400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Терме жанры қалыптасуы мен даму тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала музыка мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Терме жанры тарих, бүгіні мен болашағы


Бағдарламаның жалпы сипаттамасы: «Қазіргі таңда музыка пәні жалпы білім беретін мектептерде қандай деңгейде оқытылады, мектепті бітіргенде оқушының музыкалық сауаттылығы қандай деңгейде болады?»,- деген орынды сауал қойылуы керек. Расында, оқушы мектеп қабырғасынан шыққанда музыка пәні бойынша нені біледі, қандай аспапта ойнай алады немесе қандай ән айта алады? Әрине, музыка – киелі ұғым. Ол – өнер. Екінің бірінің басына қона бермейтін бақ. Не дегенмен «әу демейтін қазақ жоқ». Сол бір жаны жырға, жүрегі сырға толы, өнерпаз халықтың ұрпағы емеспіз бе?! Қазақ баласының жаны, қаны қазақ болып, жүрегі қазақ деп соғуы үшін музыка пәнінде ұлттық таным негізінде білім мен тәрбие беруіміз қажет. Бұл авторлық бағдарламада терменің жанрлық сипаты, толғау, жыр тәрізді ұқсас жанрлардан айырмашылығы, терменің дамып қалыптасуы мен бүгіні, перспективасы, қазақ термелері қарастырылады.

Бағдарлама тақырыбының өзектілігі: Жалпы музыка пәнінің негізгі мақсаты оқушыларға ұлттық өнердің құндылығын танытып, оның қадір-қасиетін түсіне білуге, ұлттық таным негізінде білім мен тәрбие алуына жол ашып, олардың өздерін де музыка өнеріне баулу, ұлттық рухани мұраның кейінгі буынға жетуіне үлес қосу, музыкаға бейім оқушылардың қабілеттерін арттыру болып табылады. Оқушылардың музыка пәнінен алған білімдерін жетілдіріп, терме жанры туралы толыққанды білімдерін қалыптастыру мақсатында «Текті сөздің төресі -терме» атты авторлық бағдарламаны құрастырдық. Қазақ музыкасының тарихы сонау көне замандардан бастау алған. Ұлт болып қалыптасқаннан төл музыкасы қоса дамыды. Ата-бабадан қалған дәстүрдің әрқайсысына аманат ретінде қарап, оларды көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Осы тұрғыдан алғанда бағдарлама тақырыбы өзекті болып саналады.

Бағдарламаның мақсаты: оқушыларға терме жанры туралы толық теориялық ақпарат беріп, қазақ музыкасының даму тарихындағы терме жанрының алатын орнын ашып көрсету, термешілер жайлы түсініктерін қалыптастыру, терменің мазмұны мен құрылымы, орындалу мәнерін меңгерту арқылы ұлттық мұраға ыстық ықыласпен қарауларына жол ашу, ұлттық музыка мәдениеті жайлы сауаттылықтарын арттыру.

Бағдарламаның міндеті:

  • бағдарлама мазмұнында қамтылған әрбір тақырыпты теориялық тұрғыда түсіндіре отырып, оны іс жүзінде оқушының меңгеріп шығуына ықпал ету;

  • оқушыларды терме жанрының мазмұндық, құрылымдық ерекшелігімен таныстыру;

  • терменің орындалу мәнерімен таныстыру;

  • терме жанрының қазақ өнерінің тарихындағы алатын орнын ашып көрсету;

  • термешілер жайлы мағлұматтарды меңгерту;

  • оқушыларды терме жанрын орындай білуге төселдіру;

  • шығармашылық белсенділіктерін дамыту;

  • алған деректерін жаңа білім алу үшін пайдалану;

  • оқушылардың музыка жанрларын меңгеруге деген қызығушылықтарын дамыту;

  • музыкалық-танымдық сұраныстары мен қызығушылықтарын, музыкаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Зерттеу пәні: өнер.

Зерттеу объектісі: терме.

Күтілетін нәтиже: терменің музыкалық жанр ретіндегі ерекшелігін айқын түсінеді, қазақ термесінің қалыптасып даму тарихымен, термешілер өнерімен танысып, терме жанрын орындауға қалыптасады

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
389
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі