Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Теңдеу және оны шешу тәсілдері.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
22.11.2018ж
Сыныбы: 4 Г
Математика
Мұғалімі: Сералықызы Баян
Сабақтың тақырыбы: Теңдеу және оны шешу тәсілдері. (106 бет)
Сабақтың мақсаты:
Білімдік. Оқушыларға теңдеу құру, шешу, жанама тұжырымдалған есептерді теңдеу арқылы шешу жолдарын үйрету.
Дамытушылық.Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік.Оқушыларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Саб. типі: қайталау сабақ
Саб. түрі: дәстүрлі сабақ
Саб. әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, есептеу.
Саб. көрн: үлестірмелі қима қағаздар
Сабақтың барысы:
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу.
ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
105 беттегі № 5, 9 есептерді ауызша оқытып, талдау жасату.
ІІІ. Өткен сабақты бекіту:
-
V¹=20 км/сағ---------------t =? Сағ---------------V²=26 км/сағ
--------------------------------S = 460 км
2. V¹=60 км/сағ-------------t = 2 сағ---------------V²= 80 км/сағ
--------------------------------S =? Км
3. V¹=? Км/сағ-------------t = 3 сағ-----------------V²=5 км/сағ
----------------------------S = 27 км
4. Автокөлік 65 км/сағ жылдамдықпен 2 сағат жолда болса, қанша жолды жүріп өтеді?
ІҮ. Қайталау сабақ.
Мысал 1. Өрнек түрінде жаз:
10×3 х×3 47−17
Неше өрнек жаздың?Олар қандай өрнектер? Оны теңдік таңбасымен жалғастырып жаз.
Барлығы неше теңдік жаздың?
Оларды неше топқа бөлуге болады?
Санды теңдікті бір бағанға, әріпті теңдіктерді бір бағанға теріп жаз.
Мысал 2,3−тапсырмалардағы түсіндірме мәтіндермен жұмыс.
Теңдеу дегеніміз құрамында мәнін табу керек болатын әрпі бар теңдік. Теңдеуді шешу дегеніміз оның барлық түбірлерін табу немесе оның бірден- бір түбірі болмайтынына көз жеткізу. Теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын әріптің мәні теңдеудің түбірі деп аталады.
|
Мысал 4. Теңдеулерді шеш және тексер:
х + 149 = 938 432 + х = 900 х−546=464 1268−х=291 х × 5 = 630
х = 938 – 149 х = 900 – 432 х = 464 + 546 х = 1268 – 291 х = 630 : 5
х = 789 х=468 х=1010 х = 977 х= 126
789+149=938 432+468=900 1010-546=464 1268-х=291 126×5=630
4 × х = 592 984 : х = 4 х : 4= 243
х = 592 : 4 х = 984 : 4 х=243×4
× = 148 х = 246 х=972
4×148=592 984 : 246=4 972 : 4=243
Есеп 5.
Үшбұрыштың екі қабырғасы 5 сантиметрден, ал үшінші қабырғасы х см. Үшінші қабырғасы берілгендегіден 3 есе артық болатын үшбұрыштың периметрін өрнек түрінде жаз.
Берілді: үшбұрыш
Қабырғалары: 5см, 5 см, х см×3
Р= 5 см + 5см+ 8 см = 18см
Мысал 6. Өрнек түрінде жаз және оқы:
а) 760 : 76 : 10 = 1 б) 18 × 5 – 96 : 4 = 66
ә) (240 + 360) : 60 = 10 в) (805 + 217) × (999 − 998) = 1022
Есеп 7. Есепті шығар:
а) Бүркіт 30 м/с жылдамдықпен ұшады, бұл лашынның жылдамдығынан 10 м/с артық. Лашынның жылдамдығы қандай?
Бүркіт- 30 м/c---- 10 м/с артық
Лашын-? м/c------
Ш: 30 – 10 = 20
Ж: Лашын жылдамдығы 20м/c
Ә)Есепті теңдеу құру арқылы шығар.
Екі тәсілді салыстыр. Қай тәсіл қолайлы?
Неліктен?
х=30–10
х=20
20+10=30
30=30
Жауабы: Лашынның жылд. 20 м/с
Есеп 8. Ауызша орындалады.
Ү. Сабақты қорыту: жасыл қоршаудағы есепті шығару.
Біз не білдік? Талқылау.
ҮІ. Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
ҮІІ.Үйге тапсырма беру: 107 беттегі № 4 (ә), 9.
Сынып 4 Г 22.11.2018
Қазақ тілі
Мұғалім: Сералықызы Баян
Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөздер (61-67 жаттығу)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлін, жалпы ойға қосатын әртүрлі мағыналық реңтерін байқату, сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге, қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлауын, оқу мен жазу арқылы таным белсенділігін арттыру , тілін дамыту.Өз ойын нақты, дәл жеткізе білкге үйрету.
Тәрбиелік: Шығармашылыққа, адамгеошілікке баулу. Көркем таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, үлестірмелі парақ, семантикалық карта
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар
Жоспар:
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: 77 бет 60 жаттығу. Ереже жаттау.
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).
Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін,бірақ өздері сөйлем мүшесі болмайтын сөздер бар. Ондай сөздерді қыстырма сөздер деп атайды: Мүмкін,ол бүгін келіп қалар.Оның ойынша , Сара- ақылды қыз.
62- жаттығу. Сөйлемді оқып ,қыстырма сөздерді тап.
Болашақта дәрігер болармын, бәлкім. Жалпы алғанда, біздің сынып жаман емес. Осының бәрін ол, әрине, жалғыз өзі істей алмайды. Сіздіңше, менің бұл қылығым дұрыс емес.
63- жаттығу. Сөйлемді көшіріп жаз.
Бәріміз шынында да жас едік. Рас ол өте көп білетін. Шамасы бүгін сабаққа дайындалмай келгенсің-ау. Дина әдетте көңілді жүретін. Мені танымай тұрсың ау-сірә.
64-жаттығу
Демек кітапханаға таңертең барамыз ғой. Болашақта мен ғарышкер болармын, бәлкім. Сен, әуелі, есебіңді шығар. Айтпақшы, мен ертең жол жүргелі жатырмын.
66-жаттығу Толықтыр
Жоқ сірә, жоқ бәлкім, иә амал қанша, иә әрине.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: 79 бет 67 жаттығу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
Сынып: 4 Г 22.11.2018
Әдебиеттік оқу
Мұғалім: Сералықызы Баян
Сабақтың тақырыбы: Ақкөл жағасында Әмірхан Абдуллин
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды «Ақкөл жағасында» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Біртуар Ахмет Байтұрсынов туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білім беру сабағы..
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. Қимақағаздар. «Жазушылар» топтамасы
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: -Үйге қандай тапсырма берілді?
-С.Көбеев «Қырдың жас түлегі»
Үш топтан үш-үштен оқушылар шығып, текшені лақтырып, түскен сандарға байланысты сұрақтарға жауап береді.
1. Шығарма кім туралы?
2. Шоқанның қандай шығармаларын білесің?
3. Сен офицер болсаң не істер едің?
4. Анатолийдің жасағаны дұрыс па?
5. Шоқан бұл шығармада кім болған?
6. «Қорқарың бар қораға кірме» дегенді қалай түсінесің?
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Әңгіме жүргізу.
Шығармалардың авторларымен таныстыру. «Жазушылар» топтамасы.
Ыбырай Дина
Оқулықпен жұмыс
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
Сөздікпен жұмыс.
Сол сөздердің мәнін ашу, түсіндіру.
Сергіту сәті. «Көңілді күн»
Сұрақтар мен тапсырмаларларды орындау.
1 Оқыған мәтіедеріңде кім жөнінде әңгімеленген?
2. Әңгіме неден басталады? 3.
Ахмет Байтұрсынұлының қарапайым, кішіпейіл жан екенін осы әңгіменің қай жерінен байқауға болады?
4. Балалар қандай жұмбақтар мен жаңылтпаштар айтты?
1. «Мәшен ауылын» суреттеп көр. Оның суретін салуыңа болады. 2.Мәтінлі рөлге бөліп оқы. 3. Мәтінді бірнеше бөлімге бөліп, әрбір бөлімге ат қой. 4. Әрбір жұмбақты жатқа айт. Олардың шешуі неліктен балық және арба болуын дәлелде. 5. Ахаңның жазған оқулықтарын мұғалімнің көмегімен атап көр. Оларды дәптеріңе жазып қой. 6. Осы
әңгімеге жоспар жаса.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: . Әңгімені мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу
4 Гсынып 22.11.2018
Еңбекке баулу
Мұғалім: Сералықызы Баян
Сабақтың тақырыбы. Жұмсақ ойыншықтар тігу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды жұмсақ
ойыншықтар жасау реттілігімен таныстыру,ойыншықтарға мата таңдауға
үйрету.
Тәрбиелік:
ұжымдық жұмысты жұмыс ұйымдастыруға,
жоспарлай білуге, бір - біріне көмектесуге, қауіпсіздік ережесін
сақтауға, бастаған жұмысын аяғына жеткізе білуге
тәрбиелеу.
Дамытушылық:
оқушылардың ойлау, есте сақтау, саусақ
қимылдарын жетілдіру, алған білімін өз бетінше қолдана білуін
қадағалау.
Сабақтың
әдісі: көрсету, түсіндіру,
сарамандық жұмыс.
Құрал-жабдықтар : әр түрлі мата қиындылары, қайшы, желім.
Барысы
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу. Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою.
1. Аюдың қандай түрлерін білісіңдер?
2. Ақ аю туралы не білесіңдер?
3. Жұмсақ ойыншықтар неден тігіледі?
4. Жұмсақ ойыншық не үшін қажет?
5. Қандай жұмсақ ойыншықтарды білесіңдер?
ІІ Үй тапсырмасын тексеру. Тігіс түрлері.
ІІІ Жаңа сабақ.
Ақ аю –
Арктика тұрғыны, жер бетіндегі ең ірі жыртқыш аң. Ол жақсы жүзеді
және сүнгиді, жартастарда, мұзды жарларда ептілікпен жылжиды,
құрғақ жерлерде жақсы жүреді. Оның терісінің астындағы қалың майы,
қалыңда-тығызды жүні суықтан жақсы қорғайды. Оның тіпті табаныңда
да қалын түк бар. Ол тюлер\лендердің, солтүстік бұғыларының,
кеміргіштердің етемін қоректенеді. Балық аулайды, жемістерді де
жақсы көреді. Тюлендерді ұзақ жатып қарауылдайды: оны аяғымен ұрып
құлатады да, мұзға қарай сүйреп шығарады. Алғашында ұрғашы аю бір
қонжық табылды, одан кейін әр үш жылда егіздеп туады. Жаңа туған
қонжықтар әлсіз болады. Олар анасының соңынан еруге тек үш
айлығында ғана жетеді.
- Оқушылар, біздер сендермен ақ аю жұмсақ ойыншығын тігіп
үйренеміз. Жұмсақ барысында қандай қауіпсіздік ережелерін естен
шығармауымыз керек?
1. Қайшы өткір болуы шарт.
2. Қайшының жүзін жабық түрге келтіріп, партаның оң жағына қоямыз.
3. Қайшыны ұзарта құлағын жоғары қаратып, ұшын өзіне қаратып бер.
4. Инені арнайы жастықшаға шаншы, өйткені ол инені жоғалудан, төтенше жағдайдан сақтайды.
5. Иненің ұшын өзіңе қаратып, алушы кісіге жіппен сабақтап бер.
6. Инемен тіккен де инені айзына салма.
7. Сынған
инені тастама, ешкімді зақымдамай тын жерге
таста.
ІҮ.
Қорытынды бағалау. а) оқушылардың білімін, істеген жұмыстарын бағалау;
ә) үйге тапсырма беру;
б) жұмыс орнын жинастыру.
ҮІ. Үйге тапсырма беру. Жұмсақ ойыншық тігіп келу.
Сынып 4 Г
Дүниетану.
Мұғалім: Сералықызы Баян
Сабақтың тақырыбы: Жер асты сулары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың су туралы алған білімдерін кеңейту. Судың
күйлері, оның жер бетіне таралуы, жер беті жіне жер асты сулары
туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Оқушыларға жаңа білім беру сабағы..
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер.
Сабақтың барысы:
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
С
Б азалық білім.
-
Судың табиғаттағы таралуы;
-
Жер беті, жер асты сулары;
-
Судың үш күйі;
-
Жер бетінің өзгеруіндегі судың әрекеті.
Оқулықпен жұмыс. Оқи отырып, түсіндіру.
- Мәтінді бөлімдерге бөліп, әр бөлімін жеке тұжырымдау.
- Мәтінді тұтас оқып, түсінігін айту.
- Мұғалімнің тапсырмасы бойынша керек жерін теріп оқу.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
Ж
ер бетінде су қалай таралған? -
Судың тіршілік үшін қандай маңызы бар?
-
Жер асты суы қалай пайда болды?
-
бұлақ қандай жерден шығады?
-
Құдық туралы білетіндеріңді еске түсір.
-
Менералды сулар қалай пайда болады?
-
Шипалы су дегенді қалай түсінесің?
-
Тұщы суды қолдан қалай алуға болады?
-
Күнделікті менералды су қалай қолданылады?
Дәптермен жұмыс.
Тест
1. Табиғатта су қандай күйде кездеседі?
А. сұйық, қатты, газ.
Ә. сұйық, газ, ащы.
Б. сұйық, газ, жұмсақ.
2. Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?
А. үштен бір.
Ә. үштен екі
Б. екіден бір
3. 70 кг. адамның денесінде қанша кг. су бар?
А. 60 кг.
Ә. 70 кг.
Б. 50 кг
4. Адам су ішпей қанша шыдайды?
А. 1 күн.
Ә. 1 апта
Б. 3 күн.
5. Судың күйі неге байланысты болады?
А. Суыққа
Ә. Ауа райына
Б. Температура мен ауаға
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу. .
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.