қарама қарсы болды.

Бұл туралы көбірек білгім келеді.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.04.2021
1333
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі