Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Таңбалытас атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
А ш ы қ с а б а қ
Сабақтың тақырыбы: Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу
8 –сынып
Матаматика пәнініің мұғалімі Алиев Ғ.А.
Сәуір 2016 ж.
Мұғалімнің аты- жөні:Алиев Ғани Аманбаевич
Еңбек өтілі: 24 жыл
Жұмыс орны: Таңбалытас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Лауазымы: математика пәнінің мұғалімі
Категория: 13 санат
Сабақтың өтілетін күні |
Пәні |
Класс |
Өткізетін мұғалім |
Кабинет |
||
сәуір. 2016 ж. |
Алгебра |
8 |
Алиев Ғани Аманбаевич |
физика |
||
Сабақтың тақырыбы |
Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу |
|||||
Оқыту мақсаты |
Білімділік:
Теңсіздіктер
ұғымы және оны шешу жолдарын Дамытушылық: Cызықтық және квадраттық теңсіздіктер мен оған келтірілетін теңсіздіктерді шешу дағдысын қалыптастыру ; Тәрбиелік: Оқушы бойында мақсатқа жету үшін қажетті қасиеттерді тәрбиелеу, өз білімдерін бағалауға көмектесу. |
|||||
Оқыту нәтижесі |
Теңсіздіктер ұғымы және оны шешу жолдарын жинақтап қорытындылайды . |
|||||
Түйінді идеясы |
Теңсіздіктерді шешуде таңба мен жақшаларды дұрыс қоя білуді түсінеді. |
|||||
Стратегиялар |
Топтау, топтық, жеке жұмыс, «Креативті матрица», «критериалды бағалау», «Аяқталмаған сөйлем» кестесі |
|||||
Уақыт |
Ресурс |
Сабақтың барысы |
||||
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс - әрекеті |
|||||
2 мин |
слайд |
Оқушыларды сан аралықтары арқылы топтау: 1) Кесінді; 2) Жартылай сәуле; 3) сәуле; 4) Интервал; 5) Жартылай интервал. |
Оқушылар стикердегі жақшаларға қарай отырып атауға сәйкес орынға отырып бес топқа бөлінеді |
|||
3мин |
слайд |
Үй тапсырмасын тексеру: №573 |
Оқушылар интерактивті тақта бойынша бір - бірін тексереді, бірін бірі бағалайды |
7 мин |
Слайд |
«Креативті матрица» әдісі арқылы теориялық материалдарды қайталау;
|
Әр топтан екі оқушыдан шығып «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 мин |
Слайд |
Т еңсіздікті қанағаттандыратын бүтін сандарды атаңдар:
|
Әр топтан бір оқушыдан шығып есептерді шығарады. Қателерін басқа оқушылар түзетіп отырады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 мин |
Слайд |
“ Тез есепте, уақытыңды үнемде”
|
Әр топтан бір оқушыдан шығып интерактивті тақтадағы теңсіздіктерді шешеді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
10 мин |
|
Топтық жұмыс. А – тобы есептері 2) 3) 4) В – тобы есептері
1. -2х2 – 5х +3 0 3. x(2-x)>0 D=25+24=49; x1=-3; x2=0,5 x=0 2-x=0 -2х2 – 5х +3=-2(x+3) (x-0,5 ) x=2 Жауабы: (-∞; -3] [0,5; +∞) Жауабы: (0; 2) 2. –x2 – 2x + 8>0 4. -2х2-х+6 D=4+32=36 D= 1+48=49 x=-4 x=2 x1=-2 x2= 1,5 –x2 – 2x + 8= -(x+4) (x - 2)>0 -2х2-х+6х-2=-2(x+2) (x-1,5) Жауабы: (-4; 2) Жауабы: [-2; 1,5]
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
1. -2х2 – 5х +3 0 3. x(2-x)>0 D=25+24=49; x1=-3; x2=0,5 x=0 2-x=0 -2х2 – 5х +3=-2(x+3) (x-0,5 ) x=2 Жауабы: (-∞; -3] [0,5; +∞) Жауабы: (0; 2) 2. –x2 – 2x + 8>0 4. -2х2-х+6 D=4+32=36 D= 1+48=49 x=-4 x=2 x1=-2 x2= 1,5 –x2 – 2x + 8= -(x+4) (x - 2)>0 -2х2-х+6х-2=-2(x+2) (x-1,5) Жауабы: (-4; 2) Жауабы: [-2; 1,5]
|
Оқушылар топ бойынша оқулықтағы есептерді интерактивті тақтада және тақтада шығарады. Қателерін басқа топтың оқушылары табу керек. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 мин |
|
Сергіту сәті. Оқушылар «қара жорға» өлеңіне би билету. |
Оқушылар «қара жорға» өлеңіне би билейді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
9 мин |
Слайд 13 – 22 Слайд-тар |
Тест есептерін шештіру. 1. аx+b>0, ax+b<0 түріндегі теңсіздік ... деп аталады.
|
Оқушылар тест есептерін шығарады. Нәтижесін тақтадағы жауаптар арқылы тексереді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
Ұпайлар саны бойынша бағалау:
3 – 6 ұпай - «3» 7 – 10 ұпай - «4» 11 - ден жоғары ұпай - «5» |
Оқушылар критери бойынша өз – өздерін бағалайды |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 мин |
Үйге тапсыр-ма |
№278, №279, №280 |
Оқушылар үй тапсырмаларын тақтадан жазып алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 мин |
Кері байла-ныс (Аяқталмаған сөйлем) |
«Аякталмаған сөйлем» рефлексиясын қолдану Бүгін мен ..............................................................................................................................білдім Мен үшін..................................................................................................................қызық болды. Мен үшін......................................................................................................................қиын болды Мен...................................................................................................................................үйрендім Мені.........................................................................................................................таң қалдырды. Мен..............................................................................................................өзімді сынып көремін |
Оқушылар бүгінгі сабақта не үйренгенін және нені үйренгісі келетінін «БББ» кестесіне толтырады. |
Таңбалытас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәнінің мұғалімі Алиев Ғани Аманбайұлының аудандық
семинарда өткен сабағының рефлексивті есебі.
Мен Алиев Ғани Аманбайұлы сәуір айындағы аудандық семинарда 8 «А» сыныбы бойынша алгебра пәнінен өткізген сабағымның рефлексивті есебін ұсынып отырмын. Сабағымның ұйымдастыру кезеңінде оқушылар сан аралықтарын дұрыс табу арқылы, бес топқа бөлінді. Осы топқа бөліну кезінде кейбір оқушылар сан аралықтарын табуда шатасып біраз уақытты алды. Жұптасу арқылы бір – бірінің үй тапсырмаларын тексерді, қателерді оқушылар өздері анықтады.
Интерактивті тақтада слайд бойынша берілген 1- тапсырма «Креативті матрица». Оқушылар есептердің шешуін, жауабын дұрыс табу арқылы тізбек құрады. Тапсырманы ойдағыдай орындап оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдылары дамыды. Бірақ жұмыс істеу кезінде аздап шулап кету байқалды.
Келесі тапсырма ауызша есептерді шешу болды. Әр топтан бір оқушыдан шығып теңсіздікті қанағаттандыратын бүтін сандарды табуға есептер шығарды. Қателерін басқа оқушылар түзетіп отырады.
Келесі тапсырма “Тез есепте, уақытыңды үнемде”. Әр топтан бір оқушыдан шығып интерактивті тақтадағы теңсіздіктерді шешті. Оқушылар тапсырмаларды жылдам, әрі тез орындап шықты. Бұл тапсырманы орындау кезінде оқушылардың жиі қателесулері байқалды. Бірақ қателерін басқа топ оқушылары тауып түзетіп отырды.
Осы тапсырмадан кейін слайд бойынша берілген деңгейлік есептерді шешу болды. Оқушылар А тобы есептерін қиналмастан шығарды, бірақ В тобымен С тобы есептерін шешуде біраз қиналғандары байқалды. Менің аздап бағыт бергеннен кейін есептерді толық шешті.
Соңғы тапсырма тест есептерін шешу болды. Оның алдында сергіту сәтін өткіздім. Оқушылар «Қаражорға» биіне би биледі.
Сабақ соңында оқушылар критери бойынша өз бағаларының орташа балын есептеп тапты. «Аяқталмаған сөйлем» кестесін толтырып кері байланыстарын берді.
Қорыта келгенде математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығы мен логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін әр түрлі әдістерді жиі қолдану керек екенін түсіндім. Сындарлы оқытудың әдіс – тәсілдерін сабақта қолдану оқушылардың қызығушылықтарын арттырады. Бірақ мұғалімге көп дайындалуды қажет етеді. Семинарға қатысқан мұғалімдердің кері байланыстарында төмендегідей ұсыныстар берілді:
-
Топтық жұмыстарды орындау кезінде уақытпен барлық топтардың бірдей бітуіне көңіл бөлу;
-
Топтар арасындағы байланыстарды күшейту;
-
Топтық жұмыс кезінде оқушылардың шулап кетпей топ ережесін сақтауы.
Семинарға қатысқан мұғалімдер мен оқушылардың кері байланыстарын күнделікті сабақтарымда ескеріп отырамын.
Сабақтың тиімді жағы: Семинарға қатысқан мұғалімдер мен оқушылардың кері байланыстары бойынша бұл сабақта оқушылар өз бетімен, топпен де көп жұмыс жасап сабақ қызықты өтті. Оқушылдардың сабаққа қызығушылығы артты, тапсырмаларды орындау жылдамдығы а ртып, жылдам ойлай алуға үйренді.
Сабақтан кейінгі оқушылардың кері байланыстары:
Сабақ кезінен көріністер
5