400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Тест Найман-Ана

Материал туралы қысқаша түсінік
тест
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тұтқынның басын кесіп алу немесе оның зәресін зәр түбіне жіберу үшін басқа бір кез келген жаза деген – құдайдың рақаты ғой. Дүниедегі жаза біткеннің сұмдығы адамды ақыл-есінен айыруда. Ақыл-ой – адам өле-өлгенше өзімен бірге болатын жалғыз қазына ғой. Біреудің қолында бар байлық басқа біреуде де бар болар, ал ақыл-ой тек саған ғана тән, басқалардікінен бөлек жалғыз асылың. Біреудің ақылы біреуге қазына болмайды. Өзінің түнек тарихынан тағылықтың ең сұмдық, қатыгез түрін мирас қылған көшпенді жуан-жуандар адамның әлгі ең асыл қазынасына қорқаулық жасаған. Олар құлдарды сап-сау күйінде ақыл-есінен таза адастыру амалын тауып, сол арқылы адам баласының болмысына дүниедегі зұлымдық біткеннің ең бір сорақысын қолданған ғой. Мәңгүртке айналған тірі өлік баласын жоқтап тұрып, қара күйік пен қасірет-қайғының запыранын жұтып тұрып, Найман-Ана былай деп бекер айтпаған да:

«О, құлыным, сенің басыңа көн қаптап, темір қысқышпен жаңғақ шаққандай етіп шығыр салып бұрап, ақыл-есіңнен айырғанда, басыңды құрсаулап қойып қысқанда, үрейлі көзің шарасынан шыға қанды су аққанда, Сарыөзектің түтінсіз жалынында қақталып, ажал аузында ындының құрып жатқанда, кезерген ерніңе бір тамшы тамбағанда, о, құлыным, саған сонда күллі әлемге тіршілік беруші күнді сен қарғаған жоқ па екенсің? Сонда саған жарық күн дүние-әлемдегі шам-шырақ жұлдыздардың ішіндегі ең қап-қара дүлейі, көзсіз соқыры болып көрінген жоқ па екен?» (195 сөз)

Шыңғыс Айтматов


Ғаламтор материалы:


16. «Мәңгүрт» деген сөздің мағынасын ашыңыз.

А) Ақылы кем, есуас адам

В) Туған жерін сатып кеткен адам

С) Жаужүрек адам

Д) Көзі соқыр адам

Е) Елді басқаратын адам


17. Анасының айтқан сөзі қандай көңіл-күймен айтылғанын белгілеңіз.

А) Өкініш

В) Қорқыныш

С) Аяушылық

D) Қатыгездік

Е) Сенімсіздік


18. Мәтіннің тірек сөздерін табыңыз.

А) Қожайын, жалшы, ақымақ

В) Құл, мәңгүрт, Найман-ана

С) Байлық, жалшы, бақыт

Д) Залым, ақымақ, құл

Е) Жуан-жуандар, залым, адам


19. Құлдарды сап-сау күйінде ақыл-есінен таза адастыру амалын тапқан халықты белгілеңіз.

А) Якуттар

В) Батырақ

С) Жуан-жуандар

Д) Ноғай

Е) Хакас


20. Мәтінге қай ақпарат сәйкес емес екенін белгілеңіз.

А) Дүниедегі жаза біткеннің сұмдығы адамды ақыл-есінен айыруда.

В) Біреудің ақылы біреуге қазына болмайды.

С) Саған сонда күллі әлемге тіршілік беруші күнді сен қарғаған жоқ па екенсің?

Д) Басқа бір кез келген жаза деген – құдайдың рақаты ғой.

Е) Болмаса қырғын ұрыстың зілі өзінің де, өзгелердің де еңсесін басып кетеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13.01.2023
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі