Материалдар / Тест биология 118 сұрақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тест биология 118 сұрақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәні бойынша 118 сұрақтық тест тапсрымасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2024
1101
6 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аттестация тесті

1.Өтпелі кезеңнің аталуы: Дұрыс жауабы – Жасөспірімдік.

2.Туу мен өлім арасындағы айырмашылық: Дұрыс жауабы – Популяция өсімі.

3.Бүйректе ерімейтін тұздардың қалыптасуы: Дұрыс жауабы – несептас.

4.Шамамен 1млрд жылға созылған ең ежелгі заман: Дұрыс жауабы – архей.

5.Динозавтрлар заманы: Дұрыс жауабы – мезозой.

6.Жаңа жасуша өсетін және келесі бөлінуге дайындалатын кезең: Дқрыс жауабы – Интерфаза.

7.Мойынның алдыңғы жағында орналасқан қалқанша шеміршегінің дөңестеу жері: Дұрыс жауабы – көмей жұмыры.

8.Дене массасы мен өлшемінің даму және арту қарқынының жылдамдауы: Дұрыс жауабы – Акселерация.

9.Ұрықтану жүрмегенде ғана жүзеге асатын менструация фазасы: Дұрыс жауабы – овуляциядан кейінгі.

10.Үш айдан бастап туғанға дейінгі кезең: Дұрыс жауабы – шараналық.

11.Уақыт бірлігінде экожүйеде түзілетін органикалық заттардың мөлшері: Дұрыс жауабы – Биомасса өнімділігі.

12.Бүйрек және оның капсуласының жасушалары зақымданбаған жағдайда нефрон ішіне өтпейді: Дұрыс жауабы – қан жасушалары.

13.Суды үнемдеудің қажеті жоқ жануарлардың соңғы өнімі: Дұрыс жауабы – аммиак.

14.Хромосома саны азаятын,жасушаның диплоидты күйден гаплоидтыға өту әдісі: Дұрыс жауабы – мейоз.

15.Гибридологиялық әдісті ең алғаш қолданған ғалым: Дұрыс жауабы – Г.Мендель.

16.Шежіре талдауға негізделген адам генетикасын зерттеу әдісі: Дұрыс жауабы – генеалогиялық.

17.Ж.Б.Ламарктың еңбегі: Дұрыс жауабы – Зоология философиясы.

18.Тұрақтандырушы сұрыптау бойынша ірі зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалым: Дұрыс жауабы – И.И.Шмальгаузен.

19.Популяциядағы генотиптер арақатынасын есептеуге арналған теңдеу: Дұрыс жауабы – Харди – Вайнберг теңдеуі.

20.Орта көрсеткіштері бар даралар сақталады: Дұрыс жауабы – тұрақтандырушы сұрыптау.

21.Балықтардығы арнайы сезім мүшесі: Дұрыс жауабы – бүйір сызығы.

22.Электрлі балықтарда анықталған: Дұрыс жауабы – электрорецепторлар.

23.Мономерлі нуклеотид болып табылатын биополимер: Дұрыс жауабы – нуклейн қышқыды.

24.Белгілердің тұқым қуалау заңдылығын,өзгергіштігін зерттейді: Дұрыс жауабы – генетика.

25.Ішкі аналық жыныс мүшесі: Дұрыс жауабы – жатыр түтігі.

26.Екінші және ең ұзақ эра: Дұрыс жауабы – протерозой.

27.Бунақденелілерді,кенелерді,өрмекшілерді жоюға бағытталған пестицидттер: Дұрыс жауабы – инсектицидтер.

28.Өт қышқылдарының бейтарап майларды орасан көп мөлшерде ұсақ тамшыларға бөлуі: Дұрыс жауабы – эмульгация.

29.Транспирацияға әсер ететін ішкі фактор: Дұрыс жауабы – буландыратын бет ауданы.

30.Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі: Дұрыс жауабы – нефрон.

31.Сомалық дене жасушалардың көбею әдісі: Дұрыс жауабы – митоз.

32.Бағытталған мутагенез нәтижесінде даралардың хромосома санын екі есе арттыру: Дұрыс жауабы – полиплоидия.

33.Жақсы зерттелген жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын ауру: Дұрыс жауабы – Дальтонизм.

34.Әкесінің қан тобы I, анасының қан тобы IV болған жағдайда балаларының қан тобы: Дұрыс жауабы – 50% II топ, 50% III топ.

35.Табиғи сұрыптау типтерінің бірі: Дұрыс жауабы – дизруптипті.

36.Қазіргі кезде озон қалқанының бұзылуның негізгі бір себебі: Дұрыс жауабы – фреонның қолданылуы.

37.Асқазандағы пепсин ферментін белсендіреді: Дұрыс жауабы – тұз қышқылы.

38.Шомыр мен қырыққабаттың диплоидты гаметалары мен тетраплоидты зиготасын алған ғалым: Дұрыс жауабы – Г.Д.Карпеченко.

39.Қуықтың артқы тұсында, жамбас қуысында орналасқан жыныс мүшесі: Дқрыс жауабы – жатыр.

40.Дұрыс эволюциялық ілімді тұжырамдады: Дұрыс жауабы – Ч.Дарвин.

41.Майлар мен көмірсулар биосинтезі жүретін органоид: Дұрыс жауабы – тегіс ЭПТ.

42.Қосарлы атауды ұсынған ғалым: Дұрыс жауабы – К.Линней.

43.Г.Мендельдің зерттеуге алған нысаны: Дұрыс жауабы – асбұршақ.

44.Мерездің қоздырушысы: Дұрыс жауабы – ақшыл спирохета.

45.Соз ауруының қоздырғышы: Дұрыс жауабы – гонококк бактериясы.

46.Ерітіндісі мүсәтір спирті деп аталатын өткір иісті соңғы өнім: Дұрыс жауабы – аммиак.

47.Электрлік жыланбалық мына мөлшерде электр разрядын өндіреді: Дұрыс жауабы – 650 В-ға дейін.

48.Жасушалардың,сабақтың,тамырдың өсуіне әсер етеін фитогормон: Дұрыс жауабы – гиббереллин.

49.Ядрошықтар мен ядро қабықшасының бұзылуынан басталатын фаза: Дұрыс жауабы – профаза.

50.Г.Мендельдің екінші заңы: Дұрыс жауабы – ажырау.

51.Май ұлпасы мен терілі қатпарлардан тұратын аналық жыныс мүшесі: Дұрыс жауабы – жынстық жапсарлар.

52.Секреторлы деп аталатын үшінші менстрауия фазасының екінші атауы: Дұрыс жауабы – овуляция.

53.К.Линнейдің еңбегі: Дұрыс жауабы – Табиғат жүйесі.

54.Пестицидтің басты қасиеті: Дұрыс жауабы – улылығы.

55.ЖИТС қоздырушысы: Дұрыс жауабы – вирустар.

56.Ядроның қызметі: Дұрыс жауабы – көбеюге қатысу.

57.Нейронның қысқа тармақталған өсінділері: Дұрыс жауабы – дендриттер.

58.Рецессивті гомозигота: Дұрыс жауабы – аа.

59.Хромосома жиынтығы сақталатын бөліну әдісі: Дұрыс жауабы – митоз.

60.Бүйректің қабынуы: Дұрыс жауабы – пиелонефрит.

61.Өрмекші тәрізділердің барлығы құрамында азоты бар пуриндік негіз бөледі: Дұрыс жауабы – гуанин.

62.Сүтқоректілер,шеміршекті балықтардың бөліп шығару өнімі: Дұрыс жауабы – несепнәр.

63.Құстар,жорғалаушылардың бөліп шығару өнімі: Дұрыс жауабы – зәр қышқылы.

64.Түрдің таралу аймағын,ағзалардың осы түріне қажет табиғи жағдай кешенін қарастырады: Дұрыс жауабы – экологиялық критерий.

65.Ажырау заңының фенотипі: Дұрыс жауабы – 3:1.

66.Менструация циклінің екінші фазасы: Дұрыс жауабы – фолликулдық.

67.Миелин синтезіне,оның нейрон қабықшасында жинақталуына жауап береді: Дұрыс жауабы – Шваннов жасушалары.

68.Ми мен электрондық құрылғы арасындағы ақпарат алмасатын техникалық жүйе: Дұрыс жауабы – нейрокомпьютерлік интерфейс.

69.Жынысты анықтаудың әдісі: Дұрыс жауабы – генотиптік.

70.Адамның иммундық тапшылық вирусынан зақымдалатын жасушалар: Дұрыс жауабы – лейкоциттер.

71.Бір түр даралары арасында жүреді: Дұрыс жауабы – түрішілік күрес.

72.Аналық бездер бөлетін гормон: Дұрыс жауабы – эстрадиол.

73.Асқорыту жолының кеңейген бөлігі: Дұрыс жауабы –асқазан.

74.Бауырдың секретіне жатады: Дұрыс жауабы – өт.

75.Бір жасушалы диатом балдырлардың сауыттарынан тұратын тау жыныстары: Дұрыс жауабы – диатомит.

76.Нефронға,қан ағымына түскен заттарды кері қайтару: Дұрыс жауабы – реабсорбция.

77.Сыртқы және ішкі құрылысындағы ұқсастықты көрсетеді: Дұрыс жауабы – морфологиялық критерий.

78.Гүлді өсімдіктер пайда болған эра: Дұрыс жауабы – мезозой.

79.Аталық бездердің орналасқан жері: Дұрыс жауабы – ұма.

80.Гаметалар таза күйінде тек бір тұқымқуалайтын факторды таратады: Дұрыс жауабы – гаметалардың тазалық заңы.

81.Генетикадағы гибридиологиялық әдіспен бірге қолданылатын негізгі және ерекше әдіс: Дұрыс жауабы – генетикалық талдау.

82.Аталық жыныс безінің гормоны: Дұрыс жауабы – тестостерон.

83.Ішкі аналық жыныс мүшелері орналасады: Дұрыс жауабы – кіші жамбас қуысында.

84.Жатырдың сілемейлі қабығының өсуін қамтамасыз ететін гормон: Дұрыс жауабы – эстроген.

85.Қорыту барысында түзілетін ұсақ молекулаларының ішек қабырғасы арқылы қанға және лимфаға өтуі: Дұрыс жауабы – абсорбция.

86.Мембрананың ірі бөлшектерді жалғанаяқтары арқылы қармауы: Дұрыс жауабы – фагоцитоз.

87.Ең көрнекті трансформист: Дұрыс жауабы – Ж.Б.Ламарк.

88.Қорғалмаған жануар, жақсы қорғалған немесе жеуге жарамсыз ағзаға ұқсайды: Дұрыс жауабы – мимикрия.

89.Түр тармақтары мен популяцияның түзілу үдерісі: Дұрыс жауабы – микроэволюция.

90.Хромосомаларды бояу және айқындауға негізделген адам генетикасын зерттеу әдісі: Дұрыс жауабы – цитогенетикалық.

91.Бүйректің қызметіне жағымды әсер етеін фактор: Дұрыс жауабы – дұрыс тамақтану.

92.Ұрықтанбаған жұмыртқа жасушалары мен сперматозоидтарды жоятын жасушалар: Дұрыс жауабы – лейкоциттер.

93.Энергия пирамидасы заңын тұжырымдаған ғалым: Дұрыс жауабы – Р.Линдеман.

94.Химиялық реакцияларды жүздеген және мыңдаған есе жылдамдататын ерекше катализатор – нәруыздар: Дұрыс жауабы – ферменттер.

95.Осы шама атауынан қазіргі кезде қолданылып жүрген нанотехнология тұжырымдамасы шықты: Дұрыс жауабы – нанометр.

96.Хромосома санының,мөлшерінің өзгеруін анықтайтын әдіс: Дұрыс жауабы – цитогенетикалық әдіс.

97.1809 ж, Зоология философиясы еңбегін жазды: Дұрыс жауабы – Ж.Б.Ламарк.

98.Интерфазадағы синтетикалық кезеңнің маңызды оқиғасы: Дұрыс жауабы – ДНҚ репликациясы.

99.Әртүрлі егіздер тобында олардың ұқсастық дәрежесінің аталуы: Дұрыс жауабы – конкорданттылық.

100.Шамамен 1млрд жылға созылған ең ежелгі заман: Дұрыс жауабы – архей.

101.Жыныстық жолмен берілетін вирусты жұқпа: Дұрыс жауабы – ЖИТС.

102.Дезоксирибоза формуласы: Дұрыс жауабы – С5Н10О4.

103.Ағза ферменттерінің жұмысын анықтауға негізделген әдіс: Дұрыс жауабы – биохимиялық әдіс.

104.Сперматозоидтардың ұрықтандыру қабілеті сақталатын уақыт: Дұрыс жауабы – 24-28 сағат.

105.Зәр қышқылының формуласы: Дұрыс жауабы – С5Н4N4O37.

106.Құстардың аналығындағы жыныс хромосомалары: Дұрыс жауабы – ХУ.

107.Өсімдік ұлпасында синтезделінетін,биологиялық белсенді зат: Дұрыс жауабы – фитогормондар.

108.Кариокинез дегеніміз: Дұрыс жауабы – ядроның бөлініуі.

109.ІІ қан тобының гетерозиготалы күйі: Дұрыс жауабы – АО

110.Ертедегі алып қырықжапырақтардың жинақталуынан пайда болды: Дұрыс жауабы – таскөмір.

111.Пиримидиндерге жатады: Дұрыс жауабы – цитозин.

112.Ғаламшарда тек бір жерде тіршілк ететін ағзалар: Дұрыс жауабы – эндемиктер.

113.Жатырдың қынапқа дейінгі аралығы: Дұрыс жауабы – жатыр мойны.

114.Нейрон – бұлшық ет жасушасымен байланысуынан туындайды: Дұрыс жауабы – нейрон – бұлшық ет синапсы.

115.Жұлын құрамында болады: Дұрыс жауабы – миелинденген талшықтар.

116.Эстрадиол,прогестерон гормондарын бөледі: Дұрыс жауабы – Аналық без.

117.Ағза тіршілігін стимулдайтын фитогормон: Дұрыс жжауабы – ауксин.

118.Қоршаған орта түсіндей болу: Дұрыс жауабы – бүркеніш рең.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!