Тест: Байлық, бақыт, ақыл

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тест: Байлық, бақыт, ақыл

Материал туралы қысқаша түсінік
тест мәтіні
Материалдың қысқаша нұсқасы

14-мәтін. Байлық, бақыт, ақыл


Ерте заманда Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі бас қосады. Олар өзара өткен-кеткен әңгімелерді айтысады. Сөз кезегінде адам баласын тигізетін пайдасы жайында таласып қалады.

Алдымен Байлық сөз алып:

Менің арқамда ғана алдам баласының төрт түлігі сай, үйі дүние-мүлікке толы, ішіп-жемі мол болады. Сондықтан маған тең келер ештеңе жоқ, - деп кеудесін қағады.

Сонда Бақыт былай дейді:

Мен бақпын, кімнің басына қонсам, соның атақ-даңқын шығарамын,мансабын аспанға көтеремін, ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс дөкей етемін. Қарсы келген дұшпанды жер етемін.

О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосылмаймын. Үшеуіміз тең тудық. Бірақ мен бірер итжейдені сендерден бұрын тоздырдым. Айтыстарың көңіліме қонбайды. Мен – Ақылмын. Сондықтан бекер даурығып менменсініп сөйлегенді жақтырмаймын. Үшеуіміз де адамға қажетпіз. Көңілдеріңе келсе де айтайын, екеуің де маған бағыныштысыңдар. Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңдер, Данышпанға жүгінейік. Төрелігін сол айтсын, - дейді Ақыл.

Үшеуінің таласын тыңдап алған Данышпан:

Өмірдің өзі сабақ. Байлық – бір жұрттық. Бақыт – баянсыз. Ақыл баржерде ғана Байлық та, Бақыт та, бірлік те, тірлік те түгел. Ақылмен бәрін ойдағыдай басқаруға болады. Ақылдың еңбек деген сүйеніші, тіреуі бар. Оның алмайтын қамалы жоқ. Сондықтан ақылды болып, еңбек ете білмеген адам баласы байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де сәнді өмір сүре алады, - деген екен. (190 сөз)

«Ел аузынан» кітабынан

6. Мәтін қандай стильге жататынын табыңыз.

А) Ауызекі сөйлеу стилі

В) Публицистикалық стиль

С) Ғылыми стиль

D) Көркем әдеби стиль

Е) Ресми іс-қағаздар стилі


7. Мәтінде берілген негізгі идеяны табыңыз.

А) Адам баласы үшін Ақылдың маңыздылығы.

В) Байлық бар жерде адам баласының ештеңеден таршылық көрмейтінін насихаттаған.

С) Бақыт адамды атақ-даңққа жеткізетіндігі туралы айтылған.

D) Еңбекпен бәріне қол жеткізуге болатындығын насихаттаған.

Е) Адамның құдіреті туралы айтылған.


8. Ақылдың маңыздылығы жөнінде мәтіндегі қай азат жолда берілгенін табыңыз.

А) 1

В) 3

С) 4

D) 5

Е) 2


9. «Данышпанға жүгінейік» дегеннің мағынасын ашатын қатарды белгілеңіз.

А) Арыз айтайық

В) Сәлемдесейік

С) Жолығайық

D) Түсіндірейік

Е) Ақыл сұрайық


10. «Итжейде» деген сөздің мағынасын ашыңыз.

А) Баланың қалың киімі

В) Баланың жөргегі

С) Баланың ең алғаш киетін киімі

D) Бала жүргенде кигізетін киім

Е) Сәнді киім



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2023
547
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі