Тест Құс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тест Құс

Материал туралы қысқаша түсінік
Құс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құс


Құс тұмсығының басты қызметі – қоректену. Сондықтан оның пішіні құстың жейтін жеміне байланысты қалыптасады. Құстың түрін анықтағанда, оның тұмсығына баса назар аударады. Жаурауық тәрізділердің тұмсығы конус сияқты болады. Конус тұмсық дәнді шағып жегенге ыңғайлы. Жыртқыш құстардың имеген тұмсығы жиектеріне дейін өткір болады. Жәндік жегіштердің тұмсығы жіңішке және үшкір. Ағаштың діңін тесіп, жәндікті шұқып теретін тоқылдақтардың тұмсығы қашау сияқты тік әрі қатты.

Сирағының көлемі мен пішіні құстың мекені мен жемтікті қалай ұстайтынына байланысты. Балшықшы құстардың сирағы мен саусағы ұзын болады. Қонақтайтын құстардың саусағы бұтаны немесе сымды қапсыруға ыңғайлы. Суда жүзетін құстардың аяғы жарғақты болады. Жыртқыш құстардың сирақтары мен тегеурінді табаны жемтікті бүріп ұстап, басқа жерге алып баруға арналған. Жемін жерден шоқитындардың алдыға қараған үш саусағы өте мықты болады.

Құстар ұшуға бейімделген. Олар – жануарлардың ішіндегі ең жеңілі. Олардың қанат сүйектері мен сирақтарының іші бос қуыс болады. Ұшу үшін құстарға тиымды жұмыс істейтін тыныс алу жүйесі керек. Олардың қанаттары ауаға кедергі болмау үшін сүйір келеді. (151 сөз)


Ғаламтор материалы:


11.Мәтін қандай стильге жататынын табыңыз.

А) Ауызекі сөйлеу стилі

В) Публицистикалық стиль

С) Ғылыми стиль

D) Көркем әдеби стиль

Е) Ресми іс-қағаздар стилі


12.Оқиғаларды ретімен орналастырыңыз.

1) Суда жүзетін құстардың аяғы жарғақты болады.

2) Олар – жануарлардың ішіндегі ең жеңілі

3) Жәндік жегіштердің тұмсығы жіңішке және үшкір.

4) Жаурауық тәрізділердің тұмсығы конус сияқты болады.

5) Құс тұмсығының басты қызметі – қоректену.


А) 1,4,3,2,5

В) 3,2,5,1,4

С) 2,4,5,1,3

D) 5,4,3,1,2

Е) 4,3,5,2,1


13.Мәтіндегі балшықшы құстарды қалай суреттегенін белгілеңіз.

А) Саусағы бұтаны немесе сымды қапсыруға ыңғайлы

В) Имеген тұмсығы жиектеріне дейін өткір болады

С) Сирағы мен саусағы ұзын болады

D) Аяғы жарғақты болады

Е) Қанат сүйектері мен сирақтарының іші бос қуыс болады


14.Мәтінде айтылмаған ойды белгілеңіз.

А) Жануарлардың ішіндегі ең жеңілі

В) Конус тұмсық дәнді шағып жегенге ыңғайлы

С) Төрт саусағы өте мықты болады

D) Құстар ұшуға бейімделген

Е) Тоқылдақтардың тұмсығы қашау сияқты тік әрі қатты


15.Мәтінде мекені мен жемтікті қалай ұстайтыны жөнінде айтылған құстардың санын белгілеңіз.

А) 1

В) 2

С) 3

D) 4

Е) 5



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2023
455
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі