Материалдар / Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2019
435
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Пәннің атыУақыты:Кабинет:Мұғалім
Сабақтың атауыДенім сау болсын десең.Кездейсоқ жағдай- ол не? (ӨҚН)
МақсатыКүтілетін нәтиже1. Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. 2. Тазалық және жеке бас гигиенасының мәдени дағдыларын қалыптастыру. 3. Балаларымыз сұлу да сымбатты, денсаулығы зор күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен шұғылданудың маңызын түсіндіру. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Денесін шыңдау, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз, қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: араласСабақтың формасы: жеке, топпенӘдісі: сұрақ-жауап, түсіндіруПәнаралық байланыс: әдебиет,валеология, дене шынықтыру.
Психологиялық ахуалАрмысың, асыл күн!Армысың, асыл жыр!Армысың, көк аспан!Армысың, жан досым!Жылуыма жылу қос,Міне, менің қолымОқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты оятуСабақты бастамас бұрын «Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.Есік қағылады. Ішке бала кіреді.Дәрігер:-Қандай себеппен келдің?Бала:-Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.Дәрігер:-Сағат нешеде тұрасың, нешеде ұйықтайсың?Бала:-Түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.Дәрігер:-Асқа тәбетің қалай? Қалай тамақтанасың?Бала:-Қолыма не түседі, соны жей саламын.Дәрігер:-Нені ұнатасың?Бала:-Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.Дәрігер:-Оған қанша уақыт бөлесің?Бала:-Ұйқым келгенше ойнай беремін.Дәрігер:-Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.Оқушылар: Кеш жатып, кеш тұрғандықтан, ұйқысы қанбайды.Таза ауада аз жүреді. Компьютерде көп ойнағандықтан көзі ауырады. Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек. Бір сөзбен айтқанда, бұл бала күн тәртібін сақтамайды. Денсаулықты сақтау керек.Мұғалім: Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Денім сау болсын десең…»Сабағымыздың мақсаты: оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Халық даналығында «Денсаулық-зор байлық» деген сөз бар. Ерте заманнан бері ата-бабаларымыз денсаулыққа көп көңіл бөлген. Баланың дені сау, шымыр болу үшін 4-5 жастан бастап атқа мінгізген, садақ тарту, найза шаншу, күрес секілді денені шынықтыратын жаттығулармен жаттықтырған. Осының нәтижесінде бұлшық ет қатайып, бой өсіп, кеуде кеңейіп, күш молаятынын ертеден-ақ білген. Ал қазір мектепте дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Онда арнаулы мамандар иесі сабақ береді, қабілетін анықтап, қай спортқа талабы барын қадағалап, бағыттап отырады. Спорттың түрлері өте көп. Стол теннисі, шахмат, дойбы, хоккей, бокс, жеңіл атлетика, баскетбол, футбол сияқты түрлері кеңінен тараған. Кейінгі кездері жылдамдықты, тездікті талап ететін спорттың түрлері де пайда болды. Олар: у-шу,дзюдо, айкидо,таэквондо. Сонымен қатар денені шынықтыратын ұлттық ойындар да бар. Олар: «Үлек пен тайлақ», «Бәйге», «Қыз қуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату».
Мағынаны тануІ топ Спорт түрлерін және пайдасы жайлы айтып беріңдер.ІІ топ Ұлттық ойындардың пайдасы жайлы айтыңыздарОқулықпен жұмыс
Сергіту сәтіСуда да біз жүземіз,Тауға да біз шығамыз.Шынығамыз жүгіріп,Шынығамыз секіріп,Шынығамыз адымдап,Бір мезгіл демаламыз, дамылдап.Ой сергітеді,шашағандарыбасылады
Ой толғанысМенің ойыным

Үйге тапсырмаМазмұндауКүнделіктеріне жазып беремін
Бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланысСмайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!