Сыздыкова Улбала Сейтжаппаровна
Қызылорда облысы
Қызылорда қаласы
М.Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп- лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
e-mail:ulbala-1977@mail.ru
ТИІМДІ ӘДІС- ТӘСІЛДЕР – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ КЕПІЛІ
Аннотация.Бұл мақалада «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы тиімді әдіс- тәсілдер» атты әдістемелік құралдың оқу үдерісінде қолданылуы маңызы туралы айтылады. Заманауи білім беру үрдісінде оқушының белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту және тілдік құзыреттілігін қалыптастыру үшін оқытудың интерактивті, саралап оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, топтық және жұптық жұмыс түрлері сияқты әдістердің тиімділігі көрсетіледі. Сонымен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, ойын элементтерін және жобалық оқыту тәсілдерін кіріктірудің сабақ сапасына оң әсері талданады..
Түйінді сөздер: қазақ тілі, тиімді әдіс-тәсілдер, интерактивті оқыту, сын тұрғысынан ойлау, АКТ, тілдік құзыреттілік.
Біздің еліміздің әлемдік білім беру саласында ұлттық саясаттың ұстануы, халықаралық мәртебе алуға ұмтылуы, оқу үдерісін жаңа жүйеде ұйымдастыруы орта білім беру жүйесін инновациялық технологиялар негізінде құруды міндеттейді
Қазіргі қоғамда адамдардың оқу сауаттылық деңгейін жоғарылатумен қатар, қоршаған ортаның әлеуметтік, ақпараттық, технологиялық өзгерістеріне тез бейімделетін, жаңаша ойлайтын тұлға қалыптастыру маңызды мәселенің бірі. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңаша көзқарас,жаңа қарым-қатынас пайда болды.
Қазіргі білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, оқушылардың тілдік және шығармашылық қабілеттерін дамытатын негізгі пәндердің бірі – қазақ тілі мен әдебиеті. Бұл пәнді оқытудың сапасы оқушының тұлғалық дамуына, дүниетанымына, ұлттық болмысты сезінуіне тікелей ықпал етеді. Сондықтан да қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың ғылыми негізін айқындау – өзекті мәселе болып табылады. Осы орайда «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы тиімді әдіс- тәсілдер» атты әдістемелік құралымды оқыту үдерісінде пайдаландым.
Бұл әдістемелік құралдың мақсаты- қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді ғылыми тұрғыда талдау, олардың оқушының танымдық және шығармашылық қабілетін дамытудағы рөлін анықтау.
Міндеттері:
1. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік негіздеріне шолу жасау.
2. Интерактивті, жобалық, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету және АКТ әдістерінің тиімділігін айқындау.
3. Шығармашылыққа баулу тәсілдерінің білім алушыларға ықпалын көрсету.
4. Тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың білім сапасын арттырудағы рөлін дәлелдеу.
Әдістемелік құрал мынадай тараулардын тұрады:
1-тарау «Қазақ тілі сабақтарында оқушыларды жаңа сөздерді меңгертуде қолданылатын әдіс- тәсілдер»,
2-тарау « Жаңа сөздерді меңгертуде қолданылатын әдіс- тәсілдер»,
3- тарау «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер»
4- тарау.» Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы»
Мұғалім шығармашылығы- ұшы-қиыры жоқ ізденіс,өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму.Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді,басты назарда ұстағаны жөн.Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны дұрыс. Сол кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық.
Жаңа сөздерді меңгерту барысында оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды таңдай білуі, қорытынды жасау нәтижелері бойынша бақылау жұмысы. Оқытудың бұндай ұйымдастырылуы оқушылардың оқу материалдарын оңай және терең түсінуіне ықпал етеді.Олардың ақыл- ой белсенділігін арттырады және қосымша ақпарат береді.Егер оқушылар құбылыстарды,, процестерді және обьектілерді белсенді түрде зерттесе, онда бұл әдіс нәтижелі болады.Олардың бұндай көзқарасы оқудағы проблемалық және іздеу жағдайын тудырады. Сабақ барысында оқу киносы, диапозитив,диафильм, магнитофон, дыбыс жазу.киноскоп, бейнефильм сияқты оқытудың демонстрациялық әдістері қолданылады.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында мынадай әдіс- тәсілдерді қоладануға болады:
1. Интерактивті әдістер
Интерактивті әдістер оқушыны белсенді әрекетке тарту арқылы сабақта өзара ынтымақтастыққа жетелейді. «Ой қозғау», «ББҮ», «Венн диаграммасы» Атмосфера орнату», «Әдебиет лотосы», «Әйнек арқылы сөйлету», «Әдемі ойлай және демла біл»,«Алма, шие, өрік, банан», «Айналмалы бекеттер», «Атаулар туралы үш сұрақ», « Алдын ала берілген аталар», «Айырмашылығы неде?» сияқты әдістер оқушының білімін жүйелеуге, салыстыруға, қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
2. Жобалық және зерттеушілік әдістер
Жобалық жұмыс оқушыны өздігінен ізденуге, ғылыми тұрғыдан ойлауға баулиды. Әдеби шығармаларды талдау барысында эссе, презентация, ғылыми жоба дайындау тапсырмалары оқушының танымдық белсенділігін арттырады.
3. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
«Кубизм», «Дебат», «Пікірталас» әдістері оқушыны тақырыпты әр қырынан қарастыруға және дәлелді ой айтуға дағдыландырады. Ал «Еркін жазу» әдісі тіл мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
4. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ)
Қазіргі кезеңде АКТ-ны қолдану сабақ сапасын арттырудың маңызды тетігіне айналды. Интерактивті тақта, мультимедиялық материалдар, онлайн-платформалар (Kahoot, Genially) оқушылардың қызығушылығын арттырып, қашықтан оқытуды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді .
5. Шығармашылық әдістер
Әдеби шығарманы сахналау, кейіпкерге хат жазу, рөлдік ойындар оқушының әдебиетке деген қызығушылығын оятады. Ал өлең жазу, эссе құрастыру олардың шығармашылық қабілетін дамытады
Мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту тәсілдерінің қолдану тәжірибесімен бөлісу, ой қорыту.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың жетістікке жетуі үшін жаңа әдіс – тәсілдерді ұолдану қажеттілігін түсінеді және алынған тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану барысымен танысады.
Әдіс сөзі грекше «metodos»сөзінен шыққан.Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа,шындыққа,мақсатқа жетуді жолдары деген мағынаны білдіреді. Әдіс- оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшінмұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуі үшін қолданылатын тәсілдер. Үлгі:
«Дауыстап ойлау» әдісі
Мақсаты: Оқи отырып ой түю, ой бөлісу.
Тиімділігі: Оқушыларды дұрыс тыңдауға ынталандырады.Оқылым, тыңдалым дағдылары қалыптасады.Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды.
Қолданылуы: Жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді.
Кіріктірілген модульдер, идеялар: СТО,диалогтік оқу.
«Бір минуттық әңгіме тәсілі Иен Майлс бойынша
Мақсаты: Оқушының бір- бірінен ақпарат алудағдысын қалыптастыру.
Тиімділігі:Оқушылар бір- бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады, жұптық жұмыс жүргізеді.
Қолданылуы: Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатар тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берілген тапсырма туралы әңгімелесулеріне болады немесе жаңа сабақты бекіту мақсатында өз ойларымен бөліседі.

«Кинометафора» әдісі Харизма бойынша
Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
Тиімділігі: Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.Қолданылуы: Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын , ой- пікірлерін білуге болады.
Кіріктірілген модульдер,идеялар:СТО,диалогтік оқыту, АКТ
Әдістемелік құралда оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар жинақталған. Тапсырмалар тест,мәтінмен жұмыс, кесте түрінде, сонымен қатар деңгейлік тапсырмалар болып құрастырылған.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер оқушының тілдік құзыреттілігін арттыруға, танымдық және шығармашылық қабілетін дамытуға, ұлттық құндылықтарға негізделген дүниетанымын қалыптастыруға ықпал етеді. Зерттеу нәтижесінде заманауи әдіс-тәсілдерді дәстүрлі оқыту үдерісімен ұштастыру білім сапасын арттырудың басты шарты екендігі анықталды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі/ Білім әлемі-2016-№6 Ж.А.Жартынова.Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспардау және басқару.-2016.
2.Ф.Ш.Оразбаева.,Н.Х.Шадиева.Лексиканы орындауда қолданылатын лексикалық тапсырмалар.Алматы.2015.
3. Әбдікәрімова, Т. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Астана.2012
4. Мұқанова, Б.Қазақ тілі сабағында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Алматы.2016
5. Әлқожаева, Р Оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Нұр-Сұлтан.2020.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тиімді әдіс -тәсілдер-сапалы білім кепілі

шағым қалдыра аласыз