Тест Дала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тест Дала

Материал туралы қысқаша түсінік
Дала
Материалдың қысқаша нұсқасы


Дала. Дала деп атын айтсаң-ақ, ондағы ерік, ендік, құлпырып тұрған көгорай шалғын, төбесі мұнарланып, тұманданып көкке тірескен асқар тау, күмістей таза, бұраңдап ағып жатқан өзен, тағы санап түгесілмес жасағанның жаратқан табиғатының әдемілігі көңілге сап ете түсті.

Жаз кетті. Қыс бойы саңырау, шырт ұйқыда, шала-жансар жатқан дала оянды, оған жан кірді. Ол бұрынғы ертегілерде айтылғандай күні кеше басы таз, мұрнынан су аққан, үсті-басы шіп-шикі қотыр бір жаман жан еді. Бір сілкінді, он төртіндегі айдай үйде мен бүлдеге оранған, жаңа бойжеткен бір қыз болды.

Қыс бойы түтін, сасықтың арасында ауруға шалдығып шыққан дала баласы о да тірілді... қараңғы, сасық үйін тастап қашып, киіз үйін тігіп, көгорай шалғынға барып қонды. Қалың күпі, ауыр тымағын тастап, желісін қақты, биесін байлады. Бір жағынан сүрін жеп, ертелі-кеш сапырып сары қымызын іше бастады. Ол бір жасап қалды. Көршілес үйдің отағасылары астарына бір-бір тері салып алып, қолдарына таяқ ұстап, есік алдына көлеңкеге жиылып, қысыр кеңеске кірісті, жастар үйде жоқ, жас келіншек, қыздар олар да шат. Әсіресе қыс бойы бұзау суғарам деп қар тасып, қи күреп жүдеп шыққан, артық көндіге алмаған жаңа түскен келіншектер жұмыстан босағандарына қуанып, жастау қыздар шешесінің қыс бойы үйде кір қыласың деп кигізбеген жаңа тіккен көйлек, күміс таққан тақияларын киіп қуанып, қуаныштары қойнына сыймайды. Той көксеген қыздар, бозбалалар елдің желеуі, биенің байлауы, жұрттың жиын болатын мезгілі де жетіп қалды-ау деп іштерінен қуанады. Биыл ойын-той, бастаңғы көп болғай деп тілейді.

Міне, жаз жетсе, дала әдемі, көңілді. (230 сөз)

М. Жұмабаев


1. «Бастаңғы» сөзін басқа сөзбен қалай айтуға болатынын белгілеңіз.

А) Құда түсу

В) Үлкендердің отырысы

С) Жастардың отырысы

D) Үйлену тойы

Е) Ауыл адамдарының жиыны


2. Жаңа тұрмысқа шыққан адамды қалай атайтынын көрсетіңіз.

А) Жас қыз

В) Бойжеткен

С) Келіншек

D) Шеше

Е) Бозбала


3. «Сүрін жеп» деген сөзден қандай тағамды айтып тұрғанын табыңыз.

А) Шелпек

В) Ет

С) Құрт

D) Қант

Е) Сүт


4. Төмендегілердің қайсысы бұл мәтіннің кілт сөздерінің бірі бола алмайтынын көрсетіңіз.

А) Қуаныш

В) Жаз

С) Қи

D) Дала

Е) Қыс


5.Берілген сөйлемде не жайында сөз етілгенін белгілеңіз.

Қыс бойы түтін, сасықтың арасында ауруға шалдығып шыққан о да тірілді...

А) Бала туралы

В) Жұрт туралы

С)Дала туралы

D) Келіншек туралы

Е) Азық туралы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2023
412
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі