400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Теңдеулер құру арқылы есептерді шешу

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Теңдеулер құру арқылы есептерді шешу

Теңдеулердің көмегімен физиканың, механиканың, экономиканың және басқа да қолданбалы ғылымдардың әралуан мәселелері келтірілетін көптеген есептер шешіледі. Бәрінен бұрын есептерді теңдеулердің көмегімен шешудің жалпы ретін еске салайық.


  1. Айнымалылар енгізіледі, яғни х, у, z әріптерімен белгісіз шамаларды белгілейді, ол шамаларды не есепте табу талап етіледі, не олар іздеген шамаларды табу үшін қажет болады.

  2. Енгізілген айнымалылардың және есепте берілген сандар мен олардың қатыстары көмегімен теңдеулер жүйесі (немесе бір теңдеу) құрылады.

  3. Құрылған теңдеулер жүйесін (немесе теңдеуді) шешеді де алынған шешімдерден есептің мағынасына сәйкес келетіндерін іріктеп алады.

  4. Егер х, у, z әріптерімен іздеген шамалар белгіленбесе, онда алынған шешімдердің көмегімен есептің сұрағына жауап табады.

1 – есеп. Жер учаскесінің 60%-на қарабидай, қалған бөлігіне бидай егілген. Егер бидай қарабидайға қарағанда 144 га жерге аз егілсе, әрқайсысы қанша га ауданға егілген?


Шешуі. Барлық егілген жер көлемін х деп алайық.

0,6х жерге қарабидай егілген, 0,4х жерге бидай егілген. Есептің шарты бойынша:

0,6х = 0,4х + 144

0,2х = 144

х = 720 га.

Қарабидай егілген жер 0,6х=432 га, бидай егілген жер 0,4х=288 га


2 – есеп. Жас саңырауқұлақта салмағының 90%-ы, ал кептірілгеннің 12%-ы су болады. 22 кг жас саңырауқұлақтан қанша кг кептірілген саңырауқұлақ алуға болады?


Шешуі. Жас саңырауқұлақтың кептірілгенінің салмағы оның 10%-ын құрайды, яғни 22 кг-нан 2,2 кг кептірілген.

Кептірілген саңырауқұлақтың таза кепкен салмағы 88%, өйткені оның 12%-ы су, яғни егер ізделінді сан х болса, онда таза кепкен салмақ 0,88х.

Кепкен заттың салмағы тұрақты болғандықтан, келесі теңдеуді құрамыз:

0,88х=2,2

х=2,5кг.

3 – есеп. Массасы 12 кг, құрамында 45% мыс бар, мыс пен қалайының қоспасы берілген. Жаңа қоспаның құрамында 40% мыс болатындай етіп бастапқы қоспаға қанша таза қалайы қосу керек?

Шешуі. Қосылған қалайының массасы х килограмм болсын. Сонда құрамында 40% мыс болатын массасы (12+х) килограмм қоспа алынады. Олай болса, жаңа қоспада 0,4 (12+х) килограмм мыс болады. Массасы 12 кг бастапқы қоспада 45% мыс бар еді, яғни онда 0,45*12кг мыс болады. Бастапқы және жаңа қоспалардағы мыстың массасы бірдей болғандықтан, 0,4*(12+х)=0,45*12 теңдеуіне келеміз. Бұл теңдеуді шешіп, х=1,5 екенін аламыз. Сонымен, бастапқы қоспаға 1,5 кг қалайы қосу керек екен.

Қарағанды облысы білім басқармасының

Шахтинск қаласы білім бөлімінің №12 ЖББМ-нің

Математика пәнінің мұғалімі:

Нурманов С.Е

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
439
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі