Материалдар / Тесттер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тесттер

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды анықтауға арналған тесттер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
4484
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

8-11 СЫНЫПТАР ҮШІН.

1 Әдістеме. Спилберг-Ханиннің жекелік және жағдайлық алаңдаушылық шкаласы сұрақнамаасы.

Жекелік алаңдаушылық шкаласы (ЖА)

Нұсқау: Берілген сөйлемдерді мұқият оқып алыңыз да, қалыпты жағдайда сіз өзіңізді қалай сезінетіндігіңізді санмен келтіре отырып белгілеңіз.

1 – «жоқ бұл олай емес»

2 – «солай болар»

3 – «рас»

4 – «әбден дұрыс»

Аты-жөні:________________________________________________Сыныбы:_______


Пікірлер

Ешқашанда

Ешуақытта дерлік

Жиі

Әр уақытта дерлік

1

Көңіл-күйім көтеріңкі болып тұрады

1

2

3

4

2

Ашушаң боламын

1

2

3

4

3

Менің тез көңіл-күйім бұзылады

1

2

3

4

4

Менің басқалар сияқты сәттіліктерге жеткім келеді

1

2

3

4

5

Мен жағымсыз жағдайларға қатты уайымдаймын және ол туралы ұзақ уақыт ұмыта алмаймын

1

2

3

4

6

Мен өзіме бір күш енгенін, жұмысқа құлшыныс сезінемін

1

2

3

4

7

Мен жайбарақатпын, суыққандымын, жинақтымын

1

2

3

4

8

Мені қиын жағдайлар қобалжытады

1

2

3

4

9

Мен көрінген нәрсеге күйгелектенемін

1

2

3

4

10

Мен толығымен бола аламын

1

2

3

4

11

Мен барлығын да жүрегіме жақын аламын

1

2

3

4

12

Менде өзімен деген сенімім жоқ

1

2

3

4

13

Мен өзімді қорғанышсыз сезінемін

1

2

3

4

14

Мен қиындықтар мен кризистік күйлерден қашуға тырысамын

1

2

3

4

15

Менде тітіркенушілік болып тұрады

1

2

3

4

16

Мен разы болып жүремін

1

2

3

4

17

Мені кез келген түкке тұрғысыз нәрсе көңілімді бөліп, толғандырады

1

2

3

4

18

Өзімді сәтсіз сезінетін кездер болып тұрады

1

2

3

4

19

Мен байсалды, сабырлы адаммын

1

2

3

4

20

Мен өзімнің ісім және қамқорлығым туралы ойлағанымда мазасыздық күй баурап алады

1

2

3

4

Жағдайлық алаңдаушылық

Нұсқау: қазіргі сәттегі өз жағдайыңызға байланысты сәйкес келетін, кестедегі сандардың бірін көрсетіңіз.

1 – «жоқ бұл олай емес»

2 – «солай болар»

3 – «рас»

4 – «әбден дұрыс»

Аты-жөні:________________________________________________Сыныбы:_______


Пікірлер

Жоқ, бұл олай емес

Солай болар

Рас

Әбден дұрыс

1

Мен байсалдымын

1

2

3

4

2

Маған еш қауіп төніп тұрған жоқ

1

2

3

4

3

Өзімді өзім күшпен ұстаудамын

1

2

3

4

4

Мен іштей жиырылудамын

1

2

3

4

5

Мен өзімді еркін сезінемін

1

2

3

4

6

Мен абыржулымын

1

2

3

4

7

Мені болып қалатын сәтсіздіктер қобалжытады

1

2

3

4

8

Мен жан дүниемнің тыныштығын сезінемін

1

2

3

4

9

Мен қобалжулымын

1

2

3

4

10

Мен іштей қанағаттанғандық сезім байқадым

1

2

3

4

11

Мен өзім сенімдімін

1

2

3

4

12

Мен күйгелек күйдемін

1

2

3

4

13

Мен өз-өзіме орын таба алмай жүрмін

1

2

3

4

14

Мен ашулымын

1

2

3

4

15

Мен қызуқандылықты сезінбеймін

1

2

3

4

16

Мен ризамын

1

2

3

4

17

Мен реніштімін

1

2

3

4

18

Менің делебем қатты қозулы және өзімді біртүрлі сезінудемін

1

2

3

4

19

Мен қуаныштымын

1

2

3

4

20

Маған сондай жақсы

1

2

3

4


Нəтижелерін есептеу:

2, 3, 4, 5, 8, 9, 11, 12, 14, 15, 17, 18, 20 сұрақтары жауабының сомасынан 1, 6, 7, 10, 13, 16, 19 сұрақтары жауабының сомасын алып таста. Оған 35 санын қос. Егер Спилбергердің шкаласы бойынша көрсеткіштің сомасы 30 ұпайға дейін болса – алаңдаудың төменгі деңгейі; 30-дан 45-орташа; 45-тен көп болса – алаңдаудың жоғарғы деңгейі. Алаңдаушылық деңгейі жоғарғы сыналушыға ерекше назар аударған дұрыс, оған психологиялық көмек жүйесін құру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру керек.

2.Әдістеме. Г.Айзенктің тұлғаның мінез ерекшелігін жедел диагностикалау әдістемесі.

       Бұл әдістеменің негізінде Кеттел, Леонгард, Айзенг, Личко сияқты психологтардың жалпы психологиялық типтерді авторлық классификациялауының қайталану факті кездеседі.

      Психология ғылымының кандидаты Т.В Маталинаның жасаған бұл әдістемесі Айзенктің жасөспірімдерге арналған сұрақнамасын қамтиды. Жұмысты кешенді жүргізуде, нәтижелерді градациялау шкаласы мен жасақталған типологиялық сипаттамалар сондай- ақ , түзету бойынша  ұсыныстар орын алады. Бұл әдістеме 11-17 жас аралығындағы балаларды зерттеуге есептелген.

         Қазақ тіліндегі нұсқасы Қазақ білім академиясы тұлғаны әлеуметтендіру институты «Тәрбие психологиясы» зертханасында қазақ тіліне аударылып, экспириментальдық алаңдарда бейімделуден өткізілген.


            Жұмыс сатылары:

  • Айзенк тестін жүргізу.

  • Нәтижелерді есептеу.

  • Типтер таблицасы бойынша нәтижелерді градациялау.

  • «Өтірік» шкаласы бойынша 5 балдан көп  болған жауаптарды таңдау.

  Нұсқау: (психологтар үшін) «жауап беруші тапсырмаларға ойланбастан «иә» немесе «жоқ» - деп жауап беруі тиіс. Жауаптар сұрақ номерлері көрсетілген арнайы бланкіге тіркелді».

  Айзенк сауалнамасы

 

  • Сен айналаңда сапырылыс, шу болғаның қалайсың ба?

  • Өзіңді қолдайтын достарыңның болғаның  қалау сенде жиі бола ма?

  • Сенен бірдемені сұрап қалса, сен әрқашан жылдам жауап табасың ба?

  • Сенде бірдемеге ызаланатын кезің бола ма?

  • Сенің көңіл – күйің жиі ауысып тұра ма?

  • Құрдастарыңмен араласқаннан гөрі кітаптар оқыған саған жақсы екендігі шын ба?

  • Ұйқтатпайтын әртүрлі ойлар саған жиі кедергі жасай ма?

  • Сен әрқашан саған айтылғандай жасайсың ба?

  • Сен біреудің үстінен келемештеп, күлгенді ұнатасың ба?

  • Сен өзіңді бақытсыз адам сезінген кезің болды ма, оған нағыз себеп болмаса да?

  • Сен өзіңді көңілі қош, еті тірі адам деп есептейсің бе?

  • Сен мектепте жүру тәртібін  қашан болсын бұздың ба?

  • сенің бірдемеге жиі көңілін толмай, тітіркеніп жүретінің рас па?

  • Саған жұмысты жылдам темпте істеу ұнай ма? (егер керісінше жайбасар болсаңыз жауап «жоқ»).

  • Сен бола жаздаған әртүрлі қорқынышты оқиғаларға мазасызданасың ба, бәрі жақсымен аяқталса да?

  • Саған кез келген құпияны сенуге бол ма?

  • Сен әзірлеп отырған достарының тобын қиналмай-ақ жандандырып жібере аласың ба?

  • Сенде ешқандай себепсіз, ауырлық түспесе де жүрегіннің жылдам қағып кетуі байқала ма?

  • Әдетте сен біреумен достасу үшін өзі бастап қадам жасайсың ба?

  • Сен қашан болса да өтірік айттың ба?

  • Жұмысыңа және өзіңе сын айтса, сен оңай ренжіп қаласың ба?

  • Сен достарыңмен жиі қалжыңдасып, күлкілі оқиғаларды жиі айтасың ба?

  • Сен өзіңді жиі шаршаңқы сезесің бе?

  • Сен әрқашан алдымен сабағыңды орындап , содаң соң басқаларын жасайсың ба?

  • Әдетте сен көңілі қош, барлық нәрсеге риза болып жүресің бе?

  • Сен тумаластарыңның үй шаруасына көмектесу туралы өтінішін әрқашан орындайсың ба?

  • Сен басқа балалармен араласқанды өте жақсы көресің бе?

  • Сен тумаластарыңның үй шаруасына көмектесу туралы өтінішін әрқашан орындайсын ба?

  • Сенің басың айналатың кезің бола ма?

  • Сенің іс-әрекетің мен қылықтарың басқаларды қобалжытып , ыңғайсыз жағдайңға қалдыратын кез бола ма?

  • Сен бір нәрседен жалығу сезімін жиі сезінесің бе?

  • Кей кезде сен мақтанғанды ұнатасың ба?

  • Сен танымайтын адамдардың ортасына түскенде, көбіне үндемей отырасың ба?

  • Сен кейде орныңда отыра алмай мазасызданатын шақтарың бола ма?

  • Сен әдетте шешімді тез қабылдайсың ба?

  • Сен сыныпта ешқашан шуламайсың ба, егер мұғалім жоқ болса да?

  • Қорқынышты түстер сенің түсіне жиі кіре ме?

  • Сен достарыңның ортасында сезіміңе ерік беріп, көңіл көтере аласың ба?

  • Сені ренжіту оңай ма?

  • Біреу туралы жаман айтатынкездер болды ма?

  • Сенің әдетте ойланбай-ақ жылдам, қимылдап, сөйлейтінің рас па?

  • Егер ыңғайсыз жағдайға түсіп қалсаң, ұзақ ойлап жүресің бе?

  • Саған айқайлап, көніл көтеріп ойнайтын ойындар өте қатты ұнай ма?

  • Сен берген асты әрқашан жисің бн?

  • Саған біреу өтініп тұрса саған «жоқ» деп айту қиын ба?

  • Сен жиі қонаққа барғанды ұнатасың ба?

  • Сенде өмір сүргің келмей кететін кездер бола ма?

  • Ата-анаңа қашан да бір дөрекілік жасаған кезің болды ма?

  • Сені ақжарқын еті тірі бала деп есептей ме?

  • Сен сабақ оқып отырып, басқа нәрселерге жиі алаңдайсың ба?

  • Сен ойын сауық кезінде белсенді қатысудан гөрі жиі қарап отырасың ба?

  • Әдеттте саған әртүрлі ойлардан ұйықтау қиын ба?

  • Сен орындауға тиіс болған тапсырманы жасай алатынына өте сенімді бола аласың ба?

  • Сенде жалғыздық сезінетің кез бола ма?

  • Жаңадан танысқан адаммен сөйлескенде, бірінші сөз бастаудан ұяласың ба?

  • Сен бірдемеңі түзетуге кешіксен жиі сүрінесің бе?

  • Саған балалардың біреу дауыс көтеріп айқайласа , сенде айқайлап жауап қайтарасың ба?

  • Сенде өзіңді себептен себепсіз қайғылы немесе қуанышты сезіңу бола ма?

  • Сен құрбыларының шулы ортасында нағыз демалып, тынығу қиын деп есептейсің бе?

  • Сенде ойланбай істеп қойған ісің үшін мазасыздану жиі бола ма?

  Кілт

 

  • Экстраверсия (Э):б«иә» 1,3,9,11,14,17,19,22,25,27, 30,35,38,41,43,46,49,53,57.

«жоқ»6,33,51,55,59.

  • Нейротизм (Н):

«иә» 2,5,7,10,13,15,18,21,23,26,29,31,34,37,39,42,45,47,50,52,54,56,58,60.

3. «Өтірік»

«иә» 8,16,24,28,36,44.

«жоқ» 4,12,20,32,40,48.

12-17       жастағы жасөспірімдер үшін норма:

Экстраверсия (Э)-11-14 балл

«өтірік»-4-5 балл

Нейротизм (Н)-10-15 балл

Типтер таблицасы  

Айзенк тестінің қорытындысы бойынша берілгендері

Э баллдары

Н баллдары

1

0-4

0-4

2

20-24

0-4

3

20-24

20-24

4

0-4

20-24

5

0-4

4-8

6

0-4

16-20

7

0-4

8-16

8

4-8

0-4

9

8-16

0-4

10

16-20

0-4

11

20-24

4-8

12

20-24

8-16

13

20-24

16-20

14

16-20

20-24

15

8-16

20-24

16

4-8

20-24

17

16-20

4-8

18

4-8

16-20

19

4-8

4-8

20

16-20

16-20

21

12-16

8-12

22

8-12

8-12

23

16-20

8-12

24

12-16

4-8

25

8-12

4-8

26

4-8

8-12

27

4-8

12-16

28

8-12

16-20

29

12-16

16-20

30

16-20

12-16

31

8-12

12-16

32

12-16

12-16

  Тип көрінісінің сипаттамасы:

  1 тип Э: 0-4;  Н: 0-4.

Селт етпейтін, бейбітшіл, топта көбінен байқалмайды, дос болуға жармаспайды, дос болғысы келген адамды қайтармайды. Өзінің дұрыс екендігіне көзі жетсе тікмінезділік, бірбеткейлік байқатады. Байсалды. Сөзі бірсарынды. Шыдамды, суыққанды.

Түзету жолдары:Тәрбиешілерді көп мазаламағандықтан көбіне мұғалімнің, бастықтың, жаттықтырушының назарынан тыс қалады. Ең бастысы – сол адамға топ мүшелерінің барлығының назарын аударып, өзіндік бағасының көтерілуіне ықпал ету. Жұмыс істеу темпін таңдау мүмкіндігін туғызу. Суыққандылық пен байыптылықтың жақсы қасиет екендігіне назар аударту.

2 Э:20-24; Н: 0-4

Көңілді , ашық, сөзшең. Көпшіліктің назарында болғанды қалайды. Оптимист, жақсылыққа сенеді. Үстіртінділік танытады. Кешірімді, кикілжіңді әзілге айналдырады. Әсерленгіш, жаңалықтыы ұнатады. Көпшілік оны ұнатады. Бірақ үстіртінділік пен қамсыздылық басым. Әртіс, нәтижеге жете бермейді. (қызығушылығы тез оянып ,тез суиды).

Түзету жолдары: Еңбек қорлығын мадақтап, табиғи әртістігін, жаңалыққа бейімділігін қолдану қажет. Табандылыққа, тәртіпке, жинақылыққа үйрету (мысалы ерекше тапсырмаларды жасатып). Уақытты тиімді пайдалануға үйрету.

3 тип Э: 20-24; Н: 20-24.

Белсенді , жақсы дамыған батырлық қасиеттері бар. Күлдіргі. Барлығымен «бірдей » қарым—қатынас жасауға ұмтылады. Өте адалдыққа жақын. Егер үлкендердің келіспеушілігін байқаса, табан тіреп қарсы тұрады. Өзің байқамайтындарды ұнатпайды.

Түзету жолдары: Негізгі тактика сыйлау. Жайбарақат сендіріп, көзін жеткізіп, сөйлескен жөн. Аффект жағдайда кекетіп, мұқатып, астарлап сөйлеуі мүмкін. Ашулы кезде «есеп айрыспаған жөн.» Мәселені жайбарақат, байсалдылықпен шешкен жөн. Дегенмен әрқашан негізгі мәселеге қайта оралып, эмоцияға берілмеуін қамтамасыз еткен дұрыс. Мұндай жеткіншектердің потенциялдық мүмкіндіктерінің сыртқа шығуына ықпал ету қажет. (Спорттық жетістіктер, ораторлық ж.т.б)  Ұйымдастырушылық қабілетін көрсетуге жол беру.

4 тип Э: 0-4; Н: 20-24

Мазасыз тип, секемшіл, өзіне сенімсіз. Әрқашан қорған іздейді. Көпшіл емес, сондықтан бағалауы мен өзіндік бағасы аралас. Көңілі бос, ренжігіш. Бейімделуі баяу, сондықтан іс-қимылы баяу. Белсенді өмір сүруді ұнатпайды. Философиялық ойлауға бейім. Жағдайды оңай-ақ күрделендіреді. Созерцатель.

Түзету жолдары: Қолдауға талпыну. Жұртқа күлкі болудан сақтау. Мінезінің оңтайлы жақтарын байқап, ескеру(ойшылдығын, байыппен жай қимылдауын ж.т.б) . Қатал уақыт регламентін сақтамайтын, белсенді қарым-қатынас жасамайтын жұмыс таңдау қажет. Айналадағы қоршаған адамдарға қызығушылығын арттыру, энергиясы мол адал адамдармен достастыру қажет.

5 тип  Э: 0-4; Н: 4-8

Тынық созерцатель. Өмірге қызығушылық деңгейі төмен, сондықтан жетістіктері де аз. Ойы ішке бағытталған , ішкі қиялмен өмір сүреді. Тіл алғыш – немқұрайлы.

Түзету жолдары: Өзіңдік бағасын көтеру өте қажет, яғни оның немқұрайлылығын жою мүмкіндегі бар, соның салдарынан оқудың немесе жұмысының сапасы көтеріледі. Баланың қызығушылығын арттыру үшін күшті жақтарын табу (қабілеттілігін, болмысындағы оңтайлы ерекшеліктерді).

6 тип Э: 0-4; Н: 16-20

Ұстамды, үркек, сезімтал, бейтаныс жағдайда ұялшақтылық танытады. Өзіне сенімсіз, қиялдағыш. Көпшілікті ұната бермейді, философияға жақын. Күдіктенуге бейім. Өз күшіне сене бермейді. Жалпы ұстамды. Түмедейді түйедей етпейді. Үрелілігі жоғары. Қиялдануға бейім, көбіне шешім қабылдай алмайды.

Түзету жолдары: Үнемі қолдауға тырысу қажет, қамқорлық көрсету, топтың алдында жақсы қасиеттерін көрсету. (байсалдылығын, тәрбиелілігін, сезімталдылығын). Әртүрлі идеалар арқылы өзіңе тарту (мысалы өзінен де жуастау адамға көмек немесе қамқорлық көрсету). Мұндай тәсіл өзіндік бағасының артуына ықпал етеді, өмірдің жарқын жақтарын көруге көмектеседі.

7 тип   Э: 0-4; Н:8-16

Белсенді, байыпты, жұмысқа бағытты. Адал, сенімді дос. Өте ақылды, тапқыр көмекші, бірақ ұйымдастыру қабілеті төмен. Ұялшақ , тасада тығылып қалуды ұнатады. Әдетте топтарға кірмейді. Бір немесе екі жақын досы бар . Қарым-қатынастың маңызын түсінеді . Кейде зеріктіріп жібереді, насиат, уағыз айтқыш.

Түзету жолдары: Жұмыс істегенде уақыт еркіндкгін берген жөн. Марапаттап қою оның инициативаларының күшеюіне ықпал етеді. Баланың өз бетінше істеп, ашылуына мүмкіндік беру, бұйыру кері әсерін тигізеді. (табиғаты көнгіш). Көпшіліктің алдында сын айтпауға тырысу қажет. Өзінің күшіне сенімділігін арттырып , құқықтарына иландыру. Біреудің беделділігіне көз жұмып сене бермеуді қамтамасыз ету.

   8.Э»4-8»Н»0-4» .    

 Адам байсалды ,ашылып, араласуға бейім. Эстетикалық       дарындылығы басым. Іскерлігіне қарағанда ойшылдығы басым. Бірқалыпты. Мәнсапқойлығы жоқ. Қарым-қатынаста бірқалыпты, бірақ терең сезініп жанашырлық таныта алмайды. Кикілжің жағдайларда оңай құтылып кетеді.

Түзету жолдары: Басты міндет –іскерлік қажеттілігне белсенділігін үнемі арттырып отыру. Баланың қызығушылын оятатын нәрсемен айналастыру. (көркем эстетикасы шығатындай). Жетістіктерін елеп отыру. Әлеуметтік интелектінің өсуіне ықпал ету, құрбыларымен қарым-қатынасты дамыту.

9 Э: 8-16; Н: -4

Ашық, белсенді, өміршең. Адам тандамай араласа береді. Қарсылық көрсетуінің осалдығынан, асоциалды топтарға түсіп кетуі оңай. Жаңашыл, білуге ұмтылушы. Әлеуметтік интелекті даму деңгейі төмен. Өзін,өзгелерді адекватты бағалай алмайды. Көбіне өзіндік қатты ұстанымдары байқалмайды. Энергиясы мол, сезгіш.

Түзету жолдары: Баланы ширататын, қатал режимнің қаталдау болғаны абзал. Ашық сенімді қарым-қатынас орнату қажет, дегенмен бақылаудың бар екенің ұмытпауы тиіс. Энергиясын пайдалы, дұрыс жұмысқа бағыттау қажет. (мысалы глобальді мәселелерге, үлкен жетістікке жетуге, оқуға түсуге ж.т.б). Мұндай жұмыс орындауда нақты жоспарлап, күнін белгілеп, орындалуын қатаң қадағалау қажет. Мұндай типтегі баланы күшті, оңтайлы нанымы бар көшбасшысының тобына қосқан жөн.

10 тип Э: 16-20; Н: 0-4

Әртістігі басым, сайқымазақтыққа қайым, ашық. Терең емес. Бір қалыпты.

Түзету жолдары: Жақсы мақсаттарына жетуге бағытталған күшін үнемі қолдап отыру. (өзінің инициативасы жетеді, бірақ соны іске асыруда табандылық таныта бермеуі  мүмкін. )  Әртістігін қолдау қажет, бірақ сайқымазақ болып кетпеуін қадағалау қажет.

11 тип Э: 20-24; Н: 4-8.

Белсенді, ашық, биязы, адалдықты сүйгіш. Қауіпті әуестікке оңай беріледі. Мақсатқа жету үшін дос таңдауды біле бермейді. Көбіне мен-мен. Қылықты. Ұйымдастырушылық қабілеті басым.

Түзету жолы: Ұйымдастырушылық қабілетін марапаттап, дамытып отыру қажет. Көшбасшы болуы мүмкін, бірақ өркөкіректеніп кетпеуін қадағалау қажет. Көшбасшылық қабілетінің жұмсалуы баланы ширатып, жалқаулықтан арылтады. Көрініп жүргенді ұнатады. Қажет болған жағдайда топтың талқылауына салуға болады.

12 тип Э: 20-24; Н: 8-16

Тәртіпке көнгіш. Өз беделін жоғары ұстайды. Ұйымдастырушы. Спорт пен өнерге жақын. Белсенді. Адамдарға, оқиғаларға қызыққыш. Әсерленгіш.

Түзету жолы: Табиғатты көсбасшылыққа бейім екендігін оның эмоционалдыққа, іскерлік те тұрғыларынан байқаймыз. Көшбасшылық қабілетін қолдап, тұлғалық және іскери өсуінде бағыт бағдар беріп отыру қажет.

13 тип Э: 20-24; Н: 16-20

Өте қиын тип. Мақтаншақ. Энергиясы мол. Өміршең. Әдетте жоғары рухани бағыттылығы жоқ. Тұрмыс тіршіліктегі жетістіктерімен –ақ шектеліп қоятын. Өмірдің маңыздылығына тұрмыстық қажеттіліктерді ғана қояды. Алда болуға ұмтылады. Қалай болса да жетістікке жетуге бірінші болуға , пайда көруге ұмтылады. Жолы болмайтындарды жек көреді. Ашық, демонстративный. Өз талаптарын қатаң қояды.

Түзету жолдары: Қолбасшының міндеті, мұндай баланы «жұдырықта» ұстау. Себебі көкірегін керіп, мен-мендікке беріліп кетуі әбден мүмкін. Байыппен, нақты, дәлелді сөйлеген дұрыс. Басқалардың қадір қасиеттерін көрсете отырып, әрқашан «орнына қойып» отыру қажет. Ұйымдастырушының ролін ұсынуға болады. Міндеттердің орныдалуын қадағалау қажет. Эстетикалық тәрбие беруге көбірек көңіл бөлу қажет.

14 тип Э: 16-20; Н: 20-24.

Өктем, педант, күдікшіл,мнительный. Әрқашан біріңші болуға ұмтылады. Ұсақтығы бар. Кез –келген артықшылықтан ләззат алады. Язвителен-желчен. Келемештеуге бейім. Кекшіл,жиренгіш,қатал. Шаршағыш.

Түзету жолдары: Бейқам қарауға болмайды. Достық қарым-қатынаста немесе астарлап сөйлейтіндей қарым-қатынас жасауы қажет. Көшбасшылық лауазымын беруге болады егер, тікелей адамдармен емес қағаздармен жұмыс істейтін болса. Ерік-жігері мен табандылығын мақтап қою. Сондай-ақ қоршаған ортаға деген оңтайлы, жағымды қарым-қатынас жасауды қалыптастырып, оңтайлы нанымын қалыптастыру қажет.

15 тип. Э: 8-16; Н: 20-24.

Үнемі қанағаттанбайды, мазасыз, біреуге жала жабуға қайым. Ұсақ- түйекшіл, қатаң талап қойғанды ұнатады. Болмашы нәрсеге ренжіп қалуы мүмкін. Көбіне қабағы түйіліп, тітіркенгіштеніп жүреді. Іші тар, күнші. Жұмыста өзіне сенімсіздік танытады. Қарым-қатынаста жетекке жүргіш. Қиындықтан қашқалақтайды. Топта, сыныпта бөлектеніп жүреді. Достары жоқ. Кекшіл. Құрбыларына үстемдік жасайды. Дауысы жәй шықса да, өткір.

Түзету жолдары:  Аз болса да, әйтеуір бір қарым-қатынасты орнату қажет. Оны баланың күдікшілдігіне сүйене отырып құруға болады. Жеке басына қызығушылық танытып, жетістіктеріне мән беріп, сенімді  қарым-қатынас жасағанда іске асыра аласыз. Қосымша қоғамдық жұмыс тапсыра отырып, яғни канцеляриялық жұмыстарды орындауды тапсырып. Құрбылырымен дұрыс араласуды қамтамасыз ету үшін, көпшіліктің алдында оның тындырымдылығың, тіл алғыштығың көрсетіп өткен жөн. Осы типтегі балалар әрқашан өзіне ерекше назар аудартқанды, жеке қарым-қатынас орнатқанды ұнатады.

16 тип. Э: 4-8; Н: 20-24.

Өте сезімтал тип. Сенбейді, құпия ынтызарлығы бар, тұйық-ренжігіш. Дербес, тәуелсіз, сыни ойлау қабілеті бар. Жалпылай ойлай алу қабілетіне ие. Көбіне өзіне сенімсіз.

Түзету жолдары: Қарым-қатынаста аяушылық болғаны жөн. Сыныптастарының  алдында мадақтап, сыйлы екенін көрсетіп, себеп салдармен түсінушілік, адал қарым-қатынас жасаған жөн. Әрқашан шын критика айту қажет, бірақ баланы орализатор, критик болудан сақтау қажет.

17тип

Өте эмоционалды. Таңырқанғыш, өмірсүйгіш, ашық, әуестенгіш. Қарым –қатынаста адам таңдамайды, кім болса достық қарым-қатынас жасауға әзір.Тұрақсыз, аңқау, жұмсақ, нәзік. Жұрт ұнатады. Фантазер. Көшбасшылыққа ұмтылмайды. Жақын интимдік қарым-қатынаста болуды қалайды.

Түзету жолдары: Оңтайлы бағытын қолдау керек. Эстетикалық қабілетін дамыту қажет, әуестенген нәрсесін қолдау қажет (топтың алдында сөйлеуді ұсынып, қызықтырып, марапаттап ж. Т.б). Ерік жігерін, талаптану деңгейін қалыптастыруға мән беру қажет.

18 тип Э: 4-8; Н: 16-20.

Эмпатичный, жаңашыр, әлсіздерге аяушылығы басым, интимді-достық қарым-қатынасты қолдайды. Әдетте көңіл-күйі байыпты-төмен. Ұялшақ, өзіне сенімділігі төмен. Ыңғайсыз жағдайларда лезде күдікшіл, қауіптенгіш бола қалады. Созерцателен.

Түзету жолдары:  Дамытушы-щадящий тәртіпті орнатқан жөн. Исподволь бақылау керек. Ашық байсалды қарым-қатынас орнату сияқты қиын кезеңдерде қол ұшын беру қажет. Жұрттың алдында әшкерелеуден сақтану қажет.

19 тип Э: 4-8; Н: 4-8

Тынық тип. Үнемдес. Жәй қимылдап, тындыратын тип. Өз бетінше, ретті, тәуелсіз, ұсақ жұмысқа бейім. Әуестенушілігі төмен, байсалды, эмоциональдығы төмен. Кейде өмірден алыстап, қиялданып кетуі мүмкін.

Түзету жолдары: Мұндай типтегі баланың өзіндік бағасын көтеру қажет, талаптану деңгейін жүйелеп, дамыту қажет, сондай-ақ баланың қабілеттілігімен икемділігін арттыру қажет. Үлкен тұлғалық жауапкершілікті талап ететін жүктеме берген жөн (адамдармен араласудан гөрі, қағаз жұмысы болса жақсы). Мұндай бала әртүрлі мәселелер бойынша кеңес алып тұруды қажет етеді. Кеңес деликатты түрде берілуі тиіс.

  №20 тип. Э: 16-20; Н: 16-20.

Жаңашырлығы жоқ, демонстративті тип. Эмоциональдығы жүдеу. Өзін топқа қарсы қоюды ұнатады. Өзіне маңызды болған құндылықтарға жетуде өте табанды. Престижен. Көбіне жасанды. Тәжірибелі.

Түзету жолдары: Ұнамсыз қасиеттерін өршітпеу үшін жұмсақ түрде шыдамдылықпен қарайындай тәртіп орнатқан жөн. Спорттық немесе техникалық тапсырмалар мен шұғылдандырылған жөн, себебі бала бойындағы энергияны оң бағытқа жұмсай алады, ал біріншілікке деген ұмтылысы дұрыс арнаға түседі. Эстетикалық тәрбиеге көбірек көңіл бөліп, көшбасшысы мықты болған әулеметтік оңтайлы топқа кіргізген жөн.

21 тип. Э: 12-16; Н: 8-12.

Өте өміршең, энергиясы мол. «Орта сүйіктісі» әдетте мұндай типтегі балалар бақытты болып есептеледі. Шынында да олар дарынды, жақсы оқиды, шаршамайтын, әртістік қасиеті бар балалар. Бірақ мұндай қасиеттердің болуының өзі де ,кері әсерін тигізеді. Кішкентайынан бастап жетістіктерге оңай жете білетін бала, өмірде барлық нәрсені жеңіл жасауға болады деп ойлайды да, нәтижесінде меқсатқа жету үшін тыңғылықты жұмыс істей алмай қалады. Бастаған ісін оңай тастап кете алады, достықта да тұрақсыздық білдіреді. Кез келген жұмыста үстіртін. Әулеметтік интелектісі төмен.

Түзету жолдары: Қарым-қатынаста адал, бірақ қатал болуды талап етеді. Топ ішінде көшбасшылыққа сайламаған жөн. Тапсырманың орныдалуын қатал талап ету керек. Ең жақсысы бала   мен бірігіп, өзекті мақсат таңдаған жөн. (мысалы шет тілін белгілі бір уақытта үйреніп шығу шығу. Бөлімдерін, жүктемелерін, тапсырмаларын, нақтылап беріп, орныдалуын қадағалау). Мұндай жұмыс бір жағынан балада мақсатқа жетуді қалыптастырса, екінші жағынан реттілікпен жұмыс істеуге үйретеді.

22 тип. Э: 8-12; Н: 8-12

Белсенділігі өте төмен немқұрайлы тип. Басқаларға өте қатал талап қоюшы. Кекшіл. Пассив қарсылық көрсететін. Өте педантты, ұсақ. Суыққанды. Өзгенің пікіріне немқұрайлықпен қарайды. Сөйлегені әсерлі емес. Эстетикасы төмен.

Түзету жолдары: Баланың мұғалім үшін емес басшы үшін маңызды екеніндігін сезіндіру. Ұсақ-түйекпен қызықтырған жөн. Қоғамдық жұмыстардың ішінен байыппен, мұқияттап орындауды талап ететін тапсырмаларды берген жөн. Тындырымдылығын ескерген жөн. Шұғылданатын ісін таңдауға көмектескен дұрыс. Топпен орныдалатын тапсырмадан гөрі, жеке орныдайтын тапсырмалар орындайтын тапсырмалар ұсынған жөн (спорт, өнерпаздық ж.т.б).

23 тип Э: 16-20: Н: 8-12.

Ашық ,инициативті, әсерленгіш тип. Сөйтсе өзін ұстап, басқаруды біледі. Діттеген мақсатына жете алады. Шыншыл-адал. Біріншілікте болғанды ұнатады. Және ұйымдастыра алады. Қоршаған ортасының шынайы сенімі мен шын ықыласына ие. Мінезі жеңіл, эстетичен, бірқалыпты жанып тұрады.

Түзету жолдары: Көшбасшы болуға мүмкіндік берген жөн. Топтық және жеке тапсырмаларды орындауға көмектесу қажет. Қоғамдық жүктемелердің шектен тыс болмауын қадағалау керек.

24 тип Э: 12-16; Н:4-8.

Белсенді бірқалыпты тип. Ашықтығы орташа. Достарының көп болғаның қаламайды, аз да саз болғаның қалайды. Реттілікпен жұмыс жасай алады. Алдына мақсат қоя алады және нәтиже шығара алдаы. Күншіл, бәсекелестігі жоқ. Кейде ренжігіш.

Түзету жолдары: Айналасыендағылармен байсалды, сенімді, адал қарым-қатынас жасағанды ұнатады. Нақты іскери қарым-қатынас орнатқан жөн.

25 тип. Э: 8-12; Н: 4-8.

Белсенді, кейде жарылып кетеді де кейбір кезде ойсыз көңілді болады. Көбіне тынық, немқұрайлылығы басым. Айтқан мен ғана жүріп, инициатива көтермейді. Әлеуметтік қатынастарда пассив. Терең шынайы жаңашырлыққа бейім емес. Бірсарынды ұсақ жұмыстарға бейім.

Түзету жолдары: Байыпты-іскери қарым-қатынас жасаған жөн. Әкімшілік жұмыстарын жақсы орындайды. Орындауға жеке тапсырма берген дұрыс.

26 тип Э: 4-8; Н: 8—12.

Тынық, бірқалыпты , шыдамды, педантты. Мақсатқа мүдделі. Қатал принцептері бар. Кейде ренжігіш.

Түзету жолдары: Ашық сенімді қарым-қатынас жасап , асықтырмай орындайтын жұмысты талап етеді. Панибратсваға бейім емес. Топтың алдында орныдағандығын, тиянақтылығын көрсетіп, мақтап қойған жөн. Баланың өз күшіне сенімділігінарттыруға бағытталған жұмыс жүргізген жөн.

27 тип. Э: 4-8; Н: 12-16.

Бірқалыпты –меланхолиялық тип. Өте сезімтал. Привязчивый, сенімді интимдік қатынастарды бағалайды. Тынық. Әзіл-сықақты бағалайды. Жалпы оптимист. Кейде паника жасаса, кейде депрессияға түсуі мүмкін. Дегенмен жалпы тынық ойланып жүретін.

Түзету жолдары: Белсенді тыныш жұмыс істейтін жағдай туғызу. Қатал регламентті талап етпеген дұрыс. Эстетикалық көркем -әдеби тапсырмаларды орындауды ұсынған жөн.

28 тип. Э: 12-16; Н: 16-20.

Айналасындағыларға талабы қатал. Тік мінез, өте шыншыл. Ашық, энергиясы мол, турашыл. Сәтсіздіктерді жасырады. Көзге түсіп жүруді ұнатады. Суыққанды.

Түзету жолдары: Қарым- қатынаста ерекше сыйластық пен қатал талапнегізінде құрған дұрыс. Кемшіліктеріне әзіл айтуға болады егер бала өте заносчив болса.

30 тип. Э: 16-20; Н: 12-16.

Кекшіл, өркекірек, біріншілікке ұмтылушы. Кез келген жағдайда алда болуды қалайды. Энергиясы мол. Табанды. Мақсатқа жету үшін тәуекелге барады. Өзі сухой болғаны мен әртістігі де жоқ емес.

Түзету жолдары: Мен-мен болып кетпеуі қадағалау қажет. Оңтайлы іс -әрекетін қолдау қажет. Біріншілікте болуына көмектесу керек, бірақ авториталдық стильде болудан сақтау қажет. Ашу, ызасын сейілту қажет. Әлеуметтік интелектін көтеру қажет.

31 тип. Э: 8-12; Н: 12-16.

Ұялшақ, ішітар емес, өз бетіншілікке талпывнады. Адал. Жақын адамдарымен әзілдесіп, өте зерек болуы мүмкін. Өте терең құлай сенуге бейім. Тәуекел, қауіпті жағдайдан қашады. Біреулердің талап еткенің көтере алмайды. Кейде жылдам шешім қабылдауға бейім. Істеген олқылықтарына өкінеді. Сәтсіздік жағдайларда өзін кіналаушылығы басым.

Түзету жолдары: Тыныш, сенімді жағдай жасау керек. Маңызды мәселелерді шешу барысында тапсырмаларды орныдауға шақыру қажет. Әлеуметтік белсенділігін арттыру мадақтап, қандайда іс-шараларға қатыстырған дұрыс (конференция, семинар ж.т.б).

32 тип. Э: 12-16; Н: 12-16.

Шынайлықты сүйеді, сәтсіздіктер өзіне  сенімділігін бәсеңдете алмайды. Кекшіл. Энергиясы мол. Қарқынды. Мақсатқа мүдделі. Кикілжіңге бейім, өзі дұрыс болмаса да қайтпайды. Арланбайды. Іштей күйзелмейді. Қарым-қатынаста жанашырлығы жоқ. Ақпараттылықты ғана бағалайды. Эмоциональдығы шектеулі тип.

Түзету жолдары: Кикілжің жағдайларда қолдамау қажет. Таза шынайлықпен ғана әсер ету. Бір қалыпты қарым-қатынас , әлеуметтік интелектін көтеруге ықпал ету.

3.Әдістеме. «Аяқталмаған сөйлемдер » әдістемесі.

Тест 60 аяқталмаған сөйлемдерден тұрып, 15 топқа бөлінуі мүмкін. Әр топ зерттелетіннің жанұядағы жұмыстағы қарым-қатынастар жүйесінің дәрежесін сипаттайды. Сөйлемдердің кейбір топтары адамның қорқыныштарына , өзінің кінәлі екендігін сезінуге қатысы бар, оның өткен шағы мен болашағын куәландырады, ата-аналар мен достары арасындағы қарым-қатынастарды зерттейді, өзінің өмірлік мақсаттарын.

Тест (өңдеусіз) 20 минуттан бірнеше сағатқа созылуы мүмкін (зерттелетіннің тұлғасына тәуелді).

Тест бланкісінде сөйлемдерді бір немесе бірнеше сөздермен аяқтау керек.

Тест бланкісі.

1. Мен ойлаймын , менің әкем сирек________ .

2. Егер маған бәрі қарсы болса , онда __________.

3. Мен үнемі бірнәрсе істегім келеді ________.

4. Егер мен жетекші қызметті атқарған болсам_________.

5. Келешек маған ________.

6. Менің бастығым_________.

7. Ия, ақымақтық екенін білемін , бірақ қорқамын _________.

8. Мен ойлаймын, шын дос_________.

9. Мен сәби болған кезде__________.

10. Әйелдің (еркектің) идеялы мен үшін_________.

11. Мен ең жақсы (кіммен)_________жұмыс істеймін.

12. Менің анам және мен_________.

13. ________ұмыту үшін бәрін істер едім.

14. Егер менің әкем _________ істегісі келгенде, ________.

15. Ойлаймын, менің қабілеттілігім жетеді_________.

16. Егер _________ , мен өте бақытты болар едім.

17. Менің қарамағымды біреу істесе,__________.

18. __________ үмітім бар.

19. Мектепте менің мұғалімдерім ________.

20. Менің _________ қорқатынымды достарымның көбісі біледі.

21. _______ адамдарды жек көремін.

22. Соғысқа дейін мен ________.

23. Мен ойлаймын бойжеткендер мен жігіттер ________.

24. Ерлі-зайыптық өмір маған _________.

25. Менің жанұям менімен ________ сияқты сөйлеседі.

26. Менімен жұмыс істейтін адамдар_______.

27. Менің анам ___________.

28. Менің ең үлкен қатем _________.

29. Менің ең үлкен әлсіздігім ___________.

30. Менің жасырын тілегім менің қол астындағылар_______.

31. __________ күн келеді.

32. Менің бастығым маған жақындаған кезде _________.

33. Мен қорыққанымды жеңсем ___________.

34. Бәрінен бұрын мен ________ адамдарды ұнатамын.

35. Егер мен қайтадан жас болсам ________.

36. Мен ойлаймын , әйелдердің (еркектердің) көбісі ________.

37. Егер менің жыныстық өмірім нормада болса _________.

38. Маған таныс жанұялардың көбісі ________.

39. Аналардың көбісі _________ деп санаймын.

40. Жас кезімде ________өзімді кінәлі санадым.

41. Менің әкем , мен ойлаймын________.

42. Менің жолым болмаса , мен _________.

43. Бұл өмірде мен___________.

44. Мен басқаларға тапсырма бергенде______.

45. Қартайған кезде мен_________.

46. Маған басымдылық ететін адамдарды _______.

47. Менің күдіктерім мені _______ мәжбүр етті.

48. Мен жоқ кезде , менің достарым_________.

49. Балалық шақтың ең жақсы естелік болып_______.

50. Маған ұнамайды еркектер (әйелдер) _________.

51. Менің жыныстық өмірім________.

52. Мен сәби болған кезде , менің жанұям________.

53. Мен анамды жақсы көремін , бірақ _______.

54. Мен істегеннің ең жаманы ________.

Әр топқа жақсы , жаман , бәрібір деп қатынастарды анықтайтын мінездеме беріледі.--


Мысалы:

Маған таныс жанұялардың көбісі.

1. Бақытсыз, ажырасып кеткен 2 .

2. Жүйкелері жұқарған,1.

3. Бәрі бірдей 0.

Келешегім маған:

1. Өте нашар , түсініксіз 2.

2. Түсініксіз 1.

3. Белгісіз 0.

Кілт

Ұсыныстар топтары

тапсырма


1

Әкесіне көзқарасы

16 31 46

2

Өзіне көзқарасы

17 32 45

3

Іске асырылмаған мүмкіншіліктері

18 33 48

4

Қол астындағыларға көзқарасы

19 34 49

5

Келешекке көзқарасы

20 35 50

6

Жоғары қызметтегілерге көзқарасы

21 36 51

7

Қорқыныштармен күдіктер

22 37 52

8

Өткенге көзқарасы

23 38 53

9

Достарына көзқарасы

24 39 54

10

Басқа жынысты адамдарға көзқарасы

25 40 55

11

Секстік қарыматынасы

26 41 56

12

Жанұяға көзқарасы

27 42 57

13

Әріптестеріне көзқарасы

28 43 58

14

Анаға көзқарасы

29 44 59

15

Кінә сезімі

30 45 60



4.Әдістеме. Невроздың деңгейін анықтайтын Л. И. Вассерманның тесті


Өзіңді тексер: Төмендегі сұрақтарға «иә» немесе «жок» деп жауаптарын беріңіздер


  • Денемнің әр жерінде қызу, тітіркену және де ұйыпқалу байқалады.

  • Кейде тұншығып, жүрегім қатты соғады.

  • Аптасына бір рет немесе жиілеу мен өте ашушаң немесе уайымшыл боламын.

  • Менің басым жиі ауырады.

  • Аптасынаи 2, 3 рет мені қорқынышты түстер мазалайды.

  • Соңғы кездері мен өзімді бұрынғыдан гөрі қолайсыз сезінемін.

  • Мен жиі немесе күнде қорқынышты сезінемін

  • Менің ұйқым қорқыныштан жиі бұзылады

  • Мен үлкен ауыртпашылықпен жұмыс істеймін

  • Кейде қатты қобалжудан ұйқым бұзылады

  • Уақытымның көбінде мен өмірімнің қанағатсыз екенін сеземін

  • Мені жиі қорқыныш үрей мазалайды

  • Мен таныстарыммен, достарыммен жиі кездеспеуге тырысамын

  • Менің өмірім үнемі қысылумен, қиналумен өтеді

  • Маған жұмыс кезінде ойымды жинақтау қиынға түседі

  • Мен күнде қатты шаршаймын

  • Мен болашаққа сенімдімін

  • Мен жиі қайғырамын

  • Менің басым бұрынғыдан да жәй жұмыс істейтін сияқты

  • Мен үшін қиын күрес өзіммен күресу

  • Мені үнемі немесе жиі қорқыныш мазалайды

  • Менің өзіме деген сенімділігім аз

  • Мен жиі сенімсіздікті сезінемін

  • Аптасына бірнеше рет ішімнің жоғарғы жағында жағымсыз сезімдер байқалады

  • Алдымдағы жиналған қиыншылықтардан шығу мен үшін мүмкін еместігін сезінемін

  • Аптасына бір немесе бірнеше рет денемнің қатты қызатынын сеземін

  • Мейде мен әліме қарамай көп жұмысты мойныма аламын

  • Мен киінуімен өте ұқыптылықпен қараймын

  • Соңғы кездері менің көзімнің көруі нашарлай бастады

  • Адамдардың арасында әділетсіздік жиі орын алады

  • Мен жиі мазасызданып бір орында отыра алмаймын

  • Мүмкіншілігім болғанда мен шын ниетпен билеймін

  • Мүмкіншілігімше мен жиын топтан аулақ жүруге тырысамын

  • Мені асқазаным жиі мазалайды

  • Шындығын айтқанда түкке тұрмайтын жағдайды мен уайымдаймын

  • Жиі мен өзімнің ренжігіш, ашуланшақ екеніме өкпелеймін

  • Аптасына бірнеше рет қорқынышты жағдай болады ау деп сеземін

  • Меніңше менің жақындарым мені түсінбейтін сияқты

  • Менің жүрегім жиі ауырады

  • Қонаққа барған кезде шеткері отырып немесе бір адаммен ғана сөйлесемін


Нәтижесін өңдеу: Әр бір «иә» жауабына 1 балл беріледі.

0-8 – невротизация деңгейі төмен

9-16 – невротизация деңгейі қанағаттанарлық

17-24 – невротизация деңгейі орташа

25-32 – невротизация деңгейі жоғары

33-40 – невротизация деңгейі өте жоғары



















5-7 СЫНЫПТАР ҮШІН.

1.Әдістеме. Г.Айзенктің тұлғаның мінез ерекшелігін жедел диагностикалау әдістемесі.

      

      Психология ғылымының кандидаты Т.В Маталинаның жасаған бұл әдістемесі Айзенктің жасөспірімдерге арналған сұрақнамасын қамтиды. Жұмысты кешенді жүргізуде, нәтижелерді градациялау шкаласы мен жасақталған типологиялық сипаттамалар сондай- ақ , түзету бойынша  ұсыныстар орын алады. Бұл әдістеме 11-17 жас аралығындағы балаларды зерттеуге есептелген.

         Қазақ тіліндегі нұсқасы Қазақ білім академиясы тұлғаны әлеуметтендіру институты «Тәрбие психологиясы» зертханасында қазақ тіліне аударылып, экспириментальдық алаңдарда бейімделуден өткізілген.


            Жұмыс сатылары:

  • Айзенк тестін жүргізу.

  • Нәтижелерді есептеу.

  • Типтер таблицасы бойынша нәтижелерді градациялау.

  • «Өтірік» шкаласы бойынша 5 балдан көп  болған жауаптарды таңдау.

  Нұсқау: (психологтар үшін) «жауап беруші тапсырмаларға ойланбастан «иә» немесе «жоқ» - деп жауап беруі тиіс. Жауаптар сұрақ номерлері көрсетілген арнайы бланкіге тіркелді».

  Айзенк сауалнамасы

 

  • Сен айналаңда сапырылыс, шу болғаның қалайсың ба?

  • Өзіңді қолдайтын достарыңның болғаның  қалау сенде жиі бола ма?

  • Сенен бірдемені сұрап қалса, сен әрқашан жылдам жауап табасың ба?

  • Сенде бірдемеге ызаланатын кезің бола ма?

  • Сенің көңіл – күйің жиі ауысып тұра ма?

  • Құрдастарыңмен араласқаннан гөрі кітаптар оқыған саған жақсы екендігі шын ба?

  • Ұйқтатпайтын әртүрлі ойлар саған жиі кедергі жасай ма?

  • Сен әрқашан саған айтылғандай жасайсың ба?

  • Сен біреудің үстінен келемештеп, күлгенді ұнатасың ба?

  • Сен өзіңді бақытсыз адам сезінген кезің болды ма, оған нағыз себеп болмаса да?

  • Сен өзіңді көңілі қош, еті тірі адам деп есептейсің бе?

  • Сен мектепте жүру тәртібін  қашан болсын бұздың ба?

  • сенің бірдемеге жиі көңілін толмай, тітіркеніп жүретінің рас па?

  • Саған жұмысты жылдам темпте істеу ұнай ма? (егер керісінше жайбасар болсаңыз жауап «жоқ»).

  • Сен бола жаздаған әртүрлі қорқынышты оқиғаларға мазасызданасың ба, бәрі жақсымен аяқталса да?

  • Саған кез келген құпияны сенуге бол ма?

  • Сен әзірлеп отырған достарының тобын қиналмай-ақ жандандырып жібере аласың ба?

  • Сенде ешқандай себепсіз, ауырлық түспесе де жүрегіннің жылдам қағып кетуі байқала ма?

  • Әдетте сен біреумен достасу үшін өзі бастап қадам жасайсың ба?

  • Сен қашан болса да өтірік айттың ба?

  • Жұмысыңа және өзіңе сын айтса, сен оңай ренжіп қаласың ба?

  • Сен достарыңмен жиі қалжыңдасып, күлкілі оқиғаларды жиі айтасың ба?

  • Сен өзіңді жиі шаршаңқы сезесің бе?

  • Сен әрқашан алдымен сабағыңды орындап , содаң соң басқаларын жасайсың ба?

  • Әдетте сен көңілі қош, барлық нәрсеге риза болып жүресің бе?

  • Сен тумаластарыңның үй шаруасына көмектесу туралы өтінішін әрқашан орындайсың ба?

  • Сен басқа балалармен араласқанды өте жақсы көресің бе?

  • Сен тумаластарыңның үй шаруасына көмектесу туралы өтінішін әрқашан орындайсын ба?

  • Сенің басың айналатың кезің бола ма?

  • Сенің іс-әрекетің мен қылықтарың басқаларды қобалжытып , ыңғайсыз жағдайңға қалдыратын кез бола ма?

  • Сен бір нәрседен жалығу сезімін жиі сезінесің бе?

  • Кей кезде сен мақтанғанды ұнатасың ба?

  • Сен танымайтын адамдардың ортасына түскенде, көбіне үндемей отырасың ба?

  • Сен кейде орныңда отыра алмай мазасызданатын шақтарың бола ма?

  • Сен әдетте шешімді тез қабылдайсың ба?

  • Сен сыныпта ешқашан шуламайсың ба, егер мұғалім жоқ болса да?

  • Қорқынышты түстер сенің түсіне жиі кіре ме?

  • Сен достарыңның ортасында сезіміңе ерік беріп, көңіл көтере аласың ба?

  • Сені ренжіту оңай ма?

  • Біреу туралы жаман айтатынкездер болды ма?

  • Сенің әдетте ойланбай-ақ жылдам, қимылдап, сөйлейтінің рас па?

  • Егер ыңғайсыз жағдайға түсіп қалсаң, ұзақ ойлап жүресің бе?

  • Саған айқайлап, көніл көтеріп ойнайтын ойындар өте қатты ұнай ма?

  • Сен берген асты әрқашан жисің бн?

  • Саған біреу өтініп тұрса саған «жоқ» деп айту қиын ба?

  • Сен жиі қонаққа барғанды ұнатасың ба?

  • Сенде өмір сүргің келмей кететін кездер бола ма?

  • Ата-анаңа қашан да бір дөрекілік жасаған кезің болды ма?

  • Сені ақжарқын еті тірі бала деп есептей ме?

  • Сен сабақ оқып отырып, басқа нәрселерге жиі алаңдайсың ба?

  • Сен ойын сауық кезінде белсенді қатысудан гөрі жиі қарап отырасың ба?

  • Әдеттте саған әртүрлі ойлардан ұйықтау қиын ба?

  • Сен орындауға тиіс болған тапсырманы жасай алатынына өте сенімді бола аласың ба?

  • Сенде жалғыздық сезінетің кез бола ма?

  • Жаңадан танысқан адаммен сөйлескенде, бірінші сөз бастаудан ұяласың ба?

  • Сен бірдемеңі түзетуге кешіксен жиі сүрінесің бе?

  • Саған балалардың біреу дауыс көтеріп айқайласа , сенде айқайлап жауап қайтарасың ба?

  • Сенде өзіңді себептен себепсіз қайғылы немесе қуанышты сезіңу бола ма?

  • Сен құрбыларының шулы ортасында нағыз демалып, тынығу қиын деп есептейсің бе?

  • Сенде ойланбай істеп қойған ісің үшін мазасыздану жиі бола ма?

  Кілт

 

  • Экстраверсия (Э):б«иә» 1,3,9,11,14,17,19,22,25,27, 30,35,38,41,43,46,49,53,57.

«жоқ»6,33,51,55,59.

  • Нейротизм (Н):

«иә» 2,5,7,10,13,15,18,21,23,26,29,31,34,37,39,42,45,47,50,52,54,56,58,60.

3. «Өтірік»

«иә» 8,16,24,28,36,44.

«жоқ» 4,12,20,32,40,48.

12-17       жастағы жасөспірімдер үшін норма:

Экстраверсия (Э)-11-14 балл

«өтірік»-4-5 балл

Нейротизм (Н)-10-15 балл

Типтер таблицасы  

Айзенк тестінің қорытындысы бойынша берілгендері

Э баллдары

Н баллдары

1

0-4

0-4

2

20-24

0-4

3

20-24

20-24

4

0-4

20-24

5

0-4

4-8

6

0-4

16-20

7

0-4

8-16

8

4-8

0-4

9

8-16

0-4

10

16-20

0-4

11

20-24

4-8

12

20-24

8-16

13

20-24

16-20

14

16-20

20-24

15

8-16

20-24

16

4-8

20-24

17

16-20

4-8

18

4-8

16-20

19

4-8

4-8

20

16-20

16-20

21

12-16

8-12

22

8-12

8-12

23

16-20

8-12

24

12-16

4-8

25

8-12

4-8

26

4-8

8-12

27

4-8

12-16

28

8-12

16-20

29

12-16

16-20

30

16-20

12-16

31

8-12

12-16

32

12-16

12-16

  Тип көрінісінің сипаттамасы:

  1 тип Э: 0-4;  Н: 0-4.

Селт етпейтін, бейбітшіл, топта көбінен байқалмайды, дос болуға жармаспайды, дос болғысы келген адамды қайтармайды. Өзінің дұрыс екендігіне көзі жетсе тікмінезділік, бірбеткейлік байқатады. Байсалды. Сөзі бірсарынды. Шыдамды, суыққанды.

Түзету жолдары:Тәрбиешілерді көп мазаламағандықтан көбіне мұғалімнің, бастықтың, жаттықтырушының назарынан тыс қалады. Ең бастысы – сол адамға топ мүшелерінің барлығының назарын аударып, өзіндік бағасының көтерілуіне ықпал ету. Жұмыс істеу темпін таңдау мүмкіндігін туғызу. Суыққандылық пен байыптылықтың жақсы қасиет екендігіне назар аударту.

2 Э:20-24; Н: 0-4

Көңілді , ашық, сөзшең. Көпшіліктің назарында болғанды қалайды. Оптимист, жақсылыққа сенеді. Үстіртінділік танытады. Кешірімді, кикілжіңді әзілге айналдырады. Әсерленгіш, жаңалықтыы ұнатады. Көпшілік оны ұнатады. Бірақ үстіртінділік пен қамсыздылық басым. Әртіс, нәтижеге жете бермейді. (қызығушылығы тез оянып ,тез суиды).

Түзету жолдары: Еңбек қорлығын мадақтап, табиғи әртістігін, жаңалыққа бейімділігін қолдану қажет. Табандылыққа, тәртіпке, жинақылыққа үйрету (мысалы ерекше тапсырмаларды жасатып). Уақытты тиімді пайдалануға үйрету.

3 тип Э: 20-24; Н: 20-24.

Белсенді , жақсы дамыған батырлық қасиеттері бар. Күлдіргі. Барлығымен «бірдей » қарым—қатынас жасауға ұмтылады. Өте адалдыққа жақын. Егер үлкендердің келіспеушілігін байқаса, табан тіреп қарсы тұрады. Өзің байқамайтындарды ұнатпайды.

Түзету жолдары: Негізгі тактика сыйлау. Жайбарақат сендіріп, көзін жеткізіп, сөйлескен жөн. Аффект жағдайда кекетіп, мұқатып, астарлап сөйлеуі мүмкін. Ашулы кезде «есеп айрыспаған жөн.» Мәселені жайбарақат, байсалдылықпен шешкен жөн. Дегенмен әрқашан негізгі мәселеге қайта оралып, эмоцияға берілмеуін қамтамасыз еткен дұрыс. Мұндай жеткіншектердің потенциялдық мүмкіндіктерінің сыртқа шығуына ықпал ету қажет. (Спорттық жетістіктер, ораторлық ж.т.б)  Ұйымдастырушылық қабілетін көрсетуге жол беру.

4 тип Э: 0-4; Н: 20-24

Мазасыз тип, секемшіл, өзіне сенімсіз. Әрқашан қорған іздейді. Көпшіл емес, сондықтан бағалауы мен өзіндік бағасы аралас. Көңілі бос, ренжігіш. Бейімделуі баяу, сондықтан іс-қимылы баяу. Белсенді өмір сүруді ұнатпайды. Философиялық ойлауға бейім. Жағдайды оңай-ақ күрделендіреді. Созерцатель.

Түзету жолдары: Қолдауға талпыну. Жұртқа күлкі болудан сақтау. Мінезінің оңтайлы жақтарын байқап, ескеру(ойшылдығын, байыппен жай қимылдауын ж.т.б) . Қатал уақыт регламентін сақтамайтын, белсенді қарым-қатынас жасамайтын жұмыс таңдау қажет. Айналадағы қоршаған адамдарға қызығушылығын арттыру, энергиясы мол адал адамдармен достастыру қажет.

5 тип  Э: 0-4; Н: 4-8

Тынық созерцатель. Өмірге қызығушылық деңгейі төмен, сондықтан жетістіктері де аз. Ойы ішке бағытталған , ішкі қиялмен өмір сүреді. Тіл алғыш – немқұрайлы.

Түзету жолдары: Өзіңдік бағасын көтеру өте қажет, яғни оның немқұрайлылығын жою мүмкіндегі бар, соның салдарынан оқудың немесе жұмысының сапасы көтеріледі. Баланың қызығушылығын арттыру үшін күшті жақтарын табу (қабілеттілігін, болмысындағы оңтайлы ерекшеліктерді).

6 тип Э: 0-4; Н: 16-20

Ұстамды, үркек, сезімтал, бейтаныс жағдайда ұялшақтылық танытады. Өзіне сенімсіз, қиялдағыш. Көпшілікті ұната бермейді, философияға жақын. Күдіктенуге бейім. Өз күшіне сене бермейді. Жалпы ұстамды. Түмедейді түйедей етпейді. Үрелілігі жоғары. Қиялдануға бейім, көбіне шешім қабылдай алмайды.

Түзету жолдары: Үнемі қолдауға тырысу қажет, қамқорлық көрсету, топтың алдында жақсы қасиеттерін көрсету. (байсалдылығын, тәрбиелілігін, сезімталдылығын). Әртүрлі идеалар арқылы өзіңе тарту (мысалы өзінен де жуастау адамға көмек немесе қамқорлық көрсету). Мұндай тәсіл өзіндік бағасының артуына ықпал етеді, өмірдің жарқын жақтарын көруге көмектеседі.

7 тип   Э: 0-4; Н:8-16

Белсенді, байыпты, жұмысқа бағытты. Адал, сенімді дос. Өте ақылды, тапқыр көмекші, бірақ ұйымдастыру қабілеті төмен. Ұялшақ , тасада тығылып қалуды ұнатады. Әдетте топтарға кірмейді. Бір немесе екі жақын досы бар . Қарым-қатынастың маңызын түсінеді . Кейде зеріктіріп жібереді, насиат, уағыз айтқыш.

Түзету жолдары: Жұмыс істегенде уақыт еркіндкгін берген жөн. Марапаттап қою оның инициативаларының күшеюіне ықпал етеді. Баланың өз бетінше істеп, ашылуына мүмкіндік беру, бұйыру кері әсерін тигізеді. (табиғаты көнгіш). Көпшіліктің алдында сын айтпауға тырысу қажет. Өзінің күшіне сенімділігін арттырып , құқықтарына иландыру. Біреудің беделділігіне көз жұмып сене бермеуді қамтамасыз ету.

   8.Э»4-8»Н»0-4» .    

 Адам байсалды ,ашылып, араласуға бейім. Эстетикалық       дарындылығы басым. Іскерлігіне қарағанда ойшылдығы басым. Бірқалыпты. Мәнсапқойлығы жоқ. Қарым-қатынаста бірқалыпты, бірақ терең сезініп жанашырлық таныта алмайды. Кикілжің жағдайларда оңай құтылып кетеді.

Түзету жолдары: Басты міндет –іскерлік қажеттілігне белсенділігін үнемі арттырып отыру. Баланың қызығушылын оятатын нәрсемен айналастыру. (көркем эстетикасы шығатындай). Жетістіктерін елеп отыру. Әлеуметтік интелектінің өсуіне ықпал ету, құрбыларымен қарым-қатынасты дамыту.

9 Э: 8-16; Н: -4

Ашық, белсенді, өміршең. Адам тандамай араласа береді. Қарсылық көрсетуінің осалдығынан, асоциалды топтарға түсіп кетуі оңай. Жаңашыл, білуге ұмтылушы. Әлеуметтік интелекті даму деңгейі төмен. Өзін,өзгелерді адекватты бағалай алмайды. Көбіне өзіндік қатты ұстанымдары байқалмайды. Энергиясы мол, сезгіш.

Түзету жолдары: Баланы ширататын, қатал режимнің қаталдау болғаны абзал. Ашық сенімді қарым-қатынас орнату қажет, дегенмен бақылаудың бар екенің ұмытпауы тиіс. Энергиясын пайдалы, дұрыс жұмысқа бағыттау қажет. (мысалы глобальді мәселелерге, үлкен жетістікке жетуге, оқуға түсуге ж.т.б). Мұндай жұмыс орындауда нақты жоспарлап, күнін белгілеп, орындалуын қатаң қадағалау қажет. Мұндай типтегі баланы күшті, оңтайлы нанымы бар көшбасшысының тобына қосқан жөн.

10 тип Э: 16-20; Н: 0-4

Әртістігі басым, сайқымазақтыққа қайым, ашық. Терең емес. Бір қалыпты.

Түзету жолдары: Жақсы мақсаттарына жетуге бағытталған күшін үнемі қолдап отыру. (өзінің инициативасы жетеді, бірақ соны іске асыруда табандылық таныта бермеуі  мүмкін. )  Әртістігін қолдау қажет, бірақ сайқымазақ болып кетпеуін қадағалау қажет.

11 тип Э: 20-24; Н: 4-8.

Белсенді, ашық, биязы, адалдықты сүйгіш. Қауіпті әуестікке оңай беріледі. Мақсатқа жету үшін дос таңдауды біле бермейді. Көбіне мен-мен. Қылықты. Ұйымдастырушылық қабілеті басым.

Түзету жолы: Ұйымдастырушылық қабілетін марапаттап, дамытып отыру қажет. Көшбасшы болуы мүмкін, бірақ өркөкіректеніп кетпеуін қадағалау қажет. Көшбасшылық қабілетінің жұмсалуы баланы ширатып, жалқаулықтан арылтады. Көрініп жүргенді ұнатады. Қажет болған жағдайда топтың талқылауына салуға болады.

12 тип Э: 20-24; Н: 8-16

Тәртіпке көнгіш. Өз беделін жоғары ұстайды. Ұйымдастырушы. Спорт пен өнерге жақын. Белсенді. Адамдарға, оқиғаларға қызыққыш. Әсерленгіш.

Түзету жолы: Табиғатты көсбасшылыққа бейім екендігін оның эмоционалдыққа, іскерлік те тұрғыларынан байқаймыз. Көшбасшылық қабілетін қолдап, тұлғалық және іскери өсуінде бағыт бағдар беріп отыру қажет.

13 тип Э: 20-24; Н: 16-20

Өте қиын тип. Мақтаншақ. Энергиясы мол. Өміршең. Әдетте жоғары рухани бағыттылығы жоқ. Тұрмыс тіршіліктегі жетістіктерімен –ақ шектеліп қоятын. Өмірдің маңыздылығына тұрмыстық қажеттіліктерді ғана қояды. Алда болуға ұмтылады. Қалай болса да жетістікке жетуге бірінші болуға , пайда көруге ұмтылады. Жолы болмайтындарды жек көреді. Ашық, демонстративный. Өз талаптарын қатаң қояды.

Түзету жолдары: Қолбасшының міндеті, мұндай баланы «жұдырықта» ұстау. Себебі көкірегін керіп, мен-мендікке беріліп кетуі әбден мүмкін. Байыппен, нақты, дәлелді сөйлеген дұрыс. Басқалардың қадір қасиеттерін көрсете отырып, әрқашан «орнына қойып» отыру қажет. Ұйымдастырушының ролін ұсынуға болады. Міндеттердің орныдалуын қадағалау қажет. Эстетикалық тәрбие беруге көбірек көңіл бөлу қажет.

14 тип Э: 16-20; Н: 20-24.

Өктем, педант, күдікшіл,мнительный. Әрқашан біріңші болуға ұмтылады. Ұсақтығы бар. Кез –келген артықшылықтан ләззат алады. Язвителен-желчен. Келемештеуге бейім. Кекшіл,жиренгіш,қатал. Шаршағыш.

Түзету жолдары: Бейқам қарауға болмайды. Достық қарым-қатынаста немесе астарлап сөйлейтіндей қарым-қатынас жасауы қажет. Көшбасшылық лауазымын беруге болады егер, тікелей адамдармен емес қағаздармен жұмыс істейтін болса. Ерік-жігері мен табандылығын мақтап қою. Сондай-ақ қоршаған ортаға деген оңтайлы, жағымды қарым-қатынас жасауды қалыптастырып, оңтайлы нанымын қалыптастыру қажет.

15 тип. Э: 8-16; Н: 20-24.

Үнемі қанағаттанбайды, мазасыз, біреуге жала жабуға қайым. Ұсақ- түйекшіл, қатаң талап қойғанды ұнатады. Болмашы нәрсеге ренжіп қалуы мүмкін. Көбіне қабағы түйіліп, тітіркенгіштеніп жүреді. Іші тар, күнші. Жұмыста өзіне сенімсіздік танытады. Қарым-қатынаста жетекке жүргіш. Қиындықтан қашқалақтайды. Топта, сыныпта бөлектеніп жүреді. Достары жоқ. Кекшіл. Құрбыларына үстемдік жасайды. Дауысы жәй шықса да, өткір.

Түзету жолдары:  Аз болса да, әйтеуір бір қарым-қатынасты орнату қажет. Оны баланың күдікшілдігіне сүйене отырып құруға болады. Жеке басына қызығушылық танытып, жетістіктеріне мән беріп, сенімді  қарым-қатынас жасағанда іске асыра аласыз. Қосымша қоғамдық жұмыс тапсыра отырып, яғни канцеляриялық жұмыстарды орындауды тапсырып. Құрбылырымен дұрыс араласуды қамтамасыз ету үшін, көпшіліктің алдында оның тындырымдылығың, тіл алғыштығың көрсетіп өткен жөн. Осы типтегі балалар әрқашан өзіне ерекше назар аудартқанды, жеке қарым-қатынас орнатқанды ұнатады.

16 тип. Э: 4-8; Н: 20-24.

Өте сезімтал тип. Сенбейді, құпия ынтызарлығы бар, тұйық-ренжігіш. Дербес, тәуелсіз, сыни ойлау қабілеті бар. Жалпылай ойлай алу қабілетіне ие. Көбіне өзіне сенімсіз.

Түзету жолдары: Қарым-қатынаста аяушылық болғаны жөн. Сыныптастарының  алдында мадақтап, сыйлы екенін көрсетіп, себеп салдармен түсінушілік, адал қарым-қатынас жасаған жөн. Әрқашан шын критика айту қажет, бірақ баланы орализатор, критик болудан сақтау қажет.

17тип

Өте эмоционалды. Таңырқанғыш, өмірсүйгіш, ашық, әуестенгіш. Қарым –қатынаста адам таңдамайды, кім болса достық қарым-қатынас жасауға әзір.Тұрақсыз, аңқау, жұмсақ, нәзік. Жұрт ұнатады. Фантазер. Көшбасшылыққа ұмтылмайды. Жақын интимдік қарым-қатынаста болуды қалайды.

Түзету жолдары: Оңтайлы бағытын қолдау керек. Эстетикалық қабілетін дамыту қажет, әуестенген нәрсесін қолдау қажет (топтың алдында сөйлеуді ұсынып, қызықтырып, марапаттап ж. Т.б). Ерік жігерін, талаптану деңгейін қалыптастыруға мән беру қажет.

18 тип Э: 4-8; Н: 16-20.

Эмпатичный, жаңашыр, әлсіздерге аяушылығы басым, интимді-достық қарым-қатынасты қолдайды. Әдетте көңіл-күйі байыпты-төмен. Ұялшақ, өзіне сенімділігі төмен. Ыңғайсыз жағдайларда лезде күдікшіл, қауіптенгіш бола қалады. Созерцателен.

Түзету жолдары:  Дамытушы-щадящий тәртіпті орнатқан жөн. Исподволь бақылау керек. Ашық байсалды қарым-қатынас орнату сияқты қиын кезеңдерде қол ұшын беру қажет. Жұрттың алдында әшкерелеуден сақтану қажет.

19 тип Э: 4-8; Н: 4-8

Тынық тип. Үнемдес. Жәй қимылдап, тындыратын тип. Өз бетінше, ретті, тәуелсіз, ұсақ жұмысқа бейім. Әуестенушілігі төмен, байсалды, эмоциональдығы төмен. Кейде өмірден алыстап, қиялданып кетуі мүмкін.

Түзету жолдары: Мұндай типтегі баланың өзіндік бағасын көтеру қажет, талаптану деңгейін жүйелеп, дамыту қажет, сондай-ақ баланың қабілеттілігімен икемділігін арттыру қажет. Үлкен тұлғалық жауапкершілікті талап ететін жүктеме берген жөн (адамдармен араласудан гөрі, қағаз жұмысы болса жақсы). Мұндай бала әртүрлі мәселелер бойынша кеңес алып тұруды қажет етеді. Кеңес деликатты түрде берілуі тиіс.

  №20 тип. Э: 16-20; Н: 16-20.

Жаңашырлығы жоқ, демонстративті тип. Эмоциональдығы жүдеу. Өзін топқа қарсы қоюды ұнатады. Өзіне маңызды болған құндылықтарға жетуде өте табанды. Престижен. Көбіне жасанды. Тәжірибелі.

Түзету жолдары: Ұнамсыз қасиеттерін өршітпеу үшін жұмсақ түрде шыдамдылықпен қарайындай тәртіп орнатқан жөн. Спорттық немесе техникалық тапсырмалар мен шұғылдандырылған жөн, себебі бала бойындағы энергияны оң бағытқа жұмсай алады, ал біріншілікке деген ұмтылысы дұрыс арнаға түседі. Эстетикалық тәрбиеге көбірек көңіл бөліп, көшбасшысы мықты болған әулеметтік оңтайлы топқа кіргізген жөн.

21 тип. Э: 12-16; Н: 8-12.

Өте өміршең, энергиясы мол. «Орта сүйіктісі» әдетте мұндай типтегі балалар бақытты болып есептеледі. Шынында да олар дарынды, жақсы оқиды, шаршамайтын, әртістік қасиеті бар балалар. Бірақ мұндай қасиеттердің болуының өзі де ,кері әсерін тигізеді. Кішкентайынан бастап жетістіктерге оңай жете білетін бала, өмірде барлық нәрсені жеңіл жасауға болады деп ойлайды да, нәтижесінде меқсатқа жету үшін тыңғылықты жұмыс істей алмай қалады. Бастаған ісін оңай тастап кете алады, достықта да тұрақсыздық білдіреді. Кез келген жұмыста үстіртін. Әулеметтік интелектісі төмен.

Түзету жолдары: Қарым-қатынаста адал, бірақ қатал болуды талап етеді. Топ ішінде көшбасшылыққа сайламаған жөн. Тапсырманың орныдалуын қатал талап ету керек. Ең жақсысы бала   мен бірігіп, өзекті мақсат таңдаған жөн. (мысалы шет тілін белгілі бір уақытта үйреніп шығу шығу. Бөлімдерін, жүктемелерін, тапсырмаларын, нақтылап беріп, орныдалуын қадағалау). Мұндай жұмыс бір жағынан балада мақсатқа жетуді қалыптастырса, екінші жағынан реттілікпен жұмыс істеуге үйретеді.

22 тип. Э: 8-12; Н: 8-12

Белсенділігі өте төмен немқұрайлы тип. Басқаларға өте қатал талап қоюшы. Кекшіл. Пассив қарсылық көрсететін. Өте педантты, ұсақ. Суыққанды. Өзгенің пікіріне немқұрайлықпен қарайды. Сөйлегені әсерлі емес. Эстетикасы төмен.

Түзету жолдары: Баланың мұғалім үшін емес басшы үшін маңызды екеніндігін сезіндіру. Ұсақ-түйекпен қызықтырған жөн. Қоғамдық жұмыстардың ішінен байыппен, мұқияттап орындауды талап ететін тапсырмаларды берген жөн. Тындырымдылығын ескерген жөн. Шұғылданатын ісін таңдауға көмектескен дұрыс. Топпен орныдалатын тапсырмадан гөрі, жеке орныдайтын тапсырмалар орындайтын тапсырмалар ұсынған жөн (спорт, өнерпаздық ж.т.б).

23 тип Э: 16-20: Н: 8-12.

Ашық ,инициативті, әсерленгіш тип. Сөйтсе өзін ұстап, басқаруды біледі. Діттеген мақсатына жете алады. Шыншыл-адал. Біріншілікте болғанды ұнатады. Және ұйымдастыра алады. Қоршаған ортасының шынайы сенімі мен шын ықыласына ие. Мінезі жеңіл, эстетичен, бірқалыпты жанып тұрады.

Түзету жолдары: Көшбасшы болуға мүмкіндік берген жөн. Топтық және жеке тапсырмаларды орындауға көмектесу қажет. Қоғамдық жүктемелердің шектен тыс болмауын қадағалау керек.

24 тип Э: 12-16; Н:4-8.

Белсенді бірқалыпты тип. Ашықтығы орташа. Достарының көп болғаның қаламайды, аз да саз болғаның қалайды. Реттілікпен жұмыс жасай алады. Алдына мақсат қоя алады және нәтиже шығара алдаы. Күншіл, бәсекелестігі жоқ. Кейде ренжігіш.

Түзету жолдары: Айналасыендағылармен байсалды, сенімді, адал қарым-қатынас жасағанды ұнатады. Нақты іскери қарым-қатынас орнатқан жөн.

25 тип. Э: 8-12; Н: 4-8.

Белсенді, кейде жарылып кетеді де кейбір кезде ойсыз көңілді болады. Көбіне тынық, немқұрайлылығы басым. Айтқан мен ғана жүріп, инициатива көтермейді. Әлеуметтік қатынастарда пассив. Терең шынайы жаңашырлыққа бейім емес. Бірсарынды ұсақ жұмыстарға бейім.

Түзету жолдары: Байыпты-іскери қарым-қатынас жасаған жөн. Әкімшілік жұмыстарын жақсы орындайды. Орындауға жеке тапсырма берген дұрыс.

26 тип Э: 4-8; Н: 8—12.

Тынық, бірқалыпты , шыдамды, педантты. Мақсатқа мүдделі. Қатал принцептері бар. Кейде ренжігіш.

Түзету жолдары: Ашық сенімді қарым-қатынас жасап , асықтырмай орындайтын жұмысты талап етеді. Панибратсваға бейім емес. Топтың алдында орныдағандығын, тиянақтылығын көрсетіп, мақтап қойған жөн. Баланың өз күшіне сенімділігінарттыруға бағытталған жұмыс жүргізген жөн.

27 тип. Э: 4-8; Н: 12-16.

Бірқалыпты –меланхолиялық тип. Өте сезімтал. Привязчивый, сенімді интимдік қатынастарды бағалайды. Тынық. Әзіл-сықақты бағалайды. Жалпы оптимист. Кейде паника жасаса, кейде депрессияға түсуі мүмкін. Дегенмен жалпы тынық ойланып жүретін.

Түзету жолдары: Белсенді тыныш жұмыс істейтін жағдай туғызу. Қатал регламентті талап етпеген дұрыс. Эстетикалық көркем -әдеби тапсырмаларды орындауды ұсынған жөн.

28 тип. Э: 12-16; Н: 16-20.

Айналасындағыларға талабы қатал. Тік мінез, өте шыншыл. Ашық, энергиясы мол, турашыл. Сәтсіздіктерді жасырады. Көзге түсіп жүруді ұнатады. Суыққанды.

Түзету жолдары: Қарым- қатынаста ерекше сыйластық пен қатал талапнегізінде құрған дұрыс. Кемшіліктеріне әзіл айтуға болады егер бала өте заносчив болса.

30 тип. Э: 16-20; Н: 12-16.

Кекшіл, өркекірек, біріншілікке ұмтылушы. Кез келген жағдайда алда болуды қалайды. Энергиясы мол. Табанды. Мақсатқа жету үшін тәуекелге барады. Өзі сухой болғаны мен әртістігі де жоқ емес.

Түзету жолдары: Мен-мен болып кетпеуі қадағалау қажет. Оңтайлы іс -әрекетін қолдау қажет. Біріншілікте болуына көмектесу керек, бірақ авториталдық стильде болудан сақтау қажет. Ашу, ызасын сейілту қажет. Әлеуметтік интелектін көтеру қажет.

31 тип. Э: 8-12; Н: 12-16.

Ұялшақ, ішітар емес, өз бетіншілікке талпывнады. Адал. Жақын адамдарымен әзілдесіп, өте зерек болуы мүмкін. Өте терең құлай сенуге бейім. Тәуекел, қауіпті жағдайдан қашады. Біреулердің талап еткенің көтере алмайды. Кейде жылдам шешім қабылдауға бейім. Істеген олқылықтарына өкінеді. Сәтсіздік жағдайларда өзін кіналаушылығы басым.

Түзету жолдары: Тыныш, сенімді жағдай жасау керек. Маңызды мәселелерді шешу барысында тапсырмаларды орныдауға шақыру қажет. Әлеуметтік белсенділігін арттыру мадақтап, қандайда іс-шараларға қатыстырған дұрыс (конференция, семинар ж.т.б).

32 тип. Э: 12-16; Н: 12-16.

Шынайлықты сүйеді, сәтсіздіктер өзіне  сенімділігін бәсеңдете алмайды. Кекшіл. Энергиясы мол. Қарқынды. Мақсатқа мүдделі. Кикілжіңге бейім, өзі дұрыс болмаса да қайтпайды. Арланбайды. Іштей күйзелмейді. Қарым-қатынаста жанашырлығы жоқ. Ақпараттылықты ғана бағалайды. Эмоциональдығы шектеулі тип.

Түзету жолдары: Кикілжің жағдайларда қолдамау қажет. Таза шынайлықпен ғана әсер ету. Бір қалыпты қарым-қатынас , әлеуметтік интелектін көтеруге ықпал ету.

2.Әдістеме. “НСВ 10” тесті

Нұсқаулық: Берілген сөз тіркестері аяқталмаған ой. Сөз тіркесін жалғастыру кезінде дұрыс не бұрыс жауап болмайтындығын есіңнен шығарма.

Сөйлемді жалғастыр

1 Ешкім________________________________________________________

2 Бәрі қарсы___________________________________________________

3 Жоқ______________________________________________________

4 Мен______________________________________________________

5 Маған ұнамайды______________________________________________

6 Ешқашан____________________________________________________

7 Әрқашан___________________________________________________

8 Бәрі______________________________________________________

9 Бұл______________________________________________________


Сөйлемді жалғастыр, айтылғанды қайталау міндетті емес.

1 Көбісі мені__________________________________________________

2 Бәрі маған___________________________________________________

3 Күш бар_____________________________________________________

4 Мен көбіне________________________________________________

5 Маған____________________________________________________

6 Жиі_______________________________________________________

7 Үнемі_____________________________________________________

8 Бәрі_____________________________________________________

9 Бұл______________________________________________________



Өзіңіздің қалауыңыз бойынша жазыңыз.

1 Мені мезі етті_____________________________________________

2 Маған қиын болған кезде мен________________________________

3 Мен қаламаймын___________________________________________

4 Менің өмірім - ___________________________________________

5 Менің көңіл-күйім__________________________________________

6 Менің шыдамым___________________________________________

7 Менің алдымда____________________________________________



«НСВ-10» тестінің қорытындысын өңдеу.

Өз еркімен аяқталған сөйлемдер аутодеструктивті ойдың бар-жоқтығын анықтау мақсатында талданады. Сөйлемде үш не одан да көп аутодеструктивті ойдың болуы, респонденттің суицидке ойы барын және жете зерттеуді, соған сәйкес, тәрбие жұмыстарын, түзету мен бақылауды қажет ететіндігін көрсетеді.

Суицидалды күй анықталса диагностикалық шешім мен басқа әдістермен тексеру аясында басқа мамандармен кеңес жүргізу ұсынылады. Талдау жүргізу үшін суицидалды пкірлердің үлгілері ұсынылады. Эксперементатор зерттелушінің тест тапсырмаларын орындауы мен 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11 мысалдардағы суицидті жауаптардың нұсқаларының үлгілерін салыстыра алады. Зерттелушінің жауаптары мен ұсынылған мысалдардағы жауаптардың сәйкестігі (үштен аса) байқалған жағдайда, тексеру кезеңінде суицидалды күй байқалғандығы туралы алдын ала диагностикалық қорытынды белгіленеді.

Алдын ала берілген диагностикалық қорытындыны растау үшін аталған әдістеменің көмегі арқылы қайта тексеру жүргізіледі. Тексерулер арасындағы уақыт аралығы бір сағаттан кем болмауы керек.

Суицидалды пікірлерді қайта тексеру кезінде анықталған жауаптардың сәйкестігі (үштен аса) суицидалды мінез-құлықтың дамуын (немесе дамымауы) сипаттайтын баға беруге мүмкіндік береді. Ол үшін 1-ден 9-ға дейінгі тоғыз балды шкала қолданылады. Әрбір анықталған суицидалды пікірге бағалау шкаласының бір мәні беріледі. Сараланған суицидалды пікір көп болған сайын, соншалық баға көп мән береді

Мысалы 1. 1) «Мені ешкім жақсы көрмейді»; 2) «Маған бәрі қарсы»; 3) «Бұның бәріне төзуге күшім жоқ»; 4) «Мен ешкімге керек емеспін»; 5) «Істегім келмейді. Өзімді жаман күйде сезініп отырмын» 6) «Менің төзімім бітті»: 7) Алдым қара түнек (тыныштық,ақыры, өлім)

Мысал 2. 1) «Мен бұдан шаршадым»; 2) «менің жағдайым жаман болғанда, «Сидоровты» өлтіріп тастағым келеді»; 3) «Менің онда барғым, оралғым (мектепке, үйге) келмейді»; 4) «Менің өмірім – бұл тозақ»; 5) «Менің көңіл-күйім өте нашар»; 6) «Менің төзімім таусылды»; 7) «Мені алда еш жақсылық күтпейді».

Сондай-ақ, көрсетілген көптеген пікірлер дөрекі болуы мүмкін екендігін ескеру қажет. Оларды да аутоагрессивті, суицидалды ұғымдардың бар-жоқтығына талдау қажет.

Суицидалды мінез-құлық анықталған жағдайда аталған қорытындыны шығаруға қолданылған әдістерді көрсете отырып (тест “НСВ-10”) мінез-құлықтың байқалғандығы туралы сәйкес қортынды құрылады, сондай-ақ, зерттелушіге тікелей жауапты мұғалімдер, психологтар, әлеуметтік педагогтарға психолого-педагогикалық шаралар бойынша ұсыныстар беріледі. Оның мәнісі баланың суицидке деген ұмтылысын болдырмау, өмірін сақтауға әсер ететін шаралар мен психолого-педагогикалық түзету әдістерін қолданудан құрылуына болады.


3.Әдістеме. Мен және мені қоршаған орта.

Оқушының аты-жөні:

Сыныбы, мектебі:


Орта


Жағдаят

Отбасы

Достар

Сыныптағы достар

Сабақа үстінде

Мұғалімдер арасы

Сыртта

1

Мен көбіне сәтсіздікке ұшыраймын







2

Мені өте жақсы түсінеді







3

Мен жасқанамын







4

Маған көмектеседі







5

Мен өзіме-өзім сенбеймін







6

Өзімді еркін сезімбеймін







7

Мені қинайды, жәбірлейді







8

Қолымнан бәрі келеді







9

Менің ашуыма тиеді







10

Мені байқамайды







11

Мені бағалайды







12

Менің пікіріммен санасады







13

Мені ренжітеді







14

Мен өз көңілімді білдіруге жасқанбаймын









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!