Тератогенез. Туа пайда болған ақаулардың жасушалық механизмі. Бағаналы жасушалар.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тератогенез. Туа пайда болған ақаулардың жасушалық механизмі. Бағаналы жасушалар.

Материал туралы қысқаша түсінік
дамудың туа біткен ақаулықтарының себебі, даму механизмдері, диагноз қою ,алдын алу, туралы мәлімет берілген. Бұл өз сабақтарымда қолданамын, қосымша тапсырмалар мен тест тапсырмалары жинақталған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Тератогенез. Туа пайда болған ақаулардың жасушалық механизмі. Бағаналы жасушалар.

Мақсаты: Студенттерге тератогенез, туа пайда болған ақаулардың жасушалық механизмі және стволды жасушалар туралы түсінік беру.

Білімділік - студенттерге тератогенез, туа пайда болған ақаулардың жасушалық механизмі және стволды жасушалар туралы түсінік беріп, менгерген білімін ойын элементтерін пайдалана отырып тексеру, басқа пәндермен байланысына көз жеткізу

Дамытушылық - Әрбір шәкірттің жеке тұлға ретінде белсенділік қабілетін дамыту, танымдық ойлау, қиялдау қабілеттерін арттыру, өздігінен ізденуге талпындыру .

Тәрбиелік - студенттерді еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, өз ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: теория

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жаңа сабақ түсіндіру, тест.

Сабақтың уақыты: 90 мин

Сабақты өткізу орны: оқу кабинеті

Пәнішілік байланыс: Онтогенездің генетикалық механизмдері.

Пәнаралық байланыс: Биология

Сабақтың жабдықталуы: проектор, ноутбук, презентация, кеспе қағаздар

Пайдаланылған әдебиеттер: Негізгі: Қуандықов Е.Ө «Медициналық биология және генетика»

Қосымша: С.А. Әбілаев «Молекулалық биология және генетика» Чебышев «Биология»

Студент білуі тиіс:- теріс тератогенді факторлардың әсерін

- туа пайда болған ақаулардың жасушасының механизмін;

- қазіргі генетика тұрғысындағы темекі шегудің, алкогольдің және есірткі заттардың зиянын;

Сабақтың хронокартасы және құрылымдық - логикалық сызбасы:

І. Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру – 20 мин

ІІІ . Жаңа тақырыпты түсіндіру – 35 мин

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин

V. Қорытындылау – 5 мин

VІ. Үйге тапсырма – 3 мин


Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқу кабинетінің тазалығына көңіл бөлу.

2. Студенттердің сыртқы киімдеріне (калпак, халат) көңіл аудару.

3. Сабақта жоқ студенттерді белгілеу, сабаққа даярлығын тексеру.

4. Сабақтың мақсаты мен жоспарымен таныстыру.

5. Тақырыптың маңыздылығының мәнін атап өту

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

Тақырыбы:Онтогенездің генетикалық механизмдері.

(Студентердің үй тапсырмасын тексеруде сұраққа жауап беру және түрлі тапсырмаларға жауап беру беріледі.)

Сұраққа жауап беріңдер:

  1. Тератогендік факторлар әсерінен қандай ақаулықтар пайда болады

  2. Диазепам

  3. Жыныс жасушаларының «пісіп» кетуі дегеніміз

  4. Диабеттік эмбриопатия және диабеттік фетопатялар дегеніміз

  5. Экзогендік факторларды ата

6. Биологиялық факторларға жатады

Тапсырмаларды орындаңдар:

1 тапсырма. Сызбанұсқаны толтыр


Даму

Shape2 Shape1




Онтогенез Филогенез


2 тапсырма. Дәрісті пайдаланып жүйке жүйесінің филогенезін түсіндіріңіз

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


3тапсырм. Оқулықты пайдаланып, сөйлемдерді толықтыр.

Онтогенез немесе . . . . деп сперматозойдтың жұмыртқа клеткасымент қосылып зигота түзілуінен бастап, организмнің өлуіне дейінгі дара тіршілігінің бүкіл кезеңін айтамыз .

. . . . . екі кезеңге бөлінеді:

1) . . . .-зигота түзілуден бастап, туылған немесе жұмыртқа қабығынан шығуға дейін жалғасатын уақыт;

2) . . . . . –жұмыртқа қабығынан шығудан немесе туылудан бастап, организмнің өліміне дейін жалғасатын уақыт. Эмбриональдық кезеңді үш негізгі сатыға бөлінеді: бөлшектену, гаструляция және алғашқы арганогенез.

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Тақырыбы: Тератогенез. Туа пайда болған ақаулардың жасушалық механизмі.

Стволды жасушалар.

Жоспары:

1.Тератогенез.

2.Туа пайда болған ақаулардың жасушалық механизмі.

3. Стволды жасушалар.

Эмбриогенез құбылысының қалыпты жүруінің бұзылуы әр түрлі ақаулықтарға алып келеді,оларды дамудың туа біткен ақаулықтары (ДТБА) деп аталады. Дамудың туа біткен ақаулықтары немесе даму ақаулықтары деп ағза құрылысының морфологиялық бұзылуын айтамыз. ДТБА негізінен ұрықтық (антенатальдық) дамудың бұзылуы нәтижесінде немесе сирек, туылғаннан кейін кейбір мүшелердің әрі қарай қалыптасуының ауытқуы салдарынан (мысалы, тістің ақаулықтары, артериялық боталл өзегінің ашық болуы т.с.с) пайда болады.

Адам ақаулықтарын зерттейтін ғылымды тератология, ал сол ақаулықтары тудыратын факторларды теротогендік факторлар деп атайды. Ғылыми деректерге қарағанда қазіргі кездері өркениетті елдер тұрғындарының, әсіресе жас балалардың сырқаттануы мен қаза болуының басты себептерінің бірі ретінде адамдардың туа біткен ақаулықтары саналады. ДТБА жаңадан туылған нәрестелердің кем дегенде 2-3 пайызында кездеседі; нәрестелердің алғашқы апталарында-ақ өліп қалуының себептерінің 25-30 пайызы да осы ДТБА байланысты. Кейбір елдерде (АҚШ, Жапония, Германия т.б.) бөбектердің қаза болуының басты себебі ДТБА болып есептелінеді. Дамудың туа біткен ақаулықтарына төмендегідей өзгерістерді жатқызады:

Агенезия-мүшенің мүлдем дамымауы.

Аплазия- мүшенің өте нашар дамыған бастамасы ғана болуы мүмкін;

Туа біткен гипоплазия-мүшенің толық жетілмеуі(дамымауы)

Туа біткен гипертрофия-мүше салмағының (не мөлшерінің)салыстырмалы түрде ұлғайып өсуі;

Туа біткен гипотрофия-нәрестенің не құрсақтғы баланың дене салмағының аз (кішкентай) болуы;

Макросомия-нәресте денесінің ұзын болуы;

Гетеротопия-кейбір мүшелерде өздеріне тән емес жасушалардың,ұлпалардың немесе басқа бір мүшенің түгелдей бір бөлігінің кездесуі.Мысалы,мишық қабығында алмұрт пішіндес невроциттердің кездесуі;кеңірдектен тыс,өкпеде кейбір шеміршектердің кездесуі т.с.с.

Гетероплазия-кейбір ұлпалардың жіктелуінің бұзылуы;

Эктопия-мүшеорныныңығысуы,яғни оның өзіне тән емес жерлерде орналасуы.Мысалы,бүйректің жамбас қуысында орналасуы,жүректің көкірек қуысынан сыртта орналасуы;

Атрезия-қуыс мүше арасының не табиғи тесікшесінің мүлдем болмауы;

Стеноз-қуыс мүше арасының не тесігінің тарылуы (ішектердің стенозы, қан тамырлардың стенозы)

Бітісу(кірігу) –екі монозиготалы егіздердің бір-бірімен бітіуі (кірігуі);

Дисхрония-ағза мүшелерінің даму қарқынының бұзылуы (күшеюі не боялуы).



Үстіңгі еріннің және қатты таңдайдың бітіспеуі



Аяқ-қол ақаулықтары



Бастарымен біріккен Төстерімен біріккен Бөкселерімен біріккен


ДТБА жалпы саны өте көп, мыңдап саналады. Оларды тұқым қуалайтын, экзогендік және мультифакторлы деп 3 топқа бөледі. Тұқым қуалайтын ақаулықтарға мутациялар негізінде пайда болған ақаулықтар жатады. Оларды геңдік және хромосомалық тұқым қуалайтын ақаулықтар деп бөледі. Экзогендік ақаулықтар ұрықтың не құрсақтағы баланың тератогендік факторлармен тікелей зақымдануы нәтижесінде қалыптасады. Мультифакторлы ақаулықтар генетикалық және экзогендік факторлардың бірлесе әрекет етуінің нәтижесінде пайда болады. ДТБА пайда болу себеперінің 40% мутациялар, 50% мультифакторлы, 5%тератогендік оның ішінде 2% инфекция факторлары болып есептелінеді.

ДТБА тератогендік факторлардың әсер ету формасында ақаулықтардың ағза мүшелерінде таралуына қарай жіктеледі.

Тератогендік факторлардың әсер ету уақытына қарай ақаулықтарды:

1) гаметопатия-гаметалардың зақымдануы. Бұл кездері кіріккен егіздер, циклопия (жалғыз көзділік), сиреномелия т.с.с. ақаулықтар пайда болады;

2) эмбриопатия-ұрықтың 16 күннен -8 апта аралығында зақымдануы;

3) фетопатия-ұрықтың 9 апталығынан нәресте дүниеге келгенге дейінгі аралықта зақымдануы. Бұл кездері эмбриондық құрылымдардың әрі қарай сақталып қалуы (пересистирование) (урахус, крипторхизм) сияқты ақаулықтар пайда болады.

Ағза денесінде таралуына қарай ақаулықтарды былайша бөледі.

1)жеке ақаулықтар-бір мүшеде кездессе

2)жүйелі ақаулықтар-бір мүшелер жүйесінде кездессе.

3)көптеген ақаулықтар 2 не одан да көп мүшелер жүйесінде кездессе.

Ақаулықтардың жоғарыда келтірілген жіктелуі этиологиялық принципке негізделген және олар қазіргі таңда көп қолданыла бермейді. Оның есесіне қазіргі кезде ДТБА адам денесін анатомиялық - физиологиялық жүйеге бөлу принциптеріне сәйкес жітеу кеңінен қолдау табуда. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ХХ, ІХ Ассамблеясында 1975 жылғы қабылданған жіктелу де осы принципке негізделген. Ол төмендегідей:

А. Мүшелердің және мүшелер жүйелерінің туа біткен ақаулықтары:

Орталық жүйке жүйесінің,сезу мүшелерінің ақаулықтары;

Мойын және бет ақаулықтары;

Жүрек-қантамыр жүйесінің ақаулықтары;

Тыныс алу жүйесінің ақаулықтары;

Ас қорыту жүйесінің ақаулықтары;

Тірек-қимыл жүйесінің ақаулықтары;

Зәр шығаруу жүйесінің ақаулықтары;

Жыныс мүшелерінің ақаулықтары;

Ішкі секреция бездерінің ақаулықтары;

Тері және оның туындыларының ақаулықтары;

Плацента(бала орны)ақаулықтары:

Басқа да ақаулықтар.

Б. Көптеген ақаулықтар

1) хромосомалық ақаулықтар;

2) гендік синдромдар;

3) экзогендік факторларға байланысты синдромдар;

4) Пайда болуы анықталмаған синдромдар;

5) айқындалмаған көпшілікті синдромдар;

Тератогендік факторлар 3 топқа бөледі:

1)Эндогендік факторлар:

а) мутациялар;

б) ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы;

в)жыныс жасушаларының пісіп кетуі;

г) ата-аналар жасы;

2) Экзогендік факторлар:

а) физикалық факторлар;

б) иондаушы радиация;

в) механикалық факторлар;

г) химиялық факторлар;

-дәрі-дәрмектер

-тұрмыста және өнеркәсіпте пайдаланылатын заттар

-дұрыс тамақтанбау (аштық)

-гипоксия.

3) Биологиялық факторлар;

а) вирустар;

б) микоплазмалар т.с.с.

Мутациялар - ақаулықтардың пайда болуының басты себептерінің бірі болып табылады.Н.П.Дубининнің айтуынша адамдардың барлық ақаулықтары мутация салдары деп түсінуі қажет. Мутациялардың түрлері, пайда болуы, зиянды әсерлері туралы алдыңғы тарауларда толық айтылған. Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы көптеген ақаулықтарға алып келеді. Мысалы, өздігінен түсік тастауға не құрсақтағы баланың морфологиялық және физиологиялық ақаулықтары немесе нәрестенің көп өмір сүрмей өліп қалуы.

Кейбір дәрі - дәрмектердің де тератогендік әсері белгілі, мысалы транквилмзаторлар (қолдан жасалан гормондық препараттар), талидамид және диазепам. Талидамид ересек адамдарға зиянсыз, бірақ 4-10 апта аралығындағы жүкті әйелдерге зиян келтіріп, ұрықтың талидамидті эмбриопатиясына алып келеді. Бұл патологиямен туылған балалардың аяқ - қолдары өте қысқа немесе қолдары мүлдем дамымайды, ішкі мүшелерінің құрылысы да бұзылады, ал мұндай нәрестелер не өлі туылады, не 1-2 айдан кейін өліп қалады. Диазепам – балалардың еріндерінің жырық болуына алып келеді. Тератогендік дәрі-дәрмектерге тырысқаққа және рак ауруына қарсы қолданылатын дәрілерді де жатқызуға болады.

Вирустардың, әсіресе қызылша вирусының, тератогендік әсері 1941 жылы белгілі болды. Жүкті аналар қызылшамен ауырса ұрық не құрсақтағы бала күні бұрын өздігінен түсіп қалады, не ақаулықтармен туылады, 50% жағдайда олардың тістері дамымайды.

Тератогенездің жасушалық механизмдеріне жасуша бөлінуінің, миграциялануының және жіктелуінің ауытқуларын жатқызуға болады.

ІV Жаңа сабақты бекіту.

(Алған білімін бекітуде сұрақ қою,бейнені тап,биологиялық диктант,термин сөздермен жұмыс және тірек сызба жұмысы беріледі.)

Сұраққа жауап беріңдер:

1.Туа біткен ақаулар дегеніміз

2.Тератогендік факторлар әсерінен қандай ақаулықтар пайда болады

3.Диазепам

4.Жыныс жасушаларының «пісіп» кетуі дегеніміз

5.Диабеттік эмбриопатия және диабеттік фетопатялар дегеніміз

6.Экзогендік факторларды ата

7.Биологиялық факторларға жатады

Тапсырмаларды орындаңдар:

1-тапсырма Бейнені таны


2-тапсырма

Биологиялық диктант

  1. Эмбригинез құбылысының қалыпты жүруінің бұзылуы әр түрлі ақаулықтарға алып келеді,оларды ....................... деп атайды.

  2. Дамудың туа біткен ақаулықтары немесе даму ақаулықтары деп ағзаның қалыпты құрылысының ............. бұзылуын айтамыз. ДТБА негізінен ұрықтық дамудың бұзылуын нәтежесінде немесе сирек,туылғаннан кейін кейбір мүшелердің әрі қарай қалыптасуының ауытқуы салдарынан пайда болады.

  3. Адам ақаулықтарын зерттейтін ғылымды .................................,ал сол ақаулықтарды тудыратын факторларды ............................. деп атайды.

  4. ...........................-мүшенің мүлдем дамымауы,болмауы.

  5. .........................-мүшенің өте нашар дамыған бастамасы ғана болуы мүмкін.

  6. ..........................-мүшенің толық жетілмеуі.

  7. ...........................-мүше салмағының салыстырмалы түрде ұлғайып өсуі.

  8. ..........-нәрестенің не құрсақтағы баланың дене салмағының аз болуы.

  9. ............................-нәресте денесінің ұзын болуы.

  10. .............-кейбір мүшелердің өздеріне тән емес жасушалардың ұлпалардың немесе бақа бір мүшенің түгелдей бір бөлігінің кездесуі.Мысалы,мишық қабығында ламұрт пішіндес невроциттердің кездесуі,кеңірдектен тыс өкпеде кейбір шеміршектердің кездесуі.

Жауабы: Дамудың туа біткен ақаулықтары.2.Морфологиялық . 3.Тератология, тератогендік факторлар. 4.Агенезия. 5.Аллазия. 6.Туа біткен гипоплазия. 7.Туа біткен гипертрофия. 8.Туа біткен гипотрофия. 9.Гетеротопия. 10. Гетеротопия.


Тапсырма №3

Терминдермен жұмыс

Гетероплазия - кейбір ұлпалардың жіктелуінің бұзылуы. Эктопия - мүше орнының ығысуы,яғни оның өзіне тән емес жерлерде орналасуы.

Атрезия - қуыс мүше арнасының не табиғи тесікшесінің мүлдем болмауы.

Стеноз - қуыс мүше арнасының не тесігінің таралуы.

Бітісу - екімонозиготалы егіздердің бір-бірімен бітісу.

Дисхрония - ағза мүшелерінің даму қарқының бұзылуы.

Агенезия - мүшенің мүлдем дамымауы,болмауы.

Аплазия - мүшенің өте нашар дамыған бастамасы ғана болуы мүмкін.

Туа біткен гипоплазия - мүшенің толық жетілмеуі

Туа біткен гипертрофия- мүше салмағының салыстырмалы түрде ұлғайып өсуі.

Туа біткен гипотрофия - нәрестенің не құрсақтағы баланың дене салмағының аз болуы.

Макрсомия -нәресте денесінің ұзын болуы.

Гетеротопия -кейбір мүшелердің өздеріне тән емес жасушалардың ұлпалардың немесе бақа бір мүшенің түгелдей бір бөлігінің кездесуі.


4-тапсырма. Тірек сызба




Shape3 ДТБА


Shape4 Shape5 Тұқым қуалайтын ақаулықтар

Экзогендік ақаулықтар

Мультифакторлы ақаулықтар


V. Қорытындылау:

Студенттерді жеке жауаптарына және тобына байланысты бағалау. Жеке тапсырмалардың тексеру. Оқытушы тақырыпты түгел сабақты сараптап, әр студенттің белсенділігіне байланысты сабақ барысындағы жетістігі мен кемшіліктерін атап, бағалап сабақты қорытындылайды.

VІ. Үйге тапсырма беру:

Тақырып: «Тератогенез.Туа пайда болған ақаулардың жасушалық механизмі. Стволды жасушалар».Е.У. Қуандықов «Медициналық биология және генетика».




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2019
10016
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі