Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тест: «Өнер – өрге жетелейді»

Материал туралы қысқаша түсінік
тест мәтіні
Материалдың қысқаша нұсқасы

1Shape1

Мәтінді оқып, 1-5-сұрақтарға жауап беріңіз.



7-мәтін


Балапанның нәзік қанатындай дірілдеп, нәзік көтерілген ән ырғағы бірте-бірте ширап, қатайып, әуелей берді. Берден ә дегенде елең етіп, қалт бұрылған қалпы серігінен көз алмай қарап қалды. Мұндай әсерлі, ашық дауысты бұрын естіген емес-ті. Жүрегі езілердей болып, елти, елжірей тыңдады. Мына дүниені ұмытып, өзге бір сырлы әлемге ене кеткендей, өң мен түстей күйде еді. Егіліп, әлденеге ағыл-тегіл жылағысы келеді. Біресе кеудесіне шым-шымдап жылы шуақ құйылып жатқандай, сол шуақтан көңілі шаттыққа толып, қуанышқа бөленгендей. Бар ықыласы сағыныш сазды әнге ауып, ән айтып отырған келіншекке сүйсіне, қызыға қарай берді. Қараған сайын толқыған сезімнің ыстық ағыны тұла бойына тарап, денесін жалын шарпып, діріл биледі.

Көкке әбден көтеріліп, толысып алған ақ сағым ай алтын шарадай жарқырайды. Ай астында күміс сәулеге малынып, Сортаңдының жазығы көсіледі. Қара жолдың кең сүрлеуінде маң-маң басқан желмаяның үстінде отырған қағылез келіншек ен даланы мұңды бір әуенге бөлеп, шымырлата ән шырқайды. Төңірек түгел ұйып тыңдап қалған.

Осынау сурет Берденнің көз алдында мәңгі қалыпты. Есіне алса болды, бояуы солғын тартпайтын, көнермейтін әлгі елес қаз-қалпында тіріліп тұра қалар еді. (170 сөз)

Б.Шаханов


Ғаламтор материалы:


1. Мәтіннен түйе сөзінің синонимі болатын сөзді белгілеңіз.

А) Балапан

В) Желмая

С) Ен дала

D) Сүрлеу

Е)Діріл


2. «Серігінен» сөзінің мағынасын ашатын қатарды табыңыз.

А) Жолдас

В) Таныс

С) Сырлас

D) Бейтаныс

Е) Бөгде


3. Мәтінде адам бойындағы қандай өнер туралы айтылғанын табыңыз.

А) Суретшілік

В) Күйшілік

С) Әншілік

D) Бишілік

Е) Ұсталық


4. Мәтіндегі қарамен жазылған сөз қандай мағынада жұмсалып тұрғанын белгілеңіз.

А) Көп мағыналы сөз

В) Ауыспалы мағынадағы сөз

С) Омоним

D) Ауыспалы мағынадағы сөз

Е) Синоним


5. Мәтін ойды беру тәсілдерінің қай түріне жататынын табыңыз.

А) Әңгімелеу

В) Суреттеу

С) Баяндау

D) Сипаттау

Е) Дұрыс жауабы жоқ



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2023
394
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12