Материалдар / Тест тапсырмалары. Қазақ тілі . 2-сынып. 4-тоқсан.Сөз құрамы, жұрнақ, жалғау, сөз таптары .2 нұсқада.

Тест тапсырмалары. Қазақ тілі . 2-сынып. 4-тоқсан.Сөз құрамы, жұрнақ, жалғау, сөз таптары .2 нұсқада.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөз құрамы, Сын есім, сан есім, етістік және оның түрлері бойынша білімді бақылауға арналған тест тапсырмалары.2 нұсқада жасалған. 15-беттен тұратын тест жинағы.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

I НҰСҚА

Сын есім

1. “Қандай?” сұрағына жауап беретін сөзді тап.

а) көрікті

ә) сөйлеп

б) қайталады

2. Сын есім дегеніміз не?

а) Заттың атын білдіретін сөздер.

ә) Заттың қимылын білдіретін сөздер.

б) Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздер.

3. Заттың түсін білдіретін сөзді белгіле.

а) тұзды

ә) ала

б) қалың

4. Заттың дәмін білдіретін сөзді белгіле.

а) тәтті

ә) қара

б) мөлдір

5. Заттың көлемін білдіретін сөзді белгіле.

а) ақылды

ә) жуан

б) сары

6. Заттың сапасын білдіретін сөзді белгіле.

а) жирен

ә) жақсы

б) қоңыр

7. Сын есімді белгіле.

а) тоңазытқыш

ә) жылқы

б) ыстық

8. Жұмбақтан сын есімді тап.

Бір топ жапырақ ішінде,

Бір жапырақ қызыл гүл.

а) қызыл

ә) ішінде

б) жапырақ

9. Сын есімі бар сөйлемді тап.

а) Ауылдың сыртында тамаша тоғай бар.

ә) Ауылдың сыртында тоғай бар.

б) Ауылдың сыртындағы тоғайға бардық.

10. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімді қой.

бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

а) тәртіпсіз

ә) әдепті

б) салақ

11. Сан есім дегеніміз не?

а) Заттың түсін білдіретін сөздер.

ә) Заттың санын, ретін білдіретін сөздер.

б) Заттың қимылын білдіретін сөздер.

12. Сөйлемнен сан есімді тап.

Мен сегіз жастамын.

а) мен

ә) жастамын

б) сегіз

13. Жұмбақтан сан есімді тап.

Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай.

а) ортасы

ә) екі

б) жұдырықтай

14. Сан есімді белгіле.

а) алпыс бір

ә) ақырын

б) биіктеу

15. Мақалдан сан есімдерді тап.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

а) алтау, төртеу

ә) ала болса

б) кетеді, келеді

16. Екі сөзден тұратын сан есімді тап.

а) жүз бес

ә) алтыншы

б) жүз

17. Заттың ретін білдіретін сан есімді белгіле.

а) жүз тоғыз

ә) тоғызыншы

б) жиырма

18. Дұрыс жазылған сан есімді тап.

а) сексенбес

ә) жиырматөртінші

б) алпыс алтыншы

19. Жұмбақтың шешуін тап.

Үш тілі тақылдап,

Жаңылмайтын ақылды-ақ.

а) сағат

ә) айдаhар

б) радио

20. Сан есімді тап.

а) оныншы

ә) табаққа

б) жабылды


IV ТОҚСАН. СӘУІР АЙЫ. ІІ НҰСҚА

1. Қандай? сұрағына жауап беретін сөзді тап.

а) ашылды

ә) әдемі

б) тоғыз

2. Сын есімнің сұрақтарын көрсет.

а) қандай? қай? ад кал

ә) қанша? неше?

б) не істеді? қайтті?

3. Заттың түсін білдіретін сөзді белгіле.

а) қызыл

ә) дәмді

б) үлкен

4. Заттың дәмін білдіретін сөзді белгіле.

а) ащы

ә) көкші

б) мейірімді


5. Заттың көлемін білдіретін сөзді белгіле.

а) сұр

ә) жіңішке

б) қызғылт


6. Заттың сапасын білдіретін сөзді белгіле. 

а) аласа

ә) қатты

б) ақшыл


7. Сын есімді белгіле.

а) теледидар

ә) ешкі

б) суық


8. Жұмбақтан сын есімді тап.

Көк лағым көгенде тұрып семірді.

а) лағым

ә) көк

б) семірді


9. Сын есімі бар сөйлемді тап.

а) Ауылдың сыртында үлкен көл бар.

ә) Ауылдың сыртында көл бар.

б) Ауылдың сыртындағы көлге бардық.


10. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімді қой.

Жақсы бала - қуаныш, ... бала – өкініш.

а) көрікті

ә) қызғылт

б) жаман


11. Сан есімнің сұрақтарын белгіле.

а) қанша? неше? нешінші?

ә) қандай? қай?

б) не істеді?


12. Сан есімді белгіле.

а) шығады

ә) тоқсан жеті

б) сарғыш


13. Сөйлемнен сан есімді тап.топірно нан

Мен екінші сыныпта оқимын.

а) екінші

ә) сыныпта

б) оқимын


14. Жұмбақтан сан есімді тап.

Екі ошаққа бір көсеу.

а) ошаққа

ә) көсеу

б) екі, бір


15. Мақалдан сан есімдерді тап. ·

Жақсы атқа бір қамшы,

Жаман атқа мың қамшы, 

а) жақсы атқа

ә) бір, мың

б) қамшы


16. Бір сөзден тұратын сан есімді тап.

а) жетпіс Алма

ә) жетпіс жеті

б) елу алты


17. Заттың ретін білдіретін сан есімді белгіле.

а) екі жүз

ә) елу үшінші

б) отыз


18. Дұрыс жазылған сан есімді тап.

а) оналты

ә) төртжүздей

б) алпыс алтыншы


19. Жұмбақтың шешуін тап.

Екі басы дөңгелек,

Қиғанға үйір, 

Екі ұшы сүйір.

а) пышақ

ә) қайшы

б) ине


20. Сан есімді тап.

а) жүз сегіз

ә) тырна

б) жол

4 ТОҚСАН. МАМЫР АЙЫ.1 нұсқа


1. Жуан дауысты дыбыс болатын қатарды көрсет.

а) а, о, ұ, ы

ә) ә, ө, ү, і

б) ә, ө, а, о


2. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін тап.

а) жіңішке

ә) қатаң, ұяң, үнді

б) жуан


3. Қатаң дауыссыз дыбыстардың қатарын белгіле.

а) а, ә, б, в

ә) о, ұ, ы, і

б) к, қ, п, с


4. Лепті сөйлемді тап.

а) Аулаға ойнауға барасың ба

ә) Алақай, жазғы демалысқа шығамыз

б) Мен сабағымды оқып болдым


5. Хабарлы сөйлемді тап.

а) Ертегі оқып бересің бе

ә) Ертегі оқы

б) Ертегі оқып берші


6. Жалғау жалғанған сөзді тап.

а) кілем

ә) кілемдер

б) ыдыс


7. Етістіктің сұрақтарын көрсет.

а) не істеді? қайтті?

ә) кім? кімдер?

б) қандай? қай?


8. Көп нүктенің орнына керекті етістікті қой. Maca….

а) бақырады

ә) ызылдайды

б) шақылдайды


9. Жалқы есімді тап

а) Алма, Алмұрт

ә) Айгүл,Алматы

б) Қоңыз,Құмырсқа


10. Әртүрлі мағыналы сөзді белгіле.

а) жылқы

ә) ешкі

б) көрші


11. Қарама-қарсы мағыналы сөзді тап.

а) жуан, қалың

ә) биік, аласа

б) қозы, лақ


12. Дұрысын тап.

а) дүкенге бардым

ә) дүкенға бардым

б) дүкенқа бардым


13. Дұрыс жазылған сөзді тап.

а) оила

ә) ойла

б) оина


14. Кімдер? сұрағына жауап беретін сөзді белгіле.

а) ақындар

ә) жапырақтар

б) жәндіктер


15. Мақалдан заттың санын білдіретін сөзді тап. 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

а) ауыз сөздің

ә) тобық тай

б) тоқсан


16. Мақалдан заттың сынын білдіретін сөзді тап.

Өнер алды - қызыл тіл.

а) өнер алды

ә) қызыл

б) тіл


17. Дұрыс құралған сөйлемді тап.

а) Оқушылар сыныпқа кіре бастады.

ә) Кіре бастады оқушылар сыныпқа.

б) Сыныпқа кіре оқушылар бастады.


18. Не? сұрағына жауап беретін сөзді тап.

а) көгершін

ә) көгілдір

б) көгерді


19. Қате жазылған санды белгіле.

а) он бес

ә) онтөрт

б)жиырма


20. Күрделі етістікті тап.

а) қайтып кел

ә) қатты

б) қайт


IV ТОҚСАН. МАМЫР АЙЫ. ІІ НҰСҚА


1. Жіңішке дауысты дыбыс болатын қатарды көрсет. 

а) а, о, ұ, ы

ә) ә, ө, ү, і

б) а, ғ, к, е


2. Дауысты дыбыстардың түрлерін тап.

а) қатаң

ә) қатаң, ұяң, үнді

б) жуан, жіңішке


3. Үнді дауыссыз дыбыстардың қатарын белгіле.

а) р, л, м, н

ә) п,қ, ы, і

б) к, қ, п, с


4. Сұраулы сөйлемді тап.

а) Ертең жаңбыр жауады

ә) Күн жылына бастады

б) Жаттауыңды жаттадың ба


5. Жұрнақ жалғанған сөзді тап. 

а) әндер

ә) әнші

б) әнді


6. Жалғау жалғанған сөзді тап.

а) ағаштар

ә) ағаш

б) терек


7. «Батыр» сөзіне қарама-қарсы сөзді белгіле.

а) ержүрек

ә) қорқақ

б) жақсы


8. Көп нүктенің орнына керекті етістікті қой.

 Қой ...

а) мөңіреді 

ә) қорсылдайды

б) маңырайды


9. Жалқы есімді тап.

а) Түркістан, Алатау

ә) Дүрбі, Балта

б) Қаз, Қарға


10. Әртүрлі мағыналы сөзді белгіле.

а) салқын 

ә) арыстан

б) қара


11. Қарама-қарсы мағыналы сөзді тап.

а) ескі, көне

ә) ыстық, суық

б) шыбын, инелік


12. Дұрысын тап.

а) кітәпті оқыдым

ә) кітәпты оқыдым

б) кітапты оқыдым


13. Дұрыс жазылған сөзді тап.

а) бәйге

ә) бәйге

 б) түие


14. Кім? сұрағына жауап беретін сөзді белгіле.

а) жазушылар 

ә) жазушы

б) жазу


15. Жұмбақтан заттың қимылын білдіретін сөзді тап.

Шеңберленіп өседі, 

Желмен бірге көшеді.

а) шеңберленіп

ә) өсебі, көшеді

б) желмен бірге


16. Жұмбақтан заттың қимылын білдіретін

сөзді тап.

Өзі кірді ашады,

Суға салсам қашады.

а) ашады, қашады

ә) өзі кірді

б) суға салсам


17. Дұрыс құралған сөйлемді тап.

а) Марат сабақты өте жақсы оқиды.

ә) Сабақты Марат оқиды өте жақсы.

б) Өте жақсы оқиды сабақты Марат


18. Не? сұрағына жауап беретін сөзді тап.

а) ақын

ә) жазушы

б) өлең


19. Қате жазылған санды белгіле. 

а) жиырмабес

ә) елу тоғыз

б) отыз


20. Дара етістікті тап.

а) оқыды

ә) оқып отыр

б) оқып жатыр


IV ТОҚСАНДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ. І НҰСҚА


1. Сәрсенбі аптаның нешінші күні?

а) үшінші

ә) жетінші

б) бесінші


2. Сөйлемде неше сөз бар?

Түн ұзарып, күн қысқарды.

а) бес

ә) төрт

б) үш


3. «У» дыбысының дауыссыз түрін белгіле.

а) жалғау

ә) суық

б) күлу


4. Дауысты дыбыстардың қатарын белгіле.

а) а, в, г, д, 

ә) т, қ, к, с

б) а, о, ө, е


5. Мақалда неше дауысты дыбыс бар.

Ақыл - жас ұланнан,

Жүйрік - тай құнаннан.

a) 15 

ǝ) 12

б) 10


6. «Балалардың» сөзінде неше буын бар. 

а) төрт 

ә) үш

б) бес


7. Зат немесе құбылыстарды суреттеп, сипаттайтын мәтінді белгіле.

а) пайымдау

ә) сипаттау

б) әңгімелеу


8. Сөйлемді белгіле.

а) Тоқылдақ ағаштарды зиянкестерден қорғайды.

ә) Тоқылдақ, зиянкестер, құстар.

б) Шыбын, құмырсқа, көбелек.


9. Бір буынды сөзді тап.

а) дала

ә) көп

б) қадірлі


10. Төрт буынды сөзді тап.

а) кәсіпкер

ә) кәсіп

б) кәсіпкерлер


11. Туынды сөзді тап.

а) таудайр

ә) тауға 

б) тауды


12. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қой. 

Шаңғы... шаңғы тепті.

а) -лық

ә) -шы

б) -гер


13. Жалғау жалғанған сөзді тап.

а) дәрігеру

ә) тоғайдак

б) қойшы


14. Заттың атын білдіретін сөзді тап.

а) тауық

ә) әкелді

б) биік


15. Зат есімнің көпше түрін белгіле.

а) биші

ә) бишілер

б) күйші


16. Мақалдан не? сұрағына жауап беретін сөздерді тап.

Жылқы малдың патшасы,

Түйе - малдың қасқасы.

а) малдың

ә) қасқасы

б) түйе, жылқы


17. Көп нүктенің орнына ұйқасын тап.

Жазу үшін саған,

Қажет қағаз, ...

а) қалам

ә) дәптер

б) сызғыш


18. Жұмбақты шеш.

Күн ұзарып, қар еріп, 

Су сайларға толады.

Бұл қай кезде болады?

а) қыста

ә) күзде

б) көктемде


19. Етістікті тап.

а) кірпілер

ә) тұрады

б) күнде


20. Сын есімді тап.

а) он сегіз

ә) өсіп тұр

б) көкшіл


IV ТОҚСАНДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ. ІІ НҰСҚА


1. Жексенбі аптаның нешінші күні.

а) бесінші

ә) жетінші

б) екінші


2. Сөйлемде неше сөз бар.

Күзден кейін қыс түседі.

а) төрт

ә) үш

б) бес


3. [У] дыбысының дауыссыз түрін белгіле.

а) қорғау

ә) келу 

б) жүру


4. Дауысты дыбыстардың қатарын белгіле.

а) м, л, н, р

ә) т, қ, к, с

б) а, і, ы, ү


5. «Мұғалімдердің» сөзінде неше буын бар?

а) бес

ә) үш

б) төрт


6. Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтінді белгіле.

а) сипаттау

ә) әңгімелеу

б) пайымдау


7. Лепті сөйлемді белгіле.

 а) Жарыстан нешінші орынға ие болдыңдар

ә) Біз жарысқа бардық

б) Алақай, біз жеңіске жеттік


8. Мақалда неше дауысты дыбыс бар

Ел үмітін ер ақтар, Ер есімін ел сақтар.

a) 15

ә) 17

б) 14


9. Бір буынды сөзді тап.

а) әкесі

ә) көл

б) сымбатты


10. Төрт буынды сөзді тап.

а) кішкентай

ә) кіші

б) кішкентайлар


11. Туынды сөзді тап.

а) тазалық 

ә) таза

б) тазаны


12. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қой.

Әкем заң... болып істейді.

а) -гер

ә) -лық

б) -шы


13. Жалғау жалғанған сөзді тап.

а) үлгілі

ә) сәбізд

б) теңізші


14. Заттың атын білдіретін сөзді

а) жолбарыс

ә) күшті

б) келді


15. Зат есімнің жекеше түрін белгіле.

а) үйректер

ә) аға

б) ағалар


16. Мақалдан не? сұрағына жауап беретін сөздерді тап.

Төлден мал өседі,

Шыбықтан тал өседі.

а) төлден

ә) өседі

б) мал, тал


17. Көп нүктенің орнына ұйқасын тап.

Қарды қояр куреп, 

Керек жалпақ ...

а) шалғы

ә) күрек

б) балға


18. Жұмбақ шеш.

Күндер ысып, шөп пісіп, 

Ел пішенін орады.

Бұл қай кезде болады?

а) жазда

ә) қыста

б) күзде


19. Етістікті тап.

а) Қанат

ә) оқыды

б) қызық


20. Сын есімді тап.

а) жетінші

ә) жинаймыз

б) жұмсақ









04 Ақпан 2025
624
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі