Теория. Тәжірибе.
Инновация.
Жаңашылдық бастауы -
жаңартылған білім мазмұны. Жаңашылдықты үнемі енгізе отырып,
еліміздің білімді ұрпақтарын шыңдай аламыз.Тәуелсіз елдің негізгі
тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп,
бәйгеден озып келетін заманы енді туды. Мемлекет болашағының
кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ
екені белгілі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз
елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті
мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі.
Осыған орай, білім беру
жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен
тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік
көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық,
әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы
зор. Маңыздылық – ол міндет.
Ұстаз қандай да бір талапқа
сай болуы үшін, білімі терең, іскер, ойлауға қабілетті, тұлғаны
қалыптастыруы қажет. Бұл қазіргі таңдағы әрбір ұстаздың
міндеті.
Инновациялық оқыту нәтижелері
оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал
етуі тиіс. Ықпал нәтижесінде оқушының ой-өрісін кеңейтіп,
дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенлілігін арттыруда,
зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда,
біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге
асыруда оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу шешуші
рөл атқарады, оң нәтиже береді. Баланың алған оң нәтижесі үздіксіз
дами береді.
Еліміздің болашағы, ертеңі –
жас ұрпақтың қолында. Ендеше, біздің ұстаздарымыз оқытудың жаңа
технологияларын енгізіп, білім беруді ақпараттандырып, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу арқылы оқытуды сауатты,
сапалы жүзеге асырып, мамандардың кәсіби құзіреттілігін
қалыптастырғанда ғана қоғамымыздың дамуына елеулі үлес қоса
алады.
Бұл ұлық істердің барлығын
жүзеге асыратын еліміздің ұстаздар қауымы. Ендеше, бүгінгі ұлы
ұстаздар қауымына қойылатын талап та жоғары болмақ. Олар жан-жақты,
әлемдегі жаңалықтардан мағлұматы бар, үнемі шығармашылық
ізденістегі, кәсіби біліктілігін шыңдайтын жеке көзқарасы бар, соны
қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік қабілеті бар, білімді де
білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер
қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға баулитын
кәсіби маман иесі болуы керек. Бұл өмірдің талабы. Өмірдің қойған
талабы орындалмаса, білім құрдымға кетері сөзсіз. Әрбір ұстазда
ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік, сараптамалық
қабілеттердің де болуы шарт. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы
– оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып
сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау,
АКТны қолдану, коммуникативті қарымқатынасқа түсу, жеке, жұппен,
топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты
қолдана білу және оны тиімді жүзеге асыру.Жаңартылған білім беру
бағдарламасы аясында спиральді қағидат бойынша оқытылатыны белгілі.
Ол өте маңызды қағидат. Өйткені әрбір сыныптағы алған білімі жыл
сайын күрделеніп, толығып отырады. Қарапайымнан күрделіге қарай
толығады. Толыққан білімді бағалау үшін, балдық жүйемен бағалау
іске асты. Бұл бағалаудың ерекшелігі бұрынғы бағалауға қарағанда
қолайлы болмақ. Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау баланы
жан-жақты ізденіске баулып, баланы ғылыммен айналысуға ықыласын
аударады.
Қазіргі таңдағы балалардың
ойлау қабілеті ерекше. Мұндай қабілетті, ерекше балалар білікті
мамандар білімімен толықтырылуы тиіс. Заманауи бағдарламалармен
оқытылып, үш тілде еркін сөйлей алатын деңгейге дейін жеткізілуі
тиіс.
Мұғалімдердің пайдаланатын
оқыту әдісі оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз
ету үшін маңызды. Осы орайда жаңа бағдарламаны меңгеру барысында
ерекше әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті
4 дағдыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал
ететіні сөзсіз. Әрбір сабағымда ықпал нәтижесінде, өзіндік даму мен
дағдыға бағытталған жұмыстар баршылық.
Тілді үйретудегі ерекше әдіс –
АКТ-ны қолдана отырып, түрлі программалармен жұмыстар жүргізу.
Программамен жұмыс жасау қызық, әрі балаларға тақырыпты меңгеруі
жеңілдейді. Неғұрлым қызыға орындаған жұмыс нәтижелі болары сөзсіз.
Сондықтан да қай сабақ болмасын, оқушы ынтасын арттыратындай өтілуі
тиіс.
Өз тәжірибемде балаға білім
беріп қана қоймай, ол балаға жаңа біліммен бірге еңбектене білуді
үйрету қажет деп білемін. Сол кезде бала жадында ұзақ, әрі жүйелі
сақталады.
Тәжірибемдегі тағы бір
ерекшелік ол балаларға қолдан жасалған ерекше заттармен түрлі
тапсырмаларды орындату. Қызыға отырып орындап, сабаққа деген
ынталары артады.
Тілді үйретуде жеңіл болу үшін
балаларға сөз бен суретті біріктіру ең жақсы әдіс. Бала
сәйкестендірген сөзін ешқашан ұмытпайды. Өйткені, сөз баланың
жадында сурет болып сақталады.
Мұғалімдер пайдаланатын әдіс
оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістерді
жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру
стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктерін және
нәтижелілігін төмендетеді.
Жаңартылған білім беру
бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу
нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Жаңартылған білім беру
бағдарламасы бойынша жұмыс жасау үшін, алдымызға мақсат қоя отырып,
ол мақсатқа жету үшін оқушы жүрегінен жол табу қажет. Шәкірттердің
жүрегінен жол тауып, білімі мен білігін арттырсақ, ол біз үшін,
яғни ұстаз үшін ұлы іс болмақ. Білімді елде білімін арттырған
шәкірт, ұлы немесе ұлық болуы хақ!
№40 мектептің ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі
Дүйсенбаева Гүлназ
Еркінқызы