Тест 1 – нұсқа
1.Органикалық дүние даму
тарихының жалпы заңдылықтары мен қозғаушы күштерін зерттейтін
биология бөлімі
А)селекция Б)эволюция С)
популяция
2. «Табиғат жүйесі» атты
еңбектің авторы
А) Ж.Б Ламарк Б) Ж. Бюффон с)
К Линней
3.Жануарлар мен өсімдіктердің
құрылысы ұқсас екенін дәлелдеген ғалымдар
А) Ч.Дарвин мен Ж.Ламарк Б)
Т.Шван мен М.Шлейден С) К Линней мен Ж.
Бюффон
4.Тірі организмдердің
жасушадан тұратыны , жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының
құрылысы мен атқаратын қызметі, химиялық құрамы ұқсастығын
дәлелдеген
А) морфологиялық дәлел
б)эмбриологиялық дәлел с)полентологиялық
дәлел
5.Арғы ататектің белгілерінің
қайталануы
А) гомологиялық мүшелер б)
рудименттер с) атавизмдер
6. Кез келген түр дараларының
жасушаларында олардың өздеріне ғана тән химиялық құрамы мен
биохимиялық реакциялардың жиынтығы
А) морфологиялық критерий б)
физиологиялық критерий с) биохимиялық
критерий
7. Түр дараларының оқшауланған
шағын тобы
А) генафонд Б) популяция С)
түр
8.Тұқым қуаламайтын және
тікелей сыртқы орта жағдайларына байланысты болып , бір түр
дараларының арасында біркелкілік байқалатын
өзгергіштік
А) айқын емес өзгергіштік б)
мутациялық өзгергіштік с) айқын
өзгергіштік
9. Қарағайлардың арасындағы
жарық үшін күресі
А) түрішілік күрес б)
түраралық күрес с) қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен
күрес
10. Эволюцияның негізгі
бағыттаушы факторы
А) табиғи сұрыпталу б)
тұрақтандырушы сұрыпталу с) қозғаушы
сұрыпталу
11. Еркін шағылысу және
ұрықтану процестері мүмкін емес жағдайларға байланысты болады
А)популяциялық толқындар Б) гендер дрейфі С)
оқшаулану
12. Ашық жерлерде тіршілік
ететін организмдердің жауынан қорғану
белгісі
А) қорғаныш рең б) жасырушы
рең с) бүркеніш рең
13. Түрдің немесе басқа бір
жүйелік топтың тіршілік үшін күресте жеңіп
шығуы
А) биологиялық прогресс б)
биологиялық регресс с)морфофизиологиялық
прогресс
14.Өсімдіктерде гүлдің жел
арқылы тозаңдануға , жемістер мен тұқымдардың жануарлар арқылы
таралуға бейімделуі А) ароморфоз б) катагенез с)
аллогенез
15. «Тіршіліктің ешқандай
құдіретті күш жаратқан жоқ, ол өздігінен өлі денелерден пайда
болады» деген кім А) Ф Бэкон б) Я.Б . Гельмонт с)
Г.Рихтер
16. Тіршіліктің пайда болуының
бірінші кезеңі
А) органикалық заттардан
концентрациясы жоғарылай келе біртіндеп қарапайымдар түзілген Б)
Суда еріген заттар өзара рекцияға түсіп , бейорганикалық заттардан
аминқышқылдар, азотты қосылыстар түзілген С) реакция нәтижесінде
түзілген заттар қоршаған ортаға бөлінеді.
17.Көне фотосинтездеуші
ағзалардың тіршілік әрекетінің өнімі болып табылатын өзіндік
әктасты түзілістер. А) Маржандар Б) Страмотолиттер
С) өсімдіктер
18. Денесі жапырақ тәрізді
қарапайым көпжасушалы жануарлар
Петалонамдар:
А) девон фаунасына б) эдиакар
фаунасына с) мезозой фаунасына
19. «Тіршіліктің пайда болуы»
еңбегінің ваторы
А) ДЖ. Холдейн б) А.Ф.Бэкон .
с) И. Опарин
20. 70 млн жылға созылған
кезең
А) бор б) юра с)
триас
Тест 2 –
нұсқа
1.Органикалық дүние даму
тарихының жалпы заңдылықтары мен қозғаушы күштерін зерттейтін
биология бөлімі А)селекция Б)эволюция С)
популяция
2. «Зоология философиясы» атты
еңбектің авторы
А) Ж.Б Ламарк Б) Ж. Бюффон с)
К Линней
3.1859 ж Ч.Дарвиннің әйгілі
еңбегі
А) «Адамның шығу тегі және
жыныстық сұрыпталу» Б) «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда
болуы» с) «Табиғи тарих»
4.Жер шарының түрлі
материктеріндегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесін зерттеу,
тарихи дамуының дәлелі
А) Биогеографиялық дәлел Б)
морфологиялық дәлел с)эмбриологиялық дәлел
5.Ататегінен қалған қазіргі
кезде қызмет атқармайтын қалдық белгілер
А) гомологиялық мүшелер б)
рудименттер с) атавизмдер
6.Бір түр дараларының барлық
тіршілік әрекеттерінің , көбею ерекшеліктерінің
ұқсастығы
А) морфологиялық критерий б)
физиологиялық критерий с) биохимиялық
критерий
7. Популяциядағы гентердің
толық жиынтығы
А) генафонд Б) популяция С)
түр
8. Кездейсоқ пайда болатын ,
тұқым қуалайтын өзгергіштік
А) айқын емес өзгергіштік б)
мутациялық өзгергіштік с) айқын
өзгергіштік
9.Жыртқыштар мен үй
жануарларының арасындағы күрес
А) түрішілік күрес б)
түраралық күрес с) қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен
күрес
10. Өзгермелі орта
жағдайларында жаңа мекен ету ортасына қоныс аудару кезінде әрекет
етеді а) табиғи сұрыпталу б) тұрақтандырушы сұрыпталу с) қозғаушы
сұрыпталу
11. Табиғи апаттарға немесе
қоректік ресурстардың ауытқуы
А)популяциялық толқындар Б)
гендер дрейфі С) оқшаулану
12.Қорғана алмайтын жәндіктеде
байқалады
А) қорғаныш рең б) еліктеуші
рең с) бүркеніш рең
13. Бейімділіктің төмендеуі
даралар санының азаюы, аймақтығы таралуы
А) биологиялық прогресс б)
биологиялық регресс с)морфофизиологиялық
прогресс
14.Құрлықта қозғалып жүруге
икемді аяқтарының пайда болуы
А) ароморфоз б) катагенез с)
аллогенез
15.Жер бетінде басқа
ғаламшардан өсімдіктің тозаңы, споралары келіп түеді деп болжам
айтқан кім?
А) Ф Бэкон б) Я.Б . Гельмонт
с) С.Арреннниус
16. Тіршіліктің пайда болуының
екінші кезеңі
А) органикалық заттардан
концентрациясы жоғарылай келе біртіндеп қарапайымдар түзілген Б)
Суда еріген заттар өзара рекцияға түсіп , бейорганикалық заттардан
аминқышқылдар, азотты қосылыстар түзілген С) реакция нәтижесінде
түзілген заттар қоршаған ортаға бөлінеді.
17
Криптозой қай дәуірге
енеді?
А)палезой
б)архей с)
мезозой
18. Денесі жапырақ тәрізді
қарапайым көпжасушалы жануарлар
Петалонамдар:
А) девон фаунасына б) эдиакар
фаунасына с) мезозой фаунасына
19. 60 млн созылған кезең і А)
бор б) юра с) триас
20. Жер бетінде тіршіліктің
пайда болуы туралы пікір ұсынған
А) ДЖ. Холдейн б) А.Ф.Бэкон .
с) И. Опарин