Материалдар / Термохимиялық реакциялар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Термохимиялық реакциялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары жас мамандарға көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2020
580
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ: 8.3 В


Мектеп: Павлодар облысы. Екібастұз қаласы. Қарасор ауылы. Қарасор ЖОББ ММ

КҮНІ:

Мұғалім: Ауыт Алтынгүл

СЫНЫП: 8

Қатыспағандар:0

Қатысқандар саны: 5


Сабақ тақырыбы

Термохимиялық реакциялар


Осы сабақ мүмкін ететін оқыту мақсаты

8.3.1.4 бөлшектер теориясы тұрғысынан реакция процесіндегі энергия өзгерісін түсіндіру

Сабақ мақсаты

  • Барлық оқушылар біледі:

  • Реакция нәтижесінде энергия өзгерісін біледі.

  • Экзо- және эндотермиялық реакцияларды ажырата алады.

  • Бөлшектер теориясы бойынша энергия өзгерісін түсінеді.

  • Көпшілік оқушылар:

Термихимиялық реакциялар бойынша энергияның өзгеруін ажырата алады.

  • Кейбір оқушылар біледі:

Қарапайым бөлшектер теориясы бойынша энергия өзгерісін графиктік кескін арқылы түсіндіре алады.

Графиктер бойынша есептеулер жүргізе алады.

Бағалау критерийлері

  • Эндотеримиялық реакцияларды біледі.

  • Экзотеримиялық реакцияларды біледі.

  • Термохимиялық теңдеулер құра алады.

  • Энергия өзгерісін біледі.

  • Қарпайым бөлшектер теориясы бойынша энергия өзгерісін түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

қазақша

орысша

ағылшыншы

Эндотермиялық реакция

Эндотермическая реакция

Endothermic reaction

Экзотермиялық реакция

Экзотермическая реакция

Exothermic reaction

Термохимиялық реакция

Термохимическая реакция

Thermochemical reaction

Энергия шығарылады

Выделения энергии

Energy release

Энергия сіңіріледі

Поглощения энергии

Energy Absorption

Реагент молекуласының бұзылуы

Разрушение молекулы реагента

Destruction of the reagent molecule

Өнім молекуласының түзілуі

Образование молекулы продукта

Formation of product molecules


Құндылықтарды дарыту

Ғылымға деген қызығушылықты артыру

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика

АКТ қолдану дағдылары

интернет желісінен термиялық реакциялар

Алдыңғы білім

Жану 7.2 А

Жоспар


Жоспарланған мерзімдер

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басталуы




Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушыларды түгелдеу.

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

(оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап, сәттілік тілеу)

Сабақтың стартері:

Оқушыларды орындыққа түзу отырғызып, сабағымызды бастау үшін күнделікті тыныс алу процессіне тоқталуыңызды сұраймыз. Барлығымыз бірдей тыныс аламыз және бәріміз бірдей тыныс шығарамыз.

Тыныс алу және тыныс шығару процессін сипаттап берулеріңізді сұраймыз:

Оқушылар өз ойларын айтады.

Сол сияқты химиялық реакцияда энергия өзгерісі қалай жүзеге асады екенін ойланайықшы. (Оқушыларға ой салу)

 Оқушылардың пікірлерін тыңдағаннан кейін сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

Ресурстар

Сабақтың ортасы

Слайд бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізу.

Кез келген химиялық реакцияларда бір зат басқа затқа айналғанда жылу бөлінеді немесе сіңіріледі. Сондықтан барлық реакцияларды экзотермиялық және эндотермиялық деп бөледі. Яғни, экзотермиялық реакция дегеніміз - жылу бөле жүретін реакция, ал эндотермиялық реакция дегеніміз - жылу сіңіре жүретін реакциялар.

Термохимиялық теңдеулердің басты ерекшелігі, оларда жылу эффектісінің шамасы көрсетіледі. Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар термохимиялық теңдеулер деп аталады. 
С+О2→ СО2+402,24 кДж 
Н2О→ Н2↑+ О2↑- 572 кДж 
Ең алдымен реакция кезінде жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі реакцияға қатысушы реагенттердің табиғатына тәуелді болады. Мысалы, күкірт пен оттек әрекеттескенде жылу бөлінеді, ал азот оттекпен реакцияға түскенде жылу сіңіріледі. Жылу эффектісі температураға да тәуелді. Жылу эффекті әрекетесетін заттардың мөлшеріне не массаға тәуелді. Көмірді немесе ағашты неғұрлым көп салып жақса, жылу көп бөлінгендіктен бөлме іші қатты ысиды. 

Экзотерииялық реакция - жылуды бөле жүретін реакциялар (+Q).
Эндотермиялық рекциялар - жылуды сіңіре жүретін реакциялар (-Q).

(видео көрсету)

7- сынып бойынша алған білімімізді еске ала отырып, заттардың агрегаттық күйі өзгергенде энергия қалай өзгеретінін еаке түсіреміз.

Оқушыларды үш топқа біріктіру. Оқушылар берілген тақырып бойынша талқылап, постерде ойларын қорытындылайды және қорғайды.

1 топ: Сұйықтан буға айналғандағы энергия өзгерісін және кері процесс.

2 топ: Қаттыдан сұйыққа айналғандаға энергия өзгерісін және кері процесс.

3 топ: Қаттыдан буға айналғанда энергия өзгерісін және кері процесс.


Оқушылар реакция кезінде энергия өзгеруіне тоқталады.

Химиялық реакция кезінде энергияның өзгерісін бөлшектер теориясы тұрғысынан қалай түсіндіруге болатындығы туралы талқылайды: атомдар/иондардың топтасуы, байланыстың үзілуі және жаңа байланыстар мен жаңа бөлшектердің қалыптасуы.

Слайдтан реагенттердің байланысы үзіліп, өнімнің түзілуі көрсетіледі. Сол бойынша энергия өзгеруін айту сұралады.

Химиялық реакция дегеніміз не?

Химиялық реакция – бір заттың екінші затқа айналу процессі.

Group 34

Group 29

Group 14 Group 34

Group 29 Line 16






2 + О2 = 2Н2О


Үш топ өз ойларын айтады және график бойынша қалай болатынын графикпен жұмыс жүргізеді.


Оқушыларға графикпен жұмыс істеп үйрету. Әр топ энергияның өзгерісін осы график бойынша түсіндіріп ойларын түйіндейді.


Жаңа сабақты бекіту.

1. (а) Атмосфераны ластаушы газдардың бірі азот (II) оксиді болып табылады. Автокөліктерді жүргізу кезінде автокөлік қозғалғыштарында азот пен оттегі әрекеттесіп, азот (II) оксиді түзіледі. Реакция нәтижесінде 66 кДж энергия сіңірілді деп есептелсе, төмендегі графиктің қайсысы сәйкес келетінін анықтаңыздар.

А В

(ә) автокөліктің қозғалғышындағы болатын термохимиялық реакция теңдеуін жазыңыздар:

(б) 67,2 мл (қ.ж) азот оттегімен әрекеттескенде қанша жылу сіңірілетінін есептеңдер.

7Group 15416
. Реакция барысындағы энергияның өзгерісі график бойынша берілген.

Реакцияның жүру жолы


(а) Қайсы көрсеткіш реакция нәтижесінде энергияның өзгерісін анықтайды?

A. E2 – E3 B. E2 – E1 C. E1 – E2 D. E3 – E2

(ә) Зерттеу нәтижелері мынандай мәліметтер береді: Е1 = 500 кДж; Е2 = 300 кДж; Е3 = 100 кДж тең. А + В = С реакциясының жылу эффектісі нешеге тең екенін анықтаңдар.

(б) Осы реакцияның термохимиялық реакциясын жазыңдар.

Теориялық материал: https://www.le.ac.uk/se/centres/sci/selfstudy/particle02.html


Теориялық материал:https://www.le.ac.uk/se/centres/sci/selfstudy/particle03.html#chemicalchanges


Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы. Реакция кезіндегі энергия өзгерісін оқу. Есептерді шығару.

  1. Массасы 8 г кальций жанғанда 127 кДж жылу бөлінді. Термохимиялық реакция теңдеуін жаз.

  2. Массасы 8,68 г сынап (ІІ) оксидін ыдырату үшін 3,64 кДж жылу жұмсалды. Термохимиялық реакция теңдеуін жаз.

  3. 3.Егер 1 моль теллур оксиді түзілгенде 322 кДж жылу бөлінсе, массасы 1,92 г теллур жанғанда қанша жылу бөлінеді?

  4. 4. Термохимиялық теңдеу 2KNO3=2KNO2 + O2 – 255 кДж бойынша 12 г оттегі алғанда қанша жылу сіңіріледі?


Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет



Оқушылар өздерінің жұмысымен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!