тест жұмысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

тест жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сыныптарға арналған оқу сауаттылығы пәнінен тест жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ерте ерте ертеде.. бір елді-мекенде құрғақшылық басталады. Тұрғындардың бәрі бұдан зиян көрсе де, шарасыз болады. Ақыры жұрт барлық дертке дауа болатын Жаратушыға бет бұрады. Үлкені бар, кішісі бар бәрі Құдайдан жаңбыр тілеу үшін бір жота басына жиналады. Дұға оқылып бітпей жатып, тілегендеріне жауап ретінде, жаңбыр құя бастайды. Бір қыздан басқасының бәрі жаңбыр астында қалып су болады. Жиналған қауым ішінен сол бір қыз ғана үйінен қолшатыр алып шыққан екен. 

1. Қазақ халқының құрғақшылыққа байланысты жасайтын әдет-ғұрпы қалай аталады?

A) тасаттық

B) дұға оқу

C) асар

D) тоқымқағар

E) саумалық

2.Мәтін мазмұнына байланысты мақал- мәтелді көрсетіңіз

A) Алла деп барсаң, аман келерсің.

B) Сенген қойым сен болсаң...

C) Біреу білмегенді, біреу біледі.

D) Бір кісіге мың кісі олжа салар.

E) Аллаға сенген құстай ұшады.

  1. Сарғалдақ тұқымдасының қатарында ежелде улы саналатын гүл бар. Оның аты – аконит немесе балуан.

  2. Ежелде бұл өсімдік у жасау үшін ғана қолданылған. Оның шырынымен жаумен соғыс алдында немесе аңшылық алдында садақтардың оғын сүрткен. Ежелгі Рим мен Грецияның өлім жазасына кесілген қылмыскерлері аконит негізіндегі тұнбаны ішулері керек болған.

  3. Осындай әдемі әрі нәзік гүлдің өлімге душар ететіндей нендей қасиеті бар? Бар мәселе акониттің құрамындағы көп мөлшердегі алкалоидте жатыр. Гүл тамырының бір грамм балғын шырыны адам ағзасына түсер болса, тыныс алу жолы мен жүрегін тоқтата алады. Өсімдік шырынын теріге сылаған кезде де улану қаупі бар.

  4. Әсіресе шүйгін ортада өскен өсімдік өкілдері аса қауіпті саналады. Жоңғар акониті оның көптеген түрлерінің ішінде ең улы болып табылады. Ажалды өсімдіктен жинап алынған бал немесе аконитпен уланған жануардың еті де өмірге қауіп тудырады.

  5. Қолмен өсірген гүлдер уақыт өте келе қауіптілік деңгейін жоғалтатыны байқалған. Бүгінде жоңғар аконитін медицинада қолдануға тыйым салынған, алайда кейбір халық емшілері мен бақсылары бұл өсімдікті пайдалануды тоқтатқан емес. (162 сөз)

  1. Мәтін мазмұнына сәйкес емес қатарды белгілеңіз

1.Қолмен өсірген гүл қауіптілігін жоғалтады.

2.Медицинада қолдануға тыйым салынған.

3.Шырынын теріге сылауға болады.

A) біріншісі дұрыс

B) екіншісі мен үшіншісі дұрыс

C) біріншісі мен үшіншісі дұрыс

D) бірінші мен екіншісі дұрыс

E) үшіншісі дұрыс

2. « Шүйгін»сөзінің мағынасына сай келетін сөзді белгілеңіз

A) құнарлы жер

B) шұрайлы жер

C) тастақ жер

D) сулы жер

E) шөлейт жер

3. Аконит өсімдігінің шырынымен соғыс алдында садақтың оғын неге сүрткен?

A) жауына тура тигізу үшін

B) оғы мүлт кетпеу үшін

C) жауын улау үшін

D) қылмыскерді тез ұстау үшін

E) оғын өткірлеу үшін

4. 5- бөлімде не туралы айтылған?

A) өсімдіктің құрамы

B) өсімдіктің адам ағзасына зияны

C) өсімдіктің өскен орны

D) өсімдіктің қазіргі таңдағы орны

E) өсімдіктің ежелгі пайдалануы

1.Бақыт қалтасына жиырма тиын салып, көшеге шықты. Ойы – балмұздақ сатып алу. Қақпа алдында екі бала ойнап жүр. Олар өздерінше мәз-мейрам. Қолдарында жаңа қанаттанған, үрпек бас, сары ауыз балапан торғай. Оның аяғына ұзын кендір жіп байлаған. Жіптің бір ұшын ұстап тұрып, балапанды лақтырып жіберді. Балапан ұша жөнелді. Бірақ жіп жібермейді де, жалп етіп құлайды. Балалар мәз-мейрам, ішектері қата күледі. Балапан шиқ-шиқ етеді. Осы кезде анасы шырылдап, көктен балапанның үстіне төніп келеді. Бірақ босатып аларлық күш жоқ. Балалардан сескеніп қайта көтеріліп кетеді.

2.Бақыт тоқтай қалды. Балапанға анасының арашашы бола алмай жүргенін көріп, жылағысы келіп кетті.

Оны неге қинайсыңдар? Обал емес пе?! – деді көзіне жас үйіріліп.

Балалар Бақытқа жалт қарады.

Сенің не жұмысың бар? Обал деген не? Обалы бізге, саған емес. Бар кете бер жөніңе! – деп екі бала дүрсе қоя берді.

Оқушы дейді-ау тағы бұларды, – деді даусын созып Бақыт.

Сен оқушы болмаған соң екен ғой обалды білетінің, – деді екінші бала кекете ыржақ-ыржақ етіп.
3.Балалар балапанды тағы ұшырды. Ол дәл Бақыттын алдына келіп құлады да, қанатын қағып, мені құтқар дегеңдей шырылдап қоя берді. Төбеде анасы да безек қағады.

4.Бақыт оны көтеріп қолына алды. Балалар да жүгіріп келді.

Біз не айттық саған? Неге ұстайсың торғайымызды? Бірдеңе көргің келіп тұр ма? – деп балапанды жұлып алды. Бірақ Бақыттың қолындағы ақшаны көріп, ашулары су сепкендей басыла қалды.

Сатамыз, аласың ба?

Бақыттың жүрегі дүрс-дүрс соғып, қуанып кетті.

Мә! – деді қолындағысын ұсынып.

О,о, бұл аз ғой, тағы жібі бар, – деді балалар көз қысысып.

Жібін алып қалыңдар. Басқа ақшам жоқ, – деді Бақыт үзілді-кесілді.

Екі бала бірін-бірі ыммен ұғысып, балапанды шешіп берді.

Айырылып қалма! – деді қатаң ескертіп.

5.Бақыт қуанып кетті. Балапанның кішкене жүрегінің жиі-жиі соққаны қолына білініп тұр.

Бара ғой, анаңа, – деп көтеріңкіреп лақтырып жіберді балапанды.

Екі бала бір-біріне қарап, аңырып қалды. Балапан да бірден ұшып кетпей, телеграф сымына қонды.

Жүрегі жарыла қуанғандай, анасы да шыр-р етіп келіп, балапанның қасынан орын алды.

Балапан қанатын жиі-жиі қомдап қағып, аузын аша қалды. Анасы бірдеңе салып жібергендей болды. Бұл Бақытқа сүйіп алғандай болып көрінді.

Екеуі қосылып шиқ-шиқ етеді. Бұл шырылдау емес, көңілді шиқылдау. «Рахмет саған, Бақыт! Әрдайым осындай мейірімді бол»- дегендей.

Енді бір қарағанда аналы-балалы торғайлар қатар ұшып бара жатты. Олардың жиі-жиі қаққан қанаттары Бақытқа қош бол деп бара жатқанға ұқсады. Бақыт қол бұлғап қала берді.

1. Мәтіннің түрін анықтаңыз

A) Әңгімелеу

B) Суреттеу

C) Ақпарат беру

D) Зерттеу

E) Сипаттау

2.Мәтіннің идеясын ашатын нақыл сөзді көрсетіңіз

A) Кең болсаң, кем болмайсың.

B) Ала ойлаған алысқа бармайды.

C) Жаман адам ел бұзар.

D) Көрнекті іс көмілмейді.

E) Жақсылық қылсаң жасыр.

3. Кендір жіп тіркесіне лайықты жауапты көрсетіңіз

A) Шөптен жасалған жіп

B) Арқанның жіп

C) Теріден жасалған жіп

D) Жүннен жаалған жіп

E) Жібек жіп

4. Мәтіннің мазмұнына сай тақырыпты белгілеңіз

A) Балапан

B) Шырылдаған ана

C) Қатыгез балалар

D) Мейірімді бала

E) Жиырма тиын

5. Балапанның анасының халін сипаттайтын мақал- мәтелді көрсетіңіз

A) Ана жақсылығын ауырсаң білерсің.

B) Ананың сүті бал.

C) Балалы үйрек көлден кетпес.

D) Құс баласы қырымға қарайды.

E) Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.

6.Мәтінде қолданған стиль түрлерін белгілеңіз

A) Ауызекі, көркем әдебиет

B) Публицистика, көркем әдебиет

C) Ауызекі, публицистика

D) Ғылыми, көркем әдебиет

E) Ауызекі, ғылыми

Қазақтың киносүйер қауымына танымал кинодраматург, режиссер Ермек Тұрсыновтың телеарнаға берген сұхбаты ұсынылады
Бұдан кейін кино түсірем бе, білмеймін…
– Кино әлеміндегі алғашқы қадамдарыңыз қандай болды?
1.-1992-93 жылдары Америкада жүргенімде режиссер ретінде алғашқы дебютім болды. АҚШ-тың Юта штатында Солт-Лейк-Сити деген қала бар. Сол жердегі кино мамандарына бірнеше сценарий жазып бергенмін. Бір күні кино түсіру алаңына келсем, режиссер жоқ екен. Стив деген продюсер бар еді, материалды өзімнен артық ешкім білмейтінін алға тартып, фильмді қолға алуымды сұрады. Қысқасы, кино алаңына итергендей етіп шығарды. Бұл кездейсоқ жағдай. Мен режиссер емеспін, негізгі мамандығым – кинодраматург. Сөйтіп басталып кетті. Бірнеше бейнеролик түсірдім. Олардың тапсырысымен әлеуметтік жарнама түріндегі екі фильм түсірдім. Алматыға қайтып келгеннен кейін де сценарий жазуды тоқтатқан жоқпын. «Мұстафа Шоқайды» жаздым. «Қазақфильмнің» президентінің орнына Анар Қашағанова келгенде Ақтан Арым Құбат деген қырғыз режиссеріне берген «Келін» сценарийі бойынша түсіруді «Материалды өзіңнен артық ешкім білмейді, әрі бастағаннан кейін аяғына жеткізу керек» дегенді айтып, кино түсіру алаңына итергендей етіп шығарды. Кейбіреулер режиссерлік үшін күресіп жүрсе, мен мәжбүрліктен қолға алдым. Сөйтіп аяқ астынан режиссер болып шыға келдім.
– Режиссер ретінде өзіңізді қалай бағалай­сыз? Сіздің бойыңызда режиссерлік қасиет ба­сым ба, әлде кинодраматург ретінде мықты­сыз ба?
2. – Драматург бола жүріп, көптеген сце­нарий жаздым. Режиссерге бересің. Кейін кино шыққанда қарасаң, көңілің толмайды. «Әттеген-ай!» дейтін тұстары көп болады. Сценарийді жазғанда бір киноны көз алдыңа елестетіп отырасың. Кино шыққанда қарасаң, сенің алдындағы суретіңмен сабақтаспайды, мүлдем басқа жаққа кетіп қалады. Ештеңе айта алмайсың. Өйткені, режиссердің көз­қарасы басқа. Бірнеше рет сценарийлерім ойлағанымдай емес, мүлдем басқа кино болып шыққанда ішімнен өкініп жүрдім. Жалпы, режиссер ретінде біреудің жазған сценарийін түсіре алмаймын. Тек қана өзімдікін түсіремін. Егер бір жерден қате кетсе, тек өзіңнен көресің. Ең бастысы – жауапкершілік. Өзіңе, өз ісіңе деген жауапкершілік. Ешқандай тапсырыспен жұмыс істемеу керек. Жұмысты қолға алдың ба, оны жоғары кәсіби дәрежеде істеу керек. Өз шығармашылығыма баға бере алмаймын. Бірақ, кәсіби дайындықпен келгенім анық.
3. Жауапкершілік дегеннен туады, бір киноға шамамен екі жылдай уақыт кетеді. Бұл аз уақыт емес. Ал менің досым Тимур Бекмамбетов жылына төрт кино түсіреді. Тимурды жақсы көремін. Мәскеуде жүргенде жақын араласатынбыз. Өте дарынды, мықты жігіт. Бірақ, оның кинолары жеңілтек. Көбінесе компьютерге сүйене отырып жасалады. Бұл адамның интеллектісіне байланысты нәрсе емес. Мұнда техникалық, технологиялық интеллект басымдыққа ие болып тұр.
4. Қазір кино түсіру еріккеннің ермегіне ай­на­­лып кетті. Жақсы кино көргенде адам қуануы керек. Ал қазіргі біздің киноларды көр­ген­де қуана алмайсың. Өйткені, деңгей түсіп кет­ті. Елік­теу көп. Өз ойымыз жоқ. Жұрт­ты күл­­дір­гіміз келеді. Күлкінің өзі де түкке тұр­­май­тын болып шығады. Ойсыз. Күлкі­нің өзі­нің ар жағында ой болуы керек. Ал қазір­гі кино­лардағы күлкі – «аха-ха, иха-ха». Бұл дүние­лер, яғни соңғы жылдары кино деп түсі­ріліп, кино ретінде көрсетіліп жүрген дүние­лер – кино емес. Баян Есентаева, Нұртас Адамб­ай­лардың түсіріп жүргендері кино деуге келмейді. Мейлі ғой, түсіре берсін.
Бірақ, басын ашып алу керек, олардікі ешқандай да кино емес. Басқа нәрсе. Жанрын өзгерту керек шығар, бәлкім. Бұлардың ең басты ойы – ақша жинау. Ал нағыз өнер адамы ақша үшін жазбайды. Мұхтар Әуезов Абайды ақша үшін жазған жоқ. Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықовтар ақшаның құнын білетін, бірақ ақша үшін жазбайтын. Ал қазіргілер о бастан-ақ ақшаны бірінші орынға қояды. Қазіргі кинолардың кино дегеннен гөрі бизнес-жобаға келетіні сондықтан болса керек. Киноның аты да өзгерді қазір. Кино түсіру­ге бел будың ба, бүкіл жан дүниеңмен соған бері­ле­сің, үлкен дайындықпен кірісесің. Басында қорқа­сың. Ылғи сол. Ал кино біткеннен кейін ауыра­сың. Өзім әр кинодан кейін 3-4 айдай ауыр­амын. (500 сөз)
1. Отандық кино жағдайы туралы қай бөлімде ой қозғайды:
A) ТөртіншіB) ЕкіншіC) БіріншіD) БарлығыE) Үшінші
2. 4-бөлімде автор кімге кино туралы ойын өзгерту керек деп кеңес береді?
A) НұртасқаB) ШәкенгеC) СұлтанғаD) АбайғаE) Мұхтарға
3. Ермек Тұрсыновтың адами қасиеттері туралы қандай ой түюге болады?
A) Ол – отандық киноиндустрия саласын дамытуға күш салған адам
B) Ол – жауапкершілігі жоғары және өз ісіне адал адам
C) Ол – Америкада тәжірибе жинақтаған режиссер
D) Ол – өз сценарийлеріне кино түсіріп жүрген танымал режиссер
E) Ол – білімі мен тәжірибесін ұштастыра білген адам
4. Қай жауап 1-бөлімінің мазмұнына сәйкес келіп тұр.
1. Ермектің режиссер болуына сценарийді өзі жазуы септік болды
2. Ермектің режиссер болуына кездейсоқ жағдай себепкер болды
3. Ермек Тұрсынов еркінен тыс режиссер атанды
A) ҮшіншісіB) ЕкіншісіC) Үшеуі де бұрысD) Үшеуі де дұрысE) Біріншісі
5. Ермек Тұрсыновтың айтуынша, неге кинодраматургтің дайын фильмге көңілі толмайды?
A) Себебі, бар атақ режиссерге тиесілі болады
B) Себебі, режиссер жұмысын өте жоғары бағалайды
C) Себебі, кинода режиссердің көзқарасы басым болады
D) Себебі, актерлердің ойыны ұнамайды
E) Себебі, драматургтің жауапкершілігі басым болады
6. Сұхбат қандай мақсатпен алынды?
A) Ермек Тұрсыновтың кино туралы ойын білу үшін
B) Ермек Тұрсыновтың фильдерін жарнамалау үшін
C) Ермек Тұрсыновты таныстыру үшін
D) Отандық фильмдерге талдау жасау үшін
E) Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайға сын айтқызу үшін
7. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы Ермек Тұрсыновтың айтқан сын сөзіне сәйкес келеді?
A) Жылтырдың бәрі күміс емесB) Ер сыншысы – еліC) Қорыққан мен қуанған бірдей
D) Михнат болмай, рахат болмасE) Көз – қорқақ, қол – батыр
8. 3-бөлімде Ермек Тұрсынов Тимур Бекмамбетовке қатысты не айтады?
A) алаңдауB) күмәнC) мақтауD) сынE) ой-пікір


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.10.2018
937
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі