Ширату:
« Кім жылдам?»
ойыны
Математикада “=”
таңбасы мәні бірдей өрнектердің немесе сандардың арасында қойылады.
“≠” таңбасы, яғни теңсіздік белгісі мәні тең емес теңдіктерді
белгілеуде қолданылады.
— Оны қалай жазуға
болады?
Тепе-теңдік
математикада “теңдік” деп атала тынын айтыңыз. Теңдікті жазу үшін
“ = ” (тең) математикалық белгісі
пайдаланылады.
(Т) «Кіріспе
тапсырма»
Топтағы зерттеу
жұмысы.
Таразының әр
табақшасына үш монетадан салып, оқушылардан мына сұрақтарға жауап
беруін сұраймын:
— Таразы қандай жағдайда
тұр?
Нәтижесі 3 = 3 түрінде
жазылады да, оқуда “үш тең үш” деп оқылады. Көрсетілімді
жалғастырамын. Енді таразының бір табақшасына үш монета саламын.
Оқушылардың біреуіне қапшықтан бір уыс монета алып, таразының
екінші табақшасына салуын сұраймын. Содан кейін оқушыларға мынадай
сұрақтар қоямын:
— Сендер не
байқадыңдар?
— Таразы басы тең
бе?
— Таразының бір табақшасы
екіншісінен неге төмен түсті?
— Қалай ойлайсыңдар? Осы
көріністі қалай жазып көрсетуге
болады?
Оқушылардың жауабын
тыңдап, теңдік болмайтын жағдайды математикада “теңсіздік” деп
атайтынын хабарлаймын. Теңсіздікті жазу үшін “≠” (тең емес) белгісі
пайдаланылады. Нәтижесі былай жазылады: 3 ≠ 5 және “3 тең емес
5-ке” деп оқылады.
(Ұ)«Қораптағы кәмпит
санын салыстыр»
Оқушыларға суреттің әр
қорабындағы кәмпит санын салыстыруды ұсынамын. Ол үшін бірге бір
сәйкестендіру әдісін пайдаланамын. Оқушылардан екі қораптағы
кәмпиттер санының тең әлде тең емес екенін анықтатып, неге олай
ойлайтынын сұраймын.
Жауабы:
5 ≠
7.
(Ж) «Теңдік пе, әлде
теңсіздік пе?»
Жұптық жұмыс.
Оқушылардан ауызша жауабын қағазға жазып көрсетуді сұраймын. Олар
жазған жауабын жоғары көтеріп, мұғалімге
көрсетеді.
Жауабы:
а) 5 = 5; ә) 6 ≠
9.
(Ж) «Шығарып
көр»
Оқушыларға тапсырманы
жұппен орындатып,
12 ойыншықты 2 қорапқа қандай әдіспен тең бөліп салуға
болатынын талқылауды ұсынамын. Бірінші рет салғанда теңдік
шығатындай, ал екінші рет теңсіздіктер шығатындай орналастыруды
сұраймын. Жауап нұсқаларын екі бағанға жазуға болады. Бірінші баған
“теңдіктер”, екінші баған “теңсіздіктер” болады. Талдау барысында
қай оқушының теңсіздік пен теңдік түрін көп жазғанын
салыстыруға
мүмкіндік туады.
(Т) «Орындап
көр»
Оқушыларға таразы
табағының тең емес жағдайын бағалауды, оларға таразы басын
теңестіру үшін, яғни теңсіздікті теңдікке айналдыру үшін не істеуге
болатынын ойланып көруді ұсынамын. Оқушылар өз тобында талқылайды.
Топпен бірлесіп талдағаннан кейін теориялық ұсыныстарды тәжірибеде
сынап көруді ескертемін. Ол үшін таразы табақтарының көмегімен
массасы тең көгөніс муляждарын
пайдаланамын.
Жауабы:
а) 1 алманы алып
немесе 1 алманы қосу; ә) 1 алманы сол жақтағы табақтан оң жақтағы
табаққа ауыстырып салу немесе оң жаққа 2 алма қосу (немесе сол
жақтан 2 алманы алып
тастау).
Дәптермен жұмыс
Кері байланыс:
-Балалар, бүгінгі сабақта сендерге не
ұнады?
-Не үйрендіңдер?
Әр оқушыға өзінің
өзіндік жұмысын бағалауды ұсынамын.
Сөздер тізбегін
аяқта:
Мен_________түсіндім.
Мен енді_______
жасай аламын.
Менің
қолымнан_______ келеді.
Менің
.......................... білгім
келеді
|