Тест Әдебиеттік оқу пәнінен 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тест Әдебиеттік оқу пәнінен 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып оқушыларына арналған Оқу жетістігін сырттай бағалауға арналған тапсырма
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу

  1. Халыққа танымал болған тұлғалардың тапқыр сөздері

А) жұмбақтар В) мақал-мәтелдер

С) Нақыл сөздер Д) шешендік сөздер

2. Төмендегі өлең жолдары қай батырлар жырынан алынған?

«Сонда бурыл гуледі

Табаны жерге тимеді

Көлденең жатқан көк тасты.

Тіктеп тұрған тұяғы,

Саз балшықтай иледі»

3.Мақалдың мағынасы «Жері байдың - елі бай»

А) табиғат В) адамгершілік

С) байлық Д) батырлық

4. «Абылай хан» әңгімесінің авторы

А) Жүсіпбек Аймауытов В) Міржақып Дулатов

С) Сапарғали Бегалин Д) Шоқан Уәлиханов

5. Кейіпкердің ішік сөзімін білдіру үшін өзімен –өзі сөйлескен сөзі

А) әсірлеу В) диолог С) монолог Д) Сюжет

6. «Қазына көтерген бала» әңгімесі кім туралы?

А) Ә. Марғұлан В) Қ.Сәтбаев

С) М. Әлімбаев Д) Т.Рысқұлов

7. «Оян қазақ» өлеңдер жинағының авторы

А) Ы. Алтынсарин В) А.Байтұрсынов

С) М.Жұмабаев Д) М. Дулатов

8) Төменде берілген өлең жолдарының авторы

«Суда жүзген балықты

Бақылдайық байыпты.

Соған қарап жасадық

Біз сүңгуір қайықты»

А) Әбдірахман Асылбеков

В) Мамытбек Қалдыбаев

С) Өтепберген Ақыпбекұлы

Д) Төлеген Айбергенов

9) «Адам қорыған көл» ертегінің қай түріне жатады?

А) жануарлар туралы В) қазіргі заман

С) қиял-ғажайып Д) тұрмыс – салт

Нұсқау: Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларды орындаңыз

Ертеде жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағыстырып дос болады.

Бірде әскерлер өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиялдан жау шабуыл жасайды. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.

Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді. Алып барған соң ол жаудың қолбасыңа:

  • Мен қолдарыңа түскен жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал –мүлкім жоқ. Бір –ақ нәрсе беремін. Ол – өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар. Ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,- дейді.

  • Ол не? – деп сұрайды жігіт.

  • Маған сенің көздерін керек, - дейді қолбасы.

  • Көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан тоқтаусыз өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады.

Мұны көрген жаудың қолбасшысы: « Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе – бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар» - деп түйеді. Сөйтіп, өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық береді.

10. Жау қолындағыдосын босатып алу үшін жігіт жауға бермекші болған нәрсесі

А)алтыны В) ақшасы С) өмірі Д) қаруы

11. Мәтіннің мазмұның нақты ашатын мақал-мәтелді көрсет

А) Өз басынды дауға берсеңде,

Жолдасында жауға берме.

В) Жаман туғаның болғанша,

Жақсы жолдасын болсын.

С) Дос жылатып айтар

Дұшпан күлдіріп айтар

Д) Досына өтірік айтпа,

Дұшпанына сырыңды айтпа.

12. Жауынгердің досын құтқарып алу үшін орындалатын әскери ереже (тәртіп)

А) құн төлеу В) өмірін беру

С) айырбасқа беру Д) мал – мүлкін беру

Нұсқау: Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларды орындаңыз

Жайлау

Жыл он екі ай – көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді. Әр маусымда үш ай болады. Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын көктеу , жайлау, күзеу, қыстау деп атаған.

Ертеректе біздің ауыл наурыз, көкек, мамыр айларында қыстаудан қозы көш жердегі көктеуге көшіп-қонып, мал төлдететін. Содан соң жайлауға көшіп барып, маусым, шілде, тамыз айларын сонда өткізетін. Осы күні малшылар да сөйтеді.

Жайлау –қыстаудан алыс, шалғай жатқан даладағы жазғы қоныс. Оны шөбі шүйгін, суы мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерден таңдайды. Күзде иен жұртқа қаулап майда көк өседі. Оны «алсын» дейді. Қыста аппақ қар басып жатады. Ал жазға қарай жайлаудың шөбі жетіле бастайды. Қыстан әбден арықтап, көтерем болып шыққан мал жайлауға іліккен соң-ақ тойынып, семіреді. Адамдар да серігіп, жиын- той өткізіп, аунап-қунап қалады. Бие байлап, қымыз ішеді, айран ұйытып, құр жинайды, ірімшік қайнатады.Қысқа арнап азық –түлік жияды.

Бірақ бұл қызықты мезгіл де өте шығады. Шөптің шалғыны басылып, сары сүрлеу тартады. Бұл мезгілді халық «Сарыжайлау» дейді.

Еліміздің әр жерінде жұртқа кен танымал атақты жайлаулар, мәселен Қарқара. Шалкөл, Сырт, Шұбартал, Асы секілді жайлаулар бар.

Қарқара жайлауы үстімен ұлы жібек жолы өтетіндіктен осы жерде ертеде атышулы жәрмеңке болады екен. Бүгінде малшылардың тойы өтеді. Ат шауып, қыз қуады. Балалар гүл теріп, көбелек қуып, суға шомылады. Таулы жайлауларда : қарақат, таңқурай, долана: тау бөктері мен жазық далаларда: қойбүлдірген, сиырбүлдірген секілді жемістер өте көп болады.

13. Халық «сарыжайлау» атап кеткен мезгілдің сипаттамасы

А) иен жұртқа қаулап майда көк өседі

В) жайлаудың шөбі жетіле бастайды

С) шалғай жатқан даладағы жазғы қоныс

Д) шөптің шалғыны басылып, сары сүрлеу тартады.

14. Көтерем мал сөзінің мағынасы

А) арық В) асау С) жуас Д) семіз

15. Қыстаудан козы көш жерге көшу атауы және оның себебі.

А) көктеу, мал төлдету үшін

В) жайлау, азық-түлік жинау үшін

С) күзеу, малды қырқу үшін

Д) жазғы қоныс, жиын – той үшін













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.03.2019
9552
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі