Материалдар / Тест тапсырмасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тест тапсырмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тест тапсырмасы информатика пәніне арналға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2018
1714
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазiргi уақытта мектеп оқушыларын еңбекке, мамандыққа баулу бағыттарына дайындауда информатиканың рөлi ерекше.Ақпараттық қоғамдағы оқушылардың дайындық деңгейін анықтау үшін информатикадан мемлекеттік жалпыға міндетті (7-11 сыныптар үшін) стандарт әзірленді,оған сәйкес «Информатика» пәні 7-сыныптан бастап оқытылады.Оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың оқу  процесінде компьютерлік технология арқылы өз бетінше тиімді білім алуы және өзін-өзі анықтауы үшін мүмкіндік туғызу  болып табылады. Оқыту мазмұны информатиканың дүниетанымдық және пайдаланушылық аспектілерін қалыптастыруға бағытталғанБұл  тест тапсырмалары мемлекеттік стандарттың 7-сынып бағдарламасы негізге ала отырып құрастырылды.     Мақсаты-оқушылардың информатика пәнінен  алған теориялық білімдерін нығайту, кеңейту және олардың ақпараттық біліктілігін арттыру арқылы пәнді талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу.Іріктеп алынған тестке байланысты берілген тапсырма бойынша оқушы өз білімін өздігінен анықтай алады. 7 сыныпқа арналған Информатика оқулығы негізінде құрылған бұл тестте бағдарлама бойынша барлық тақырыптар қамтылған, әр ай сайын оқушының алған білімін тексеру, бағалау, қорытындылау  мақсатында қолдануға болады. І.  «Адам, Ақапарат» тақырыбына тест тапсырмалары(қыркүйек) 1.      Ақпарат термині латын тілінің «informatio» сөзінен аударылғанда   қандай ұғымды білдіреді?А) баяндау, түсіндіру, мәліметБ) есептеу, мәлімдеуВ) орындау, өңдеу      2. Ақпараттық процестер - бұл ...А) Ақпаратты жинау, сақтауБ) Ақпаратты  жинау, түрлендіру, беру, қабылдау, сақтау, жеткізу.В) Ақпаратты беру және сақтау 3.     Адам қабылдайтын ақпарат түрлері:А) жүйелік, қолданбалыБ) бейнелі және таңбалыВ) жасанды және табиғи 4.     Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу –бұл ....А) модульдеуБ) объектілеуВ) кодтау 5.     Таңба түрінде қатынасуА) табиғи тілБ) қатынас тіліВ) жасанды тіл 6.     Декодтау дегеніміз ....А) ақпаратты кодтауБ) ақпаратты кері кодтауВ) құпиялау 7.     Ағылшын тіліндегі екілік таңба қалай аталады?А) байтБ) КбайтВ) бит 8.     8 биттен тұратын кодА) КбайтБ) байтВ) Гбайт 9.     Американдық ақпарат алмасудың стандартты кодыА) ASCII кодыБ) Морзе әліппесіВ) екілік кодтау 10. Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесссА) процессорБ) сигналВ) Желі 11. Хабардың ұзындығы, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар саныА) Ақпараттық көлемБ) ақпараттық өлшемВ) ақпараттық тіл 12. 1 Гбайт неге тең? А) 1000 байтБ) 1024 КбайтВ) 1024 Мбайт 13. 1Кбайт неге тең? А) 1024 байтБ) 1024 КбайтВ) 1024 Мбайт 14. 1 Мбайт неге тең? А) 1000 байтБ) 1024 КбайтВ) 1024 Мбайт 15. 20 байтты Кбайтпен өрнекте А) 0,0195Б) 0,0185В) 0,0175 16.   Электронды есептеуіш машина  сөйлемінің ақпараттық көлемін анықтаА) 27 символ, 27 байт, 216 битБ) 27 символ, 27 байт, 170 битВ) 27 символ, 27 Кбайт, 216 бит 17. Ақпарат сөзінің орысша баламасы:А) информатикаБ) информацияВ) информатио 18. «18 88 29» мәтінін кері кодта А) байтБ) БИТВ) бит 19. БАЙТ сөзін ASCII кестесін пайдаланып кодтаңдар А) 42 41 49 54Б) А1 А0 А9 Е2В) 81 80 89 92 20. 9DF – сәйкестендіру кестесі арқылы екілік кодтқа айналдырыңдар А) 0110 1101 1111Б) 1001 1101 1111В) 1010 1100 1111  ІІ. «Компьютер» тақырыбына тест тапсырмалары(қазан) 1.     Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым А) ФизикаБ) ИнформацияВ) Информатика 2.     Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал     А) Компьютер    Б) Принтер    В) сканер 3.     Мәліметтерді өңдеудің және өңдеу процесін басқарудың негізгі құрылғысыА) ЖадыБ) ПроцессорВ) Программа 4.     Компьютердің программалық құралдарын қалай атайды?А) жүйелік программаБ) қолданбалы програмамВ) Программалық жабдықтама 5.     Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесіА) АнтивирусБ) Операциялық жүйеВ) Командалық жүйе 6.     Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсіліА) драйверБ) компьютерВ) интерфейс 7.     Компьютер жады дегеніміз не?А) Компьютер мен адам арасындағы қарым –қатынасты ұйымдастырадыБ) Компьютерде бір уақытта қатар сақтай алатын ақпарат көлеміВ) Қолданбалы программалардың орындалуын  қамтамасыз етеді 8.     Ақпаратты көп мерзімге сақтауға арналған жадыА) оперативті жадыБ) ішкі жадыВ) сыртқы жады 9.     Бір типтегі байттар тізбегіА) программаБ) файлВ) Операциялық жүйе 10. Есепшот Ресейде қай ғасырда пайда болған?А) XV-XVIБ) XVI-XVIIВ) XIV-XV 11. 1761 жылы «логарифм сызғышын» жасап шығарған ағылшынА) РобертсонБ) Ч. БэббиджВ) Чебышев 12. Механикалық есептеу машинасын қай жылы, қай ғалым жасап шығарды?А) 1660 Исаак НьютонБ) 1694 жылы ЛейбницВ) 1642 жылы, Блез Паскаль 13. Арифмометрді құрастырған кім, қай жылы?А) 1660 жылы,  Исаак НьютонБ) 1694 жылы,  ЛейбницВ) 1642 жылы, Блез Паскаль 14. Аналитикалық машина жобасын жасаған ағылшын, жасаған жылыА  1833 жылы, Чарлз БэббиджБ) 1694 жылы ЛейбницВ) 1642 жылы, Блез Паскаль 15. 1944 жылы американ математигі Говард Айкен құрастырған машинаА) Қосу машинасыБ) Марк-1В) Арифмометр 16. Бірінші электронды есептеуіш машина шыққан жылы, атауыА) 1642 жылы,Қосу машинасыБ) 1949 жылы, EDSACВ) 1946 жылы,  ENIAC 17. Бірінші буындағы ЭЕМА) жартылай өткізгіштер –транзисторларБ) электронды лампаларВ) интегралды схема 18. Екінші буындағы ЭЕМА) жартылай өткізгіштер –транзисторларБ) электронды лампаларВ) интегралды схема 19.Үшінші  буындағы ЭЕМА) жартылай өткізгіштер –транзисторларБ) электронды лампаларВ) интегралды схема 20.Төртінші буындағы ЭЕМА) Дербес компьютерБ) электронды лампаларВ) интегралды схема      ІІІ. «Компьютердің құрылысы» тақырыбына тест тапсырмалары (қараша) 1.     Дербес компьютердің негізгі құрылғыларыА) Тышқан, пернетақта, мониторБ) жүйелік блок, монитор, пернетақтаВ) сканер, принтер, монитор 2.     Шина – бұл .....А) Процессордан келіп түскен ақпараттарды сигналдарға айналдырадыБ) Процессор басқа құрылғылармен көптеген сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастыратын кеңарнаВ) Компьютердегі мәселелерді шешеді 3.     Деректерді өңдеудің, блоктың ток көзіне қосылуын, қосымша құрылығларды қамтамасыз ететін құрылғыА) МониторБ) жүйелік блокВ) Пернетақта 4.     Компьютердің ең басты бөлігі, «миы»А) мониторБ) жедел жадВ) процессор 5.     Қазіргі кезде ең көп тараған процесссорА) пентиумБ) селеронВ) микропроцессор 6.     Қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік беретін жадыА) ішкі жадыБ) жедел жадыВ) тұрақты жады 7.     Енгізу құрылғыларына не жатады?А) принтер, дисплей, графиксалғышБ) пернетақта, тышқан, джойстик, өлшеу аспаптары, сканерВ) монитор, пернетақта,  дыбыс колонкасы 8.     Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғыА) сканерБ) принтерВ) дисплей 9.     Компьютерге ақпарат енгізуге арналған қүрылғыА) пернетақтаБ) принтерВ) дисплей 10. Алдыңғы символдарды өшіру үшін қолданылатын пернеА) Б) В)  11. Меңзердің оң жағындағы символды өшіретін пернеА) Б) В)  12. Кіші әріптерді баспа әріптеріне және керісінше өзгертуге пайдаланатын пернеА) Б) В)  13. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғыА) сканерБ) принтерВ) джойстик 14. Қатқыл дискіні көп жағдайда қалай атайды?А) металл дискілерБ) винчестерВ) дискет 15. Әр түрлі жолдардағы бірдей нөмірлі мәліметтер жиыныА) серияБ) секторВ) винчестер 16. CD-R компакт дисклеріне ......А) ақпаратты жазуға, қайта жазуға боладыБ) басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе қайта жазуға болмайды.В) ақпаратты өңдеуге болады 17. CD-RW компакт дисклеріне ......А) ақпаратты жазуға, қайта жазуға боладыБ) басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе қайта жазуға болмайды.В) ақпаратты өңдеуге болады 18. Жинақтауыштар және жады карталарыА) ДискіБ) флэшкаВ) дискет 19. Қағаздағы кескінді түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғыА) принтерБ) сканерВ) монитор 20. Монитордың экранындағы кез келген көрініс түрлі түсті нүктелерден тұрады, бұл нүктелерді не деп атайды?А) дисплей нүктелеріБ) пиксельВ) түрлі түсті монитор  IV.  «Windows xp » операциялық жүйесі тақырыбына тест тапсырмалары   ( желтоқсан) 1.     Қазіргі кезде кең таралған операциялық жүйеА) MS-DOSБ) WindowsВ) Filka 2.     XP әріптері ағылшынан не деген мағынаны білдіреді?А) оқу, білуБ) өмір тәжірибесі, білімВ) мәлімдеу, баяндау 3.     Қосу/өшіру батырмасыА) EnterБ) PowerВ) Іnsert 4.     Windows- тің негізгі экраныА) ОбъектБ) дисплейВ) жұмыс үстелі 
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!