Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу. Координаталық түзудің бойында қосу. Ашық сабақ 6 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1А Қатынастар және пропорциялар

ызылтаң" жалпы орта білім беретін мектебі

Күні:21.10.22ж

Мұғалімнің аты-жөні: Ахметова Гаухар

Сынып: 6б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.13 таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындау;

Сабақ мақсаттары

таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындайды;

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10-15 минут


а) Мақсат: сабақтың басын ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа қатысуын тексеру;

ә)Үй жұмысын тексеру (оқушылар дайын жауап арқылы жіберген қателелерін түзетеді, жұптағы оқушылардың бір-бірімен дәптер алмасып дайын жауаппен тексеруін ұсынуға болады);

б)Оқушыларды топқа бөлу

1-топ "Оң сандар"

2-топ Теріс сандар

3-топ Қарама-қарсы сандар

в)Өткенді пысықтау үшіноқушыларға сұрақтар мен ауызша есептер қою.

-Оң сандар мен теріс сандар координаталық түзуде қалай кескінделеді?

-Оң сандар мен теріс сандарды қалай салыстырамыз?

-Теріс сандар қалай қосылады?

- Таңбалары әртүрлі сандарды қалай қосамыз? Ауызша есептер қойылады.

27+(-54)

-6+3

-11+11

-6+5

11-15

25-40

-5+(-4)

0+(-5)

-6,5+1

0,75+(-8,75)

-8/15+1/15

1/5+(-4/5)

-1,5+10

8,16+1,14

5+(-0,5)

-10+(-5)

Оқушылардың өздері жауабын ұсынады.

Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Жұпқа бөлу (1минут)

Білімді жаңарту (3 минут)

Азайту қосынды мен белгілі қосылғыш бойынша екінші (белгісіз) қосылғышты табу амалы. b+x=a; х белгісіз қосылғыш, х=a-b. Рационал сандарды азайту амалы азайғыш азайтқыштан кіші (кем) болғанда да орындалады.

Проблемалық жағдай туғызу.

Рационал сандарды қосу амалын пайдаланып,температураның өзгерісін табайық.

Есеп.

Ауаның температурасы таңертең -2 С (суық) еді, түсте 5 С (жылы) болды. Ауаның температурасы неше градусқа өзгерді?

Оқушылар жауабын презентация бойынша тексереді. Оқушылардың жауаптарын негіздеуі талап етіледі.Шешуі:

-2+х=5

Х=5+2

Х=7

Дескриптор: Білім алушы:

  • Таңбалары бірдей және таңбалары әртүрлі сандарды қоса алады.

  • Сандар өзгерісін есептей алады.


Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»


Дидактикалық материал, үлестірмелі кеспелер



Сабақтың ортасы

25 минут





Жұптық жұмыс

Бос орынды толтырады

Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады. Қателескен жағдайда мұғалім түзетеді.



















Топтық жұмыс "Түймедақ гүлі" әдісі

Есептің берілген мен жауаптары түймедақ күлтелеріне жазылған. Оқушылар топтаса отырып есептің берілгенімен жауабын тауып дұрыс орналастырады.

Дұрыс құрастырған топ жеңімпаз атанады.

1-топ

1) -0,5+5,5+(-2) 3) -8+8+0,2

2) 8+(-5)+1,7 4) -0,6+(-0,4)

Жауаптары: 3; 4,7; 0,2; -1

2-топ

1) 7+(-4)+(-2) 3) -1,7+0,7

2) -8+5+0 4) 1+(-1)+2,3

Жауаптары: 1; -3; 0; 2,3

3- топ

1) -0,5+6,5+7 3) 3,2+(-0,2)

2) -5+7+2,5 4).-1,2+1,2

Жауаптары: 13; 4,5; 3; 0

Жеке жұмыс

Деңгейлік есептер шешу оқулық бойынша

А деңгейінен № 400 есеп

В деңгейінен № 401 есеп

С деңгейінен № 410 есеп

Оқушыларға деңгейлік есептер берілген соң оның нәтижесін қарастырады. Қай оқушы қай деңгейге жеткенін анықтаймын.









Сабақты қорытындылау

Сабақты бекіту бойынша "Мәре" әдісі бойынша жеңімпаз оқушыны анықтау.

2. Бос орындытолтырыңыз:


- 3 + … = 4




4 + … = - 2

- 1 + … = - 4

Дескрипторлар:

  • Координаттық түзуде нүктелерді дұрыс бейнелейді;

Координаттық түзуде сандарды қосуды дұрыс орындайды

Жұптар арасында өзара бағалау жүргізіледі.


«Түймедақ» гүлінің күлтелерін сәйкестендіру қажет.Топтық жұмысты былай бағалаймын.

Мысалы:

  • егер барлық жұмыс дұрыс орындалса, «өте жақсы»,

  • егер жауаптары дұрыс, кейбір түсіндірмелер қиындық тудырса «жақсы»,

  • егер барлық жұмыстың 70-ы дұрыс болса, онда «тәжірибе қажет»

егер барлық жұмыстың 70-нан азы дұрыс болса, онда «көмек қажет» деп бағалауға болады.

Дескрипторлар:

  • Таңбалары бірдей және таңбалары әртүрлі сандарды қосады- 1балл;

  • Жауабын сәйкестендіреді-1 балл

  • Түймедақ гүлінің дұрыс, әдемі жинақталуы-1балл

Топтар арасында өзара бағалау жүргізіледі.

А деңгейі

400 есеп Бос орынға теңдік тура болатындай санды қой:

Дескриптор:

  • Белгісіз санды табады- 1балл

В деңгейі

401 есеп Қосындыны табыңдар

Дескриптор:

  • Таңбалары әртүрлі сандарды қосуды орындайды-1балл;

  • Жауабын негіздейді -1балл

410 есеп

Жеке кәсіпкер тапқан 8000000 теңге пайдасының 3%-ін салық үшін төледәі және 130000 теңгені қамқорлық қорына салды. Жеке кәсіпкердің тапқан пайдасының неше теңгесі қалды?

Шешуі: 8000000*3%= 240000теңге салық

240000+130000=370000теңге шығын

8000000-270000=7630000 теңге пайда қалды

Дескриптор:

  • Салық сомасын табады-1балл;

  • шығынды есептейді-1балл;

  • пайданы табады-1бал

"Бес саусақ " әдісімен оқушыларды жеке - жеке шығарып, есепті қате шығарса, басқа оқушыны тақтаға шығарып жеңімпаз оқушыны анықтайды.

Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»

1-10 баллдық жүйеде бағаланады.


6 сынып оқулығы. 1-бөлім.

Әбілқасымов А.Е., Кучер Т.П., Жұмағұлова З.Ә., 2018ж «Мектеп» баспасы

https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E







Деңгейлік есептер, үлестірмелі кеспелер, бағалау парақшасы


Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ бойынша қорытынды жасау. Оқушылардың жинаған балдарын есептеу және белсенді топты анықтау.

Үй жұмысы: рационал сандарды қосуға өмірмен байланысты 2 есеп құрастыру

Сабақты қорытындылау:

Нені білдім? Нені үйрендім? Немен жұмысты жалғастыру керек?

Сабақтың келесі сабақпен байланысты екенін оқушыларға ескерту маңызды.


Жапырақ стикерлері





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.11.2022
560
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі