400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тепе – теңдікті сақтау жаттығулары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Акробатикалық элементтер арқылы гимнастикалық спорт тәсілдерін меңгеру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау, достыққа, ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа, бір-біріне көмек көрсетуге дағдыландыру. Акробатикалық элементтер тәсілдері арқылы төзімділікке, ептілікке, икемділікке баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жақсыбай негізгі орта мектебінің

І санатты дене шынықтыру пәні мұғалімі:

Жангалиева Рысгул Алдабергенқызы


Тақырыбы: Тепе – теңдікті сақтау жаттығулары.

Мақсаты: Акробатикалық элементтер арқылы гимнастикалық спорт

тәсілдерін меңгеру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау,

достыққа, ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа, бір-біріне

көмек көрсетуге дағдыландыру. Акробатикалық элементтер

тәсілдері арқылы төзімділікке, ептілікке, икемділікке баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

- Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу,оқушы назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға сұрақ

Гимнастикалық жаттығуларға қандай жаттығулар жатады.

  • Жалпы дамыту жаттығулары

  • Секіргішпен жасалатын жаттығулар

  • Жұптасып жасалатын жаттығулар

  • Құралсыз орындалатын жаттығулар

  • Және де оқушылар акробатикалық жаттығуларда жатады.

Оқушыларға сұрақ

Ал енді акробатикалық жаттығулар туралы не білесіңдер. Акробатикалық жаттығуларға қандай жаттығулар жатады.

Shape1

Акробатикалық жаттығулар


Shape3 Shape2


Shape4 Shape5

Shape6




Тақтаға бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазу.

Сабақтың мақсаты: Акробатикалық элементтер арқылы

гимнастикалық спорт тәсілдерін меңгеру.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау, достыққа,

ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа, бір-біріне

көмек көрсетуге дағдыландыру. Акробатикалық

элементтер тәсілдері арқылы төзімділікке, ептілікке,

икемділікке баулу.

ІІ. Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс.

Бұл әдісте жаңа тақырыпты оқушылар өздері оқып, түсініктерін айтады. Дайындалуға 10 минут. Дайындалып болған уақытынан бұрын айтуға болады. Мәтінмен таныса отырып тапсырмалар орындау.

І – Тапсырма

Акробатикалық жаттығулар.

Қарлығаш кейпіне келу, алға аунап түсу, көпір жасау, жауырынға тұру, жартылай шатқа отыру.


ІІ – тапсырма

Бөрене. Тепе – теңдік жаттығулары.

Қарлығаш бейнесін жасау.

Қолды жайып, аяқтың ұшына жүру.

Кері бұрылу, бөренеден секіріп түсу.


Сабағымыздың келесі бөлімі сызықтық диктант деп аталады.

Шарты: бір қағазға кесінді сызады, оны бес бөлікке бөледі. Мұғалімнің оқыған сұрақтарына топта бір – бірімен жағалай отырып, бір қағазға әрбір оқушы бір сұраққа кезегімен ия деген жауапқа «+» белгісін, жоқ деген жауапқа «–» белгі қою арқылы жауап береді. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай, барлығы 5 ұпай жинай алады.

Shape7

Сұрақтар:

  1. Тепе-теңдік сақтау жаттығуларын үш түрге бөлуге болады. –

  2. Шаршаған кезде тепе-теңдік жаттығуларын орындауға талаптанбау керек. +

  3. Акробатикалық жаттығулар секіргішпен жасалатын жаттығуға жатады. –

  4. Көтеріңкі тіректі тепе-теңдікті сақтау жаттығулары гимнастикалық орындықта, дөңгелек және төртбұрышты бөренеде, гимнастикалық баспалдақта орындалады. +

  5. Акробатикалық жаттығуларға тепе-теңдікті сақтау жаттығулары жатады. +


ІІІ. Ой толғаныс.

Венн диаграммасы


Тапсырма: Тепе-теңдікті сақтау жаттығуларымен секіргішпен жасалатын жаттығуларды салыстыру.




Shape8 Shape9











Қорытындылау.

Сонымен оқушылар бүгінгі сабағымызда біздер тепе-теңдік сақтау жаттығуларымен таныстық және де оларды орындадық.


Үйге тапсырма: Тепе-теңдікті сақтау жаттығуларын қайталау.

Бағалау.

Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, 5 деген баға алған оқушылар:

Сабаққа өз үлестерін қосқан, жақсы қатысқан оқушыларға 4 деген баға қойылады.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
928
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі