Тест Ұстаздық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тест Ұстаздық

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаздық


Шәкірт ұстазды білім берген, дүниеге көзімді ашқан, өмір сүрудің шынайы мәнін ұғындырған, тіршілігімді мағыналы, мәнді еткен адам деп шексіз сыйлап, қастерлейді. Ежелгі заманның әйгілі қолбасшысы Ескендір Зұлқарнайынның Аристотельді, Абылай ханның Төле биді, ғұлама оқымысты әрі ұлы ақын Шәкәрімнің Абайды, Бердақтың Күнқожаны, Шыңғыс Айтматов пен Кіндік Азиядағы туыстас түркі елдерінің осы заманғы көптеген дарынды өкілдері мен қазақтың аса көрнекті ақын-жазушылары, ғалымдарының Мұхтар Әуезовті «ұстазым» деп шексіз ардақтағаны және ардақтап келе жатқаны – соның айғағы.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтқандай, ұстаздық атаққа азапты еңбек, шынайы шеберлік арқылы ғана жетуге болады.

Атақты жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген өте терең мәнді, әдемі нақылы бар. Ол еліңнің ертеңі – жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөз ғой. Осы міндеттің көп салмағы мұғалім, тәрбиешілерге түсетіні аян.

Сондықтан елдің ертеңі күніне сенімін орнықтыру, өнімді де шығармашылық еңбекті өрістету, қоғамды кернеп бара жатқан бұзақылықтарға қарсы күшті тосқауыл қойып, адамдардың бейбіт өмірін қамтамасыз ету – бүгінгі күннің мағыналы мақсаты. Тәрбиелеу мен тәрбиеленудің, ұстаздық пен шәкірттіктің табиғи арнаға түсіп, ардақты да беделді орнына ие болуы осындай игі істермен сабақтасып жатқанын мойындағанымыз жөн. (170 сөз)

Ж.Базарбаев

Ғаламтор материалы:


16. Ұстаздықтың ешбір жалқаулықты қажет етпейтін мамандық екені туралы қай азат жолда айтылғанын табыңыз.

А) 3

В) 2

С) 4

D) 2-3

Е) 1


17. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөздің мағынасын ашатын қатарды көрсетіңіз.

А) Білімді болғың келсе, оқуыңды жақсы оқы.

В) Болашағыңды бүгіннен ойла.

С) Жастардың өмірі жарқын болсын десең, тәрбиені балаға дұрыс бер.

D) Ертеңгі күнің үшін аянбай жұмыс істе.

Е) Халқыңның келешегі жарқын, жақсы болсын десең, бала тәрбиесіне ертерек көңіл бөл.


18. Мәтіннің қай стильге жататынын белгілеңіз.

А) Ауызекі сөйлеу стилі

В) Публицистикалық стиль

С) Ғылыми стиль

D) Көркем әдеби стиль

Е) Ресми іс-қағаздар стилі


19. «Дүниеге көзімді ашқан» сөз тіркесінің мағынасын ашатын қатарды көрсетіңіз.

А) Білім үйреткен

В) Тәрбие берген

С) Өнер үйреткен

D) Жазу үйреткен

Е) Сыпайылықты үйреткен


20. «Шәкірт» сөзінің синонимдік қатарын табыңыз.

А) Үйренуші, жаттықтырушы

В) Жаттықтырушы, дәріскер

С) Оқушы, үйретуші

D) Білім алушы, жаттықтырушы

Е) Оқушы, үйренуші



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2023
384
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі