Термин сөздер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Термин сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
Емтихан тапсыратын сыныптарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

$21.Моногибридті будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары

Терминдер

Анықтамасы

1

Ген

Тұқымқуалаушылықтың элементарлық бірлігі

2

Моногибридті

Егер тәжірибеге алынған ата-аналық даралар бір жұп зерттелетін белгі айырмашылығы болса, будандастыру

3

Бұршақ

Өздігінен тозаңданып көбейетін өсімдік

4

Доминантты

Бірінші ұрпақ будандарында ата-аналарының біреуінің ғана белгісі – тұқымның сары түсті жарыққа шығыуы

5

Рецессивті

Бірінші ұрпақ будандарында көрінбей қалған белгі

6

Гомозигота

Ұрпақта ажырау бермейтін даралар(грек.гомос – тең, зигота – ұрықтанған жұмыртқа)

7

Гетерозигота

Ұрпақтарында ажырау жүретін даралар(грек.гетерос – басқа).

8

Аллельді ген

Әр хромосомалар жұбында орналасқан гендер де екіден болады:A доминантты аллель, а – рецессивті аллель





$22.Генотип және фенотип.Аллельді гендер. Г.Мендельдің үшінші заңы

Терминдер

Анықтамасы

1

Аллельді гендер

Нақты бір белгінің альтернативті дамуын (екі түрлі көрнісін) анықтайтын және гомологті хромосомалардың бірдей бөліктерінде орналасқан гендер

2

Талдаушы шағылыстыру

Айқас тозаңданатын түрлерінде олардың генотипін анықтау үшін қолданылады

3

Толық емес доминанттылық

Гетерозиготалы ұрпақ көпшілік жағдайда аралық сипаттағы фенотипті көрсетеді

4

Дигибридті будандастыру

Екі жұп аллельдері бойынша айырмашылығы бар дараларды будандастыру

5

Фенотип

Организмнің барлық белгілерінің жиынтығы

6

Аллель

Белгінің бір көрінісін анықтайтын ген нұсқасы

7

Гибрид

Бір-бірінен қарама-қарсы белгілері арқылы ажыратылатын организмдерді шағылыстыру нәтижесінде алынатын будан ұрпақ





$23.Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы. Жыныс генетикасы

Терминдер

Анықтамасы

1

Тіркесу тобы

Бір хромосомада орналасқан гендер тобы

2

Жыныс хромосомалар

Хромосомалар жыныстың тұқым қуалауына жауапты







Терминдер

Анықтамасы

1

Геннің көптік әсері

Бір геннің қатарынан бірнеше белгінің дамуына әсері

2

Шағылыстыру кезіндегі жаңа түзілістер

Шағылыстыру кезінде екі түрлі геннің өзара әректтесуі нәтижесінде ұрпақтарында басқа, ата-аналарында болмаған белгі жарыққа шығуы мүмкін

3

Реакция нормасы

Белгінің өзгеру шегін реакция нормасы деп атайды.

4

Модификациялық өзгергіштік

Генотиптері біркелкі организмдерде сыртқы орта жайғдайларының әсерінен түзілетін фенотиптердің алуантүрлілігі модификациялық өзгергіштік деп аталады.

5

Тұқым қуаламайтын өзгергіштік

Кейде модификациялық өзгергіштікті тұқым қуаламайтын өзгергіштік деп атайды.


6

Тұқым қуалайтын өзгергіштік

Бұл гендердің өзіндегі өзгерістер немесе гендердің жаңа үйлесімдер түзуіне байланысты пайда болатын өгерістер.

7

Генотиптік өзгергіштік

Тұқым қуалайтын өзгергіштікке негізгі үлес қосушы.


8

Үйлесімдік өзгергіштіктің бірінші және аса маңызды себебі

Мейоздық бірінші бөліну кезіндегі гомологтік хромосомалардың тәуелсіз ажырауы.


9

Үйлесімді өзгергіштіктің екінші себебі

Мейоздық бөліну кезіндегі хромосомалардың айқасуы және гендердің алмасуы (гендер рекомбинациясы).


10

Үйлесімді өзгергіштіктің үшінші себебі

Ұрықтану кезінде гаметалардың кездейсоқ кездесіп қосылуы.


11

Геномдық мутациялар

Геномдық деп хромосомалар санының өзгеруіне себеп болатын мутацияларды айтады.


12

Цитоплазмалық мутация

Жасуша цитоплазмасында кездесетін плазмогендердің өзгеруіне байланысты болады.


13

Дефишенсия

Хромосома ұштарының жетіспеушілігі.

14

Делеция

Хромосома ұштарының жетіспеушілігі.

15

Дупликация

Хромосоманың белгілі бір бөлігінің екі еселенуі.



16

Полиплоидия

Ең жиі кездесетін кең таралған мутацияға полиплоидия-хромосомалар санының еселеніп артуы жатады.

17

Хромосомалық мутациялар

Бұл хромосома құрылысындағы өзгерістер.

18

Гендік немесе нүктелік мутациялар

Ең жиі кездесетін өзгерістер.Гендік мутациялар- ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің орналасу ретінің өзгеруіне байланысты қалыптасады.


19

Мутация

Табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде ағзаның белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды.


20

Генетика

Селекцияның теориялық негізі болып табылады.

21

Гомологтік қатарлар заңы

Бұл барлық тірі организмдерге тән жалпы биологиялық құбылыс. Осы заңға сүйене отырып, туыстық жақындығы бар түрлерде қандай мутантты формалардың түзілуі тиіс екеніне болжам жасалады.


22

Генеалогиялық әдіс

Адамның көптеген морфологиялық белгілерінің, мысалы, көздің түсін, шаштың түсі мен құрылысын, т.б белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарымен қатар тұқым қуалайтын аурулардың да сол отбасында ұрпақтан-ұрпаққа берілу мүмкіндігін анықтайды.


23

Цитогенетикалық әдіс

Бұл әдісте арнайы бояулармен өңделген адам хромосомаларын микроскоп астында қарап, олардың санын және құрылысын зерттейді.


24

Биохимиялық әдіс

Адамның көптеген ауруларға шалдығуы зат алмасудың калыпты жағдайдан ауытқуынан туғандықтан, осындай ауытқуларды анықтайтын әдіс.


25

Хромосомалық аурулар

Адамда кездесетін көптеген аурулар хромосома саны мен құрылысының өзгеруіне байланысты қалыптасады.

26

Генетика

Ағзаның тұзымзуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылым.

27

Селекция

Сөз кең мағынада – үй жануарлары мен мәдени өсімдіктерді өзгерту.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.03.2021
1022
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі