тест

Материал туралы қысқаша түсінік
тест пиза
Авторы:
06 Наурыз 2025
54
0 рет жүктелген
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Пиза тапсырмалары (химия пәні бойынша)

1 тапсырма. Даниярға белгісіз қатты заттың үлгісін берді. Ол осы заттың металл екенін білгісі келеді. Осы заттың металл екенін қандай қасиеті бойынша анықтауға болады?

2 тапсырма. Д.И.Менделеев атындағы  ауданының №2 үйдің екінші қабатының №6 бөлмесінің тұрғыны аталған қабаттағы №8 бөлмеде тұратын қызды сырттай ұнатып қалады. Ол одан екі жас үлкен еді. Күндердің-күнінде жігіт оқуға кетеді. Сонан  бері түнде түсінен күндіз есінен кетпейді.

Амалы құрып портретін салып іліп қояды.

Кім-кімді ұнатқан? __________

 №2,2 қабат __________

6, №8 екі жас деген нені білдірді?__________

Қыздың портретін қалай салған?____________

3 тапсырма. Ертеде елді-мекен ішінде оттегі деген газ өмір сүріпті.Ол өте күшті екен. Жер бетінде тіршілік тек қана мен сақтап тұрмын дейді екен. Күштілігі сондай кім кездесседе тотықтырып жібереді. Сондықтан оттекті тотықтырғыш, алынған заттарды тотығу деп атайды. Мендеелев шаһарында  қыдырып жүріп, кездескен элементтердің  бәрімен реакцияға түсіп, аралас-құралас бола береді. Содан  мақтаншақ болып алды. Химия дүниесінде меннен күшті ешкім жоқ деп ойлайды. Бірақ оттегі қателескен еді. Бір күні елді мекен кестесінде фтормен кездесіп қалады. Оны тотықтырғысы келіп еді, күші келмеді. Көмекке сутегін шақырды, екеуі бірігіп су молекуласын құрып фторға ұмтылды. Су фторға бар күшін жұмсаса да әлі келмеді. Бірақ фтор күшті еді. Естімеген ғажайып оқиға болды. Бұрын отты сөндіріп жүрген судың өзі фторда жанып кетті.

Мақтаншақ оттегі тотыға ма, тотықсыздана ма?__________

Реакция теңдеуін жаз?_____________________

4 тапсырма. Иә немесе жоқ деп әр тұжырымның жанына дұрысын жаз.

1.Темір құймалары таттанбайды.____

2.Қоршаған ортаның әсерінен металдардың бұзылу құбылысы жемірілу деп аталады.____

3.Металдардың бәрі жемірілмейді.____

4.Жемірілумен күресуге болмайды.____

5.Жемірілу экономикаға үлкен шығын әкеледі.____

6.Жыл сайын жемірілуден 20% металл шығын болады._____

7.Жемірілуді болдырмау үшін металл бұйымдардың бетін бояуға болмайды._____

5 тапсырма. Ахмет сынауыққа аз мөлшерде ұнтақ салды. Содан кейін ол ұнтаққа сұйықтық құйып, сынауықты шайқады. Химиялық реакция жүрді. Химиялық реакция кезінде Сіз байқай алатын екі үрдісті жаз._____________________________________________________________

6 тапсырма. Ауыз суының жақсы қайнар көзінің болғаны маңызды. Жер астында болатын сулар жерасты сулары деп аталады. Жер асты суларында, қайнар көздерден (өзен, көл) алынған суларға қарағанда бактериялар неліктен аз болатынына бір мысал келтіріңіз_____________________ __________________________________________________________________________________

7 тапсырма. Қышқылдардың маңызы, пайдасын сәйкестіріңіз

Қышқылдар

Маңызы


  1. Сүт қышқылы

  1. Айран жасауда қолданылады


  1. Қоңыздар, құмырсқа бөлетін қышқылдар

  1. Тамаққа қышқылтым дәм береді



  1. Бор, аскорбин қышқылы

  1. Медицинада пайдаланылады


  1. Асқазандағы тұз қышқылы

  1. Жауынан қорғанады, қорегін өлтіреді


  1. Соустар, дәмдеуіштер

  1. Тау жыныстарын бұзады, топырақ түзеді


  1. Қына бөлетін қышқылдар

  1. Сүйекке,тіске, тырнаққа мықтылық, қаттылық қасиет береді


  1. Фосфор қышқылының тұздары

  1. Ас қорытуға, бактериялардың дамуына жол бермейді




1__ 2__ 3__ 4__ 5__ 6__ 7___

8 тапсырма. Суды тазалау кезінде хлор қосады. Не себепті суға хлор қосады? __________________

9 тапсырма. Су тазалатын құрылыс қызметкерлері, су сапасын бақылауға жауаптылар, кезекті тазалау процесін жасап болғаннан кейін суда қауіпті бактериялар бар екенін анықтады деп болжайық.

Адамдар өз үйлерінде бұл суды ішер алдында не істеу керек? ______________________________


10 тапсырма. Лас суды қолдану келесі ауруларға әкеліп соғуы мүмкін бе? «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарын айналдыра сызыңыз


Лас суды қолдану келесі ауруларға

әкеліп соғады ма?


Иә немесе Жоқ?

Диабет

Иә / Жоқ

Диарея

Иә / Жоқ

ВИЧ-инфекциясы немесе ЖҚТБ

Иә / Жоқ


11 тапсырма. 1808 жылы ағылшын химигі Хэмфри Дэви элементті ашты. Қосылыстарында +2 тотығу дәрежесін және ІІ валенттілік көрсетеді. Бұлщық ет жұмысына қажет фермент қызметін атқарады. Ол кейбір фермент жұмысын жеделдетеді, адам және мал сүйектері мен тістері құрамына кіреді. Адам және мал азығында мөлшері жетіспесе, мал рахит ауруына шалдығады, жүрек жұмысы әлсірейді,қанның сапасы төмендейді. Минералдарының қоры Қаратау өнірінде өте көп. Мәрмәрдің,бордың,әктастың негізгі құраушысы. Бұл қандай элемент? _____________

12 тапсырма. Тотығу-тотықсыздану реакцияға қатысушы заттардың құрамындағы элементі тотығу дәрежелерінің өзгеруімен жүретін реакциялар. Бұл әдіс реакция жүрген ортаның табиғатына байланысты. Себебі.....

А) себебі, реакция бағытына орта күшті әсерін тигізеді

В) себебі, реакция жүруіне байланысты

С) себебі, тотығу реакциясы жүреді

Д) себебі, тотықсыздану реакциясы жүреді

Е) себебі, электр терістілігі үлкен атомдарға ауысады

13 тапсырма. Сізге екі түрлі сұйықтық берілді: біреуі қышқыл, екіншісі негіз. Сізге әрбір сұйықтықтың қышқыл немесе негіз екенін қалай анықтауға болатынын түсіндіріңіз. _________________________________________________________________________________

14 тапсырма. Лабораторияда қышқыл мен негіздің реакциясын бақылап, қандай тұздар пайда болатынын зерттеңіз. Қышқыл мен негіздің реакциясын теңдеулер арқылы көрсетіңіз. _________________________________________________________________________________



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі