«Тесігі немесе ойығы бар геометриялық денелер проекцияларын меңгеру. Шар»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тесігі немесе ойығы бар геометриялық денелер проекцияларын меңгеру. Шар»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тесігі немесе ойығы бар геометриялық денелер проекцияларын меңгеру. Шар»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Семей қаласы

И.Қ. Хамзин

Бейнелеу өнері, сызу пәнінің мұғалімі

«№ 16 Т.Ы. Аманов атындағы

жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Сабақтың тақырыбы: «Тесігі немесе ойығы бар геометриялық денелер проекцияларын меңгеру. Шар»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тесігі немесе ойығы бар геометриялық денелер проекциялары жайлы жалпы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі: Өткенді қайталау, оқушылардың білімдерін тексеру, сызу заңдылықтарын меңгеру.

Дамытушылығы: Оқушылардың таным қабілеттерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды талғампаздыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Талдау, жинақтау, сұрақ-жауап, практикалық, көрнекілік әдісі.

Көрнектілігі: Үлестірме кеспелер, плакаттар, қарындаштар, циркуль, жұмбақтар жинағы.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері,қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:


II. Өткен сабақты тексеру.

Өтілген тақырыптарды қайталау:

А) Тік бұрыштап проекциялау әдісі.

Ә) Шеңбердің проекциясы.

Б) Аксонометриялық проекция.


III. Жаңа сабақ.

Тесігі немесе ойығы бар геометриялық денелердің проекциялары. Шар.

Оқулықтағы 92-(а) суретте ойығы бар шардың проекциясы берілген. Оның горизонталь және профиль проекцияларын саламыз. Шардың центрі О нүктесі болса, оның горизонталь және профиль проекцияларын О2 және О3 вертикаль және горизонталь байланыс сызықтарының бойынан проекциялар айқасып кетпейтіндей етіп белгілеп аламыз. Шардың тікбұрышты проекциялары диаметрі шардың диаметріне тең дөңгелектер болады. Сызылу реті түсіндіріледі.


IY. Практикалық кезең.

Сызу жолдарын түсіндіру. Этаптарын толық сызықтыру.


Y. Сабақты бекіту.

-Бүгін біз не үйрендік?

-Сызбада сызықтың неше түрі қолданылады?

-Сызу қандай пән?

-Шардың қимасы деген не?


Жұмбақ шешу.

Қысқа таяқ діңі бар,

Шиырланған ізінде

Сайрап тұрар тілі бар. (Қарындаш)

Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш)

Көкқұтанша ақ айдында

Бір таяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда,

Шыр айналып шығады. (Циркуль)

YI. Оқушыларды бағалау.


YII. Үйге тапсырма:

86-бет (93-сурет в) горизонталь және профиль проекциясын салу.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Оқулық. Сызу, 9 сынып. В.Г. Чукалин, М.М. Ахметжанов, Алматы «Атамұра» баспасы, 2013 ж.

2. Оқыту әдістеме. Сызу, 9 сынып. М.М. Ахметжанов, Алматы «Атамұра» баспасы, 2013 ж.

3. pt.clipartlogo.com, lenagold.ru.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.10.2018
1077
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі