The

Тақырып бойынша 11 материал табылды

The

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын ойнап үйрену
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Дене тәрбиесі

Коледж: Каспий өңірі «Болашақ»

Күні: 07.10.22

Мұғалімнің аты-жөні: Казиев Ренат

Тобы: Фк-21cо

Қатысқандар: 22

Қатыспағандар: 3

Сабақтың тақырыбы

Волейбол ойын.Допты жоғарыдан және төменнен қабылдау.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Волейбол ойыны элементтерін жетілдіру.

Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын дамытуға септігін тигізу.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: : Волейбол ойындарының ережелерін үйренеді, волейбол ойынындағы арнайы спорттық техникаларды орындайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Волейбол ойындарын үйрету барысында оқушыларды икемділікке,ептілікке, шапшаңдық секілді дене сапаларын дамытады


Кейбір оқушылар орындай алады: Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамытуға талпынады

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Аут, Таймаут,Орын алмасу, Доп, Тор, Тай Брейк, Нетбол.


Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Тосқауыл қою

Жоғарыдан алу.

Талқылауға арналған сұрақтар: Допты қосу кезінде алаң сызығын басуға болама?

Блоктан кейін ойнауға болама?

Бағалау критерийлері

 1. Волейбол сөзінің мағынасын түсінеді.
 2. Допты қабылдай алады.
 
3. Қарсыласқа допты бере алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Пәнаралық байланыс

АӘД, Анатомия, Биология

Құндылықтар

Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіл әлемдік өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу

Алдыңғы оқу

Футбол ойынының техникасы мен тактикасы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы


Ширату жаттығулары:

Допты лақтыру:

Топқа бөлу:

Доп

Ортасы


  1. «Жауап беретін әріптес»

Студенттер екі топқа бөлініп бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бірінші студент допты жоғары көтеріп,қарама-қарсы тұрған студентке береді. Студент допты қолын көтеріп қабылдап 1-45 аралығында бір сан айтады.Айтылған сан неше болса Абай атамыздың сол қара сөзінің мағынасын ашу керек. Солай ойын жалгасып кете береді. Егер студент айтылган сан бойынша жауап бере алмай қалған жағдайда, санды айтқан студент өзі жауап береді.

-Айгерім допты жоғарыдан береді

-Асылбек допты қағып-15 санын айтады

-Айгерім: Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.

Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен…

  1. «Волейбол ойыны»

Студенттерді екі топқа бөліп волейбол ойыны туралы түсінік беріледі, сонымен қатар әдіс-тәсілдерін көрсетеміз, студенттерге көрсетіп болғаннан соң екі жақты ойын ойнатамыз.

Дескриптор:Волейбол ойынының ережесін түсіне алады.Волейбол ойынында допты ойынға қосуды жасай алады.

Қалыптастырушы бағалау: ауызша

Волейбол доптары


Жалауша

Ысқырық


Соңы

Рефлексия: Сапқа тұрғызу, өткен сабаққа қорытынды жасаймыз, қорытындылау барысында волейбол туралы түсінік аламыз, студенттерді бағалау

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» студенттер стикер арқылы Абай атамыздың білетін қара сөзерін жазып, алма ағашына жабыстырады

Ысқырық

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс –Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).

Дене шынықтыру сабақтарында саралық тәсілдемеге оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай олардың дене саулығының, дене дайындығының оңтайлы деңгейіне, сондай-ақ тиісті білім, біліктер және дағдылар көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ерекше тәсілдеме жатады.

Дене дайындығының деңгейі төмен оқушыларды қолдау үшін волйбол добын екі қолмен ойынға қосу

  • Қабілетті оқушыларға: волейбол ойыны кезінде шабылға шығуды пысықтау

Сабақтарда бағалауды мұғалім келесілер арқылы сабақ барысында жүзеге асырады:

 Бағдаршам

Қабілетті және белсенді оқушыларға жасыл түсті жұлдызшалар беру.

  • Аз белсенді оқушыларға сары түсті және қолдауға мұқтаж оқушыларға қызыл түсті жұлдызшалар беру.

Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіл әлемдік өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу;

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Бүгін оқушылар волейбол ойынының ережелері мен танысып, әдіс-тәсілдерін үйренді.Сонымен қатар Абай Құнамбаевтың қара сөздерін үйреніп, мағынасын түсінді.Сабақ тығыз және жоғарғы деңгейде өтті.Жоспарланған саралау жақсы іске асты және уақытты тиімді пайдалана білдім.


Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1: «Мотивация»


2: Қабілетті оқушылардың допты дұрыс қабылдауы

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Жұптық жұмыс тапсырмаларын жиі қолдану


2: Тақырып бойынша әлеуметтік желідегі мәліметтермен танысуды ұсыну




Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: Мақтау, мадақтау арқылы оқушыларды ынталандыру








Сұрақтар:

  1. Жылдық жоспар құру

  2. Үлгі бойынша қмж құру

Үй жұмысы: Дене шынықтыру− сауықтыру спорт жұмыстарын өткізудің жоспарын жасау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.06.2024
240
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі