Тест Банан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тест Банан

Материал туралы қысқаша түсінік
Банан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Банан


Банан сөзін латын тілінен аударғанда «ақылды адамның жемісі» деген мағынаны білдіреді. Көпшілік бананды жемістер қатарына жатқызады. Алайда, ол – жидек. Ең үлкен банан ағашының биіктігі, орташа есеппен, 10 метр, ал диаметрі 50 сантиметрге жетеді. Оның бір сабағында 300 бананға дейін болады. Бұл шамамен 500 келіге дейін тартады. Сары бананмен қатар қызыл түстісі де кең тараған. Алайда мұндай түрі жұмсақ болғандықтан, тасымалдауға жарамайды. Сейшель аралдарының бірі Маода сары, қызыл және қара банан өседі.

Көңіл күйді реттейтін В6 дәрумені басқа жемістерге қарағанда бананда көп болады. Банан құрамындағы сахароза, фруктоза және глюкоза арқасында ол асқазанда тез әрі жеңіл қорытылып, бойға күш қуат сыйлайды.

Үндістанда банан қасиетті тағамдардың бірі болып есептеліп, құтты қонақтардың алдына әкелінген. Еуропа елдерінің мектептерінде оқушыларға таңертеңгі және түскі ас кезінде банан береді. Себебі, банан баланың ойлау қабілетіне жақсы әсер етеді. Кубада бананды етпен бірге пісіреді. Ал Венесуэлода бананды қуырып, күрішпен бірге араластырады.

Банан Үндістан, Эквадор және әлемнің бірқатар оңтүстік елдерінде өседі. Бұл жемістің бірнеше сорттары бар. Біздің елде кең тарағандары Кавендиш, Лакатан. Бұлсорттар ағаштан піспеген, жасыл күйінде теріліп, бірден қораптарға жинастырылады. Жеміс ұзақ жол барысында өзі пісіп жетіледі.

Банан диеталық тамақ болып есептеледі. Ағзадағы зиянды заттарды сыртқа шығарады, өт, бауыр, асқазан жолдарын тазартады. Сондай-ақ кез келген жанның күнделікті ас мәзірінде бір-екі тал банан болғаны абзал. Банан операциядан кейін, ауыр физикалық жаттығулардан кейін өте пайдалы. Ол ағзаны қалыпқа келтіруге мол үлесін қосады. Сонымен қатар, бананды шаршаған я ашуланған кезде, емтихан-сынақ алдында пайдаланған дұрыс. (232 сөз)


11. Бананның сары түстісінің ғана басқа елдерге жіберілу себебі неде деп ойлайсыз.

А) Өте дәмді болғандықтан

В) Ұзақ жолға шыдамды

С) Денсаулыққа пайдалы

D) Түсі әдемі болғандықтан

Е) Бағалы болғандықтан


12. Бананды қуырып, күрішпен бірге араластыратын елді көрсетіңіз.

А) Эквадор

В) Үндістан

С) Венесуэло

D) Куба

Е) Мао


13. Мәтінде берілмеген мәліметті көрсетіңіз.

А) Күнделікті ас мәзірінде бір-екі тал банан болғаны абзал

В) Банан баланың ойлау қабілетіне жақсы әсер етеді.

С) Бананды емтихан-сынақ алдында пайдаланған дұрыс.

D) Банан диеталық тамақ болып есептеледі.

Е) Кубада бананды күрішпен бірге пісіреді.


14. Мәтін қай үлгіде жазылғанын белгілеңіз.

А) Мысал

В) Шешендік сөз

С) Суреттеу

D) Ақпарат

Е) Баяндама


15. Ағаштың сабағында неше банан болатынын табыңыз.

А) 500 бананға дейін

В) 300 бананға дейін

С) 800 бананға дейін

D) 600 бананға дейін

Е) 400 бананға дейін



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2023
412
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі