Тест Атлантида

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тест Атлантида

Материал туралы қысқаша түсінік
Атлантида
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атлантида

Атлантида – ежелгі аңызы бойынша Атлант мұхитында болған құрлық немесе арал. Алғашқы деректер біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда жазылған Платонның «Тимей» және «Критий» диалогінде Геркулес (Гибралтар бұғазы) бағанасының артында, теңіз суының ортасында орналасқан құрлық ретінде айтылады. Құдайлар жерді бөліскенде, Атлантида теңіз құдайы және жер сілкінісі тудыратын құдай Посейдонның иелігіне берілген. Биік таулар Атлантиданың солтүстігінен келетін суық желдерден қорғаған. Қабырғасы алтыннан, күмбезі күмістен жалатқан қалаларында жоғары мәдениетті, ізгі, рақымшыл адамдар өмір сүрген. Олар жақсы шабандоз, шебер теңіз саяхатшылары болған. Күндердің күнінде, табиғаттың миуалы сыйына тойынған немесе алып жатқан аумағы таршылық жасаған, билігін бүкіл әлемге жүргізбек болды. Олардың осындай іс-әрекетіне қарсы шыққан көршілері – афиналықтар ұрыста Атлантиданы жеңіп шыққан. Бұған ашуланған Посейдон өзінің бай ашуын бақытсыз аралдан алмақ болып Атлантиданы су астына жібереді. Бұл қайғылы оқиға біздің заманымыздан бұрынғы 9500 жылы болған. Құрлықтың гүлденіп, одан апат болып жер бетінен жойылып кетуі жайлы аңыз-әңгімелер адам баласының ой-жорамалы мен қиялын сарп етті. Жоғалған құрлықты іздеуге, табуға шабыттандырды, рух берді. Атлантида туралы екі мыңнан астам кітап жазылған. Қазірге дейін жұмбақ болып келген Атлантиданың қай уақытта және қай жерде орналасқаны жайлы жаңа болжамдар жасалуда. (176 сөз)


Ғаламтор материалы:


16. «Тимей» және «Критий» кімнің еңбектері болып табылатындығын көрсетіңіз.

А) Платон

В) Герадот

С) Аристотель

D) Демокрит

Е) Теофраст


17. Посейдон ненің құдайы екенін белгілеңіз.

А) Күн құдайы

В) Өнер құдайы

С) Соғыс құдайы

D) Теңіз құдайы

Е) Махаббат құдайы


18. Биік таулар Атлантиданың солтүстігінен келетін неден қорғағандығын табыңыз.

А) Суық желдерден

В) Жаудан

С) Жауын-шашыннан

D) Жануарлардан

Е) Су тасқыннан


19. Біздің заманымыздан бұрынғы 9500 жылы қандай оқиға болғандығын белгілеңіз.

А) Атлантида елі саудамен айналыса бастады

В) Атлантида елінде аштық пайда болды

С) Атлантида елі бүкіл жерлерді басып алды

D) Атлантида елі гүлдене бастады

Е) Атлантида елі су астына кетті


20. Атлантида туралы қанша кітап жазылғандығын көрсетіңіз.

А) Екі мыңнан астам

В) Үш мыңнан астам

С) Төрт мыңнан астам

D) Бес мыңнан астам

Е) Алты мыңнан астам



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2023
455
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі