Материалдар / Тест 7 сынып география
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тест 7 сынып география

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәнінен 7 сыныпқа арналған тест тапсырмалары 3 нұсқа 100 сұрақ жауаптарымен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
9951
25 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

География пәні бойынша 7 сыныпқа арналған тест тапсырмалары:

І нұсқа

#1. Жер шары бетінің жалпы ауданы қанша шақырымға тең:

а) 361,1 млн шқ

+ в)510,2 млн шқ

с) 149,1 млн шқ

д) 330,5 млн шқ

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы , Бейсенова Ә, 2012ж.– 5 бет.

Дағды: Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн шқ ол материктер мен мұхиттардың жер көлемдерінің қосындысы.

# 2. География» ұғымын енгізген:

а) Аристотель



+в)Эратосфен



с) Геродот



д ) Страбон



Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, Бейсенова Ә, 2012ж. – 8 бет.

Дағды: Жер туралы белгілі болған мәліметтерді жинақтап, алғаш рет «география» ұғымын енгізген ғалым Эратосфен.

# 3. Ай мен күннің тұтылу себептерін дәлелдеген:

а) Эратосфен

в) Птоломей



+ с) Аристотель



д) Ф.Дрейк

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, Бейсенова Ә, 2012ж. – 8 бет.

Дағды: Аристотель жердің шар тәріздес екендігін, сондай –ақ көлемі үлкен екендігін айтқан, яғни жер өз білігінен айналғанда айды немесе күнді жауып қалады деген дәлелдер келтірген.

# 4. Жаңа Гвинея мен Тынық мұхит аралдарын зерттеген:

а) Р. Пири



в) Г. Стэнли



с) Н.М.Пржевальский



+д) Н.Н.Миклухо-Маклай.

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, Бейсенова Ә, 2012ж. –13 бет.

Дағды: Жаңа Гвинеяға 5 рет саяхат жасаған Миклуха Маклай ол жердің табиғаты мен халқы жайлы ғылыми деректер көп жинаған.

#5. Еуразия материгінің солтүстік шеткі нүктесі:

а) Пиай мүйісі

в) Дежнев мүйісі

+с)Челюскин мүйісі

д) Рока мүйісі

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, Бейсенова Ә, 2012ж. –63 бет.

Дағды: Челюскин мүйісі 770 43/ c.е. 104018/ ш.б. координаттар аралығында орналасқан.

# 6. Дұрыс сәйкестікті табыңыз «мемлекет-материк»

а) Марокко – Оңтүстік Америка; в) Алжир – Еуразия;

с) Иран – Африка; +д) Аргентина Оңтүстік Америка.

Ұсыныс:Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, Бейсенова Ә, 2012ж. –140 бет.

Дағды: Аргентина Оңтүстік Америкада орналасқан ел.

#7. Килиманджаро жанартауының абсолюттік биіктігі қанша?

а) 5395 м в) 5805м с) 5395 +д) 5895 м

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, Бейсенова Ә, 2012ж. –172 бет.

Дағды: Килиманджаро Африкадағы ең биік нүкте.

#8. Оңтүстік Америкадағы ылғалды экваторлық ормандар қалай аталады?

+а) гилея в) сельвас с) кампос д) льянос

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, Бейсенова Ә, 2012ж. –157 бет.

Дағды: Гилея- экватордың екі жақ бөлігін алып жатқан орман.

#9.Аустралияға тән өсімдік

а) баобаб +в) эвкалипт с) секвойя д) гевея

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, Бейсенова Ә, 2012ж. –206 бет.

Дағды: Эвкалипт ағашы басқа ешбір материкте кездеспейді.

#10. Карталар масштабы бойынша неше топқа бөлінеді:

а) 6 топқа в) 5 топқа с) 4 топқа +д)3 топқа

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, Бейсенова Ә, 2012ж. –14 бет.

Дағды: Карталар ұсақ ,орта, ірі боп үш топқа бөлінеді.

#11. Жер шарында жауын-шашын ең мол түсетін жер.
+а) Черапунджи.
в) Дебунджа
с) Кульджа.
д) Оймякон.
Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, Бейсенова Ә, 2012ж. –82 бет.

Дағды: Черапунджидағы жауын-шашын мөлшері -12000 мм.

#12. Литосфералық тақталар теориясының негізін салған ғалым:

а ) А.Гумбольдт

+в) А. Вегенер

с) Г.Стэнли



д) М.Лазарев



Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, Бейсенова Ә, 2012ж. –22 бет.

Дағды: ХХ ғасырдың басында неміс ғалымы Альфред Вегенер литосфералық плиталар теориясын ұсынды.

#13. Жер бедері пішіндері қандай күштер әсерінен өзгереді:

а) ішкі күштер әсерінен в) сыртқы күштер әсерінен+ с) ішкі және сыртқы күштер әсерінен д) күшті жер сілкінулер әсерінен.

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, Бейсенова Ә, 2012ж. –27 бет.

Дағды: Жер бедерінің барлық пішіндерінің қалыптасуына әсер етуші күштер екі топқа — ішкі (эндогендік) және сыртқы күштерге (экзогендік) жіктеледі. Ішкі күштер әрекеті. Ішкі күштер (оны кейде тектоникалық қозғалыс деп те атайды) Жердің ішкі қойнауындағы жылу, химиялық және радиоактивтік энергия әсерінен жер қыртысында тay тузілуі мен тербелмелі қозғалыстарды туғызады.

#14. Мұхит суындағы оттегі мөлшерін көбейтетіндер:

а) нектон +в) фитопланктон с) зоопланктон д) субнектон.

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, Бейсенова Ә, 2012ж. –48 бет.

Дағды: Фитопланктон мұхит суындағы оттегі мөлшерін арттырады.

#15. Саргасс теңізі қай мұхитта орналасқан:

а) Тынық +в) Атлант с) Үнді д) Солтүстік Мұзды Мұхит.

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, Бейсенова Ә, 2012ж. –214 бет.

Дағды: Саргасс теңізі Атлант мұхитында орналасқан , бұл теңізден қоңыр балдырлар алынады.

#16. Кактустың екінші отаны

+а)Мексика в) Бразилия с) Алжир д) Намибия

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, Бейсенова Ә, 2012ж. –159 бет.

Дағды: Мексикада биіктігі 15 метрлік кактустар өседі

#17. Раймонд пуйясы өсетін табиғат зонасы

а)Атакама жағалық шөлі в) Шөлейт зонасы +с) Пуна белдеуі

д) Суптропиктік дала

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, Бейсенова Ә, 2012ж. -162 бет.

Д ағды: Пуна белдеуінде аласа ағаштар мен жастық тәрізді бұталар да көп өседі.

#18. Флинт-Мамонт –бұл дүние жүзіндегі ең…



а) ірі тұзды көл в) ірі тау мұздығы с) ірі орман алқабы +д) ұзын үңгір.

Ұсыныс: «Танымал жерлер» балаларға арналған энциклопедия, Жазылбеков Д, -19 бет.

Д ағды: Флинт- Мамонт үңгірінің ұзындығы 500 км, Аппалач тауында.

#19. Бұл елдің туында үйеңкі жапырағы бейнеленген …



а) Ямайка в) Куба с) Гватемала + д) Канада.

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, Бейсенова Ә, 2012ж. - 141 бет.

Д ағды: Канаданың туында үйеңкі жапырағы бейнеленген, себебі ол мемлекет символы.

#20. Бұл әйгілі архитектуралық ескеркіш қай елде?


А) Италия Б) Нидерланд В) Шотландия +Г) Грекия

Ұсыныс: «Танымал жерлер» балаларға арналған энциклопедиясы, Жазылбеков Д, -17 бет.

Дағды:Грекияның грек өркениеті тұсындағы басты қаласы Афины, онда грек құдайына арналған Пантеон ғибадатханасы бар.

#21. « Ажал аңғары» қайда орналасқан:

+а) Кордильерда в) Аппалачта с) Анд тауларында д)Калифорнияда

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, Бейсенова Ә, 2012ж.-126 бет.

Дағды:1849 жылы алтын іздеушілер аптап ыстық пен шөлге шыдамай қаза болған Кордильер тауында.

#22. ______________ шығыс солтүстігіндегі орманда, өзге қоғамнан байланысы бір жола үзілген «коровай» тайпасы өмір сүреді. Олар ағаш үстінде өмір сүретін бірден-бір тайпа есептеледі. Олардың лашығы биік өсетін пальма ағашының басына салынады. Әдетте жерден биіктігі 6-25 метрге дейін болады. Тіпті 40 метр биіктіктегі үйлер де кезігеді екен. Ағаш бойымен жасалған арнаулы саты немесер арқандар арқылы шығып түседі. Сондықтан да оларды «ағаш адамы» деп аталған. Аралдың байырғы халқы — папуастар. Ен алғаш Н.Н. Миклуха-Маклай осы аралдың тұрғындарын зерттеді. Байырғы тұрғындар оны «Айдан келген адам»деп ойлаған.

+а) Жаңа Гвинея в) Жаңа Зеландия с) Мадагаскар д) Отты жер аралы

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, Бейсенова Ә, 2012ж.-13 бет.

Дағды:Миклуха-Маклай Жаңа Гвинея аралын зерттеген.

#23. 1911 жылы «Фрам» кемесімен Антарктиданың жағалауына келген ол 4 жолдасымен ары қарай итке жегілген шанаға отырып саяхатын жалғастырады. Ержүрек саяхатшы Оңтүстік полюске жетіп, онда Норвегияның туын қадайды.

а) Х. Колумб в) Марко Поло с) Тур Хейердал +д) Р.Амундсен

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж.-220 бет.

Дағды: Руаль Амундсен 1911 жылы 14 желтоқсанда оңтүстік полюске жетті.

#24. Екінші рет (1545-1596) жер шарын айналып шыққан теңіз қарақшысы(пират). Экспедиция нәтижесінде Жаңа және Ескі дүниенің дәл картасы жасалды.Бұл адамның есімімен Тынық және Атлант мұхиттарын қосатын бұғаз аталды.

а) Босфор в) Магеллан +с) Дрейк д) Гибралтар

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж.-220 бет.

Дағды:Әйгілі саяхатшы Фернандо Магелланнан кейін дүние жүзін 2-ші рет айналып шыққан теңіз қарақшысы Фрэнсис Дрейк.

#25. Крит аралында мекендеген ежелгі халық:

+а)минойлар в) папуастар с)аборигендер д) үндістер

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж. -12 бет.

Дағды: Б.з.д 2500 жылдарда Крит аралын мекендеген ежелгі халық –минойлар.

#26. Су асты зерттеулерінің негізін қалаушы және алғаш акваланг ойлап тапқан француз теңіз саяхатшысы. Экспедицияның материалдары бойынша мұхиттағы тіршілік туралы көптеген фильмдер түсірген.

А) Жан жак Руссо +в) Жак Ив Кусто с) Давид Аттенборо д) Тур Хейердал

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж.-210 бет.

Дағды: 1943 жылы француз әскери теңізшісі Жак Ив Кусто басшылығымен алғашқы аквалангтың жасалынуы мұхит табиғатын зерттеудегі зор жетістік болды.

#27. Мауна-Лоа жанартауы қай аралда орналасқан?

+а) Гавай в) Жаңа Зеландия с) Гаити д) Жаңа Гвинея

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж.-215 бет.

Дағды: Мауна-Лоа жанартауының биіктігі 4170 м, ол Гавай аралдарындағы ен ірі жанартау.

#28. Аустралияның күміс ақшаларында.... бейнеленген

а) эму в) кенгуру +с) ехидна д) динго

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж.-207 бет.

Дағды: Аустралияның күміс ақшаларында ехидна, үйректұмсық, лирақұйрық бейнеленген.

#29. ХХ ғасырдың басында Африкада екі ғана тәуелсіз ел болған, олар:

а)Египет пен Ливия в) Нигер мен Чад с)Алжир мен Тунис +д)Либерия мен Эфиопия

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж.-191 бет.

Дағды: Алғаш рет Африкада тәуелсіздік алған мемлекеттер Либерия мен Эфиопия.

#30. Африка мен Еуразияны жалғастырып жатқан канал

+а)Суэц в) Панама с)Асуан д)Хьюстон

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж.-169 бет.

Дағды: Суэц каналы 19 ғасырда салынған, ұзындығы 112 км.









География пәні бойынша 7 сыныпқа арналған тест тапсырмалары:

ІІ нұсқа

#1. Ең соңғы ашылған материк:

а) в)

с) +д)


Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж.-219 бет.

Дағды: 1820 жылы 28 қаңтарда Антарктида материгі ашылды.

#2. Аустралияда қанша артезиан алабы бар?

+а)33 в) 32 с)43 д)22

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж.-203 бет.

Дағды: Аустралияда 33 артезиан алабы бар

#3. Кофе, қара бидай мен тарының отаны

а)Алжир в) Сомали+с)Эфиопия д)Кения

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж.-195 бет.

Дағды: Эфиопия таулы қыраты кофе, қара бидай мен тарының отаны.

#4. Сахарадағы тасты шөлдер қалай аталады?

+а)Хамада в)Карру с)Мохаве д)Танами

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж.-187 бет.

Дағды: Тасты шөлдерде топырақ жамылғысы жетілмегендіктен өсімдіктер өте сирек, тастардың бетінде қыналар кездеседі.

#5. Фосфориттің дүние жүзіндегі аса ірі кен орындары қайда шоғырланған

а) Ніл өзенінің бойында +в)Атлас тауларында с)Мадагаскар аралында д)Кап тауларында

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж.-174 бет.

Дағды: Фосфориттің мол қоры Атлас тауларында шоғырланған.

#6.Картада Суматра аралы қандай әріппен белгіленген

а)В в)С с)Д + д) А

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы атлас карта -33 бет.

Дағды: Суматра – Индонезияның ірі аралдарының бірі.

# 7.Картада Куросио ағысы қандай әріппен белгіленген













а)С + в)Д с)А д)В

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы атлас карта -35 бет.

Дағды:Картада Куросио ағысы бейнеленген.

# 8. Африканың ең бойшаң халқы?

а) Нилот +в) Тутси с) Бушмен д) Готентот

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж. –189 бет.

Дағды:Тутсилер ерекше сымбатты, шымыр болады, бойларының орташа ұзындығы 180-200 см-ге жетеді.

# 9. Оңтүстік Америкадағы жазда кеуіп қалатын тұзды көл?

а) Маракайбо +в) Поопо с) Титикака д) Амазонка

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы ,

Бейсенова Ә, 2012ж.–157 бет.

Дағды: Титикаканың оңтүстігінде жазғы ыстықта кеуіп қалатын Поопо тұзды көлі бар.

#10. Солтүстік Америкадағы үшкір шыңдар тізбегінен тұратын тау жоталарын не деп атайды?

а) Прерий в) Самбо с) Терая +д) Сьерра

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы ,

Бейсенова Ә, 2012ж.–125 бет.

Дағды: «Сьерра» испан тілінен аударғанда «ара» деген мағынаны білдіреді.

# 11. Географиядағы елтану бағытына негіз салған кім?

а) Ф.Магеллан

в) Р.Амундсен



+с) Страбон

д) Архимед

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы ,

Бейсенова Ә, 2012ж.–8 бет.

Дағды: Римдік ғалым Страбон географияны жер туралы ғылым ретінде түсініп, Жерді географиялық жағынан сипаттайтын «География» деп аталатын 17 кітап жазған.

# 12. Сапфир, рубин сияқты асыл тастар Еуразияның қай аймағында өндіріледі?

а) Сахалин аралы +в) Үндістан түбегі с) Крит аралы д ) Камчатка түбегі

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж. –74 бет.

Дағды: Үндістан түбегінде ежелден бері сапфир және рубин

өндіріледі.

# 13. Арабиядағы қандай шөлде тіршілік жоқтың қасы.

а) Такла–Макан +в) Руб–эль–Хали с) Гоби д) Қызылқұм

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж. –95 бет.

Дағды: Руб–эль–Хали шөлінде жылына 55 мм ғана жауын- шашын түседі.

# 14. Макензи өзенін жергілікті үндістер қалай атайды?

а) «Су атасы» в) «Тұнбалы өзен» + с) «Үлкен өзен» д) «Мұз қамауы»

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж. –130 бет.

Дағды: Үндістер Макензи өзенін «Үлкен өзен» деп атайды, бұл өзен қар суымен қоректенеді, жылдың көп уақытында мұз құрсауында жатады.

# 15. Сазды және құмды шөлдерде қандай топырақ тараған?

+ а) Сұр в) Сары с) Қара д ) Қоңыр

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж. –187 бет.

Дағды: Сазды және құмды шөлдерде сұр топырақ қалыптасқан , топырақтың сұр болу себебі құрамында қарашірік аз, бірақ тұздар көп.

# 16. 95 %-ы Тынық мұхитында кездесетін өте бағалы балық түрі?

+ а) Албырт в) Камбала с) Семсерқұйрық д) Минтай

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Б ейсенова Ә, 2012ж. –213 бет.

Дағды: Тынық мұхитындағы аса бағалы балық- албырт .

# 17. «Көп аралдар» тобы қалай аталады?

а) Жаңа Зеландия в) Микронезия +с) Полинезия д) Меланезия

Ұ сыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж. –215 бет.

Дағды: Полинезия «көп аралдар» тобы.

# 18. Ең ежелгі біртұтас материк:

а) Лавразия в) Гондвана ) Пангея д) Евразия

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж. –25 бет.

Д ағды: Пангея (гректің «барлық құрлық» деген сөзінен шыққан) құрлығы Лавразия мен Гондвана материктеріне ажырады.









# 19. Қысы жұмсақ,қаңтардың орташа температурасы 0ºС-тан жоғары,ауа райы құбылмалы болатын климаттық белдеу:

а) Арктикалық в) Субарктикалық с) Шұғыл континенттік ) Қоңыржай теңіздік

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж.–33 бет.

Дағды: Қоңыржай ендіктердің муссондық климаты - Еуразияның шығыс шегінде қалыптасқан климат. Қыста — бұлтгы күндер шамалы әрі суық, солтүстік-батыс желі басым, жазда — жылы немесе жауын-шашынды, солтүстік-шығыс және солтүстік желі басым болады. Мысалы, Хабаровскіде шілдеде +23°С, қаңтарда -20°С, жылына 560 мм жауын-шашын жауады (оның тек 74 мм-і ғана суық кезде).

#20. Судың ең жоғары беткі температурасы (+34º С) байқалатын шығанақ:

а) Бенгал) Парсы с) Бискай д) Гвинея

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж.–70 бет.

Дағды: Үнді мұхиты мен оның теңіздері –Жер шарындағы ең жылы су алаптары. + Парсы шығанағында байқалады.

#21. Ньюфаунленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашқан:

а)Генри Гудзон в)Эрнан Кортес )Джон Кабот д)Витус Беринг

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы,

Бейсенова Ә, 2012ж. –122 бет.

Дағды: ХV ғасырда итальяндық Джон Кабот Нью Фауленд аралымен Лабрадор түбегін ашты.

#22. Кампос - бұл

а) Ылғалды экваторлық ормандар в) Субтропиктік дала с) Шөлейт

+д) Бразилия саваннасы

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы ,

Бейсенова Ә, 2012ж.–159 бет.

Д ағды: Бразилияның жазық тауларындағы саванналардың жергілікті атауы- кампос. Қызыл ферралитті топырақтарда аласа (2—3 м) ағаштар мен бұталар аралас өсетін қатты шымдық дақылдар басым келеді.

#23. Секретарь құсы тіршілік ететін зона



) Саванналар в) Қоңыржай белдеудің шөлдері с) Прерийлер

д) Тропиктік шөлдер

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы ,

Бейсенова Ә, 2012ж.–186 бет.

Дағды: Секретарь-жыландар мен кемірушілерді аулайтын ірі жыртқыш құс.

#24. Глобустың қай бейнесінде бүкіл Азия көрініп тұр?



+а)



в)



с) д)
Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы атлас картасы, 19 бет.

Дағды: а) жауабында Азия мемлекеті түгел көрініп тұр.

# 25. 1855 жылы Виктория сарқырамасын ашқан зерттеуші?

а) В.Гамма

+в) Д.Ливингстон



с) Г.Стэнли



д) В.Юнкер



Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы,

Бейсенова Ә, 2012ж. –170 бет.

Дағды: 1855 жылы Замбези өзеніндегі атақты Виктория сарқырамасын

ашқан.

#26. Таңның атуы мен күннің батуын жылына бір рет қана байқауға болады.

а) Солтүстік полюсте в) Тропикте ) Оңтүстік полюсте д) Экваторда

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы,

Бейсенова Ә, 2012ж. –219 бет.

Дағды: Оңтүстік полюс үстінде таңның атуы мен күннің батуын жылына бір рет қана байқауға болады.

#27. Неліктен Африка материгі ең ыстық ?

а)бұл жерде ыстық желдер соғады, құмды дауылдар; в) Үнді мұхиты шайып жатыр с) бұл жерде ең үлкен шөлдер бар; +д) Африканың басым бөлігі тропиктер арасында жатыр

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы,

Бейсенова Ә, 2012ж. –179 бет.

Дағды: Себебі, тропиктік белдеу материктің солтүстік және оңтүстік

бөлігін қамтиды.

#28. Картадағы қысымдары бірдей нүктелерді қосатын сызықтар қалай аталады?

+а) изобара; в) изогиета; с) изотерма; д) изогипса.

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы,

Бейсенова Ә, 2012ж. –30 бет.

Дағды: Изобара гректің «изо»-бірдей, «барос»-қысым, салмақ деген сөзінен шыққан.

#29. Кескін картадағы 2-ші нөмірлі географиялық объект

а) АйдаҺар тауы в) Атлас тауы с) Намиб шөлі +д)Эфиопия таулы үстірті











а

в

с

д

4

1

3

2

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы атлас картасы, 30 бет.

Дағды:



#30. Канадағы Вуд-Баффало ұлттық саябағы әйгілі...

+а) бизондармен в) жабайы жылқылармен с) арыстандармен д) су сиырлармен

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы,

Бейсенова Ә, 2012ж. – 142 бет.

Дағды: Вуд-Баффоло саябағында бизондар өте көп .













































География пәні бойынша 7 сыныпқа арналған тест тапсырмалары:

ІІІ нұсқа

#1. Жер көлемі жөнінен алтыншы орында тұрған мемлекет орналасқан материкті ата

а) Антарктида+ в) Аустралия с) Азия д) Африка
Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы,

Бейсенова Ә, 2012ж. – 199 бет.

Дағды: Аустралия материгінде бір ғана мемлекет бар ол Аустралия Одағы жер көлемі жөнінен алтыншы орында.

#2. Африкадағы “қоныс аудару капитализм” елі:

а) Сомали в) Египет с) Нигерия ) ОАР

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы,

Бейсенова Ә, 2012ж. – 196 бет.

Дағды: ОАР шаруашылығының даму дәрежесі жөнінен дүние жүзінде жетекші орында.

#3. Амазонка өзенінде тұщы суда тіршілік ететін әлемдегі ең ірі балық .

а) пиранья в) кайман ) апараима д) скат

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы,

Бейсенова Ә, 2012ж. – 156 бет.

Дағды: Арапаима балығының ұзындығы 4 метр, салмағы 200 кг.

#4. Антарктиданы қоршайтын теңіздер саны:

а) 5 +в) 4 с) 3 д) 1

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы,

Бейсенова Ә, 2012ж. – 222 бет.

Дағды: Уэддел, Росс, Амундсен, Беллинсгаузен теңіздері.

#5.Бұл мемлекет әлемдегі экономикасы жоғары дамыған алпауыт мемлекеттердің бірі . Халық саны жөнінен Еуропада 1 орында (82 млн). Табиғатты қорғауға жоғары мән беретін мемлекет.


а)Франция в) Ұлыбритания +с) Германия д) Италия

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы,

Бейсенова Ә, 2012ж. 104 бет.

Дағды: Германия Федеративтік Республикасы -орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания болып та аталады. Жер аум. 356,96 мың квадраттық км. Халқы 81,7 млн. Астанасы 1991 жылдан Берлин қаласы (3,46 млн.). Халқының 94 %-і немістер (1998). Ресми тілі - неміс тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант және католик тармағын ұстанады. Германия 16 аймақтан (жерден) құралған федеративті республика.

#6. Аустралияның ең ірі өзен жүйесі Муррей –Дарлинг қай алапқа жатады?

+a) Үнді мұхиты в) Тынық мұхиты c) Атлант мұхиты д) ішкі тұйық алап

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы,

Бейсенова Ә, 2012ж. – 203 бет.

Дағды: Үнді мұхиты алабына құяды.

#7.Африканың ең суы мол өзені..

+a) Конго в) Тынық мұхиты c) Атлант мұхиты д) ішкі тұйық алап

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы,

Бейсенова Ә, 2012ж. – 181 бет.

Дағды: Конго өзені Африканың ең суы мол өзені, экваторды еки рет кесіп өтеді.

#8. Аустралияның ең биік нүктесі...

a) Мак-Кинли + в) Косцюшко с) Монблан д) Килиманджаро

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы,

Бейсенова Ә, 2012ж. – 199 бет.

Дағды: Косцюшко тауының Аустралияның ең биік нүктесі, биіктігі -2228 м.

#9. Тынық мұхитындағы ірі жанартаулық аралдар топтамасы...

а) Курил аралдары в) Алеут аралдары + с) Гавайи аралдары д)Жапон аралдары

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы,

Бейсенова Ә, 2012ж. – 215 бет.

Дағды: Гавайи жиырма төрт аралдар мен атоллдардан тұратын архипелаг, Тынық мұхитының солтүстік жағында (19° және 29° солтүстік ендіктер арасында). Архипелаг солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған, жанартаулық жаратылысы бар; өз атын ең ірі — Гавайи аралынан алған. Архипелагтың басым бөлігін 1959 жылдан бері АҚШтың елуінші штаты құрайды

#10. Оңтүстік Америкада – Сельва, ал Еуразияда бұл қалай аталады?

а) Ну орман в) Дала ) Тайга д) Скрэб

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы,

Бейсенова Ә, 2012ж. – 90 бет.

Дағды: Тайга зонасында қылқан жапырақты ағаштар өседі.

#11. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі порт, өнеркәсібі күшті дамыған ел және экологиялық жағынан ең таза қала болып есептеледі. Қай қала?

) Сингапур в) Индонезия с) Корея д) Тайланд

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы,

Бейсенова Ә, 2012ж. – 116 бет.

Дағды: Өнеркәсібі дамыған Сингапур елі- «Азия айдаҺарларының тобына енді».

#12. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі порт, өнеркәсібі күшті дамыған ел және экологиялық жағынан ең таза қала болып есептеледі. Қай қала?

) Сингапур в) Индонезия с) Корея д) Тайланд

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы,

Бейсенова Ә, 2012ж. – 116 бет.

Дағды: Өнеркәсібі дамыған Сингапур елі- «Азия айдаҺарларының тобына енді».

#13. Қай ағыс Оңтүстік Американың батыс бөлігінің климатына әсер етеді?

а) Бразилия ағысы + в) Перуана ағысы с) Гвиана ағысы д) Оңтүстік пассат ағысы

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы,

Бейсенова Ә, 2012ж. – 153 бет.

Дағды: Батыс жағалауды бойлай өтетін Перуана суық ағысы осы аудандағы ауаны салқындатып, жауын- шашынның пайда болуына мүмкіндік бермейді.

#14. Қай мүйіс оңтүстікке таяу жатыр?

а) Африканың оңтүстік мүйісі - Игольный в) Австралияның оңтүстік мүйісі – Оңтүстік - Шығыс с) Еуразияның оңтүстік - Пиай ) Оңтүстік Американың оңтүстік мүйісі - Фроуорд

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, атлас картасы– 5 бет.

Дағды: Батыс жағалауды бойлай өтетін Перуана суық ағысы осы аудандағы ауаны салқындатып, жауын- шашынның пайда болуына мүмкіндік бермейді.

#15. Ғаламшарымыздағы ең төмен темература –89,2º С тіркелген. Қай жерде?

а)Оймякон (Ресей) в) Солтүстік полюс +с)Антарктида (Восток станциясы )

д) Гренландия аралы


Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, Бейсенова Ә, 2012ж. 219 бет.

Дағды: 1983 жылы ғаламшарымыздағы ең төмен температура–89,2º С Антарктидада Восток станциясысында тіркелді

#16. Жаңа Зеландияның байырғы халқы «маорилер» халық санының қанша %

құрайды.

а) 1 % в) 5 % с) 3% +д)10 %

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, Бейсенова Ә, 2012ж. 218 бет.

Дағды: Байырғы маорилер ел халқының 10 % құрайды.

#17.Антарктидадағы мұздың орташа қалыңдығы қанша метр ?


) 1720 м в) 4300 м с) 3000 м д)1280 м

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, Бейсенова Ә, 2012ж. 222 бет.

Дағды: Мұздың орташа қалыңдығы 1720 м ал ең терең жері 4300 м-ден асады.

#18. Жер шарындағы батпақтардың 80 % -ы қайда орналасқан.

а) Солтүстік америкада в) Оңтүстік Америкада ) Еуразияда д)Аустралияда

88 бет.

Дағды: Еуразияда. Батпақты жерлер әсіресе Батыс Сібір жазығы мен Полесье, Мещера, Амур бойы, Колхида ойпаттары мен Балтық бойында көп.

#19. Мемлекет тілі – португал, бірақ Португалия елінен 10 есе көп португал тілінде сөйлейтін ел

а) Испания в) Мексика+с) Бразилия д) Аргентина

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, Бейсенова Ә, 2012ж. 165 бет.

Дағды: Бразилия халқының нәсілдік және ұлттық, тілдік құрамы күрделі. Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54,7%, зәңгілер – 5,89%, мулаттар – 38,45%. Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, т.б.) тұрады. Мемлекеттік тілі – португал тілі. Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады.

#20. Белгілі климат зерттеуші ғалым:

а) Н.Н. Баранский +в) Б.П. Алисов с) А. Вегенер д) В.В. Докучаев

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, Бейсенова Ә, 2012ж. 36 бет.

Дағды: Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.Алисов Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан.

#21. Тропиктік белдеуде орналасқан елдерді тап

А) Малайзия; Сингапур В) Ресей; Канада С) Қазақстан; Қырғызстан

+D) Египет; Австралия

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, Бейсенова Ә, 2012ж. 38 бет.

Дағды: Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.Алисов Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан.

#22. Еуропаның конституциялық монархиялы елдері.

а) ГФР, Австрия, Ирландия в) Греция, Португалия,Ұлыбритания

+с) Бельгия, Испания, Швеция д) Италия, Финляндия, Дания

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, Бейсенова Ә, 2012ж. 103 бет.

Дағды: Конституциялық монархияда монархтың билігі конституцямен шектелген. Яғни, нақты заң шығару билігі парламенттің қолында, ал үкімет атқарушы билікке ие. Мұндай мемлекеттерде монархтар "патшалық етеді, бірақ басқармайды", тек ұлттық символы ретінде сан жылғы дәстүрді жалғастырады. Батыс Еуропаның көптеген елдеріне монархияның осы түрі тән: Бельгия, Дания, Нидерланд, Норвегия және т.б.

#23. Саяхатшы А маршрутынан В маршрутына ұшып барғанда қай табиғат зонасына қай зонаға ауысты. Картаға қараңыз









+а)саваннадан шөлге в)саваннандан ылғалды экваторлық ормандарға с)шөл зонасынан саванаға д) шөл зонасынан қатты жапырақты ормандарға

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, атлас карта30 бет.

Дағды: Саванна зонасынан шөл зонасына ауысты.

#24. Бұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан. Тарихи-мәдени ескерткіштер мен рекреациялық ресурстары негізінде халықаралық туризм дамыған. Әлемдегі ең ірі өзеннің атырауында тұрғандықтан жергілікті халық ауыл шаруашылығымен айналысады. Мақта-ел экспортының маңызды бөлігінің бірі.

а) АҚШ в) Бангладеш +с) Египет д) Франция

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, –189 бет.

Дағды: Бүгінгі Мысыр – Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азияда жатыр. Екі құрлықтың арасындағы шекара Суэц каналының бойымен өтеді. Мысырдың миллион текше километрден асатын аумағының 96% - бұл сирек кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты бөлігі –құмды емес, таулы болып келеді. Қалған бөлігінде 70-миллиондық тұрғыны бар елдің 9 пайызды әлі күнге дейін өмір сүріп жатқан Нілдің алқабы мен атырауы. Тіпті ежелгі грек тарихшысы Геродот «Египет – Нілдің сыйы» деп айтқан болатын.

#25. Еуразияда көлдердің солтүстік-батыста жиі орналасуының себебі

) Мұздықтардың қазу әрекеті в) Климат ерекшеліктері с) Жер бедерінің сипаты д) Адамның шаруашылық әрекеті

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, Бейсенова Ә, 2012ж. –87 бет.

Дағды: Еуразияның солтүстік-батысында көлдер көп, олардың қазаншұңқырлары жер қыртысының біртіндеп төмен түсуі мен мұздықтардың қазу әрекеті нәтижесінде пайда болған.

#26. Оңтүстік Американың аралдармен қоса ауданының көлемі

а) 24,2 млн км2 ) 18,3 млн км2 с) 14 млн км2 д) 30,3 млн км2

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, Бейсенова Ә, 2012ж. –145 бет.

Дағды: Оңтүстік Америка — батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық.[1] Жерінің аумағы (аралдарымен қоса есептегенде) 18,28 млн. км². Халқы 340 млн. адам (2000). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7150 км-ге, батыстан шығысқа қарай 5150 км-ге созылған.

#27. Батыс Жарты шардың ең биік нүктесі

а) Чимборасо +в) Аконкагуа с) Мак-Кинли д) Митчелл

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, Бейсенова Ә, 2012ж. 150 бет.

Дағды: Аконкагуа шыңы 6960 м тау шыңдары сүйір болып келеді, олардың басын мәңгі қар басып мен мұздықтар алып жатыр.

# 28. Жапырағының диаметрі 2 м-ге жететін өсімдік

а) Какао





в) Гевея





с) Хина



) Виктория-регия



Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, Бейсенова Ә, 2012ж. 158 бет.

Дағды: Алып құмырагүл виктория регия Оңтүстік Америка тегінен таралған. Ең алғаш 1836 жылы неміс саяхатшысы Р. Шомбургк Оңтүстік Американың өсімдіктер мен жануарлар әлемін зерттеу барысында ірі гүлді, алып құмыраға ұқсайтын өте үлкен су өсімдігіне кезігеді. Колумбиялық үндістер диалектісінде бұл өсімдік Апона деп аталады, яғни Құс ыдысы деген мағынаны білдіреді, өйткені өсімдіктің 2 метрлік жапырақтарының шеті қайырылған, ортасы тегіс . Құмырагүлдің жапырақтары етті, жуан және өте берік. Оңтүстік Америка үндістері оларды басып су қоймаларына емін-еркін асып өте алады. Олар ұйысып көп өскен жерде барлығы бірігіп, тұтас көпірлер түзеді. Виктория регияның таңғажайып лотосқа ұқсас гүлдері де өте үлкен – диаметрі 40 сантиметр! Олар тым ерекше әдемі және ғажайып қасиеттерге ие. Құмырагүл үш күн ғана гүл ашып тұрады, бірақ осы уақыт ішінде гүлдерінің түсі мен иісі де өзгеріп отырады. Алып гүлдің орташа өмір сүру уақыты шамамен 5 жыл.

#29. Маракайбо атауының Оңтүстік Америкадағы географиялық объектіге қатысы

а) Өзен ) Көл с)Үстірт д) Жазық

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, Бейсенова Ә, 2012ж. 157 бет.

Д ағды: Маракайбо көлі іс жүзінде Кариб теңізінің ең ірі аз сулы лагунасы. Ол Венесуэла шығанағынан оңтүстікке қарай шамамен 210 км-ге созылады. Бұл су қоймасына бірқатары маңызды кеме жүзетін жолдар болып табылатын көптеген өзендер құяды. Маракайбо көлінің солтүстік бөлігіндегі су тұрып қалған және тұзды, келіп қосылған су теңіз суын тұщы сумен араластырады.







#30. Альпі мен Гималай тауларымен бір мезгілде қалыптасқан Африканың таулары:

а) Эфиопия таулы қыраты

) Атлас таулары

с) Шығыс Африка таулары

д) Митумба тауы

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, Бейсенова Ә, 2012ж. 172 бет.

Дағды: Атлас таулары — Африканың солт.-батысындағы тау жүйесі. Атлас таулары Жерорта теңізі жағалауындағы Алжир, Марокко, Тунис мемлекеттері аумағында орналасқан. Ол оңттүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 2000 км-ге созылып, бір-біріне параллель жатқан бірнеше жоталар тізбегінен тұрады. Атлас тауларының ең биік нүктесі — Тубкаль тауы (4165 м).

#31. Скрэб ... табиғат зонасына тән

а) Ылғалды субтропиктік ормандар

в) Ылғалды тропиктік ормандар

) Тропиктік шөл және шөлейттер

д) Ормандар

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, Бейсенова Ә, 2012ж. –204 бет.

Дағды: Скрэб (ағылш. scrub - бұта, қалың бұталы шөп) - тропиктік шөл және шөлейт болғандықтан суккулентті өсімдіктер өседі.

#32. Антарктида жағалауындағы құстың ерекше түрі

а) Дауылпаз в) Теңіз шағаласы с) Су құзғыны) Пингвин

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, Бейсенова Ә, 2012ж. –226 бет.

Дағды: Антарктиданың құстары айрықша өзгеше.Олардың бәрі суда тіршілік етіп, балықпен немесе ұсақ теңіз жануарларымен қоректенеді.Олердың ішінде жарғаққа ұқсас қысқы қанатты құс –пингвиндер.Антарктикада пингвиндердің 17 түрі мекендейді.Антарктида жағалауы мен пак мұздарында ең көп тараған түрі-Адели пингвиндері.Ең ірісі-императорлық пингвин, оның салмағы 50 кг жетеді.

#33. Солтүстік Американың түбектерін көрсет

а) Аляска, Калифорния, Малакка, Сомали. ) Аляска, Калифорния, Лабрадор, Флорида. с) Лабрадор, Таймыр, Флорида, Юкатан. д) Юкатан, Пиреней, Балкан, Камчатка.

Ұ сыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, атлас карта-24 бет

Дағды: Аляска, Калифорния, Лабрадор, Флорида

Солтүстік Американың түбектері.



# Shape2 Shape1 34. Дұрыс нұсқаны таңдаңыз

а) 6 – Парана өзені;

вShape3 ) 2 – Панама каналы

сShape4 )4 – Уругвай өзені;

+д) 7 – Гвиана таулы үстірті

Ұ сыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, атлас карта-27бет

ДShape5 ағды: Гвиана таулы үстірті









#35. Магеллан бұғазы Оңтүстік Американы қай жерден бөліп жатыр:

а) Куба аралынан +в) Отты Жер аралынан с) Антарктида материгінен

д) Пасха аралынан.

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, атлас карта-27 бет

Дағды: Магеллан бұғазы Оңтүстік Американы Отты жер аралынан бөліп жатыр.













#36. Австралия – бұл ... жоқ жалғыз материк

+a) сөнбеген жанартауы ; в) тауы; c) жазығы ; д)шөлі.

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, атлас карта-33 бет

Дағды: Аустралияда сөнбеген жанартаулар жоқ

#37. 1538 жылы дүние жүзі картасында Американың солтүстік және оңтүстік бөліктері ұғымын пайдаланған атақты картограф кім?

+a) Герард Меркатор ; в) Джейм Кук c) Руаль Амундсен; д)Себастьян Элькано

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, Бейсенова Ә, 2012ж. -12 бет

Дағды: Герерд Герард Меркатордың карторгафиялық проекциалары (тең бұрышты цилиндірлік) теңізде жүзішулерге өте қолайлы карта жасаған.

#38. Эфиопия таулы қыратында лава тасқындарының өзен аңғарын бөгеуінен пайда болған көл

a)Чад; в) Ньяса +c) Тана; д)Таньганика

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, Бейсенова Ә, 2012ж. –182 бет

Д ағды: Та́на көлінің ауданы — 3500 км², тереңдігі — 15 м. Көл теңіз деңгейінен 1830 м биіктікте жатыр. Көлге 50 ден артық өзен құяды.









#39. Аппалач пен оның тау бөктерінде ... кен орындары бар.

а) мұнай мен газ +в) темір және тас көмір

с) алмас бен алтын; д) фосфорит пен сода

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, Бейсенова Ә, 2012ж. -125 бет

Дағды: Аппалач тауы темір мен тас көмірге бай

















#40. Картадан Бенгал шығанағы қай санмен белгіленгенін тап .















а) 2 + в)4 с)3 д)1

Ұсыныс: Материктер мен мұхиттар географиясы, атлас карта-5 бет

Дағды: Бенгал шығанағының ауданы- 2 172 000 км² орташа тереңдігі

2 600 м.




























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!