Тігін машинасымен танысу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тігін машинасымен танысу

Материал туралы қысқаша түсінік
технология пәнінің мұғалімдеріне арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы А.Назарбеков ауылы

«Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Shape1






















Өткізген: Исатаева Арайлым Белқожақызы








2014-2015 оқу жылы



Тақырыбы: Тігін машинасымен танысу

Сыныбы: 5

Мақсаты: Тігін машинасының алабұйымдарын ажырата білуге, олармен жұмыс жасай білуге үйрету

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Тақырыпты өткен сабақтармен байланыстыра отырып, оқушылардың білімін пысықтау, машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру;

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, көргендерін еске сақтап ,оны қайта жаңғыртуға үйрету;

Тәрбиелік: әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ.

ІҮ. Сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма беру

І. Үй тапсырмасын тексеру.

Шебергүл: Балалар менің кеңестерімді тыңдаңдар (Шебергүлдің сұрақтарына дұрыс не бұрыс деп жауап беру.)

1.Қайшы, ине, түйреуішті барлық жерлерге қойып шығыңдар, сонда оңай табасыңдар (Бұрыс)

2. Егер қайшыны беретін болсаң ұшын қолына тығып ал, қызық болады. (Бұрыс)

3.Тот басқан инелер, қайшылар сенің достарың. (Бұрыс)


4. Жұмыс орныңда зат көп шашылып жатса жақсы болады,

керек затыңды тез тауып аласың. (Бұрыс)

5. Тігу барысында инені аузыңа ұста, сонда ешкім таба алмайды. (Бұрыс)

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

XV – ғасыр - Леонардо да Винчи – тігін машинасының жобасын ұсынды.

1755 жыл – Англия, Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.

1834 жыл – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады

1870жылы- АҚШ-та Исаак Зингер – “Зингер” фирмасын ашты.

1900 жылы – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.

«Әжемнің қобдишасы» (оқушыларға жаңа сабақ бойынша сұрақтар беріледі)

1.Тігін машинасы дегеніміз не? (Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың негізгісі)

2.Бұл зат ертеде тас дәуірінде пайда болған. Ертеде оны сүйектен, темірден, болаттан дайындаған.Қазір оны медицинада, тігін өнеркәсібінде кеңінен қолданады. (Ине)

3. Бұл зат бірнеше ғасырлар бойы келе жатыр. Бас кезінде беті тегіс темір бөлшегі ғана болған. Оны қызып тұрған отта ұстаған. Ертеде от арқылы жұмыс істеген. Қазір тоқ күшімен жұмыс істейді. (Үтік )

4. Тұтқалы құрал ол қолды және механикалы болып келеді. Бұл тұтқаны ертеде Еуропада Х ғасырда дайындаған. Тұтқаны болаттан, күмістен, алтыннан дайындаған. Үй жағдайларында нағыз керек зат, өзіңе серік, еркін қызмет атқаратын құрал. (Қайшы )

Тігін машиналарының түрлерімен таныстыру: қол жетекті, аяқ жетекті, электр жетекті.















ІІІ. Сергіту сәті.

Сөздің көркі мақал (қыздарға мақал-мәтел айтқызу)

Ал, қанеки қыздар ойнайық

Ойнайық та, ойлайық

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық.

1.Екі семсер айқасқан,

Оқта-текте шайқасқан. (қайшы)

2. Қимылдаса қос шебер

Қыруар-қыруар іс өнер ( қол )

3. Тап-тап тап жорға, табаны жоқ боз жорға,

Желіп кетсе жеткізбес, жерге түссе таптырмас (ине )

4. Инеден өзі бір елі де қалмайды,

Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды. (жіп)

ІV. Сарамандық жұмыс.

Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

1. Машинада тіке, орындыққа толық жайғасып, денені жай ғана еңкейіп, басты алға қарай иіп отыру керек,

2. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек;

3. Орындық ине тура сенің алдында тұратындай жағдайда орналасу керек (1-плакат);

4. Машина мен жұмыс орындаушының арақашықтығы 30-40 см болу керек;

5. Аятар толығымен еденде немесе аяқ қойғышта (подставка) орнығуы керек;

6. Машина үстінде артық заттар жатпауы керек;

7. Машина тігісін бастарда бұйымда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс;

8. Машинаның қозғалушы бөліктеріне жақын еңкеюге болмайды. Қолды дұрыс қоюдың тәртібін бақылау қажет (1-3-плакат)







VІ. Қорытынды.

  1. Тігін машинасының жобасын ұсынған кім?

2) Көз бен жұмыс үстелінің арақашықтығы қанша см болу керек?

Ноғаева Айман Әуесбекқызы

Машинамен іс тігу өнерге тән

Тіккен тігіс ерекше береді сән.

Қолмен тіккен шебердің жылдық ісін,

Тез арада бітірер тілін тапсаң

Тұтынуға қажетті үйдің заты

Тігін машинасы” болады оның аты

Бұрап-бұрап тетігін құртпаңыздар,

Әрқашанда ұқыпты ұстаңыздар

«Екі жұлдыз, бір тілек» (оқушылар сабақтан алған әсерлерін білдіреді)

VІІ. Үйге тапсырма беру. Тігін машинасының шығу тарихы, құрылысын оқып келу. Мата қалдықтарын, жіп алып келу.







































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.07.2018
729
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі