Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы
«Болашақ» жоғары колледжі
«Электронды техника» кафедрасы
«Тігін өндірісінің технологиясы» пәнінен теориялық сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау

Құрастырған: Халмурзаева А.М
Ш
ымкент
2021
ӘН ______________
(ӘН нөмірі)
Құрастырған: Халмурзаева А.М
«Электрондық техника» кафедрасының мәжілісінде қаралған.
№___ хаттама, «__» _________ 20 __ ж.
Кафедра меңгерушісі __________________ Мырзабекова Г.Б.
Колледждің Әдістемелік кеңесінде бекітілген.
№___ хаттама, «__» ________ 20__ ж.
Әдістемелік кеңес төрайымы _________
Әдістемелік нұсқау оқу жоспарына және пән бағдарламасына сәйкес құрылған. Жұмыста «Есептеу техникасы» мамандығының оқушылары үшін «информатика» пәні бойынша оқытуда ойын технологияларын қолдану берілген.
Ұсынылған әдістемелік кеңестер оқушыларға сабақ мазмұнына байланысты қойылатын талаптарды орындап, оқытудың теориялық негізін терең түсінуге көмек береді.
«
Болашақ»
жоғары колледжі
Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................................4
I бөлім. Біріктіру мен жұмыстың түрлері жайында мағлұмат
-
Машина инешаншымдары мен тігістері...................................................5
-
Жіптік тігіс...................................................................................................7
-
Желімдік біріктіру.......................................................................................8
-
Желімдік біріктірудің әдістері...................................................................12
II бөлім. Ылғалды жылумен өңдеу әдістері
-
Бұйымды ылғалды жылумен өңдеу, киімдерін дайындау технологиясы……………………………………………………………...17
-
Ылғалды-жылулық өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.........................20
-
Ылғалды-жылулық өңдеуге арналған жабдықтар мен құрылғылар..................................................................................................21
-
Ылғалды-жылулық өңдеу нұсқасы ...........................................................26
III бөлім. Ұлттық мотивтерді пайдалану арқылы тігін бұйымдарын даярлау
-
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің шығу тарихы................................27
-
Ұлттық киімдерді тігу технологиясы.......................................................30
-
Ұлттық киім ассортименті.........................................................................32
-
Ұлттық киімінің пішілу ерекшелігі..........................................................36
-
Ою-өрнек туралы түсінік...........................................................................37
-
Ұлттық бас киімдер...................................................................................40
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................43
![]()
Жоғарыдағы елбасымыздың айтқан сөзіне қарасақ, жаңа ХХІ ғасыр заман ағымына қарай ізденудің бірден бір жолы. Мектеп қабырғасындағы оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала, ертеңгі азамат.
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі- оқушының өзіндік танымдық ойын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелейді. Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру жөнінде сөз қозғағым келеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» -деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді деп жазылған.
Еліміздің - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру әр ұстаздан шығармашылықпен жұмыс істеуді, үлкен ізденісті талап етеді. Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оның себебі оқушы өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше алған білімдерін тәжірибеде, өмірде пайдалануды үйренбеген. Сол үшін де оқушының өзіне сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан-жақты болуы керек. Сабақ мазмұнының теориялық-практикалық құндылықтары жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің әр сабағы оқушының сезіміне, ынтасына әсер етуі керек. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Оқушыларға білім негізін меңгертудің әдіс- тәсілдері сан-алуан.Оны таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Оқушының пәнге деген қызығушылығын артттыру- мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды зерттеушілікке баулу, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шешу,танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады.
Осыған байланысты іс-тәжірибемде мынадай қағидаларға сүйенемін:
-
оқушыларға сапалы білім бере отырып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;
-
оқушылармен жекелей, жұптық, топтық жұмыстар жүргізу;
-
оқушының компютерлік сауаттылығын жетілдіру;
-
оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамыту.
Олай болса, информатика пәнін оқытуда қазіргі заманғы жаңа технологияларды қолдана отырып, соның ішінде ойын технологияларын қолдану заман талабы және оқушы мен мұғалім арасындағы жақсы байланыс.
Міне, оқушыларды білімдендіру және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында - информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану жайында төмендегіше баяндаймын. [№6, 3 б]
Тігін өндірісінің технологиясын оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қасиетін қалыптастырып, оларды белсенді, әрі толыққанды өмірге және ақпаратттық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болып табылады.
I бөлім. Біріктіру мен жұмыстың түрлері жайында мағлұмат.
§ 1 Машина инешаншымдары мен тігістері
Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына жалпы құрылымына, құрылысына тоқтала өтейк.
• XV – ғасыр – Леонардо да Винчи – тігін машинасының жобасын ұсынды.
• 1755 жыл – Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.
1834 жылы – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады
1844-1845 жылы –Элиос Хоу бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды
1850-1851 жылы –Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі дүниеге келді
1870 жылы – АҚШ-та Исаак Зингер – “Зингер” фирмасын ашты.
1900 жылы – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.
1917 жылы – Кеңес елінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыт іске қосылды. Машинаның сыртқы дизаиндары жасалып, фирманың белгісін жазатын болды.
1850-1851 жылы –Ален Уилсон мен Исаак Зингер, қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі
Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ. Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері бар
JANOME SW- 24 тігін машинасы
• 1. Кері жүріс тетігі.
• 2. Тігісті реттейтін құрылғы.
• 3. Тігістің ұзындығын реттеуші.
• 4. Тігістің енін реттеуші.
• 5. Жіп орағыш стопор.
• 6. Жіп орағыш шпиндель.
• 7. Катушкалы өзек.
• 8. Жіп орағышты бағыттаушы.
• 9. Жіп бағыттағыш.
• 10. Жіп тартқыш рычагы.
• 11. Жіп берілісін реттеуші.
• 12. Алдыңғы бөлік.
• 13. Жіп кескіш.
• 14. Жіп бергіш.
• 15. Пластина.
• 16.Қысу табанын ұстаушы.
• 17.Инелі өзектің винті.
• 18. Ине.
• 19. Қысу табаны.
• 20. Қосымша бөлік (аксессуарларды сақтау орны).
• 21. Алып жүруге арналған ұстау тетігі.
• 22. Айналма дөңгелек.
• 23. Қосу тетігі.
• 24. Электр желісіне қосатын бөлік.
• 25. Бос жеңқап.
• 26. Түймелік рычагы.
• 27. Қысу табанын көтеру рычагы.
Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Жұмыс орнын ретке келтіру.
2. Шашты жинап, жеңді қайыру.
3. Машинада тіке, орындыққа толық жайғасып, денені жай ғана еңкейтіп, басты алға қарай иіп отыру керек.
4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек.
5. Тігін машинасын тікелей мұғалімнің жетекшілігімен іске қосу.
6. Машина мен жұмыс орындаушының ара қашықтығы 20-30 см
7. Аяқтар толығымен еденде немесе аяқ қойғышта (подставка) орнығуы керек.
8. Машина үстінде артық заттар жатпау қажет.
9. Машина тігісін бастарда бұйымда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс.
10. Жұмыс бастамай тұрып орналасуын тексеру (табанды реттегіш бұранда жақсы ұстап тұр ма, ине тесігіне тура келе ме).
11. Матаны қойып, табанды түсірмей тігін машинасын жүргізуге болмайды.
12. Тігістерді ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.
Машина тігістерінің түрлері
Киімді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстар атқарылады: қолмен, машинамен, ылғалды-жылулық.
Машина тігістері қолданылуына байланысты
біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып
бөлінеді. Біріктіру
тігісі тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін
қызмет етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра
тігу, қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі
тігістен басқасымен)
таныссыңдар. Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын,
жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады.
Біріккен тігістерде бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады.
Мысалы, сырып тігілген тігісті жатқыза жөне айыра үтіктеуге болады.
Айыра үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы
мүмкін, яғни айыра
тігілген.
Бүктемелі
тігіс ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер
жейдесін тігу кезінде
қолданылады. Шет
тігістері жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы
шеттері сетінеп кетпеуі және әрлеу үшін қолданылады. Шеттік
тігістерге: жабық қиықты бүгіп тігу, жөрмеу, шеттіктеу
(жиектеу)тігістері
жатады.
Жөрмелген
тігіс өңір шеттерін, жаға, қаттама,
қалталарды өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін
біріктіріп жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік
жасап айналдыра көктеу
қажет.
Ашық қиықты бүгілген
тігіс өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін,
қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жеңнің шетін өңдеу кезінде
қолданылады. Бұйым етегін және жең қиығын өңдеу кезінде қиықтарды
алдын ала арнайы машинада
торлайды. Жабық қиықты бүгілген
тігіс жібек және мақта матадан тігілген көйлек,
блузка, ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және бұйым жеңінің
жиегін өңдеу кезінде
қолданылады. Шеттіктеу
тігісі үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты
және ызбамен
жиектеу.
§ 2 Жіптік тігіс.
Тігіс жіптік тігім арқылы белгілі бір қалыпқа келтіру кезінде, тоқыма материалдарының бөлшектерін біріктірген кезде пайда болады.
Тігістің сыртқы түрі мен құрылымын таңдап алу бұйымға, тігістің мақсаты мен материалға байланысты болады. Тігіс құрылымын сипаттайтын негізгі белгілер мыныдай: тігіске қосымша тігімнен біріктіретін бөлшектердің қиығына дейінгі аралық, тігімдер арасының қашақтығы. Тігіске қосымша мата қиықтары жіптерінің үзілгіштігіне, қиықтарды біріктіру тәсілдеріне тігістер құрылымына байланысты. Тігім мен бүгілген қиықтың арасындағы қашақтық бұйым мен оңын пайдаланылу мақсатына байланысты.
Әр түрлі тігіс құрылымдарының параметрлерін өлшеу. Жарыспа тігімдер аралығының қашықтығы материалға, киімнің нақты бөлшектерін өндеуге қойылатын талаптарға байланысты болады.
Машиналық тігімдерге өнеркәсіптің де тұтынушылардың да қоятын талаптары жоғары. Тұтынышылары талабы тігістің сыртқы түрі, тігімнің дәлдігі, тігістің еңі, инешаншым жиілігінің біркелкілігі, керіп тарқандағы тығыздығы, тігімнің тұтастығы, әлсіз тұтастардың немесе материалдың тігіс сызығының қиығының болмауы, беріктігі және басқалар.
Сонымен қатар, төмендегі қарапайым кәсіптік іс әрекет тәсілдері бекітіледі:
-
Ине, оймақ, қайшаны пайдалана білу;
-
Жұмыс орнында дұрыс отыра білу;
-
Мата кесінділерін желімді төсемдік материалмен қатырмалау.
Сырып тігу (айыра үтіктеу, жаткыза үтіктеу, сырып торлану):
Бөлшек қиықтарын теңестіріп, сырып тігеді. Тігіс ені екі жақта үтіктелсе, сырып тігіп, айыра үтіктеу және тігіс ені бір жаққа қарай үтіктелсе сырып тігіп, жатқыза үтіктеу орындалады. Бөлшек қиықтарын сырып торлайтын инешаншыммен біріктірсе, сырып торлау орындалады.
Бастырмалы тігіс (ашық қиықты, жабық қиықты):
Бастырып тігу ашық қиықты болғанда, бөлшек қиықтарын теңестеріп, 10мм сырып тігеді, тігісті бір жағына бүгіп, өң бетінен бастырып тігеді, екінші тігістің қашықтығы үлгісі арқылы анықталады. Бастырып тігу жабық қиықты болғанда, бөлшек жиегінен 7-12мм сырып тігеді, тігісті бір жағына бүгіп, өң бетінен бастырып тігеді, бір бөлшектің қиығы тігіс аралығында орналасады.
Жапсырмалы тігіс (ашық қиықты, жабық қиықты):
Бірінші бөлшек қиықтарын екіншісіне 10мм еңгізіп, сырып тігеді немесе ирек тігісті машинада ашық қиықпен үстінен тігеді. Жабық қиықты жапсырмалы тігісте, бір бөлшектің қиығы алдын ала жатқыза үтіктеледі немесе бүгіп көктеледі және өң бетінен үстінен тігеді.
§ 3 Желімдік біріктіру
Тігін бұйымдарын дайындауда желімдік біріктіру кеңінен қолданылады және бөлшектерді өңдеу уақытын азайтып, сапасын жоғарылатады. Желімдік іштік материалдарды қолдану арқылы бұйымды әр түрлі конструкциялық пішінде дайындауды қамтамасыз етеді. Желімдеу дегеніміз ажырамайтын біріктіру ол химиялық немесе жылумен өңдеу әдістерімен желімдеуде желімдік зат пен материалдардың өзара әсері натижесінен пайда болады. Тігін өнеркәсібінде термопластикалық полимерлік желімдік материал кеңінен қолданылады: полиамидті және полиэтиленді.
Термопластикалық желімдік материалдармен желімдеу процесінің маңызы. Желімделетін материалдарды қыздырғанда термопластикалық желім балқиды және тұтқырыққыштық күйге өтеді осының нәтижесінде желімделетін материал қалыңдығының белгілі бір бөлігіне енеді. оны суытқанда қатаң күйге өтеді және желімдік біріктіру пайда болады. Термопластикалық желімдік материалдардан тігін өндірісінде кеңінен тараған лейкопластырь типіндегі материалдар. Бұл материалдарды желімдік жиек түрінде киім бөлшектерінің қиықтары мен жиектерін созылудан жіне сетінеуден сақтау үшін қолданылады.
Желімдік біріктіруді орындау сапасына үтіктелетін жазықтықтың үстіңгі қабатының температурасы бөлшекті өңдеудегі меншікті қысымы жылу мен қысым әсерінің ұзақтығы матаға сіңірген желім түрі мен желімді жабынды түрі желімделетін мата түрі желімдеу алдында бөлшекті ылғалдау үшін қолданылған ылғал шамасы әсер етеді. Белгілі мата түріне және желімдеуге қолданылған жабудың шамасына байланысты желімдеу тәртібі ( температурасы қысымы жылу мен қысым әсерінің уақыты ылғалдылығы) бекітіледі. Желімдеу тәртібі тігін кәсіпорындарының лабораториясында әрбір мата түріне анықталады, желімдеу қолданылатын көп қабатты пакеттің ылғалды жылумен өңдеу жағдайындағы әсерін есепке алады.
Киім дайындауда қолданылатын әр түрлі термопластикалық желімдік материалдарға желімдік жабындының бір жақ бетіне сіңіру арқылы дайындалған іштік және жиектік материалдар желімдік өрмек желімдік жіп сетка қабыршық ұнтақ паста жатады.
Тігін бұйымдарының бөлшектерін созылудан сақтау үшін бөлшектердің конструкциялық өлшемі мен қиықтаның формасын сақтауда қиықтарда желімдік жиек немесе желімдік іштік қолданылады. Желімдік жиекті алдын ала үтіктің көмегімен кішкене кере отырып бөлшек қиығынан 3-5 мм арақашықтықта желімдейді соңғы әрлеу преспен бекітеді. Егер өңір жаға жең аузы және бұйым етегінде сәндік тігіс қолданылмаса бөлшектің ішкі қиықтарын бекітуге желімдік жіп немес желімдік өрмек қолданылады. Желімдік жіпті алдынғы бой жаға іштік материалына 1022-М кл. "Промшвеймаш" өндірісінің машинасында немесе торлайтын машинада бөлшектің теріс бетіне желімдік жіпті жайластырып өңдейді. Сырып тігетін немесе торлайтын машинада екі бөлшекті біріктіру операциясында бірден желімдік өрмекті біріктіреді. Мысалы бұйымға біріктірілетін бөлшек қиығына желімдік өрмекті туырлап ,желімделетін жағына жайластыра отырып торлайды. Өңір жиегін өңдеуде желімдік өрмекті өңірді жөрмегенде бірден біріктіреді. Өңірді айналдыра көктегенде және бұйым етегін бүгіп көктегенде желімдік өрмекті тігіс аралығына жайластырады. Желімдік біріктіру ылғалды жылумен бөлшекті өңдегенде бірден орындалады.
Бөлшектерді қатырмалау престерде белгілі уақыт аралығында немесе үздіксіз әрекетте орындалады. Белгілі уақыт аралығындағы әрекеттегі престерге әр түрлі маркадағы престер кіреді: "Майер" фирмасы (Германия), "Паннония" фирмасы (Венгрия) механикалық басқару бағдарламасымен және электронды басқару жүйесінде он бағдарлама енгізілген престер: "Текстима" бірлестігінің (Германия) 19102 Ғ және 19102Ғ-1 жұмыс істеу ұстанымы "Панномия" фирмасының престерімен бірдей, бес бағдарлама жүйесінде жұмыс істейді. Үздіксіз әрекеттерге престерге "Каннегиссер", "Майер" фирмасының престері кіреді. Престер балалар киім және пальто-костюмдік мата тобындағы бұйымдарының бөлшектерін қатырмалауда қолданылады. Тігін бұйымдарының сапасын жақсарту және еңбек өнімділігін жоғарылату үшін қатырмалау және формаға келтіру операциялары престерде бірден орындалады.
Тігін бұйымдарындағы желімдік материалдардың түрлерін талдау. Синтетикалық негізде алынған желімдік материалдар отандық және шет елдік киімді дайындау тәжірибесінде негігі және қосымша операцияларды орындау кезінде кеңінен қолданылады: пальтоның, костюмнің, көйлктердің бөлшектерін біріктіруде, аралық ретінде, негізгі бөлшектерді қиғаштай қатырмалау кезінде, жең, шалбар етегінің кесінділерін бекіту және ию кезінде; жарма, жапырақша, қалта, ерлер киімінің жағасына, қаттамасына аралық ретінде қолданылады. Қасиеттері жақсартылған желімдер жетілдірілуде, бұл оның тігін өндірісінде кеңінен қолданылуына көмектеседі.Киім бөлшектерін желіммен жалғау тәсілі тігін өнеркәсібінде кең қолданылады. Желімдер сұйық және қою, желімдік ұнтақ түрінде, төсемдік матаның бір жағына жағылған күйінде және көлемдік жіп түрінде пайдаланылады. ЦНИИШП ұсыныстарына сәйкес тігін өнеркісібінде келесідей желімдер: БФ-6, ПФ/ВБ, поливинилхлоридті пластикат, поливинилхлоридті шайырға кегізделген паста, П-548 және П-54 полиамдті шайырдан және қатты қысымды полиэтиленнен жасалған желімдік жіптер қолданылады /2/. БФ-6 негізімі – синтетикалық шайырлардан спирттік ертіндісі. ПВБ желімі – поливинил – бутиральдің спирттік ерітіндісі. Жеңіл – құрғақ матаға жағылған БФ-6 және ПВБ негіздерді желімдік тігістерге қаттылық береді. Сондықтан да, желімдеу үшін БФ-6 және ПВБ желімдерінің үлпегін немесе бір бетінде желім жамылғысы бар маталарды пайдаланады. Алдын ала үлпек жапсырған төсемдік маталар, желімдік үлпекпен түгел жабылған жиектік маталар, жолақ-жолақ желімдік үлпек жапсырылған өңірге салатын және түкті маталар шығарылады. Жиектік желімдік – мата ретінде қалыңдығы 0,1-0,13мм желімдік үлпекті бір бетіне түгел жапсырған бөз немесе миткаль пайдаланылады. Жиектік желімдік матаны жалпақтығы 10- 12мм жолақ етіп кеседі де, зығыр жиектің орнына пальто, пиджак, жакеттердің өңіріне салады. Өңірге салатын мата ретінде қалыңдығы 0,1-0,17мм желімдік үлпектің жолағы түрінде зығыр матаны бір бетін негіздейді. Желімдік жамылғысы бар зығыр матаны өңірге төсем ретінде, жағаның астына, иықты көтеруге пайдаланылады. Түкті маталардың да желімдік жолақтары бар, оларды төсемдікке пайдаланады/2/. БФ-6 және ПВБ желімдерінің үлпектерінің ені 70 см, қалыңдығы 0,13-0,27 мм дейін. БФ-6 және ПВБ желімдері тігіс жапсырмаларына мықтылық, иілгіштік, суыққа және бензинге төзімділік береді. Бұл желімдердің ылғал әсеріне шыдамауы олардың пайдалану өрісін тарылтады, жуылмайтын киімдер үшін ғана пайдалануға мүмкіндік болады. Поливинилхлоридтік желімдер – бұл поливинил-хлоридтік пластикат және полвинилхлорид негізіндегі паста.Полвинилхлоридтік пластикат – поливинилхлоритік шайыр, дибутилфталат және цинк стеараты қоспасынан дайындалған қалыңдығы 0,2-0,25 мм қатты үлпек. Поливинилхлоридтік паста поливинилхлоридтік шайырдан, дибутилфталаттан және пигменттен тұрады. Поливинилхлоридтік пластификатты погондарға, жағаларды жағалауға, мундирлердегі қайырмалар мен жапырақшаларды жабыстыруға пайдаланады. Резеңке аралас маталардан жасалған бөлшектерді жалғау үшін паста қолданылады. Полиамидтік желім толық немесе жолақ түрінде төсемдік материалға жағылады. Бұл желімдік жалғамға қаттылық беріп, жалғанған жердің бу және өткізгіштігін азайтады. Қазіргі кезде П-548 және П-54 полиамид желімдерінің ұнтақтары негізінде жасалған желімдік жақпасы бар төсемдік материалдар шығарылады. Бұл нүктелік түрінде желімдеп, жапсырып-ақ тігістің беріктігін жоғарылатады. Желімдік жақпасы полиамидтік ұнтақтар негізінде жасалған төсемдік маталардың желімдік жақпасы тұтас төсемдік материалдарға қарағанда тігісі иілгіш, бу, ауа өткізеді, химиялық тазартуға пайдаланылатын барлық органикалық ерітінділерге шыдамды болады. Желімдік жолағы бар маталардың орнына желімдік ұнтағы бар төсемдік материалдарды пайдаланудың экономикалық тиімділігі жоғары. Полиамидтік ұнтақты төсемді материалдардың ассортименті: миткаль, бөздегі желімдік ұнтақты жиекті мата, желімдік ұнтақты өңірге салынатын мата, желімдік ұнтақты, таза және жасанды жіп, желімдік ұнтақты флезилин, әр жерден бір негіздік жаппасы бар өңірлік мата /1/. Жоғарғы қысымдық полиэтилен (ЖҚПЭ) суда қайнатып, сабын-сода ертіндісінде ұстағанға төзімді, мықты желімдік тігіс береді (15 рет жуғаннан кейін немесе 1 сағат қайнатқанда тігістің мықтылығы өзгермейді). Алынған тігістер хлорлық ерітінділерге, жарық ауа райына төзімді, бірақ химиялық тазартуға пайдаланылатын бензин және уаит спирттің әсеріне шыдамдылығы төмен ЖҚПЭ қалыңдығы 0,12-0,2 мм үлпек түрінде шығарылады, төсемдік материалдарға ұнтақ немесе толық жапсырады. Жоғарғы қысымдық полиэтиленді көйлек, блуза, жейде сияқты жуылатын төсемдікке, қаттамаға, белдікке және басқа бөлшекке пайдаланылады. Соңғы жылдары П-548 және П-54 полиамидтік шайырдан және жоғарғы қысымдық полиэтиленге жасалған желімдік жіптер сырт киімдер және жеңіл көйлектердің бөлшектерін біріктіру үшін пайдаланылады. Желім технологиясы бойынша отандық киім өнеркәсібінде полиамидтер мен полиэтилен термопластиктің ең кең таралған полимерлері болып табылады. Киімді дайындаудағы термопластикалық желімдік материалдар: астарлы желімдік материалдар, жиекті желімдік материалдар, өрмек тәрізді желімдік материалдар, желімдік жіп, желімдік тор, желімдік жабынқы, желімдік ұнтақ /3/. Желімдік материалдарды пайдаланудың экономиялық тиімділігі жоғары. Бөлшектерді жалғастырудың желімдік әдісі тігін бұйымдарының сапасын арттырады және өндірісті механикаландыруға мүмкіндік береді, бұйымды өңдеу уақытысын қысқартады, бір бұйымға алғанда еңбек өнімділігін 3-11% арттырады. Барлық шығарылған киімдердің бөлшектерін жалғаудың 12-15-40% желімдік әдіспен жүргізілген болса, еңбек өнімділігі артады.

§ 4 Желімдік біріктірудің әдістері
Киім бөлшектерін өңдеуге арналған желімдік материалдар. Желімдік материалдарды қолдану жағаға, манжетаға және киімнің басқа да бөлшектеріне тұрақты пішін мен тартымды сыртқы түр береді. Олардың ең кең таралғандары:
■ біржақты нүктелі полиэтилен жабыны бар жартылай қатты іштік мата;
■ біржақты тегіс полиэтилен жабыны бар жартылай қатты іштік мата;
■ желімдік жабыны бар жиектік желімдік іштік мата;
■ қатты сіңірмесі бар іштік материал;
■ шілтер тәріді желімдік тоқылмаған материал;
■ желімдік жабыны бар тоқылмаған іштік материал;
■ желімдік жіп;
■ желімдік тор;
■ желімдік таспа;
■ желімдік ұнтақтар мен пасталар.
Нүктелі полиэтилен жабыны бар жартылай қатты іштік мата — бір жағынан жоғары қысым астындағы полиэтилен ұнтағымен жабылған мақта-мата кездеме (бөз не мадаполам). Жаңаларды, манжеталарды, белбеулерді және т.б. қатырмалау үшін қолданылады.
Біржақты тегіс полиэтилен жабыны бар жартылай қатты іштік мата — бір жағы жоғары қысымды полиэтилен ұнтағымен тұтас жабылған аққа боялған отырмайтын миткаль. Жағаларда, манжеталарда, қақпақшаларда, қалталарда, белбеулерде және т.б. іштіктер үшін қолданылады.
Жиектік желімді іштік мата — бір жағы желімді полиамид ұнтағымен жабылған мақта-мата кездеме (миткаль не мадаполам). Жүн, жартылай жүн маталардан немесе синтетикалық талшықты маталардан жасалған бұйымдарда жағаларды, манжеталарды және басқа да бөлшектерді қатырмалау үшін пайдаланылады.
Қатты сіңірмесі бар іштік материал — полиамид шайыры не желатин сіңірілген, алынбайтын аппретпен өңделген, мақта-мата кездеме (бөз). Трикотаж матадан және ауыр көйлек маталардан жасалған әйелдер көйлектерінің бөлшектерінде іштік ретінде қолданылады. Бұл іштік материал химиялық тазартуға төзімді.
Шілтер тәрізді желімдік тоқылмаған материал — жүйесіз орналасқан термопластикалық талшықтар бір-бірімен бекітілген талшықты тоқылмаған кенеп. Полиамидтен (жүн матадан жасалған бұйымдар үшін) және полиэтиленнен (мақта-мата және зығыр матадан жасалған бұйымдар үшін) аэродинамикалық әдіспен дайындалады. Бұйым етегі мен жең аузының бүгілісіндегі қосымшаларды желімдеу үшін қолданылады.
Желімдік жіп — қалыңдығы 0,3...0,5 мм, синтетикалық термопластикалық полимерлерден; жоғары қысымды полиэтиленнен – жуылған бұйымдар үшін және полиамид шайырынан алынған – химиялық тазалаудан өткен бұйымдар үшін дараталшық. Желімдік жіп бұйым шеттерін (бұйым етегін, жең аузын және т.б.) бекітуге арналған. Негізгі мата бөлшектерімен желімді қосылыс жуғыш заттардың сулы ерітіндісінде жууға төзімді және химиялық тазалауға аса қатты төзімді емес. Аталмыш материалдардан жасалған іштіктермен дайындалатын бұйымдардың жоғары сапасына өңдеудің белгілі бір режимдерін сақтаған жағдайда қол жеткізуге болады.
Желімді матадан жасалған жаға, манжета, қақпақша іштіктерін осы бөлшектердің тігіс қосымшасынсыз пішіні бойынша немесе жөрмеу кезінде іштік қиықтары тігім астында 0,1...0,2 см енмен тап болатындай етіп пішеді. Бөлшек қиықтарын жөрлемес бұрын іштікті желімді жағын бөлшектің ішкі бөлігінің ішіне қаратып қояды (астыңғы жағаға, қақпақша астында, белбеу астында, манжета астында және т.б.) және үтікпен не ылғалсыз баспақта желімдейді. Бүйір зығыр мата бір жағы желімді полиамид ұнтағымен жабылған өңделмеген зығыр мата болып есептеледі. Ол ерлер, әйелдер, балала пальтосы мен костюмдерінде астыңғы жаға, лацкандар, иық қондырмалары үшін іштік бөлшектерді пішуге арналған.
Капрон талшықты бүйір мата (жасанды талшықты) – бір жағы желімді полиамид ұнтағымен жабылған, дараталшық түріндегі мақта- мата негізді және капрон арқаулы мата. Бұл матадан ерлер, әйелдер пальтосы мен костюмдерінде кеуде тұсында бүйір іштікке қондырма пішеді.
Түкті іштік мата — бір жағы түкті және екінші жағы желімді жабынмен өңделмеген мақта-мата кездеме. Ол әйелдер мен ерлердің сырт киімдерінде алдыңғы бойды, астыңғы жағаларды, шлицаларды, жең аузын және басқа да бөлшектерді қатырмалауға арналған.
Жүйелі желімдік нүктелік жабыны бар іштік мата — бір жағында желімді жабын салынған отырмайтын әрлеуден өткен вискозалық мата. Ол пиджактар мен жакеттердің алдыңғы бойларын қатырмалауға, сондай-ақ қақпақша, жапырақша, жапсырмалы қалта сияқты ұсақ бөлшектерге іштік пішуге арналған.
Прокламилин (флизелин) — біржақты нүктелік жүйелі не жүйесіз желімді жабыны бар тоқылмаған материал. Прокламилиннен кеуде тұсында бүйір іштікке қондырмалар пішеді, пальто мен костюм дайындау кезінде ұсақ бөлшектерге иық қондырмалары мен іштіктерін пішеді.
Ені 3...6 мм және қалыңдыңы 0,07...0,27 мм кесінді түрінде термопластикалық желімнен жасалған желімді таспа жең ұштарын бекіту, пальто, костюм және басқа да бұйым бөліктерінің бүйір жиектерін әрлеу үшін қолданылады. Таспаны матаға біраз қысым астында бекітеді, оны алдын ала еріткішпен не 200..220°С температураға дейін қыздырылған ине тесігімен не тісті роликпен бекітеді.
Поливинилацетатты эмульсия — біртекті тұтқыр сұйықтық. Ілгек тұсында бүйір іштікті ылғалау үшін пайдаланылады. Қара түсті маталардан жасалған бұйымдар үшін поливинилацетатты эмульсия ерітіндісін анилинді бояғышпен бояп қояды. Әйелдер мен балалардың сырт киімінде алдыңғы бойды қатырмалау үшін бірқабатты іштіктерді қолданады, ал ерлердің костюмдері мен пальтосында қатырмалауға арналған іштік бөлшектер көпқабатты болуы мүмкін. Пайдалану процесінде жуылмайтын көйлек-блузка сұрыпталымындағы жүн матадан жасалған киімдерде жекелеген бөліктер (өңір шеттері, жаға) мен ұсақ бөлшектерді (манжета, қақпақшалар, жапырақшалар, белбеулер) қатырмаланады. Бөлшектерді қатырмалау үшін мақта-мата және вискозалық мата негізіндегі біржақты желімді жабыны бар іштік материалдар мен тоқылмаған материалдар қолданылады. Мысалы, костюм бөлшектерін қатырмалау үшін отырмайтын, сіңіруден өткен арт. 75069 вискозалық матасының негізінде П-548 тұрақты нүктелі желімдік жабыны бар іштік матаны қолданады. Іштік материалдардан бөлшектерді негізгі бөлшектерден 0,3...0,5 см-ге (жіңішкерек) іштіктің қиылған жиектері біріктіру тігістеріне 0,1...0,2 см-ге шығып тұратындай етіп пішеді. Қатырмалауға арналған іштік материалдардан жасалған бөлшектерде арқау сырт бөлшектердегі арқаужіптің бағытына сәйкес өтуі тиіс. Желімді жабыны бар маталардан жасалған іштік бөлшектерді негізгі бөлшектермен біріктіруді (қатырмалауды) бүкпелер мен бедерлерді сырып тіккенге дейін, қалталарды өңдеп, оларды басқа бөлшектермен біріктіргенге дейін, яғни қандай да бір біріктіру тігістерін орындағанға дейін жүзеге асырады. Бөлшектерді қатырмалау процесін жалпақ жастықшалы баспақ арнайы баспақтарда жылумен өңдеу арқылы, ал түйіндерді өңдеу кезінде пішіні бұйымның өңделетін бөліктерінің пішініне сәйкес келетін жастықшалы баспақтарда жүзеге асырады. Іштіктерді негізгі бөлшектермен біріктірген кезде әуелі баспақ жастықшасына негізгі бөлшекті бескі жағын төмен қаратып қояды, одан кейін негізгі бөлшектің ішкі жағына желімді жабыны бар іштік материалдар жасалған бөлшекті қояды. Белбеу дайындау кезінде желімдік жабыны бар іштік бөлшекті белбеудің астыңғы бөлігінің ішкі жағына іштік бөлшектің бір бойлық қиығы белбеу бүкпесінің сызығына сәйкес келетіндей етіп, ал басқа қиығы жөрмеу сызығының бойымен өтетіндей етіп немесе жөрмеу тігімінің астына 0,1....0,2 см-де тұратындай етіп қояды. Белбеудің айылбас бекітілетін ұшында іштік белбеуден 0,7...1 см-ге қысқа болуы тиіс.

§ 1 Бұйымды ылғалды жылумен өңдеу, киімдерін дайындау технологиясы
Тігін бұйымдары, бөлшектер және киім ылғалмен жылумен және қысыммен арнайы жабдықтың көмегімен өңделеді. Киімді дайындау процесі аралығында ылғалды жылумен өңдеу булы электрлі үтікпен жабдықталған үтіктеу үстелінде престерде булы манекендерде орындалады. Киім сапасы ылғалды жылумен өңдеуге тікелей байланысты. Ылғалды жылумен өңдеу процесі үш сатыдан құралады, ылғалдың және жылудың әсерімен мата талшығын босаңсыту, бөлшекке қажетті форманы қысымның көмегімен беру, алынған форманы кептіру арқылы бекіту. Өңдеу әдістері үтіктеу престеу және булау арқылы орындалады. Қолданылған жабдықтар электірмен, электрбумен және бумен қыздырылады. Егер матааралық қолданылса үтіктеу жазықтығыңың қызу температурасын 5-10 ̊ С көтерді. Үтіктеу операциясына 2,4-6 кг салмақтағы үтіктер қолданылады. Кәдімгі жағдайда мата жылуды нашар өткізгендіктен тігін бұйымын ЫЖӨ сапасына ылғалдылық көп мәнге ие.
Үтіктің технологиялық сипаттамасы. Әрбір үтіктің жұмысшы бөлігі табаны. Ол шойыннан тотталмайтын болып дайындалады және жылу жинау үшін қалыңдығы -15-20 мм. Үтіктің матада жақсы жылжуы үшін табаны шлифтеледі және жылтырланады. Матаның түріне және үтіктеу температурасының тәртібіне байланысты үтіктің табанының қыздыру ылғалдылығы өңдеу операцияларында 1400-220 ̊ С дейін қыздырылады. Жүн, мақта, зығыр, вискозды маталар, 180-200 ̊ С температурада үтіктеледі, жібек, табиғи жібек, капрон, лавсан, ацетат талшығы орналасқан маталар 140-160 С температурада үтіктейді.
Ылғалды жылулық жұмыстарын атқарған кезде мынадай ережелерді сақтау керек:
1. Бөлшектерді алдын ала дымқылдайды немесе булайды содан соң толық кепкенше үтіктейді
2. Тігісті үтіктер алдында оны екі жағынан отырғыза үтіктеп алу керек. Содан кейін шығыңқы жерлерді бөлшектер бетіне жатқыза үтіктейді.
3. Дымқылдық жылулық өңдеуді ішкі жағынан тігіс бетіне ешнәрсе жаймай өң бетіне жайып атқару керек.
4. Бұйымдарды ылғалды жылудан өңдеуден өткізу негізінен ішкі жағынан, ал преске салу оң жағынан жүргізіледі.
5. Үтіктеген соң көктеу жіптері қалатын мата бөлшектерінің шет жақтарын (өңір жаға, етек ұштары т.б) дымқылдық жылулықпен өңдеудің екі қайтара өткізу ұсынылады алдымен сәл дымқылдап немесе дымқылдамай үтіктейді содан соң бөлшектерді қажетінше дымқылдап қайта үтіктейді.
6. Ылғалды жылулық өткізу нәтижесінде бұйым бөлшектерінің оң жақтарында жылтырап қалған жерлерін булау көмегімен кетіреді.
7. Ашық түсті материалдардан әзірленетін бұйымдарды дымқылдық жылулық өңдеудің барысында үтіктейтін үстелді немесе престің жастығын ақшыл мата жамылғымен жабады.
8. Дымқылдық жылулық өңдеуден әбден өткізіп болған соң оған берілген форма толық тұрақтанғанға дейін ілінген күйде кептірілуі тиіс.
Ылғалды жылулық өңдеуден өткізудің негізгі шамалық көрсеткіштері мыналар болып табылады температура, престеу қысымы, өңдеуден өткізу уақыты болып табылады. Тігін бұйымдарын дайындауда желімдік біріктіру кеңінен қолданылады және бөлшектерді өңдеу уақытын азайтып, сапасын жоғарылатады. Желімдік іштік материалдарды қолдану арқылы бұйымды әр түрлі конструкциялық пішінде дайындауды қамтамасыз етеді. Желімдеу дегеніміз ажырамайтын біріктіру ол химиялық немесе жылумен өңдеу әдістерімен желімдеуде желімдік зат пен материалдардың өзара әсері натижесінен пайда болады. Тігін өнеркәсібінде термопластикалық полимерлік желімдік материал кеңінен қолданылады: полиамидті және полиэтиленді. Термопластикалық желімдік материалдармен желімдеу процесінің маңызы. Желімделетін материалдарды қыздырғанда термопластикалық желім балқиды және тұтқырыққыштық күйге өтеді осының нәтижесінде желімделетін материал қалыңдығының белгілі бір бөлігіне енеді. оны суытқанда қатаң күйге өтеді және желімдік біріктіру пайда болады. Термопластикалық желімдік материалдардан тігін өндірісінде кеңінен тараған лейкопластырь типіндегі материалдар. Бұл материалдарды желімдік жиек түрінде киім бөлшектерінің қиықтары мен жиектерін созылудан жіне сетінеуден сақтау үшін қолданылады.
Желімдік біріктіруді орындау сапасына үтіктелетін жазықтықтың үстіңгі қабатының температурасы бөлшекті өңдеудегі меншікті қысымы жылу мен қысым әсерінің ұзақтығы матаға сіңірген желім түрі мен желімді жабынды түрі желімделетін мата түрі желімдеу алдында бөлшекті ылғалдау үшін қолданылған ылғал шамасы әсер етеді. Белгілі мата түріне және желімдеуге қолданылған жабудың шамасына байланысты желімдеу тәртібі ( температурасы қысымы жылу мен қысым әсерінің уақыты ылғалдылығы) бекітіледі. Желімдеу тәртібі тігін кәсіпорындарының лабораториясында әрбір мата түріне анықталады, желімдеу қолданылатын көп қабатты пакеттің ылғалды жылумен өңдеу жағдайындағы әсерін есепке алады. Киім дайындауда қолданылатын әр түрлі термопластикалық желімдік материалдарға желімдік жабындының бір жақ бетіне сіңіру арқылы дайындалған іштік және жиектік материалдар желімдік өрмек желімдік жіп сетка қабыршық ұнтақ паста жатады. Тігін бұйымдарының бөлшектерін созылудан сақтау үшін бөлшектердің конструкциялық өлшемі мен қиықтаның формасын сақтауда қиықтарда желімдік жиек немесе желімдік іштік қолданылады.
Желімдік жиекті алдын ала үтіктің көмегімен кішкене кере отырып бөлшек қиығынан 3-5 мм арақашықтықта желімдейді соңғы әрлеу преспен бекітеді. Егер өңір жаға жең аузы және бұйым етегінде сәндік тігіс қолданылмаса бөлшектің ішкі қиықтарын бекітуге желімдік жіп немес желімдік өрмек қолданылады. Желімдік жіпті алдынғы бой жаға іштік материалына 1022-М кл. "Промшвеймаш" өндірісінің машинасында немесе торлайтын машинада бөлшектің теріс бетіне желімдік жіпті жайластырып өңдейді.
Сырып тігетін немесе торлайтын машинада екі бөлшекті біріктіру операциясында бірден желімдік өрмекті біріктіреді. Мысалы бұйымға біріктірілетін бөлшек қиығына желімдік өрмекті туырлап ,желімделетін жағына жайластыра отырып торлайды. Өңір жиегін өңдеуде желімдік өрмекті өңірді жөрмегенде бірден біріктіреді. Өңірді айналдыра көктегенде және бұйым етегін бүгіп көктегенде желімдік өрмекті тігіс аралығына жайластырады. Желімдік біріктіру ылғалды жылумен бөлшекті өңдегенде бірден орындалады.
Бөлшектерді қатырмалау престерде белгілі уақыт аралығында немесе үздіксіз әрекетте орындалады. Белгілі уақыт аралығындағы әрекеттегі престерге әр түрлі маркадағы престер кіреді: "Майер" фирмасы (Германия), "Паннония" фирмасы (Венгрия) механикалық басқару бағдарламасымен және электронды басқару жүйесінде он бағдарлама енгізілген престер: "Текстима" бірлестігінің (Германия) 19102 Ғ және 19102Ғ-1 жұмыс істеу ұстанымы "Панномия" фирмасының престерімен бірдей, бес бағдарлама жүйесінде жұмыс істейді.Үздіксіз әрекеттерге престерге "Каннегиссер", "Майер" фирмасының престері кіреді. Престер балалар киім және пальто-костюмдік мата тобындағы бұйымдарының бөлшектерін қатырмалауда қолданылады. Тігін бұйымдарының сапасын жақсарту және еңбек өнімділігін жоғарылату үшін қатырмалау және формаға келтіру операциялары престерде бірден орындалады.
§ 2 Ылғалды-жылулық өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Электр үтігінің ыстықтығын қолмен ұстап тексеруге болмайды.
2. Үтікті электр жүйесіне қосқанға дейін үтік бауын, үтік тұғырын тексеру керек.
3. Үтіктің құлауына, сымның бұралуына үтіктің қатты қызуына жол бермеу.
4. Ысып тұрған үтікті суға салып немесе су бүркіп суытуға болмайды. Ондай жағдайда қолды немесе бетті күйдіріп алу мүмкін.
5. Ақаулы үтікпен жұмыс істеуге және электр сымын өз білгенінше жөндеуге болмайды.
Тоқтан зиян шекпеу үшін үтікті тек құрғақ қолмен қосып, ажырату
Үтікпен жұмыс:
-
Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген желінген жерлерін тексеру керек
-
Үтікті мата түріне қарай қыздыру керек
-
Үтікті тек тұтқасынан ұстаған дұрыс.
-
Үтікті арнайы тіреуішке тіреу керек
-
Үтікті тек мұғалімдердің рұқсатымен токқа қосуға болады
-
Ылғал қолмен токқа қосылған үтікті ұстауға болмайды.

Электр қуатымен жұмыс
істейтін аспаптарды пайдалану
1. Электр қуатымен жұмыс істейтін аспаптарды отқа төзімді тұғырға
қою керек.
2. Электр плиткасының сымдары жерге қосылуы керек.
3. Ток көзіне қосатын баудың жұмысқа жарамдылығын алдын ала
тексеріп алған жөн.
4. Аспаптың айыртығынын құрғақ қолмен ұстап қосып – ажырату
қажет.
5. Жұмыс соңында электр аспабын ажырату
керек.
Тігін кабинетіне арналған ереже
-
«Технология» кабинетіне тек қана мұғалімнің рұқсатымен кіруге болады.
2. Арнайы киімді киіп, қолынды сабынмен жу (егер сабақ ас дайындаумен байланысты).
3. Бекітілген орнында жұмыс істе, мұғалімнің рұқсатынсыз орныңнан тұрма.
4. Жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен баста. Жұмыс кезінде сақ бол.
5. Қолдану ережелерін білмейтін құрал – саймандарды қолданба.
6. Құрал - саймандарды тек жұмысқа пайдалану керек
7. Өз жұмыс орныңды тазалықта сақта.
8.. Құралдарды мұғалім көрсеткен ретімен орналастыр.
9. Жұмыс кезінде сөйлеме.
10. Қоңырау кезінде кабинеттен шығу керек.
11. Жұмыс аяқталғаннан соң өз жұмыс орныңды жинап кет. -
Ылғалды-жылулық өңдеуге арналған жабдықтар
§ 3 Ылғалды жылумен өңдеуге арналған жабдықтар мен құрылғылар
Тігін бұйымдарын ылғалды жылумен өңдеу деп бөлшектерді не бұйымдарды арнайы жабдықтың көмегімен ылғалмен, жылумен және қысыммен арнайы өңдеу түсініледі. Киім дайындау кезінде ЫЖӨ бұйымды өңдеудің барлық еңбек сыйымдылығының 15...25%-ын құрайды (бұйым мен мата түріне байланысты). Ылғалды жылумен өңдеу процесішілік (бұйымды өңдеу процесінде жүргізіледі) және ақырғы (дайын өнімді әрлеу кезінде) болады. Бұйымның сапасы, сыртқы түрі көбінесе тігу процесінде де, соңғы әрлеуде де ЫЖӨ-ге байланысты болады. Ылғалды жылумен өңдеу бұйым бөлшектеріе көлемді-кеңістіктік пішін беру үшін қолданылады. Бүкіл ылғалды жылумен өңдеу процесі үш кезеңнен тұрады: талшықты ылғалмен және жылумен жұмсарту; белгілі бір пішін беру; алынған пішінді ылғалды жою арқылы бекіту. Ылғалды жылумен өңдеуді үтіктеу (үтікпен), баспақта баспақтау және булау (булы баспақтарда, бу-ауалы манекендерде) арқыл орындайды. Жіп ілмекөрімінің тығыздығына қарай әртүрлі маталар ылғалды жылумен өңдеуден әрқалай өтеді. ЫЖӨ-ге арналған жабдықта электрлік, электрлік-булы және бумен жылытуы болуы мүмкін. Маталар мен басқа да материалдарды ЫЖӨ режимдері қолданылатын жабдықтың түріне байланысты. Үтік пен баспақтың әсер ету ұзақтығы техникалық шарттарда лавсанды жүн маталар үшін 0,5 м тігіс ұзындығына, ал басқа материалдар үшін 0,25 м тігіс ұзындығына көрсетіледі. Егер үтіктер қолданылса, үтіктейтін бетті жылыту температурасы 5... 10°С-қа жоғарылауы мүмкін. Үтіктеу операцияларында салмағы 2...4,6 кг үтіктерді пайдаланады. ЫЖӨ-ге арналған жабдықтар негізгі бес топқа бөлінеді: әмбебап баспақ жабдығы; арнайы баспақ жабдығы, үтіктегіш үстелдер; үтіктер; көмекші жабдықтар.
Баспақтарды қолдану еңбекті көп қажет ететін ЫЖӨ операцияларын механикаландыруға, еңбек өнімділігін арттыруға, өңдеу сапасн жақсартуға және орындаушылардың еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Баспақтар жетек типіне, баспақтау күшіне және жастықша түріне қарай өзгешеленеді. Баспақтардағы жетек механикалық, электрлік, пневматикалық және гидравликалық болуы мүмкін. Механикалық жетекті баспақтарда жастықшалардың жабылу және ашылу механизмдері электрқозғалтқышпен, пневматикалық жетекті баспақтарда сығымдалған ауа арқылы, гидравликалық жетекті баспақтарда цилиндрдегі май қысымы арқылы жұмыс істейді. Барлық баспақтар екі іске қосу батырмасын басқан кезде әрекетке келтіріледі. Жастықшаларды жылыту үшін буды немесе электржылытқыш элементтерді қолданады: шиыршықты, түтік тәрізді (ТЭЖ) және жартылай өткізгіш.
Өнеркәсіпте э л е к т р - б у л ы баспақтар кеңінен қолданылады. Бу өңделетін бөлшектердің ылғалдануы, ал электрлік жылыту қажетті температураны қамтамасыз етеді.

Бұйымды электр-булы баспақтарда қалған ылғалды вакууммен сора отырып, бұйымды өңдеген кезде ЫЖӨ сапасы едәуір арта түседі. Электр жылытқышы бар үтіктегіш баспақтардың қол немесе автоматты бүріккіштері бар. Жастықшалардың температурасы өңделетін материалдың түріне байланысты болады. Егер материалдың құрамында әртүрлі талшық болса, онда жастықшалардың температурасы жылуға ең сезімтал талшық бойынша белгіленеді. Әрбір баспақтың екі жастықшасы болады – үстіңгі және астыңғы. Сырт киім дайындау кезінде қолданылатын жастықшалардың пішіні орындалатын операцияға байланысты. Баспақтау күшіне қарай баспақтарды ауыр, орташа және жеңіл, ал міндетіне қарай жекелеген бөліктер мен бөлшектерді өңдеу үшін әмбебап және арнайы деп бөлінеді.
Көйлек пен іш киім дайындаған кезде бөлшектердің жиектерін (планкаларды, түймеліктерді, жапсырмалы қалталарды және т.б.) бүгуге арналған ү с т е л ү с т і л і к б ү к т е г і ш б а с п а қ т а р пайдаланылады. Бұл жабдық жеке немесе топтық бу генераторларынан бумен жабдықталады және өңделетін бөлшектер мен бұйымдарды булау, баспақтардың астыңғы жастықшаларын және үтіктегіш үстелдердің үтіктейтін тақталарын жылыту үшін қызмет етеді. Баспақтардың үстіңгі жастықтарының электрлік жылыту жүйесі бар. Үстіңгі жастықшаларды жылыту температурасы 80... 200 °С аралығында реттеледі. Баспақтардың автоматты құрылғысы булау, баспақтау және өңделетін бөлшектерден ылғалды сору ұзақтығын бақылауға мүмкіндік береді.
Арнайы баспақтар тобына жеңтүптерді үтіктеуге арналған ПЛГС баспақтары, қолтық ойындылары бойынша қондырмаларды жия үтіктеуге арналған СПР-1, СПР-2, СПР-3 баспақтары (пневматикалық жетегі бар), қолтық ойындылары бойынша қондырмаларды жия үтіктеуге арналған СПРГ-1, СПРГ-2, СПРГ-3 баспақтары (гидравликалық жетегі бар), ерлер ішкөйлектерінің манжеталарын үтіктеуге арналған ПМ-1 баспағы, ерлер пальтосының шлицалары мен артқы бой етегін өңдеуге арналған прессы ГПКС-П, ГПКС-Л баспақтары, ерлер пальтосына арналған бүйір пішінді БФС баспағы, ерлер ішкөйлектерінің бітімін өңдеуге арналған баспақ ерлер ішкөйлектерінің жағалары мен манжеталарын өңдеуге арналған баспақ жатады. Арнайы жабдықтқа, мысалы, сырт киім бөлшектерін қатырмалауға арналған қондырғы жатады.
Бу-ауалы манекен иықты тігін бұйымдарын соңғы ылғалды жылумен өңдеуге арналған. Манекен желдеткіштен, негіздемеден және жылуға төзімді матадан жасалған қамтама киілген, белгілі бір өлшемдегі фигура пішіні бар арқаудан тұрады. Дайын бұйымды манекенге кигізіп, түзейді, жиектерін арнайы қысқаштармен бекітеді және ауаны қысып толтыратын желжеткішті қосады. Нәтижесінде бұйымдағы барлық қыртыстар мен қатпарлар жазып тегізтеледі. Одан кейін бұйымды булайтын жылытылған буды және жазып тегістелген күйдегі бұйымды құрғатуға арналған ыстық ауаны жібереді.
Үтіктегіш (үтіктейтін) үстелдер (үтікпен бірге не онсыз) әртүрлі маркада шығарылады. Үтіктегіш үстелдердің жалпақ тікбұрышты үтіктегіш тақтасы болады, оның өлшемдері өңделетін бұйымның түріне байланысты. Тақта 110 °С-қа дейінгі температурадағы бумен жылытылады және оның вакуумдық соруға арналған құрылғысы болады. СУ-В үтіктегіш үстелдерін әйелдер мен балалар көйлектерін процесішілік ЫЖӨ үшін; СУ-М (механикалық үтігі бар) – әртүрлі тігін бұйымдары үшін; СУ-ОК (УПП-ЗМ электр үтігі бар) – ерлер пиджактары үшін (1.137-сурет); СУ-ОП – пальто үшін (1.138-сурет); СУ-1 Пл – көйлектерді ылғалды жылумен өңдеу үшін қолданады.
Үтіктегіш үстелдер үтіктеу желісінің құрамды бөлігі болуы мүмкін.
Л1-СУ желісі (1.139-сурет) жеңіл киімдерге арналған. СУ-1 Пл үтіктегіш үстелдерден басқа оған УП-13М булы қондырғылары, булы және вакуумдық сымдар, ВК-1 катионитті су жұмсартқышы және УВГ-1 қондырғысы кіреді.
Үтіктеу желісі 4...6 үтіктегіш үстелмен және өнеркәсіптік бу беретін қондырғылармен толымдалады. СУ-1 Пл үтіктегіш үстелі УП-13 М булы қондырғысынан да бумен қуатталуы мүмкін.

1.137 -сурет. СУ-ОК үтіктегіш үстелі

1.138 -сурет. СУ-ОП үтіктегіш үстелі
Өңделетін бұйымдардың астыңғы бөліктерін ұстап
тұруға арналған үстелше техникалық матадан қапталған имек түтіктен
жасалады. УЭП электр-булы үтігі үтіктегіш үстелдің негізгі жұмыс
органы болып табылады. Үтік табанының температурасы
термореттегішпен реттеледі. Үтіктегіш үстелдің жұмыс істеу принципі
келесідей. Желіге қосқан кезде кернеудің берілгені туралы сигнал
беретін шам жанады. Бұйымды үтіктегіш жастықшаға жаяды. Үтіктеуді
үтікпен, бір мезетте өңделетін бұйымды үтік жастықшасы арқылы
келетін бумен ылғалдай отырып жүргізеді. Вакуумдық сору педалін
басқан кезде (үстелді орталықтандырылған соруға қосқан кезде)
вакуумдық қақпақша ашылады да, бұйым кептіріледі. УП-13 М автоматты
бу қондырғысы СУ-1 Пл үтіктегіш үстелдерін бумен қуаттауға
арналған. Қондырғы бу шығаруға арналған орталықтандырылған
қондырғылары жоқ тігін кәсіпорындарында қолданылады. Вакуумдық
қондырғы үтіктегіш жабдық тобын орталықтан вакуумдық сорумен
қамтамасыз етуді жүзеге асырады (10...12
бірлік). Вакуумдық сору ылғалды жою және жартылай
фабрикаттарды ылғалдау үшін қажет. 
1.139 -сурет. Үтіктегіш үстелдер-бу генераторлары бар үтіктеу желісі
Үтіктерді бұйымды дайындау процесінде, сол сияқты соңғы әрлеу процесінде оны ылғалды жылумен өңдеу үшін қолданады. Жылыту тәсіліне қарай үтіктер булы, электрлік (1.140-сурет) және булы-электрлік үтіктер болып бөлінеді. Тігін өнеркәсібінде тілімді не шиыршықты жылыту элементтері бар электрлік үтіктер кең қолданысқа ие. Ылғалды жылумен өңдеудің температуралық режимін сақтау термореттегіші бар үтіктердің арқасында жүзеге асырылады. Өнеркәсіпте әртүрлі материалдардан киім дайындау кезінде шиыршық-түтікті жылыту элементтері бар үтіктер пайдаланылады. Түтікті жылыту элементі үтіктің үтіктейтін бетінің 100...250°С температураға дейін тез әрі біркелкі жылуын қамтамасыз етеді, термореттегіштің көмегімен қажетті температура сақталады. Әртүрлі операцияларды орындаған кезде бір-бірінен салмағы, өлшемі мен қуаттылығы бойынша өзгешеленетін үтіктерді қолданады.

Декатирлерді матаны тығыздау, жұмсақтығын көбейту және өңдеу мен пайдалану процесінде отыруына жол бермеу мақсатынды бумен өңдеу үшін қолданады.
ЫЖӨ орындаған кезде еңбек өнімділігін арттырып, бұйымды өңдеу сапасын жақсарту үшін әртүрлі құрылғылар қолданылады: қалыптар, бүріккіштер мен үтік басқыштар.
Қалыптар (1.141-сурет) қол үтіктерімен жұмыс жасаған кезде пайдаланылады. Олардың пішіндері мен өлшемдері оларда орындалатын операциялардың сипатына сәйкес келуі тиіс. Жекелеген операцияларды орындау үшін белгілі бір материалдармен жұмыс жасаған кезде шұғамен қапталған қалыптарды қолданады.
§ 4 Ылғалды-жылулық өңдеу нұсқасы
Ылғалдау – мата бетінде үтіктеу кезінде пайда болған жылтыраған ақауларды жою үшін жасалады. Ылғалдау процесі матаның оң бетіне дымқыл табиғи матаны (мәрлі) жаю арқылы үтіктеу. Созу – қиындыны немесе жеке бөлшектердегі қиық бөліктерін ұзарту (мысалы, тік жағаны, белдің бүйір тігісін созу). Айыра үтіктеу – тігістің ортасын ашып, екіге айырып бастырып үтіктеу (мысалы, иық тігісі, бүйір тігісі). Баса үтіктеу – тігіс қалыңдығын жұқарту (мысалы, бұйымның етегін, қатпардың бүктемесін, екі немесе одан да көп қиықтарды сырылған тігісін үтіктеу.)
Киімді дайындау барысында ең маңыздысы – киім бөлшектері мен киімді ылғалды-жылулық өңдеу процесі. Тігін бұйымдарын ылғалды-жылулық өңдеу – дегеніміз бұйымның бір бөлігін немесе тұтас бұйымды ылғал, жылу, қысым арқылы арнайы құралдың көмегімен өңдеу.Ылғалды-жылулық өңдеу жұмысы бұйымның тігілу сапасына көп әсерін тигізеді. Үтіктеу арқылы бұйымның формасын келтіру, әр түрлі тігістерді өңдеу, бұйымның соңғы өңделуі және жапсыру жұмыстары жүргізіледі.Ылғалды-жылулық өңдеу жұмысы тігін бұйымдарын өңдеудің жалпы уақытының бестен бір бөлігіне тең.

1. Әрбір тігісті орындағаннан кейін, үтікпен бастырып отырса, жұмыстың кәсіби орындалуына қол жеткізуге болады.
2. Үтіктің қызуы мен матаның жоғары температураға әсерін бақылау.
3. Үтіктеу алдында, бормен немесе құрғақ сабынмен белгіленген белгілеулерді өшіріп алу керек.
4. Мата жібінің бағытымен үтіктеу, матаны созып үтіктеуге болмайды.
5. Үтікті мата бетінде ұзақ басып тұруға болмайды.

§ 1 Қазақ халқының ұлттық киімдерінің шығу тарихы
Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім).Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.Қазақ шапандары алдыңғы екі өңірі, артқы бой, екі жең және жағасын ойып пішіледі. Артқы бойдың екі жақ шеті алдыңғы өңірге қусырыларда оның екі жақ етегіне, бел мықынға жеткенше, екі үшкіл қойма қойылады. Оның етек жағы енді, бел жағы енсіз келеді (“шабу” деп атайды). Шапан жеңінің екі беті бір-ақ қиылады. Ұлы жүз қазақтарының шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, әшекейлі келсе,Орта жүз тұрғындарының шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ оймалы немесе түймелі болған. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып тігілген. Қазақтар шапанға шабу, жең түптеріне ойынды, қолтырмаш қояды.Ішіне жабағы жүн салынып сырылған, суықта киетін сырттық – күпі, түйе жүнінен иірілген жіптен тоқылған жұмсақ сырттық – шекпен (тайлақ жүнінен тоқылса шидем шекпен), жеңсіз, киізден қаусырылған, сәндендірілген кебенек, астары қалыңдатылған қаптал шапан, сырмалы, шабулы, жұрынды түрлері болады. Иленген, әрі боялған (қарағай, қайың нілімен, өсімдік, қына, томар бояумен боялған) тон, сырты қымбат матамен тысталған ішіктің түрлері кең таралған. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп, кестелеп, қаптама тон жасайды, етек жеңіне жұрын ұстайды. Жарғақ, тайжақы, қылқа, дақы деген киімдерді тай, құлын, лақтың терісінен жүнін сыртына қаратып тігеді. Шалбарды барқыт, ұлпа, пүліш, тібен, шибарқыт, шегрен, ләмбек, мәлескен, қырмызы, қамқа, бақисап, көк мәуіті сияқты ширақы маталардан, қой ешкі терілерінен тіккен. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, атқа мініп-түсуге ыңғайлы, кең балақ болып келеді. Жеңіл шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарлау, әсіресе, батырлар мен аңшыларға, балуандарға тән болған. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі. Қазақ халқының ұлттық киімдерінде тұрғындардың геогр., ру-тайпалық ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне бас киім мен шапаннан байқалады. Мысалы, 8 сай уақ тымақ,3 құлақты керей тымақ; қаракесек, адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ, сырмалаған 6 сай найман тымақ, 4 сай жатаған тобықты тымағы (М.Әуезовтың айтуынша) болған. Аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, қоңырат үлгісіндегі тымақтар деген атауларға бөлінеді. Еркектер мен әйелдер бас киімі әр түрлілігімен ерекше-ленді. Еркектердің ежелден келе жатқан дәстүрлі бас киімі – қалпақ жұқа ақ киізден тігілді. Бұлардың ақ киізден төбесі биік етіліп жасалғаны “ақ қалпақ”, ал жалпақ күнқағары жоғары бүктеліп қайырылғаны “айыр қалпақ” деп аталды. Көктем мен күзде қазақтар дөңгелек пішінді, төбесі биік, міндетті түрде аң терісімен жиектелген бөрік киген. Қыста киетін бас киім “тымақ” деп аталды.Қыздардың бөріктері алқалармен және төбесіне үкінің, көк құтанның немесе тотының үлпек қауырсындары тағылып сәндендіріледі. Қыздардың құндыз, кәмшат терісімен жиектелген бас киімдері “кәмшат бөрік” деп, алтынмен кестеленгені “алтын бөрік”, маржандармен әшекейленгені “қалмаржан бөрік” деп аталды. Барқыттан немесе қамқадан тігілген жаздық жеңіл бас киім – “тақия” үкінің үлпек қауырсынымен, күміс және алтын кестелермен әшекейленді. Әйелдердің бас киімдері арасынан неғұрлым өзіндік сән-салтанатымен ерекшеленетін қыздардың тұрмысқа шығардағы бас киімі – сәукеле болды. Төбесі үшкірленіп, биік етіліп тігілетін ол алтын және күміс тиындармен, інжу-маржандармен, алқалармен безендірілді. Алғашқы нәрестесі дүниеге келісімен жас әйел ақ матадан тігілетін бас киім – кимешек киген. Қазақ халқының ұлттық киімдеріндегі бас киімді былайша топтастыруға болады: 1) ерлер бас киімі: шыт, кепеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), үшкүлдір, жекей, жапетер, тақия (зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа, т.б.), құлақшын, бөрік, жалбағай, қалпақ, құлақты тымақ, күлапара, қырпу (іштік бөрік); 2) әйелдер бас киімі: сәукеле, бөкебай, қарқара, кимешек, күндік, желек, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар), бүркеніш, бергек, қасаба, тақия, шылауыш, жаулық. Қыста киетін бас киімдер қымбат, қалың матамен тысталады. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ішінде аяқ киім, соның ішінде етіктің биік өкше, жарма қоныш, тіремелі, көксуыр, саптама, жұмсақ табан, үшкіл тұмсық, шоңқайма түрлері қымбатқа түскен. Сонымен бірге сырма киіз, ішетік, мәсі, шоқай, бұйық (етік сыртынан киетін, жүні ішіне қараған, иленген теріден жасалған байпақ тәрізді аяқ киім) түрлері таралған. Орта Азия және Қытаймен арадағы сауда-саттықтың нәтижесінде қымбат бағалы жібек, мақта маталары алынып, киім тігуге қолданылды. 18 ғ-дан бастап орыстың фабрикалық арзан маталары көптеп айырбасқа түсуі қазақ ұлттық киім түрінің көбеюіне мүмкіндік туғызды. Торғын, пайы, шағи, дүрия, бәтес, сусыма, лейлек, атлас, сұпы, шәйі тәрізді маталардан желбіршекті жұқа көйлектер тігіледі.

§ 2 Ұлттық киімдерді тігу технологиясы
Киім-денені ауа райының, сыртқы ортаның зиянды әсеріне қорғайтын,адамның денесіне арналған жасанды жамылғы түрі,тұтыныс бұйымы. Киім-адамның өмір сүруіне қажетті негізгі құралдардың бірі бола отырып, белгілі дәрежеде олардың жас айырмашылығын, әлеуметтік жағдайытуралы мағлұмат беретін этно-мәдени үлгі. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғап өзінің практикалық қызметін атқарса, адам денесіне сән беріп,эстетикалық қызметі ақарған. Ағаш жапырақтарынан, аң терілерінен лыпа сияқты алғашқы киімдер адам алғаш пайда болып үңгірлер, жартас қуыстарын паналап, шөп-шалам, қамыстан лашық жасап, табиғатпен үйлесім тапқан кеден басталған. Киім тігіссіз киім адам денесіне оралады, байланады. Тігіншіліктің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктеріне, қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуыен тығыс байланысты. Киім қоғамның материалдық жадығаттық және рухани құрамдас бөлігі болып табылады. Бір жағынан бұл адамдардың еңбегімен жасалған және кейбір қажеттілікті қанағаттандыратын материалдық құндылықтар болса, екіншіден-ол адамның келбетін эстетикалық жағынан өзгертетін қолданбалы сән өнері. 1211000-Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу кәсібінің оқу бағдарламаларын жүзеге асыру үшін технология мен тігін бұйымдарын дайындауды үйретеді. Теориялық және кәсіби білім беру оқушылардың техникалық ойлау қабілетін қалыптастырып, кәсіп саласында қабілетін өз бетімен жетілдіруге бағытталуы тиіс. Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу кәсібін алушылар өндірістік оқу практика процесі кезінде алған білімдерін тереңдетіп және бекітіп,өз мамандығына сай кәсіптік қызметі үшін білік пен дағдыны қалыптастастыуға міндетті. Жеке тапсырысқа сай тігін бұйымдарын дайындаудағы барлық жұмыстар түрін орындай білуді: ұлттық тігін көркемдеуді; киім жаңарту немесе қалпына келтіру жұмыстары;киімді жаңарту немесе қалпына келтіружұмыстарыкиімдік маталардың қасиеттері мен техникалық сауаттылық бұйым бөліктерін өңдеудің тәртібі тәсілдерін таңдауды мен құрал жабдықтардың жағдайын тексеруді осы замандық киімдердегі стилдік жан жақтылығын ұғыну керек. Киім дегеіміз бұл қорғайтын және әсемдік беретін, тұтынушының дербестігін көрсететінжабулардың жиындығы болып табылады. Киімнің дамуымен оған қойылатын талап да өсті.Қазіргі кезде сән бағытындағы өндірілген тігін бұйымдары,әр түрлі көп функционалды болып келеді. Осыған байланысты тұрмыстық кмімге қойылатын талаптар екі топқа бөлінелі:тұтынушылық өндірістік талаптар. Киімдердің бұл көрсеткіштерге сай келуі маңызды болып саналады
Мата таңдау
Қазіргі уақытта шығарлатын маталардың түрлері өте көп, түстері сан алуан бұл өз матанды қалауынша таңтап алуға, мүмкіндік береді бірақ матаны дұрыс жарасымына қарай дұрыс таңдап алу керек, таңдап алу үшін,оның атауын, қолданылуын тағы басқада тәжірибелерін білу қажет. Мата түсі боялған беттердегідеи, мата айшықталып немесе мәнерленіп боялған түрлі-түсті жіппен, жүннен тоқылған, боялған. Сұр ақшыл, және ақ, болып бөлінеді. Бір түсті боялған маталар ашық күнгірт түс болып бөлінеді. Матаның өңін ішіне қаратып, беттестіріп бүктеу, матаны көлденеңінен түйреп қою. Тігілетін бұйымның тиісті пішімін сақтау үшін алдыңғы орта сызықты матаның үзындық жіптерінің бойымен орналастырады. Пішу барысында белдік пен аспа бауға ерекшк назар аударылып, тігіс пен бүктеуге кететін тұстар пішімді бөлшектерінде түсті қарындашпен белгіленеді. пішу-тігін бұйымын дайындау кезіндегі аса маңызды процестердің бірі. Пішу барысындағы реттілік,
1. Матаның өнің ішіне қарай беттестіріп, қосарлап, өзіңе қарай қайырып бүктеу.
2. Қиындыларды салуды ірі бөлшектерден бастау.
3. Қосарланған бөлшектерді беттестіргендегі суреттердің бірыңғай қабысуын қадағалау. Бұл ретте Жеті рет өлшеп бір рет кес деген макалды еске алу қажет. Барлық маталарды пішуден бұрын үтіктеп алады. Пішудің алдында матаны ұзына бойына, өңін ішіне қаратып,тен етіп бүктейді де арқау жібін негізгі жіпке перпендикуляр болып түсуін қадағалап, екі шетін беттестіреді. Егер мата қиығының шеттерінде қиғаштық болса, бұл бөліктер пішуге жатпайды. Матаның шеттеріндегі тор көздер мен кестелерінің орналасуы біркелкі болмаса, оны симметрияның нақ ортасымен орналастырады. Матаның ең шетін жеке бөліктерге белдік және басқалар пайдаланады. Торкөздерінің қиылысқан жерін қиюластырып, бүктелген матаны 15-20 см сайын инемен шаншып белгілеп қояды. Барлық лекалоны, соңын ішінде ең ұсақтарын да міндетті түрде бірден жасау керек.
Модель таңдау және сипаттамасы
Модельдің сыртқы түрінің
сипаттамасын берген кезде алдымен модельдің тұтас ауданындағы жалпы
сипаттамасы беріледі, содан кейін негізгі бөлшектері жекелей
сипатталады, бұйым аталуы үшін қарапайым немесе ерекше болып екіге
бөлінеді. Тақия-ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияның түрлері көп.
Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін
тақияда тенге, моншақ, тана болмайды.оның есесіне олар мүйіз, ат
ерін, шырмауық сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен
тандайды, ирек, қабырға тігістерімен әдеміле ніл сырылады. Тақияны
пүліштен,қыжымнаң ала астарын жібек, сытеннен тігеді. Биік
төбелі тақия мен тегіс төбелі тақияның тігілуі бірдей.тақия
мыжылмай өз формасын сақтап тұру үшін оның астары мен қос астарын
беттестіріп жиі етіп сыриды. Одан киін тысын жауып, шетін басқа
түсті матамен әдіптен көмкереді.Сайлардың және тақияның төбесі мен
етегінің қоспа тігістері білінбеу үшін сол тігістерді бастыра жібек
жіппен әдемілеп шалып тігеді. Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар
әр түрлі тақия жасап шығарады
.
§ 3 Ұлттық киім ассортименті
Қазақтың ұлт киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де айырып айтылады. Мысалы, арғын тымақ, найман тымақ, қызай бөрік, ноғай бөрік т. с. с. Кейде географиялық мекен атына қарай да ерекше мәнер үлгіге бөлінеді.— қоңырат үлгісі, жетісу үлгісі, арқаның үлгісі және т. б. Мұндай бөліп атау киімдердің кеңдігі, ықшамдылығы, бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнерлерінің ерекшеліктеріне қарай да ажыратылады. Мысалға, шапан үлгісін алайық. Ұлы жүздің шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, ашық жағалы келеді. Оңтүстік елі өзбек, тәжік, ұйғыр халықтарымен көршілес, көпшілік кәсібі бақ өсіріп, егін салу болғандықтан бұлардың киім үлгісімен тігілу мәнеріне осы жағдайлар ықпал еткен. Орта жүздің шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ ойма немесе түймелі болып келеді. Өйткені орта жүз қалаға жақын, орыс, татар халықтарымен аралас-құралас отырады. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып келеді. Осындай ара-тұра айырмашылықтары бола тұра, солардың бәріне бірдей ортақ, ұлттық мәнер мен қазақша атаулары бар. Үш жүздің қайсысында болса да шапанға шабу қояды және оны барлық жерде шабу деп атайды. Жеңтүптері кең келеді де, оны жеңтүп, ойынды, қолтырмаш деп атайды. Үш жүздің қайсысы болса да шалбарға ау қояды, қолтыққа қолтырмаш салады. Қазақ киімдерінің ең ықшамды кішірек түрлері орта жүз бен ұлы жүзде, ал ең мол, үлкен үлгілері кіші жүз жақтан кездеседі. Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, бір киер делініп төрт топқа бөлінеді. Іштік киімдерге — көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей, сырттық киімдерге — шапан, күпі, тон, шидем, сулық киімдерге — шекпен, қаптал шапан, брезент, кебенек, кенеп, сырттық жатады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиын-топтарға барғанда, жат елге сапар шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақтың «таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы» дейтін мәтелі де осыны аңғартады. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдерінің ең жақсы көрнектісін киетін. Еркек киімдерінің ең қымбаттысы — аң терісінен істелген ішіктер. Олар аң түрлерінің атына сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бірнеше түрге бөлінген. Аң терісінен тігілген ішіктердің сыртын шұға, мауыт, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы торғын, ләмбек сияқты бағалы да ширақы маталармен тыстаған. Кейде осы материалдарды бірнеше түсті жібек жіптермен кестелеп, сумоншақ, маржан тізген жіптер бастырып, етек-жеңіне алтын, күміс зер ұстап, кейде бөлек тігілген кестелермен сыртынан қаптап киген. Ішіктер кейде әдіпті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып келген. Шапан көбінесе жүн тартылып бидайланып тысталған. Кей жерде шапанды әуелі астар мен бидайын қабып алып, тысты соның үстіне бос жабу арқылы тыстаса, кей жерлерде тура тыстың үстінен қабыған, кейде сыритын болған. Мұндай шапанды «сырмалы шапан» деп атаған. Шапандар көбінесе қайырма жағалы, кейде тік жағалы бешпент түрінде кездеседі. Қайырма жаға шапанның бір түймесі, тік жағалы бешпент шапанның екі түймесі бар. Тон көбінесе иленген күздік қой терілерінен тігіледі. Орта денелі адамдарға 11—12 қойдың терісінен тон шығады. Олардың шап терілері мен пұшпақ терілері, таңлықтары, мойын терілері бөлек алынады, яғни олар тон тігісіне пайдаланылмайды. Тондардың жүндері ішіне қарайды, ет жағы қынамен, қабықпен, томар бояумен боялады. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп кестелейді. Кейде сыртына тыстық жапсырып қаптама тон да тігеді. Қаптама тондардың тыстарын әр түсті жіппен кестелеп, елтірі, сеңсең, аң терілерінен қайырма жаға жасап, етек-жеңіне жұрын ұстайды.
Жарғақ, тайжақы деген өң киімдерді тайдың, құлынның терісінен, жүнін сыртына қаратып істейді. Оларды да малмаға салып илеп, еттерін қырып, қабыққа, қынаға салып өңдерін басып ажарлайды. Шеттерінің әдіптерін кестелеп, жага-жеңдерін әшекейлейді. Кейде етегін, өңірін қаусырмасын қымбатты аң терісінен жұрындап қояды. Әдетте тайжақы мен құлын жарғақты бешпенттің, бешпент күпі сияқты жеңіл киімдердің сыртынан киеді. Шалбарды барқыт, пүліш, шұға, тібен, шөшінше, шибарқыт, шегрен, ләмбөк, мәлескен, қырмызы, қамқа, көк мауыты сияқты ширақы маталардан, қой-ешкі терілерінен тігеді. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, қалтасыз, кең балақ болып келеді. Оның кең тігілуі салт атқа мініп-тұруға, малдас құрып отыруға өте қолайлы болған. Шалбардың балағы кейде етік қонышының ішіне салынып, кейде қоныштың сыртында жүреді. Жеңіл шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарланып алатын. Шалбарланып жүру әсіресе аңшылар мен батырларға, балуандарға тән әдет еді. Шалбардың балағы екі жанынан ойық (жырық) болып істелетін де, ол кестеленіп қойылатын. Сондықтан да шалбар өте сәнді және көрікті киімдердің бірі саналған. Қой терісінің әр түрлерінен (жүндес, қырықпа, тақыр және т. б.), ешкі және құлын терілерінен, былғарыдан тігілген шалбарды көбінесе тыстамайды. Оны бір түске бояп, кестелейді, балағын құндыз, сусар сияқты аң терілерімен жұрындайды. Теріден тігілген шалбарды матамен тыстап та жүрген. Еркектер көбінесе сырт киімдерін түймесіз, тек белбеумен ғана киген. Белбеуді бірнеше метр матадан ораған. Белдікпен кісені қайыстан, былғарыдан қабаттап, күмісті мықтармен, білезіктермен, көзді күміс бұдырлармен сәндейтін. Бұлардан басқа құр, терме, шекпен белбеулер де болған. Оларды да өрнектеп, шашақтап, әдемілеп істеген.
Әйел киімдерінің де әр аймақта әр түрлі үлгілер мен әр алуан атаулар бар. Солардың ішінде қазақ елінің бәріне тән түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекше сияқты заттар. Әйел киімдері әшекей, ажар жағынан ел салты бойынша төрт топқа арналып тігілген. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері. Бұлардың әрқайсысының тігілу мәнері де әшекейі де әр қилы. Қыз киімдерінің кеуделері тар, қынамалы, омырауы мен жаға-жеңдері кестелі, көйлектері қос етекті, бас киімдері үкілі, моншақты, аяқ киімдері биік өкшелі, жеңіл және қай киімі болса да алтын, күміс, меруерт моншақтармен әшекейленеді. Қыздар көбінесе құндыз бөрік, қатипа тақия киіп, шолпы тағып жүреді. Қыздар төсін жасыру үшін кеудесін көкірекшемен қатты тартып тастап жүрген. Келіншектер бір құрсақ көтергенше қыз киімдерін кие береді. Бірақ олар бөрік, тақия кимейді, үкі тақпайды және жалаңбас жүрмейді. Құрсақ көтерген келіншектер киімдерін мол етіп тігеді. Олардың бас киімдері шаршы, сарала жаң, торғын шәлі, қызға қарағанда әшекей заттары аздау болып келеді. Орта жастағы әйелдер құбатөбел киінеді. Олардың көйлектері қос етексіз, белі мен жеңі кең болып бүріледі. Бұл жастағы әйелдер шаршыны орап тартады. Жақтарын оқаламайды, жәй кестелейді. Қарт әйелдердің киімі неғұрлым етекті, мол қаусырмалы, қалталы, әшекейлерінің көбі тана, түйме, тіс шұқуыш, қапсырма, оқалы өңір сияқты заттар болған. Олар шолпы тақпаған, алқа салмаған. Ал оқалы жақ, көксауыр кебіс, кестелі мәсі, білезік, сырға, сақина, күміс түйме, теңге сияқты әшекейлі заттарды қай жастағы әйелдер болсын тағына берген. Қыздар мен жас әйелдердің ең бір сәнді киімі қос етек көйлек. Қос етек көйлек әдетте ақ түсті қымбат жібектен, асыл матадан тігіліп таза жүннен тоқылады. Мұндай көйлекті қыс киюге арнайды да, бір киер көйлек санайды. Қос етек көйлек әдетте ұзын, кең, оның жеңінің ұшы мен жағасы, белі бүрмеленіп, қатпарлы желбір салынады. Әйел көйлегін ерекше сәндеп тұратын қосымша заттардың бірі омырауға не тігіп, не түйме, түйреуіш, ілгектермен жапсырып қоятын «өңір» деген зат. Өңір жағаның алдыңғы жаң түбінен бел бүрмесіне дейін, ені екі жақ қолтың тігісіне жетеді. Өңірді асыл матадан бөлек тігеді. Шет-шетін кестелеп, зерлер салып шашақтап, бетіне неше түрлі асыл тас, меруерт-моншақ, алтын не күмістен алқа, теңге, бастырма, жылтыраған үзбелі салпыншақтар қадайды. Өңірді кеудеше, көкірекше, төстік, алқа деп те атай береді.Қазақ қауымының әдетінде ер мен әйелдің бас киімі де әр баса. Ерге тән бас киімдер: тақия, бөрік, тымақ, құлақты бөрік (құлақшын), қалпақ, шалма, шыткүлапара (башлық), жалбағай. Оларды теріден, ан терілерінен, тыстық маталар сырып тігеді. Әйел бас киімдері: кимешек, жаулық, күндік, шаршы, сәукеле, желек, шәлі бүркеніш, бергек т. б. Бұлар көбінесе іштік жеңіл матадан, ал қатипа тақия, құндыз бөрік, шошақ бөріктер ең қымбатты аң терілерінен тігіледі. Қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған. Қазақтың «дос аяғыңа қарайды, дұшпан басыңа қарайды» дейтін мақалы осы жайдан қалыптасқан. Сол сияқты сыпайылық көрсеткенде, біреуден біреу кешірім өтінгенде, аяққа жығылғанда бас киімді шешіп немесе бөрігін аяқ астына тастап аһ ұру да осы бас киімді қастерлеуден туған. Қысқы, жазғы бас киімдер бір бөлек, той жиындарда, жорықтарда киетін бас киім бір белек болып түрліше тігілетін. Тымақ пен бөрікті көбінесе мәриден, елтіріден, сеңсеңнен, лақ терісінен, пұшпақтан т. б. мал терілерінен жасап тыстайды, арасына жүн салып сыриды. Қыстыгүні киетін түлкі терісінен жасаған тымақты барқыт, пүліш, атлас, шұға сияқты жылы, әрі қымбат маталармен тыстаған.
Жарғақ тон. Жекей. Жекей тымақ — жаз бен күзде киетін әрі сәнді, әрі жеңіл елтірі тымақты айтады. Жекей — сәнді деген сөз. Жекей тымақты дүрия, шағи сияқты жібек маталармен тыстап, кейде оның артқы етегін көтере түріп, кейде алдыңғы бір жақ құлағын алға келтіре әнтек шекеге салып киетін. Бөрікті де әр түрлі үлгіде қозы, қой, түрлі аң терілерінен тігеді. Бөріктің түрмесі кейде жалпақ, кейде жұмыр етіліп жасалады. Ал оңтүстік аймақтарда қой терісінен тігілген түрмесі үлкен бөрік киеді. Бөріктің неғұрлым жүнді де жылы түрлері Орал, Гурьев жағында жиі кездеседі. Жетісу, Семей, Өскемен жағында жаллпақ және биік түрмелі үлгілері кеп. Бұрын ақын, әнші, сауыққой салдар мен өнерпаз жастар өте сәнді тігілген шошақ төбелі құндыз бөрікке үкі тағып киетін. Тақияның да үлгілері мен атаулары көп. Етегі аласа, төбесі төрт сай болып келетін кестелі шошақ тақиялар оңтүстікте көбірек кездессе, аласа етекті, төбесі киіз үй сияқты тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек кездеседі. Ал жалпақ төбелі, етегі биік тақия мен тостаған сияқты қаптама тақиялар кіші жүзге тән. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, тана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз», «атерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, қолмен «таңдай», ирек», «қабырға» тігістерімен әдеміленіп сырылады. Кейде ақиллардың дәл төбесінде сол матаның езінен істеген түіртпек шошағы болады. Оған бозбалалар, салдар, күйеулер ашақ, үкі, күлте, шоқ тағып сәндеп киеді. Ежелгі уақытта аязы қатты, боранда өңірдің тұрғындары киген көшпенді тұрмыс пен ортаға лайықталған қыстықсыртқы киімнің бірі – дақы. Дақы – тұлып тектес , бірақ жүні сыртына қаратылып, іші тысталып жасалатын қысқы киім түрі. Шапан – қазақтың ең көп тараған , аса қатерлді , кәделі сырткиімдерінің ертеден келе жатқан түрі. Тыс мен астарының арасына жүн немесе иата салынып , сырты шұға, барқыт сияқты әдемі,әрі мықты матадан қапталып іші астарланады. Шапанды жібек , тоқыма, мақта, жүн маталардан кейде күдеріден де тігеді. Камзол- ұғымында әртүрлі матадан тігілетін, етегі тізеден сәл жоғары келген жейде,көйлектің сыртынан киетін , киіп жүруге жеңіл сырткиім. Сырткиімдердің ішіндегі ең көп тараған көнеден жеткен киім түрі- тон. Қазақ тілінде тон көне түркі тіліндегі киім сөзінің көне атауы, бұл сөзден туындаған “тонанты, тонымақ„ сөздер кию дегенді білдіреді. Тон- үлкен кісілер , әйелдер балаларда икиетін ортақ сырткиім. Тон түрлі жануарлардың әсіресе малдың терісін илеп тігілетін, суықтан қорғап, жылылық сақтайтын сырткиім. Жарғақ тон- құлын тай, лақ бөкендердің жаздық жүні тұқыр шелі аз терілерінен түгін сыртына , тері жағы ішіне қаратылып тігілген сырткиім түрі. Илеген теріні жақсылап сүргілеп , уқалап жұмсартады, шапан немесе шекпен үлгісінде пішіп,қалың матамен астарлайды. Жеңнің ұшы, өңірі етегі айналдыра матамен қиюлап барып жұрындайды.
§ 4 Ұлттық киімінің пішілу ерекшелігі
Киімнің ыңғайлысы, жас мөлшеріне және денесіне сәйкес келуін, оның үстіне сәнді болуын ескеру керек. Ылғалдан киімнің сыртқы түрінің бұзылмауы үшін киім тігуге арналған маганы декатировкалайды. Кейбір маталарды (креп, барқыт, шибарқыт) декатировкалаудың қажеті жоқ. Киімді үйде пішіп тігу үшін сантиметрлік лента, қағаз, қарындаш, сызғыш пен тіктеуіш (угольник) дөңгелек формалы,лекал сызғыш, қайшы, түйреуіш, мата түстес жіп пен түсі басқа көктеу жібі, иіс сабынның сынығын немесе бор, оймақ, түрлі нөмірлі инелер, ені 30—40 ем, ұзындығы 80—100 ем картон қажет.
Қағазға үлгіні (бұл үшін газет, балалар клеенкасын қолдануға болады) түрлі-түсті қарындаш пен сызғыш, тіктеуіш және лекалоны пайдаланып түсіру керек. Ал матаның бетіне сызық түсіру үшін борды немесе құрғақ сабынды пайдаланады. Матаны қию үшін кәдімгі қайшы қажет (қалың матаны тігіншілердің арнайы қайшысымен қияды), бұйымдарды үтіктеу үшін жеңді үтіктейтін қондырғысы бар стол қажет. Кейбір сән журналында бірнеше киім үлгісі салынған қағаздар болады, бұл үлгілердің әрқайсысында шартты белгі бар, яғни сызық түсі басқалардан өзгеше түседі. Мұндай үлгілерді арнайы көшіргіштің көмегімен бастырып алған жөн. Бұл үшін үлгінің бетіне үлгі толығынан сиятындай жұқа қағаз салып, шартты сызықтардың бойымен қарындашты жүргізеді. Үлгінің жанындағы шартты сызық түріне қарап детальдарды анықтайды. Адам мүсінін өлшей келе үлгіні бұдан да гөрі жетілдіруге болады. Киімнің шшіемін алу үшін кісінің бойы, содан кейін тігілер киімнің фасоны ескеріледі. Өлшем алғанда сантиметрлік лентаны пайдаланады (өлшеген кезде лентаны бос ұстауға немесе қатты тартуға болмайды. Өлшем алардың алдында белдің ауқымын анықтап алу керек, ол үшін шыжым жіп немесе белдік қолданылады.Сантиметрмен өлшегенде размерді толық жазады да, ал қағазға көшіріл үлгі сызғанда жарты өлшемге түсіреді. Мойынды айналдыра өлшеу. Мойынды айналдырыл, тамақ астына дейін өлшейді, Кеудені өлшеу. Қолтық асты арқылы кеуденің көтеріңкі тұсының үстінен өлшейді . Белді айналдыра өлшеу. Өлшемді бел сызығы үстінен жүргізіп алады . Мықынды айналдыра өлшеу. Өлшемді мықынды айналдыра іштің шығыңқы тұсын ескере отырып өлшейді. Шалбартігу үшін мықынды айналдыра өлшеу. Өлшемді мықынды айналдыр а, бөксе қатпарын ескеріп алады . Иықты айналдыра өлшеу. Өлшемді қолды айналдыра, қолтық асты деңгейінде алады .
Білезік сүйекті айналдыра
өлшеу. Білезік сүйекіі анналдыра өлшеп алады.
Иықтық ені. Өлшемді мойын тұсынан, иық үстімен жүргізіп алады .
Қолдыңшынтаққа дейінгі ұзындығы. Өлшемді иықтанббасаап, шынтаққа
дейін алады . Қолдыңбілезік сызығына дейінгі ұзыдығы . Өлшемді
иықтан бастап бас бармақтың түбіне дейін, шынтақты бүгіл тұрып
алады . Кеуденің өлшемі. Өлшемді мойын мен иықтың қосылған жеріне
бастап, кеуденің көтеріңкі жерінің үсті арқылы бел сызығына дейін
өлшеп алады . Арқалық белге дейінгі ұзындығы. Өлшемді мойын
нүктссінен бастап, омыртқалар бойымен жауырынның шығып тұратынын
ескере отырып өлшейді. Кеуденіңені. Өлшемді кеуденің жоғарғы
жағынан, екі қолтық астынан алады . Арқаның өлшемі. Өлшемді жауырын
үстінен, қолтықтың астынан алады . Қырынан алынған бел сызығынан
жерге дейінгі ұзындық . Өлшемді мықынның неғұрлым шығып тұрған жері
арқылы шалбар тігуге қажетті ұзындықта алады. Бел сызығынан
тырғыттақтасына дейінгіарақашықтық. Өлшемді бүйірлен бел сызығынан
отырғыш тақтасына дейін алады . Кітапта келтірілген үлгілерде
матаның тігіске және қайыруға кететін жерлері есепке алынбаған,
бірақ әр детальдың тігу барысында кішірейетіні ескерілген, барлық
өлшемдер сантиметрмен белгіленген. Артқы және алдыңғы бойлардың,
жағаның т. б. детальдардың үлгісін сызу үшін әуелі тік бұрыш сызыл
алу керек, көрсетілген өлшемдер соған түсіріледі. Жең мен шалбарлық
үлгісін жасау үшін өзара перпендикуляр екі сызық сызыл алады.
Үлгілерді стандартты мүсінге арнап дайындайды, сондықтан барлық
үлгілер өлшеп алуды қажет етеді. Барлық үлгілерде размерлер жаңаша
белгілеумен берілген. Әйел киім- деріндегі бірінші сан бойлық
ұзындығын білдіреді, екіншісі — кеуденің айналдыра өлшемі, үшіншісі
мықын өлшемі.
§ 5 Ою-өрнек туралы түсінік
Қазақтың ұлттық ою-өрнегі — қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері. Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, ұйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі. Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.)

Өсімдік сипатты ою-өрнектер Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған.
Зооморфтық ою-өрнек кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою-өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған.
Ұсақ аңдардың табандарының іздері жүкаяқ, кебеже, асадалдың көрнекті жерлеріне салынған. Сонымен қатар бұл өрнек түрін үй жиһаздарының жиектерінен, бұрыштарынан кездестіруге болады. Зооморфтық өрнекте төрт түлік малдың абстракциялық пішіні ерекше орын алады. Оған мысал ретінде қошқармүйіз, төртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы басқа оюларын атауға болады. Қошқармүйіз оюы қазақ халқының бүкіл тыныс-тіршілігін танытады.
Кей қолданыста ол қырықмүйіз, сыңармүйіз, арқармүйіз болып түрленіп отырады. Қошқармүйіз төрт тармақтан құралып, ортасы айқыш тәрізді болып келеді. Төртқұлақ өрнегі кебеже, жүкаяқтарды безендіруде кеңінен қолданылады. Ол ағаш бұйымдар бетінің кейде дәл ортасына, кейде бұрышына бедерленген. Ағаш бұйымдарда түлкібас, иттабақ, итемшек, қарақұс, құстұмсық, көбелек, ботамойын, түйетабан, шыбынның қанаты деп аталатын зооморфтық өрнектер ұшырасады. Олар, әсіресе, жүкаяқтарды, төсектерді өрнектеуге кеңінен қолданылады. Үй жиһаздарында кең пайдаланылатын Қазақ оюының келесі бір түрі – өсімдік сипатты ою-өрнектер. Олар тұрмыстағы ағаш бұйымдарда жиі кездеседі. Жалпы өсімдік өрнегінің жапырақ, гүл, сабақша, өткізбе, шиыршық, тамыр түрінде және жаңадан ашылып келе жатқан жауқазын бейнесінде ұшырасады. Өсімдік сипатты ою-өрнек, көбінесе, кебеже мен жүкаяқтардың, әбдірелердің беттерінде тігінен де, көлденеңінен де бедерленеді. Ал асадалдарда бұл ою-өрнектер бір-бірімен сабақтасып, тұтасқан түрінде беріліп отырады. Өсімдіктер ағаш бұйымдарда шебердің талғамына қарай әр қилы көрініс табады. Шебер оны өз талғамына орай жеке де, топтастырып та пайдаланған. Сондай-ақ, ағаш бұйымдарда өсімдік белгілері сабақтастырылған, шиыршықталған күйінде немесе шеңбер түрінде бедерленген. Бұл ою-өрнектің арасындағы бүгінде кең таралғаны ағаш сұлбасының абстракциялық түрдегі бейнесі. Аталған ою-өрнектің арасындағы келесі кең таралғаны – жапырақ тектес түрі. Жапырақтың, әсіресе, дара және топтасқан бейнелері көп қолданыс тапқан. Геометриялық ою-өрнектер Үй жиһаздарында геометриялық ою-өрнек түрі жиі кездеседі. Ол барлық дерлік бұйымдарда орын алады, көбінесе, жалпы композиция құру барысында негізгі күрделі ою-өрнектерді жалғастырушы, толықтырушы рөлін атқарады. Кейде әр қилы орындалған сызықшалар 40 – 50 көлбеу орналасса, бір тұстарда қосарласа тартылады. Ол үй жиһазының жиектеріне, бүйірлеріне, қапталдарына нақышталады. Көбінесе, кебеже, әбдіренің орта тұсында шеңбер, сызық түрінде бедерленеді.

Сондай-ақ, үй бұйымдарында геометриялық ою-өрнектердің үшбұрыш, төртбұрыш, сүйірбұрыш, айқышты, сопақша түрлері де кездеседі. Қазақ жиhаздарында космогониялық ою-өрнек те кең таралған. Ол кебеже мен әбдіре бетінің дәл ортасында, көбінесе, күн бейнесінде бейнеленіп, айналасына ұсақ жұлдызшалар, бұлт, толқын салынады. 20 ғ-дың 60 – 80-жылдары Маңғыстау шеберлерінің қолынан шыққан кейбір үй жиһаздарында жұлдыз, балға мен орақ көп кездеседі. Ағаш бұйымдарда космогониялық ою-өрнектердің “жұлдыз”, “шұғыла”, “төртқұлақ”, “бітпес”, “шимай” деп аталатын түрлері кеңінен қолданған. Аталған ою-өрнектер, негізінен, ағаш бұйымдарында бірнеше рет қайталанып, ырғақ заңдылығымен орындалады. Космогониялық ою-өрнектер үй жиһаздарының орта тұсында және жиектерінде бедерленген. Мәселен, күн бейнесі, оның шұғыласы ағаш бұйымдарының ортасында шеңбер түрінде бедерленсе, ай бейнесі көбінесе қыз жасауларында жаңа ай күйінде өрнектеледі. Ал, толқын тәріздес шумақталған бұлт бейнесінің сыртқы пішіні бұйымдардың жиектерінде беріледі. Ағаш бұйымдарында көрініс тапқан ою-өрнек түрлері мен олардың мазмұны қазақтар арасында ағаш оймыштаудың біршама жақсы дамығандығын аңғартады. Ою-өрнек. Ою-өрнектердің түрлері. Өрнектердің түстері мен бояулары. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. «арғын үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздің үлгісі», «орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген мәнерлер пайда болды.
§ 6 Ұлттық бас киімдер
Қазақ қыздар үшін бас киім кию міндетті болмаған, бірақ XIX ғасырдың ортасынан бастап мұндай бас киімді кигендері байқалады. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша қыздардың "скуфьясы" үшкір болған және ер адамдардың тақияларынан көп ерекшелігі болмаған. Қыздардың тақиялары қыздық дәуреннің белгісі іспетті асқан ұқыптылықпен, зерлі тігістен басқа да әртүрлі моншақтармен, күміс теңгелер, маржан тастармен әшекейленетін болған. Төбелеріне жіп шашақтар, ұсақ моншақтар немесе тұмар ретінде үкі тағылған. Қыздардың тақиясын қызыл, күлгін, жасыл, тағы басқа бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден, өңді маталардан қабаттап сырып тіккен. Тақия төбесі, әлбетте, төрт сай немесе дөңгелек келеді. "Таңдай", "ирек", "қабырға" тігістермен сырылып, жібек, алтын, күміс,, зер жіптермен кестеленіп, моншақ асыл тастармен безендіріледі. Үкінің үлпілдек қауырсынын әсемдік үшін және тұмар ретінде тақияның төбесіне қадайды. Үкі қадалған тақия қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін баскиімі болған. Қыздардың киетін тақияларын Маңғыстауда "телпек", шығыс Қазақстанда "кепеш" деп атайды.па, жақ алқа тәрізді тізіліп, баскиімнің етегін шашақтап тұрады.
Қыздар кепеші - Қыздар кепешінің қабырғасы (керегесі) биік, төбесі дөңгелек формада жасалған. Ою-өрнектердің қай түрімен де әшекейлеуге, жылтырақ таналар, моншақ түйреуіш, маржан, меруерт тізбелермен көркемдігін арттырады. Төбесіне торғын жібек шашақ төгіліп немесе, үлпілдек үкі қадалады.(Халел. Н.Ұлттық мирас).
Сораба - қыздар киетін тақия тәріздес баскиім. Кәдімгі тақиядан айырмашылығы артында салпыншағы бар, қабырғасының айналасына шашақ тағылады, бақсылардың баскиіміне, күләпараға, сәукелеге ұқсас солардың элементтерін қамтыған баскиім. Қыздарға көз сұқтан сақтану үшін "ырымдап" кигізеді. Содан да: "Қыздар киер сораба, салбыратып шашағын, жаман жігіт бүлдірер өз отбасын, ошағын", - деген халық өлеңінде үзінділер кездеседі.
Жырға - әйелдердің сәнді баскиімі, асыл тастармен, ақық моншақтармен әшекейленіп тігіледі. Ол, әдетте, көп салпыншақты, түсті меруерт тастардың жарқырауық сәулесімен құбылып, адамның бет-бейнесін ажарландырып, бет моншақ, шұбырт
Бөрік - аң терісінен тігіліп, жиегіне жұрын жүргізіліп, жұқа жүн не жібек материалмен тысталған құлақсыз келген, ерлер де қыздар да киетін баскиім. Оның жазғы қысқы түрлері болады. Жаздық бөрік, аң терісінен жұқа әрі жеңіл етіп тігіледі. Қыстық бөрік астарына жүн, мақта сырып салып, барқыт, пүліш, атлас сияқты маталармен тысталады. Қазақта бөріктің әр руға тән өзіндік үлгілері болған. Қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, татар, ұйғыр, орыс т.б. халықтар да бөрік киген. Ол халықтарда тебетей //төбетей аталатын бас киімі туралы сөздіктерде Даль "татарская ермолка" десе, Дмитриев "шығыс қалпағы", Қ.Жұбанов " төбе-верх, голова+тей-суффикс" дейді. В.В. Радлов : "Татар: түбәтәй, түбә-верхушка" деп дәлелдейді.(Опыт словаря тюркских наречии.) Бұл турасында тілші Ә.Алмауытова: "Уәждділік негізінен туынды сөздерге тән болғандықтан, тебетей туынды сөзінің уәжі адамның бұл киімді төбесіне киетін қызметімен байланысты сияқты", - дейді. Қазақтың жар-жар, сыңсыма айту, т.б. ғұрыптарында айтатын:
Бөркім, бөркім, бөркім-ай!
Басыма киген көркім-ай!
Ерте жатып, кеш тұрған,
Үйдегі менің еркім-ай! – деген жолдардан бөрікті тұрмыс құрмаған қыздар да кигендігін байқатады.
Қыздарға арналған бөрік сырты мақпал, пүліш, барқыт сияқты қалыңдау, қымбат бағалы матамен тысталып, тігіледі. Жиегін қымбат бағалы аң және мал терілерімен көмкереді. Соған сай ерекше бағаланатын ерекше кәмшат бөрік, құндыз бөрік, жанат бөрік, қарсақ бөрік, сусар бөрік, түлкі бөрік, күзен бөрік және оқалы бөрік, деп аталатын түрлері ертеректе әркімнің ұнатып киетін баскиімі болғанға ұқсайды. Бөріктің жұрындалған терісіне қарай сан алуан түрге бөліп атайды: алтай қызыл бөрік, қамқа бөрік, қазақы бөрік, қарқаралы бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құрайыш бөрік, құс бөрік, мари бөрік, нар өркеш бөрік, ноғай бөрік, оқалы бөрік, сәукеле бөрік, шеркеш бөрік, шоқты бөрік, шоппаш бөрік т.б. түрлері бар.
Қолданылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
-
Қ. Кучарбаева, Т. Амреева, Г. Чимекеева. Әйелдер және балалар киімдерін дайындау технологиясы. Алматы-2018ж
-
А. Асанова, Г. Тастанбекова, Р. Жақпарова. Киімді конструкциялау және тігу технолгиясы. Астана- 2012ж
-
М. Нұржасарова, К. Кучарбаева, А. Рустемова. Киімді дайындау технологиясы. Алматы-2011ж
-
Е. Никитина, А. Тағатбекова, С. Асанова. Киімді конструкциялау. Алматы-2010ж
-
Б. Дүрманов, Х. Өтешова, Г. Байділдаева. Тігінші, пішуші, модельер. Астана-2011ж
-
Л. Қуатбекова, Ү. Келесова, И. Захарченко. Тігін буйымдарының технлогиясы. Алматы-2010ж
Қосымша әдебиеттер:
-
М.А. Сутеева, М.С. Кургамбеков. Тігін өндірісінің технология негіздері. Оқу құралы.- Алматы: TechSmith, 2019
-
Б. Сатыбалдинова, М. Сәлімбаева. Тігін өндірісінің технологиясы. Оқу құралы –Астана. 2008
-
Назарова А.И. Технология швейных изделий по индивидуальным заказам. М., Легкая индустрия. 1975 г.
-
Асанова А., Айдынбекова Ж., Нұрпейісова С. Киімді конструкциялау. Оқулық. – Астана: Фолиант,2008 ж
-
Т. Сүлейменова “Бұйымның түйіндік өңделуі”. Оқулық. – Астана: Фолиант,2009 ж
20
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тігін өндірісінің технологиясы

шағым қалдыра аласыз