Материалдар / «Термодинамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Термодинамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
«Термодинамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .8 сыныптан физика сабағында қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2020
2459
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушының аты-жөні------------------------------

«Термодинамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаттары:

8.3.2.17 – термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру, сапалық және сандық есептер шығару.

8.3.2.18 – термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсіндіру

8.3.2.19 – жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау;

8.3.2.21 – жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсыну, жылулық тепе-теңдік орныққандағы энергияның сақталу заңын зерттеу;

8.3.2.22 – жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау, ішкі энергияның механикалық энергияға айналуын зерттеу

8.3.2.19 – жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау;

8.3.2.21 – жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсыну, жылулық тепе-теңдік орныққандағы энергияның сақталу заңын зерттеу;

Бағалау критерийлері

Білім алушы

Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсінеді.

Термодинамиканың бірінші заңын есеп шығарғанда қолданады

Термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсінеді

Жылу қозғалтқыштарының түрлерін ажыратады және жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттайды

Жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтайды.



Ойлау дағдыларының деңгейлері


Қолдану


Орындау уақыты


20 минут


Тапсырма


1. a) Термодинамиканың І заңының тұжырымдамасын белгіле.

  1. Газға берілген жылу мөлшері оның ішкі энергиясының өзгерісі мен газ жасайтын жұмыстың қосындысына тең

  2. Жүйеге берілген жылу жүйенің ішкі энергиясын молайтуға шығындалады

  3. Жүйеге берілген жылу жүйенің сыртқы күштерге қарсы жұмыс істеуге шығындалады

[1]

b)Термодинамиканың І заңының математикалық жазылуы

  1. A=ΔU+Q

  2. Q=ΔU+A

  3. ΔU=Q+A

[1]

2. Термодинамиканың екінші заңына негізделген ұғымдарды жауаптарымен сәйкестендіріңіз

Термодинамиканың екінші заңы


Жылу температурасы жоғары денеден температурасы төмен денеге беріледі.

Термодинамиканың екінші заңының Клаузис тұжырымдамасы

Қайтымсыздық процестеріне негізделген табиғат заңдары

Жылу алмасу процесінің қайтымсыздығы

Екінші текті "мәңгі" қозғалтқыш жасау мүмкін емес

[3]


3. Газға 800 Дж жылу мөлшері берілгенде, ол 200 Дж жұмыс атқарды. Газдың ішкі энергиясы қалай өзгереді?


а) Есептің берілгенін жазыңыз

[1]

b) Ішкі энергияны анықтайтын формуланы табыңыз.


[1]

с) Ішкі энергияны өзгерісін есептеңіз.



[1]

d) Ішкі энергиянының өзгеруін жазыңыз (артады немесе кемиді)


[1]

4. a).Жылу қозғалтқыштарының қызметі қандай?


  1. Отынның ішкі энергиясын механикалық энергияға айналдырып, сол арқылы жұмыс жасайды

  2. Механикалық энергия қозғалтқыштың ішінде отын энергиясына айналады.

[1]

b) Жылу қозғалтқыштарына қандай қондырғылар жатады?

  1. Іштен жану қозғалтқышы

  2. Бу турбинасы

  3. Ядролық үдеткіш


[2]

5. Қыздырғыштың температурасы 500 К, суытқыштың температурасы 27 C болатын жылу қозғалтқышының ПӘК-і табыңыздар.


1) Есептің берілгенін жазыңыз



[1]

2) Суытқыш температурасын Кельвин шкаласына айналдырыңыз.



[1]


3) Жылу қозғалтқышының ПӘК-ін табу формуласын жазыңыз



[1]


4) Жылу қозғалтқышының ПӘК-ін есептеңіз




[1]



Жалпы балл: 16







Бағалау критерийлері

Тапсырма

Дескриптор

Балл


Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсінеді

1

Термодинамиканың І заңының тұжырымдамасын табады.

1

Термодинамиканың І заңының формуласын табады

1


Термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсінеді


2

Термодинамиканың екінші заңына негізделген ұғымдарды жауаптарымен сәйкестендіреді

3


Термодинамиканың бірінші заңын есеп шығарғанда қолданады



3

Есептің берілгенін жазады

1

Ішкі энергияны анықтайтын формуланы табады

1

Ішкі энергияны өзгерісін есептейді

1

Ішкі энергиянының өзгеруін жазады

1

Жылу қозғалтқыштарының түрлерін ажыратады және жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттайды


4

Жылу қозғалтқыштарының қызметін анықтайды

1

Жылу қозғалтқыштарына жататын қондырғыларды табады

2



Жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтайды.



5

Есептің берілгенін жазады

1

Суытқыш температурасын Кельвин шкаласына айналдырады

1

Жылу қозғалтқышының ПӘК-ін табу формуласын жазады

1

Жылу қозғалтқышының ПӘК-ін есептейді

1

Жалпы балл



16



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!