400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тест Отырар

Материал туралы қысқаша түсінік
тест
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отырар


Отырар – қазақ халқының ең көне қалаларының бірі. Ежелде Отырар қаласының орнында Фараб немесе Бәрәб атты үлкен қоныс болған. «Бәрәб» – ежелгі түрік сөзі. Ол «сулы қоныс» деген мағынаны білдіреді, себебі шаһар Арыс пен Сырдария өзендерінің қосылған тұсында орналасқан еді. Ежелгі Отырар немесе Фараб қаласының орны қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының түстік батысында жатыр.

Отырар орнында бұл күндері басы бүтін жалғыз қалған құрылыс – Арыстанбаб ғимараты. Алғашқы көне дәуірдегі ескерткіш қираған соң, соның орнына салынған ортағасырлық, әсем өрнекті ғимарат. Арыстанбаб – Отырар жеріне алғаш келген білімпаздардың бірі. Ол туралы жазылған нақтылай дерек болмағанмен, «Арыстанбаб – әрі ақын, әрі жұлдызға қарап адам тағдырын болжайтын көріпкел. Жылына бір мәрте Меккеге барып, әулие әмбиелерге мінажат қылған», - деген дерек кездеседі. Ол – Қожа Ахмет Иасауидың ұстазы, Баба атада жатқан Ысқақ бабтың замандасы, әулие болған адам. (124 сөз)

Д.Досжан

Ғаламтор материалы:


1. Мәтінде Арыстанбабтың қандай қасиеті айтылғанын көрсетіңіз.

А) Ғалым

В) Әулие

С) Түс жорығыш

D) Жазушы

Е) Зерттеуші


2. «Мінажат» сөзінің мағынасын табыңыз.

А) Мекен

В) Жалбарыну

С) Жолығу

D) Бата тілеу

Е) Қоныс қылу


3. Арыстанбабтың шәкірті кім болғанын белгілеңіз.

А) Ысқақ баб

В) Баба ата

С) Ахмет Иасауи

D) Ахмет Игунеки

Е) Дұрыс жауабы жоқ


4. «Ғимарат» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Үй

В) Кесене

С) Сәулет өнері

D) Ескерткіш

Е) Мұражай


5. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Ол туралы жазылған нақтылай ......... болмағанмен, «Арыстанбаб – әрі ақын, әрі жұлдызға қарап адам тағдырын болжайтын көріпкел».

А) Мәлімет

В) Мағлұмат

С) Дерек

D) Мәтін

Е) Сөз



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13.01.2023
625
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі