Теңізге саяхат

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Теңізге саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбиесі бойынша физикалық дағдыларын қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: «Теңізге саяхат»


Оқу қызметінің мақсаты: Балалардың теңізге шығудағы мақсатты көздету, судың қасиетін, теңіздегі балықтар туралы, теңіз асты заттар, теңіздің адамға тигізер пайдасы туралы, теңізден алынатын байлығымыз жөнінде түсінік беру. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелілігі: Мәдениеттіліке, жауапкершілікке, тазалықа баулу.
Білімділігі: Жеке бастың тазалық ережелерін сақтауда судың алатын орны, салауатты өмір салтын дәріптеуде, адам өмірінде судың маңызды роль атқаратынына көз жеткізу.
Көрнекі құралдар: балық суреттері, су асты өсімдіктерінің суреті, гимнастикалық тақтайша, кедергі.
Ұйымдастыру кезеңі: Кіріспе сөз.
- Балалар, біз бүгін теңізге саяхатқа шығамыз.
- Көк түске нелер жатады?
- Су, өзен, мұқит, теңіз.
- Дұрыс, балалар.
Бір сәтті мына жер шары яғни глобусқа көз салып көріңдерші.
Жер шарының үштен екі бөлігін су алып жатыр. Жер бетіндегі барлық адамдардың тіршілігі теңіздермен, мұхиттармен тығыз байланысты. Теңіздер мен мұхиттардың бетінен көтерілген бу жауын - шашын болып жерге түседі. Біздің тыныстайтын оттегіміздің бірталай бөлігін бізге солар беріп отырады.
Балық, краб, омар, теңіз ұлуы, теңіз капустасы сияқты дәмді де нәрлі тамақ өнімдері осы теңіз бен мұхиттан алынады. Сондықтан да балықшылар «Көк теңіздің өрісі - балықшының егісі» - деп тегіннен - тегін айтпаған. Теңіздер мен мұхиттардың түбінен мұнай өндіріледі, теңіз суынан ас тұзын аламыз, аз да болса күнделікті дастақанымызда теңіздің бір бөлігі тұр.
- Мына суретте теңізде кездесетін өсімдік, балықтардың бір тобы:
- Дельфин,краб (шаян тәрізді теңіз жәндігі),теңіз жұлдызы,лала гүлі (балық), су жылан, теңіз тасбақасы, акула,ескек аяқты шаян, қарақұйрық, сегіздік (осьминог), теңіз кірпісі, пингвин, буревестник (теңіз ірі құсы) т. б.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

1.Қолды жоғары көтеріп, басымызды оңға –солға бұрамыз қолымызды төмен түсіреміз.

2. Қолды жоғары көтеріп, басымызды жоғары-төмен бұрамыз қолымызды төмен түсіреміз.

3. Қолды жоғары көтеріп оң аяқты артқа созамыз, қолды жоғары көтеріп сол аяқты артқа созамыз.

4. Аяқтың ұшымен тұрып, қолды артқа созамыз б.қ.келеміз.

Негізгі бөлім.
Жалпы дамыту жаттығулары
Балалар жұп болып тұрады.
1. «Теңіз толқыны».
Б.қ. балалар бір-біріне арқаларын беріп отырады,аяқтарын құшақтап арқаларымен теңселеді.
1-2 артқа, 3-4 алға 5-6 рет қайталау.

Нұсқаушы: Балалар, қарандар теңізде шаян тәрізді теңіз жәндігі жүзіп жүр.
2. «Краб»(шаян тәрізді теңіз құсы)
Б.қ. шалқадан жатып екі екіден қолдарынан ұстап екі жаққа қозғалады.
1-2 оңға, 3-4 солға. 5-6 рет.

Нұсқаушы: Балалар, қасында дельфинде жүзіп жүр.
3. «Дельфин»
Б.қ. шалқаларынан жатып қолдарынан ұстап аунайды.
1 – алға , 2- артқа 3-4 рет.
Нұсқаушы: Балалар, теңіз жұлдызшаларын қарандар.
4. «Теңіз жұлдызшалары».
Б.қ. іштерімен жатып, екі қолдарымен тіреп, қолдарын кезек кезек көтереді.
1-бірінші қол, 2-екінші қол б.қ. 5-6 рет.

Нұсқаушы: Балалар, қасында лала гүлі жүзіп жүр, оны қолмен ұстай алмайсын.

    1. «Лала гүлі»

Б.қ. ішпен жатып,аяқты қолмен ұстап алға, артқа қозғалады.
1 – алға , 2- артқа 5-6 рет.

Нұсқаушы: Балалар, бір кезде ұп-ұзын жылан пайда болды, бұл жылан балық.

    1. «Жылан балық»

Б.қ. ішпен жатып, алға, артқа жылжиды.

1 – алға , 2- артқа 5-6 рет

Нұсқаушы: Кішкентай тастардың арасынан теңіз тасбақасы жүзіп келеді.

    1. «Теңіз тасбақасы»

Б.қ. тізерлеп шынтақпен төрт қадамдап жүреді. 1-2 рет айналады.

Нұсқаушы:Бір кезде қарыны аш акула пайда болады, кімді жесем екен деп балық аулауға шығады.

    1. «Акула»

Б.қ. төрт қадамдап, тізелерін бүкпей кедергілерден өтеді.1-2 рет айналады.

Нұсқаушы: Акуланың қасында кішкентай ғана ескек аяқты шаян жүзіп келеді, енді ескек аяқты шаян сияқты жүрейік.

    1. «Ескек аяқты шаян»

Б.қ. отыра қолдарын тіреп, аяқпен жылжиды.1-2 рет айналады.

Нұсқаушы: Ескек аяқты шаяндарды аулауға қарақұйрық шығады.

    1. «Қарақұйрық»

Б.қ. екі аяқтарын кезек-кезек қозғап, жамбаспен жылжиды.1-2 рет айналады.

Нұсқаушы: Сегіз аяқтылар аяқтарына жаттығу жасауға теңізге шығады.

    1. «Сегізаяқ»

Б.қ. гимнастикалық тақтайшаның үстіне отырып жылжиды.1-2 рет қайталайды.

Нұсқаушы: Теңіз түбінен ерекше теңіз кірпісі теңселіп тұрады, бұл теңіз жануары.

    1. «Теңіз кірпісі»

Б.қ. тізерлеп шеңберге тұрып,алға-артқа теңселеді. 1 – алға , 2- артқа 5-6 рет.

Нұсқаушы: Оңтүстік полюске қалай келенімізді де білмей қалдық, бұл жер қатты суық, бірақ өмір сүруге болады. Бұл жерде теңіз мысығы өмір сүреді.

    1. «Теңіз мысығы»

Б.қ. тізерлеп шеңбер жасап, қолдарынан ұстап, шеңберге айналады.1-2 рет қайталайды.

Нұсқаушы: Теңіз мысығының қасында пингвиндер жүр. Бұл пингвиндер жұмыртқасын аяқтарының ортасына қысып жүреді.

    1. «Пингвин»

Б.қ. балалар аяқтарының арасына допты қысып алып жүреді.1-2 рет айналады.

Нұсқаушы: Теңіз деген шексіз үлкен, онда апталап жүзуге болады. Жағалау көрінбейді, қайда қарасаң да су. Қараңдаршы су бетінде толқындар пайда болды, ол қайдан пайда болды?
- Толқынды жел көтереді.
- Дұрыс айтасыңдар, жел соғып, суды көтереді де, бар күшімен жерге түседі, содан су бетінде толқын пайда болады.Енді аспаннан жайлап ұшқан құсты көреміз.

«Буревестник»(теңіз ірі құсы)қимыл-қозғалыс ойыны ойнатылады. 1-2 рет қайталайды.

Балалар құс сияқты қолдарын жайып, жан-жаққа жүгіреді.

Сергіту сәті:
Көзімізді жұмамыз
Балық болып жүземіз
Ұстап алып біреуін
Қазанға әкеп саламыз.(қимылмен)
- Ал енді су туралы кімдер тақпақ айтады?
1 - бала. Біз келеміз кемеде
Су бетінде тербеліп
Соқса егер салқын жер
Дем аламыз тыныстап
2 - бала. Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолың жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетін маңдайың
Тазалықтың досы
Су дегенің осы.

Релаксация. «Теңіз хош иісі» балалар шеңбер жасап отырып, мұрынмен дем алып, ауыздан шығарады.
Қортынды бөлім: балалар сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнадыма? Несімен ұнады? Кімге не ұнады?

Балалардың жауаптары тындалады.

Нұсқаушы: Балалар осымен оқу қызметі аяқталды. Сау болыңдар.

Балалар қоштасады топтарына қайтады.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2025
67
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі